Презентация тендерлік құжаттаманы дайындау жөніндегі осы презентацияның



жүктеу 221,93 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі221,93 Kb.
#22467
түріПрезентация


Келісімшарттар және сатып алу бөлімі

ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМАНЫ 

ДАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ 

ПРЕЗЕНТАЦИЯ


Тендерлік құжаттаманы дайындау жөніндегі осы презентацияның

(бұдан əрі — «Презентация») мақсаты — Жабдықтаушыларды

талаптармен таныстыру, «НКОК Н.В.» компаниясының Тендерге

қатысуға шақыру құжаттамасы жиынтығының басым бөлігі үшін

ортақ негізгі талаптарды қамтитын тендерлік құжаттаманың толық

жинағын дайындау бойынша ұсыныстар мен нақты көмек беру.

Осы Презентация жұмыстарды орындау туралы ұсыныс немесе

сіздердің кез келген ұсыныстарыңыздың қабылдануы болып

табылмайды, сонымен қатар «НКОК Н.В.» компаниясы мен

Жабдықтаушы арасында келісімшарт жасасуды немесе жұмыс

көлеміне кепілдік беруді көздемейді.

Осы Презентация тек жабық тендерлерге қатысты.



Кіріспе

2



1-тарау: Тендерге қатысуға шақыру құжаттамасы;

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы жəне 



мазмұны;

3-тарау: Тендерлік құжаттаманың техникалық жəне



коммерциялық тарауларының негізгі ережелері (ТҚШ-ның В1 

бөлімі, ТҚШ-ның В2 бөлімі жəне ТҚШ-ның С бөлімі);

4-тарау: Тендерлік ұсыныстарды бағалау



.

Презентацияның мазмұны

3



Сізге жіберілген Тендерге қатысуға шақыру құжаттамасы 

келесілерден тұрады:

Тендерге қатысуға шақыру хаты (ТҚШ хаты);



ТҚШ-ның А бөлімі: Тендерге қатысушыға арналған нұсқаулықтар, 

қосымшаларымен бірге;

ТҚШ-ның В бөлімі: Тендерлік ұсыныс нысандары



- ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық 

ұсыныс


- ТҚШ-ның В2 бөлімі: Бағасы көрсетілген коммерциялық 

ұсыныс


ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттар



1-тарау: Тендерге қатысуға шақырудың құжаттамасы 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

4



Тендерге қатысуға шақыру хаты келесі ақпаратты қамтиды:

Тендер нөмірі;



НКОК Н.В. туралы жалпы таныстыру ақпараты;

ТҚШ құжаттамасын қабылдағаннан кейінгі 5 күн ішінде «НКОК



Н.В.» компаниясына қайтарылуы тиіс құжаттар;

тендерлік ұсыныстар жіберу күні («Тендерлік ұсыныс берудің



мерзімі»);

келісімшартты қолдану болжамды кезеңі жəне қызметтерді /



жұмыстарды орындауының басталатын күн;

Тендер бойынша мəселелерге қатысты ақпарат.



1-тарау: Тендерге қатысуға шақыру құжаттамасы

Тендерге қатысуға шақыру хаты

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

5



Бұл құжат келесі нұсқаулықтарды қамтиды: 

ТҚШ қабылданғаннан кейінгі 5 күн ішінде қол қойып, қайтарылуы



тиіс құжаттар:

-

Құпия ақпаратты жарияламау туралы мəлімдеме



-

Тендерге қатысуға шақыру хатының қабылданғанын растау

Тендерлік құжаттамаға қойылатын талаптар;



Тендерге қатысушылар мен Компанияның сауалдарына қатысты

талаптар;

Келісімшарттың Стандартты талаптары мен ережелеріндегі



ескертпелер туралы қағидалар жəне/немесе баламалы тендерлік

ұсыныс беру;

Тендерге


қатысушының

Тендерлік

құжаттама

дайындауға

жұмсаған шығыстарын өтеуге қатысты жауапкершілігі.

ТҚШ-ның А бөлімі — Тендерге қатысушыларға арналған нұсқаулықтар 

1-тарау: Тендерге қатысуға шақырудың құжаттамасы 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

6



Келесі тармақтар Тендерге қатысушыларға жəне «НКОК Н.В.»

