419
және абзац түріндегі ой беріледі. Бірінші тыңдалым деңгейінде шағын мәтін берілсе, оқушылар
оқулықтағы абзацты оқу арқылы айырмасын анықтап, баяндай алады.
Тапсырма: салыстыр. Кім дұрыс істеді?
Шағын мәтін: Самат автобусқа кірді. Бос орындыққа отырды. Келесі аялдамадан көп адам кірді.
Бос орын жоқ. Оның жанында қарт әже тұр, ал Самат отыр.
Оқулықта: І абзацта. Азамат сабаққа аавтобуспен барады. Автобуста кейде адам көп болады.
Бүгін де адам көп екен. Азамат қарт әжені көріп, орын берді. Осы мәтін негізінде сөйлеудің
логикалық, мазмұндық, синтаксистік жолдарын баяндау арқылы жеткізуге болады.
ІІ мысал. Мәтін негізінде (тыңдалған) оқушы ойын дамыту үшін қалыпты үлгілер беруге де
болады.
А. Меніңше, ...; ... деп ойлаймын.
Б. Мүмкін, ... ; ... керек еді.
В. Егер.. т.б.
ІІІ мысал. Мәтін бойынша технология эвристикалық талап та қояды. Мысалы: мәтін мазмұны
бойынша:
1. Мына пікірге келісесің бе? 2. Қарсы пікір айтшы. 3. Кеңес берші. 4. Қайталап сұрашы. 5.
Дәлелдеші. 6. Жаңа ақпарат берші.
Коммуникативтік оқыту технологиясының кейбір ерекшеліктері:
Сабақты қалай бастау керек? Сөйлесу жаттығуын қалай ұйымдастыру керек?
Мәселен,
А. Сәлеметсіздерме, балалар! Кеше мереке болды ма? Сендер ән айтыпсыңдар, билепсіңдер.
Өкінішті, мен концертте бола алмадым. Қалай болды? Оқушылар көп болды ма? Гүл сыйлады
ма? Әндер қай тілде айтылды? т.с.с.
Б. «Лена, досың туралы әңгімеле» тапсырмасын мынадай жолмен беруге болады: Сенің досың
бар ма? Ол туралы айтып берші.
В. Сөйлесудің екі жақтық, үш жақтық және одан да көп жұптарын ұйымдастыру жолдары:
1 - тапсырма – оқулықта берілген жаттығу негізінде сөйлесудің І кезеңі бойынша бірнеше
таратпа карточкасын жасау.
А. 1- сөйлем бойынша шағын мәтін құрыңыз. Сол мәтін негізінде сөйлесудің түрлі жолдарын
(кеңес беру, қарсы пікір айты, өтініш білдіру, қайта құру) көрсетіңіз.
Б. 6-сөйлем бойынша грамматикалық дағдыны қалыптастыру жолын көресетіңіз. Тапсырма:
етістіктің өткен шақ формасы, қалау рай.
В. Ауылдан хат алдым. Хат мазмұнын ойлап жаз. Хат арқылы баяндау әдісін қалай бересіз? Ал
сөйлесуде ше? Т.б.
Қандай дәуірде де оқыту сатыларында ешқашан маңызын жоймайтын тұғырлы ұстаным –
білім жүйелілігінің ұстанымы. Психолингвистикада «білім жүйелілігі ұстанымының сақталуы
нәтижесінде оқу материалдарын қарапайымнан күрделіге қарай, жеңілден ауырға қарай сатылы-
сабақтастық ретпен беруге мүмкіндік туады» [2, 65] деп айтылған пікірмен толық келісуге негіз
бар. Сондай мүмкіндіктің бірер мысалын өз тәжірибемізде қолданым жүрген, сөйлесуді
көздейтің арнайы, шартты сөйлесу жаттығуларының жүйесі арқылы көрсеттік деп ойлаймыз.
Осы әдіске сүйене отырып, зерттеуге 6 «Д» сыныбының екі тобын алдық. Себебі бұл сыныптың
білім сапасы 65% астам. Қазақ тілі грамматикасының негіздерін жақсы меңгерген, өткен оқу
жылында өткізген тоқсандық жиынтық бағалауда жоғары нәтиже көрсетті.
5
16
10
Достарыңызбен бөлісу: