Дарынды балалармен жұмыс жүргізу.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп,бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу – мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.
Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры.Дарындылардышығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Дарынды балалармен жүргізудің мақсаты
1.Баланың шығармашылық қабілетін дамыту және өз бетімен жұмыс істеуі. 2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. 3. Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру . 4. Жалпы білім- білік дағдыларын дамыта оқыту. 5. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті
1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. 2.Жан-жақты дамуына жеке тұлға болуына тәрбиелеу. 3. Оқушының қоршаған ортаны аялауға,ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға баулу.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиевте «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.
Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.
Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады.Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.Біреулер «Дарындылық-іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктере жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» десе, енді біреулер «Дарындылық үш қасиеттің – ортадан жоғары ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа құштарлықтың үйлесімділіг» дейді (америкалық педагог Дж.Рензулли).Ал педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Белгілі психолог Н.С. Лейтестің айтуынша : «Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала». Дарындылық – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.
Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1.Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;
2.Пәндік үйірмелер;
3.Тіл мерекесі;
4.Абай оқулары,Мағжан оқулары,Яссауй тану;
5.Олимпиадалар;
6.Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
7.Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
8.Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
9.Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
10.Оқушылардың облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.
Мектеп оқушылары қабілет-қарымына, дарынына қарай өз қабілеттерін осы бағыттағы жұмыстарға қатынаса отырып дамыта алады. Енді аталған бағыттағы жұмыстарға жеке-жеке тоқталсақ.
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге төмендегідей талаптар қойылады:
— кең пейілді, нақты болу;
— интеллектуалды дамуының жоғары болуы;
— іскерлігімен, қызықтыратын тақырып ауқымы кең болуы;
— белсенді, тынымсыз, мінез-құлық икемі;
— әзілдесе білуі;
— өзін-өзі жетілдіру барысында көзқарасын өзгертуге әзір болуы;
— өзіндік дүниетанымдық көзқарасы болуы;
Орташа балалармен салыстырғанда,дарынды балалардың
даму деңгейі
оңай оқиды
және сөз қорына ие
абстраттік ойлау
қабілеттері ертерек қалыптасады,
тапқыр, қажырлы,
шығармашылыққа бейім
өзгенің ұстанымын қабылдауы қиын келеді
жоғары әлеуметтік мұраттарымен ерекшеленеді
адамдардың көңіл-күйін байқағыш келеді
әділетсіздікке ерекше ұшқыр жауап береді
Оқушының дарындылығын анықтауда қолданатын әдіс тәсілдер :
Баланың отбасылық жағдайын зерттеу
Шығармашылық қабілетін анықтау
Сауалнамалар, тренингтер өткізу
Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына қытысу
Көкшетау Гуманитарлы -техникалық
колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шамгон Гульзада Сагындыковна
Достарыңызбен бөлісу: |