компаниясының тиісті өкілдеріне қойылатын парақорлықпен жəне

жемқорлықпен

күрес


туралы

талаптардың

қылмыстық

жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін бұзылуы болып

есептеледі:

• жекелеген тұлғаларға комиссиялық сыйақылар, сыйақылар жəне 

жеңілдіктер ұсыну, кез келген түрде пара беру;

• мүдделер қайшылығын тудыратын іскерлік келісімдер/мəмілелер 

немесе қызметтер;

• тікелей немесе жанама түрде акцияларға ие болу;

• «НКОК Н.В.» компаниясының Мінез-құлық кодексінің талаптарын 

бұза отырып, əдеттегі əдептілік нормаларынан асатын сыйлықтар 

мен басқа да сыйақылар;

• «НКОК Н.В.» компаниясының Мінез-құлық кодексінің талаптарын 

бұза отырып, көлік құралдарын ұсыну, қонақжайлық белгілерін 

көрсету, сауық шараларын ұсыну жəне басқа да ақшасыз түрдегі 

қызметтер көрсету. 

Парақорлықпен жəне жемқорлықпен күрес туралы талаптар

1-тарау: Тендерге қатысуға шақырудың құжаттамасы 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

7



Тендерге қатысушы:

тендерге қатысы бар кез келген елеулі ақпаратты, соның 

ішінде:

• оның түпнұсқасын немесе көшірмесін;

• ауызша немесе жазбаша түрде;

• толық немесе ішінара;

• Тендер өткізу туралы ақпаратты немесе оның мазмұнын;

• басқа үшінші тараптарға немесе Тендерлік құжаттаманы 

дайындауға тікелей қатыспайтын өз қызметкерлеріне

• жария етпеуі немесе

• басқа тараптарға ұсынбауы немесе 

• басқа мақсаттарда пайдаланбауы тиіс.



Құпиялылық туралы ережелер жəне монополияға қарсы 

заң (Бəсекелесу туралы заң)

1-тарау: Тендерге қатысуға шақырудың құжаттамасы 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

8



В1 бөліміне келесі құжаттар кіреді (тізбе өзгеруі мүмкін):

• 1-нысан  Тендерге қатысу туралы хат

• 2-нысан  Əкімшілік ақпарат

• 3-нысан  Техникалық ақпарат

• 4-нысан  Тендерге қатысушының корпоративтік құрылымы

• 5-нысан  ДЕҚҚОҚ

• 6-нысан  Тендерге қатысушының ескертпелері

• 7-нысан  Жергілікті қамтуды дамыту жоспары



ТҚШ-ның В1 бөлімі: Техникалық тендерлік ұсыныстың 

нысандары

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы, 

мазмұны 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

9



Бағасы көрсетілмеген техникалық ұсынысты дайындау барысында

Тендерге


қатысушыға

«Техникалық

тендерлік

ұсыныстың

нысандарындағы» барлық сұрақтарға жауап беру қажет.

Техникалық

тендерлік

ұсыныстың

нысандарына

толтырылған

1-нысан, 2-нысан, 3-нысан, 4-нысан, 5-нысан, 6-нысан жəне 7-нысан,

сонымен қатар барлық тиісті Қосымшалар кіреді.

Тендерге қатысушы осы құрылымды пайдаланады жəне ШТҚ-ның В1

бөліміне сай əр Нысанның нөміріне сілтеме жасайды.



ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық ұсыныс

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау,

құрылымы жəне мазмұны

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

10



Тендерге қатысу туралы хатта Тендерге қатысушы сол Тендерге

қатысатынын жəне қатысу шарттарын қабылдайтынын растайды.

Осы Тендерге қатысу туралы хатында Тендерге қатысушы өзінің

тендерлік ұсынысының қолданылу мерзімін растайды.

Тендерге қатысу туралы хатқа Тендерге қатысушының ұйымындағы

заңды уəкілетті тұлға қол қоюы тиіс.



1-нысан: Тендерге қатысу туралы хат

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы, мазмұны

ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық ұсыныс

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

11



2-нысанда Тендерге қатысушы Тендерге қатысушының компаниясы

туралы барлық деректерді, соның ішінде мекенжайын, тіркелу

нөмірін, иегерлерін, байланысатын тұлғаны, телефон нөмірін,

электрондық поштасын жəне т.б. көрсетуі тиіс, алайда тек осы

деректермен шектелмейді.

2-нысан: Əкімшілік ақпарат 

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы,

мазмұны

ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық 

ұсыныс

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

12



3-нысанда

Тендерге


қатысушы

Келісімшарттың

бастапқы

нұсқасының жұмыс көлеміне, 3-нысанда көрсетілген техникалық

талаптарға жəне техникалық шарттарға сəйкес өзінің техникалық

ұсынысын береді.

Осы 3-нысанда міндетті түрде сақталуы тиіс жəне орындалмауы

Тендерге қатысушының техникалық бағалаудан өтпеуіне негіз болуы

мүмкін талаптар көрсетіледі.

3-нысан: Техникалық ақпарат

2-тарау Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы,

мазмұны

ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық 

ұсыныс

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

13



4-нысанда Тендерге қатысушы төмендегідей негізгі ақпаратты көрсетеді:

Тендерге қатысушының корпоративтік құрылымы;



Тендерге қатысушының барлық тиісті компанияларының ұйымдық

құрылымы;

компанияның ұйымдық-құқықтық нысаны (БК, жергілікті компания,



халықаралық филиал жəне т.б. Тендерге қатысушы заңды тұлғаны тіркеу

жəне салық органдарында тіркелу туралы куəліктердің көшірмелері,

меншік құқығы туралы куəлік);

аудиттердің қорытындылары бойынша қаржылық есептер негізінде



қаржылық тұрақтылығын растау.

Егер Тендерге қатысушы ҚР жəне халықаралық компания арасындағы

БК/консорциум құрамына кіретін болса, Тендерге қатысушыға Келісімшарт

берілген жағдайда Тендерге қатысушы Келісімшарттың Е1 қосымшасында

көрсетілген нысан бойынша Бас компанияның кепілдігін ұсынуға қатысты

міндеттемесін растауы тиіс.



4-нысан: Тендерге қатысушының корпоративтік құрылымы

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы,

мазмұны

ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық 

ұсыныс

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

14



5-нысанда

Тендерге


қатысушы

ДЕҚҚОҚ


бойынша

нақты


көрсеткіштерін, ДЕҚҚОҚ саласындағы басқару құрылымын, Тендерге

қатысушының ДЕҚҚОҚ саласын басқаруы туралы ақпаратын ұсынуы

тиіс.

Сұрақтарға іс жүзіндегі жəне шынайы жауаптар беріп, растайтын



материалдар ұсыну маңызды.

Егер В1 бөлімінің 5-нысанындағы ДЕҚҚОҚ тарауына қосымшаларды

толтыру талабы енгізілген болса, Компания Тендерге қатысушыдан

ондай талапты орындауды сұрата алады.



5-нысан: ДЕҚҚОҚ

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы, 

мазмұны

ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық 

ұсыныс

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

15



6-нысанда Тендерге қатысушы Келісімшарттың стандартты талаптары мен

ережелеріне

қатысты

кез


келген

ескертпелері

мен

айрықшалықтарын



Келісімшарттың тиісті бабына анық сілтеме жасай отырып көрсетуі тиіс.

Тендерге қатысушы Тендерге қатысушыларға арналған нұсқаулықтарды қаперге

алып, олардың талаптарына сай Тендерге қатысушы өз талаптары мен

ережелерін ұсынбауы тиіс екенін жəне ондай ескертпелерді жəне/немесе

айрықшалықтарды «НКОК Н.В.» компаниясы қабылдамауға құқылы екенін жəне

осыған байланысты Тендерге қатысушы техникалық бағалаудан өтпей қалуы

мүмкін екенін ескеруі тиіс.

6-нысан: Тендерге қатысушының ескертпелері/айрықшалықтары

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы,

мазмұны

ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық ұсыныс

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

16



Тендерге қатысушы Келісімшарт бойынша жұмыс көлемін орындау кезінде

Жергілікті

қамтуды

ұлғайту


мүмкіндігін

сипаттауы

қажет,

бұл


ретте

коммерциялық аспектілер мен қызметтердің сенімділігіне ерекше назар

аударуы тиіс.

Жергілікті қамту өзара байланысты ақшалай жəне ақшалай емес құрамдас

бөліктердің жиынтығын білдіреді: қазақстандық персоналға төленетін мақсатты

төлемдер, Тауарлардағы жергілікті қамту үшін төленетін мақсатты төлемдер,

жергілікті қызметтер үшін төленетін мақсатты төлемдер, шетелдік мамандарды

қазақстандық қызметкерлермен алмастыру, қазақстандық қызметкерлерді

оқыту, технологиялар табыстау жəне т.б.

Осы нысанда Тендерге қатысушы Келісімшарт бойынша жұмыс көлемін

орындау барысындағы Жергілікті қамтуды дамыту жоспарын нақты сипаттауы

тиіс:


• жалпы ақпарат:

• жергілікті материалдар мен қызметтерді пайдалану;

• қазақстандық персоналды жұмысқа қабылдау жəне оқыту жоспары;

• жергілікті қамту деңгейін арттыру жөніндегі басқа да кез келген жоспарлар.



7-нысан: Жергілікті қамту туралы ерекше ережелер

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы,

мазмұны

ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық 

ұсыныс

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

17



Тендерге қатысушы Келісімшарттың бір бөлігін құрайтын Жергілікті 

қамту бойынша төмендегідей негізгі мақсаттарды ұсынуы тиіс

Жыл

(1) (2) (3) (4) (5) 



ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫҢ əр 

жылда қол жеткізілетін 

пайыздық мəні (%)

Келісімшарттың əр жылда 

игерілген жалпы сомасының 

пайыздық мəні (%) 



4.3

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ БОЙЫНША МАҚСАТТЫ ТӨЛЕМДЕР

МЕРДІГЕР жергілікті ҚАМТУ БОЙЫНША МАҚСАТТЫ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ҚҰРАМЫНА кем дегенде келесі элементтерді қосуға міндеттенеді:

4.3.1 ЖЕРГІЛІКТІ ПЕРСОНАЛҒА ТӨЛЕНЕТІН МАҚСАТТЫ ТӨЛЕМДЕР (Тендерге қатысушы пайыздық үлесті көрсетеді) (КЕЛІСІМШАРТТЫҢ 

жалпы сомасының пайыздық үлесі);

4.3.2 КЕЛІСІМШАРТТЫ орындау мақсатында сатып алынуы жоспарланып отырған ТАУАРЛАРДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ бойынша төленетін 

мақсатты төлемдер (Тендерге қатысушы пайыздық үлесті көрсетеді) (КЕЛІСІМШАРТТЫҢ жалпы сомасының пайыздық үлесі);

4.3.3 ЖЕРГІЛІКТІ ҚЫЗМЕТТЕР үшін төленетін мақсатты төлемдер (Тендерге қатысушы пайыздық үлесті көрсетеді) (КЕЛІСІМШАРТТЫҢ жалпы 

сомасының пайыздық үлесі);

4.3.4 ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ БОЙЫНША МАҚСАТТЫ ТӨЛЕМДЕРДІ қамтитын, 3.3.1–3.3.4 баптарда көрсетілген санаттарға қатысты төлемдердің 

сомасын құрайтын КЕЛІСІМШАРТТЫҢ жалпы сомасының пайыздық үлесі (Тендерге қатысушы пайыздық үлесті көрсетеді) (%);

4.3.5 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕРСОНАЛДЫҢ саны (Тендерге қатысушы пайыздық үлесті көрсетеді) __ (МЕРДІГЕР тікелей тартуға жоспарлап отырған 

персоналдың жалпы санының пайыздық үлесі).



Жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындау кестесі 

7-нысан: Жергілікті қамту туралы ерекше ережелер

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы, мазмұны

ТҚШ-ның В1 бөлімі: Бағасы көрсетілмеген техникалық ұсыныс

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

18



Тендерге қатысушы В2 бөлімінің Х нысанын толтыруы тиіс, ол

«Бағасы көрсетілген коммерциялық ұсынысты» құрайтын болады.

Келесі аспектілер негізгі болып табылады:

• Тендерге қатысушы Келісімшарт бойынша жұмыс көлемінің нақты

талаптарына сəйкес көрсетілген персоналға қатысты тіркелген

үлесті мөлшерлемелерді немесе паушалдық бағаларды, не

болмаса сағаттық немесе күндік мөлшерлемелерді ұсынуы тиіс;

• Егер қолданылатын болса жəне В2 бөлімінің Х нысанына

енгізілсе,

Тендерге


қатысушы

шығындардың

ашықтығы

қағидатына жəне нарықтық тенденцияларға сəйкес келетін

бағаларды өзгерту механизмін ұсынуы тиіс;

• Егер қолдануға келсе, Тендерге қатысушы шығындардың бөлінуін

(ШУР: шығындар, уақыт, ресурстар жəне пайда) ұсынуы тиіс;

• Басқа шығындар В2 бөлімінің Х нысанына сай болады.



ТҚШ-ның В2 бөлімі: Бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы,

мазмұны

ТҚШ-ның В2 бөлімі: Бағасы көрсетілген коммерциялық 

ұсыныс

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

19



Келісімшарттық құжаттама келесілерден тұрады: 

• Келісім нысаны;

• A қосымша  — «Жалпы талаптар мен ережелер»;

• B қосымшасы  — «Жұмыс көлемі»;

• В қосымшасы  — «Өтемақы жəне төлемдер»;

• D қосымшасы  — «ДЕҚҚОҚ» (қолданылса);

• E қосымшасы  — «Ерекше талаптар мен ережелер» (қолданылса);

• Е1 қосымшасы  — «Банк кепілдіктерінің нысандары» (қолданылса);

• F қосымшасы  — «Жергілікті қамту туралы ерекше ережелер» 

(қолданылса);

• G қосымшасы  — «Əкімшілік нұсқаулықтар»;

• H қосымшасы  — «Өзара жауапкершіліктен босату жəне залал 

орнын толтыру туралы шарт»; 

• I қосымшасы  — «Серіктестер тізімі».



ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау,

құрылымы, мазмұны

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

20



Келісімшарттың нысанында келесі негізгі деректер көрсетіледі:

• Келісім тараптары: Компания мен Мердігер;

• растау жəне Келісімге қол қою шарттары*;

• қол қою күні; 

• қолданылу мерзімі;

• тараптар атынан Келісімге қол қоюшы тұлғалар. 

*«Келісім» жəне «Келісімшарт» осы мəнмəтінде өзара алмастырылатын сөздер болып 

табылады. 



Келісім нысаны

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы,

мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

21



А қосымшасында осы Келісімшарттың орындалуына негіз болатын

талаптар анықталған. Бұл талаптар басқаларымен қатар келесі

негізгі ережелерді көздейді:

• Келісімшарт бойынша құқықтарды табыстау (табыстау туралы 

ереже);

• жауапкершілік жəне өтеу кепілдіктері



• кепілдіктер;

• сақтандыру;

• зияткерлік меншік құқығы; 

• Мердігердің персоналы;

• Келісімшарттың бұзылуы / орындалуының кідіртілуі;

• салықтар;

• Реттеуші құқық

А қосымшасы  — «Жалпы талаптар мен 

ережелер»

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы, 

мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

22



В қосымшасында Келісімшарт бойынша толық жұмыс көлемі, соның

ішінде тиісті талаптар бар. Жұмыс көлеміне Мердігер жеткізетін

барлық материалдар жəне ол көрсететін қызметтер кіреді.

Жұмыс көлемінде Мердігер орындауы тиіс жұмыстар, сонымен қатар

оларды орындау шарттары сипатталады.

Егер қолдануға келсе, жұмыс көлемінде Мердігердің жұмысы қалай

бағаланатыны жəне Мердігер жұмыстардың орындалуын қалай

бақылауы тиіс екені көрсетіледі.



B қосымшасы  — «Жұмыс көлемі»

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау,

құрылымы, мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

23



С қосымшасы тендерді ұтушымен Келісімшарттың бастапқы нұсқасы

келісілгеннен кейін таңдалған ұсыныстағы ТҚШ В2 бөлімінің

толтырылған Х нысанын қамтиды.

Келісімшарттың С қосымшасына басқалармен қатар келесі негізгі 

ақпарат кіреді:

• барлық бағалар мен мөлшерлемелер;

• тиісті коммерциялық шарттар;

• валюта;

• қолдануға келсе, бағаларды реттеу механизмі. 

C қосымшасы  — «Өтемақы жəне төлемдер»

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау,

құрылымы, мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

24



Егер қолдануға келсе, ДЕҚҚОҚ тарауында Мердігер сақтауға міндетті 

келесі негізгі аспектілер көрсетіледі: 

• ДЕҚҚОҚ процедуралары;

• ДЕҚҚОҚ талаптары;

• оқыту талаптары;

• қоршаған ортаны қорғау мəселелері;

• нақты жұмыс көлеміне қатысты ДЕҚҚОҚ нұсқаулықтары; 

• ДЕҚҚОҚ саласын басқару жоспары бойынша талаптар.



D қосымшасы  — «ДЕҚҚОҚ»

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы,

мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

25



ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

Е қосымшасы қажет болған жағдайда қолданылады жəне оған

«Жалпы

талаптар


мен

ережелер»

атты

А

қосымшасына



енгізілмеген жəне Келісімшарттың екі тарапы да өзара келіскен кез

келген талаптар мен ережелер кіреді.



E қосымшасы  — «Ерекше талаптар мен ережелер»

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау,

құрылымы, мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

26



ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

F

қосымшасы



Мердігерге

келісімшарттың

жалпы

сомасына


пайыздық қатынастағы жергілікті қамтудың мақсатты мəндерін

ұсыну бойынша міндетті талаптарды, сонымен қатар Мердігер

Компанияға шоттармен бірге ұсынуы тиіс есептілік нысандарын

қамтиды.


Осы F қосымшасы Мердігерге оның қосалқы мердігерлеріндегі

жергілікті қамту туралы ақпарат ұсыну, сонымен қатар Жергілікті

қамтуды дамыту жоспарын ұсыну бойынша қойылатын талаптарды

қарастырады.



F қосымшасы  — «Жергілікті қамту туралы ерекше 

ережелер»

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау, құрылымы, 

мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

27



Əкімшілік нұсқаулықтар сонымен бірге келесі аспектілерді 

қарастырады: 

шоттар ұсынуға қойылатын талаптар;



есептілік бойынша талаптар;

ақпарат алмасу бойынша талаптар;



жеткізу мекенжайлары;

байланысатын тұлғалар;



шоттардың, Келісімшартты жабу туралы актінің, Орындалған 

жұмыстарды қабылдау туралы актінің жəне т.б. үлгілері.

G қосымшасы  — «Əкімшілік нұсқаулықтар»

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау,

құрылымы, мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

28



ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

H қосымшасы қажет болған жағдайда пайдаланылады жəне Өзара

жауапкершіліктен босату жəне залал орнын толтыру туралы

шартты (бұдан əрі — «Шарт») қамтиды жəне Компанияның бір

өндірістік алаңында бірнеше Мердігер жұмыс істеп, олардың осы

Шартты жасасу арқылы бірін бірі өз қызметтерінің нəтижесінде

орын

алатын


кез

келген


шығындар

немесе


залал

үшін


жауапкершіліктен

босатулары

тиіс

болған


жағдайларда

қолданылады.



H қосымшасы  — «Өзара жауапкершіліктен босату жəне 

залал орнын толтыру туралы шарт»

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау,

құрылымы, мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

29



ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

I қосымшасы «НКОК Н.В.» компаниясының Серіктестерінің тізімін 

қамтиды.

I қосымшасы  — «Серіктестер тізімі»

2-тарау: Тендерлік құжаттаманы дайындау,

құрылымы, мазмұны

ТҚШ-ның C бөлімі: Келісімшарттық құжаттама

30



Ұсынылатын тендерлік құжаттама келесі талаптарға сəйкес келуі тиіс (алайда 

тек олармен шектелмейді): 

• Тендерге қатысушы «Тендерге қатысушыларға арналған нұсқаулықтар» 

атты А бөлімінде көрсетілген барлық нұсқаулықтарды орындауы тиіс; 

• тендерлік құжаттама ағылшын жəне басқа тілде (орыс тілінде) ұсынылады, 

бұл ретте нұсқалардың арасында қайшылық болған жағдайда ағылшын 

тіліндегі мəтіннің басым күші болады; 

• Тендерге қатысушы Тендерге қатысу туралы хатында өзінің ұсынысында 6-

нысанға сай «ескертпелерінің» бар-жоғын анық көрсетеді; 

• Тендерге қатысушы Тендерге қатысу туралы хатында тендерлік 

ұсынысында 6-нысанға сай баламалы ұсыныстың бар-жоғын анық 

көрсетеді; 

• тендерлік ұсыныстың валютасы ТҚШ В2 бөлімінің Х нысанының 

ережелеріне сəйкес көрсетіледі;

• Тендерлік ұсыныстың қолданылу мерзімі Тендерге қатысу туралы хатта 

көрсетіледі — ТҚШ В1 бөлімінің 1-нысаны.



Тендерлік құжаттаманы дайындау

3-тарау: Тендерлік құжаттаманың техникалық жəне

коммерциялық тарауларының негізгі ережелері 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

31



Тендерлік ұсыныстар берудің ақтық мерзімі (.......................... Атырау уақыты

бойынша (GMT +5:00) сағат 12:00) Тендерге қатысуға шақыруда көрсетіледі.

Тендерге қатысушыларға арналған нұсқаулықтарда көрсетілгендей, Тендерге

қатысушының ұсынысы «НКОК Н.В.» компаниясына Тендерге қатысушыларға

арналған нұсқаулықтарға сəйкес жабық пакетке салынған күйде Тендерлік ұсыныстар

беру мерзімінен кешіктірмей келесі мекенжайға жолдануы тиіс:

Қазақстан Республикасы

060002, Атырау қаласы,

Смағұлов көшесі, 8, «Каспий» бизнес-орталығы

Филиал Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.

Кімге: Келісімшарт кеңесінің хатшысы

Тел: +7 (7122) 92 80 00

Тендердің атауы:

Тендердің нөмірі:

Тендерге қатысушының атауы:



3-тарау: Тендерлік құжаттаманың техникалық жəне

коммерциялық тарауларының негізгі ережелері

Тендерлік ұсыныстар беру 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

32



Жабық тендер шеңберінде ұсыныстарды бағалау келісімшарт беру 

жөніндегі ұсыныс берілгеннен бұрын екі кезеңде жүргізіледі:

1. бағалары көрсетілмеген техникалық жəне коммерциялық 

ұсыныстарды бағалау (келісімшарттық аспектілер); 

2. бағалары көрсетілген коммерциялық ұсыныстарды бағалау. 

Бағалау нəтижелері негізінде тендердің жеңімпазы келісімшарт беруге 

ұсынылады.

4-тарау: Тендерлік ұсыныстарды бағалау

Бағалау кезеңдері 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

33



Тендерге қатысушыларды бағалау ТҚШ В1 бөлімінің 3-нысанында

көзделген бағалау жөніндегі талаптарға сəйкес өткізіледі.

Əр тармақ бойынша міндетті талап (мысалы, «Тендерге қатысушының

міндетті түрде кеңсесі болуы ...») немесе ең төменгі өту балы

(«Тендерге қатысушының кем дегенде ... 3 жыл тəжірибесі болуы тиіс»).

ТҚШ-ның жауап берілмеген тармақтары (түсінік берілгеннен кейін),

бағаланбайды жəне, тиісінше Тендерге қатысушы ондай тармақтар

бойынша 0 балл алады.

Тендерге қатысушы техникалық бағалаудан ойдағыдай өтуі үшін ТҚШ-

ның əр тарауы бойынша ең аз балл мен жалпы балдардың ең аз санын

алуы тиіс.

Негізгі талаптардың орындалмауы Тендерге қатысушының техникалық

бағалаудан өтпей қалуына негіз болады.

4-тарау: Тендерлік ұсыныстарды бағалау

Техникалық бағалау критерийлері 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

34



Тендерге қатысушы техникалық бағалаудан ойдағыдай өткеннен

кейін ғана бағалау жүргізу үшін коммерциялық ұсыныстар ашылады.

Бағасы

көрсетілген



коммерциялық

ұсыныстарды

бағалау

экономикалық тұрғыда анағұрлым пайдалы, техникалық жағынан



қолайлы тендерлік ұсынысты іріктеу қағидаты бойынша жүргізіледі.

4-тарау: Тендерлік ұсыныстарды бағалау

Коммерциялық бағалау критерийлері 

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

35



Компания Тендерлік ұсыныстардың бағалану барысы туралы қандай

да бір ақпаратты ұсынбайды.

Тендерлік ұсынысы ойдағыдай болмаған Тендерге қатысушының

əрқайсысына Компания жазбаша түрде хабарлама береді.

«НКОК Н.В.» компаниясы тендерлік ұсынысы ойдағыдай болмаған

Тендерге қатысушыларды тек тендердің жеңімпазы Келісімшартты

қабылдайтыны жəне оған қол қоюға дайындығы туралы жазбаша

растауын немесе қол қойылған Келісімшартты ұсынғаннан кейін ғана

жазбаша хабардар етеді.

4-тарау: Тендерлік ұсыныстарды бағалау

Тендерге қатысушыларды хабарландыру

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

36



Тендерлік құжаттарды дайындау жөніндегі 

презентацияның соңы

РАҚМЕТ!

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН



37

жүктеу 221,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау