Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті



жүктеу 1,29 Mb.
бет11/12
Дата23.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#24151
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Темір жол тарихы


Темір жолдың пайда болуына дейін жер бетінде тек су және арба көлік транспорты ғана болған. Темір жолдың экономикалық қатынастардың дамуына титізетін әсері сөзсіз. Арзан, әрі жедел жеткізетін, ыңғайлы көліктің пайда болуы адамдардың бір-бірімен қатынасып тұруын жиілетті. Адам баласының ой-өрісі сапар шетудің, алыс елдер мен хатықтардың тұрмысын көрудің арқасында өсіп, байи түсті. Темір жолдар сауданың дамуына, шикізаттың, басқа да өнеркәсіп тауарларының таралуына қолайлы жағдай туғызды, адамдардың өмір суруі барған сайын жақсара түсті, мұның бәрі, сайып келгенде, ірі капиталдың дамуына кең мүмкіндік ашты.

Алғашқы жақсы бастамалар XIX ғасырдың бас кезінде болды. Темір рельстер салынып, бұл әдіс кейін барлық жерлерде жаппай қолданыла бастады. Енді осы жолдар арқылы салмағы бес – алты есе ауыр жүктерді тасмалдай беругеболатын мүмкіндік туды. Стефенсон темір жол көлігінің негізін қалаған алғашқы ағылшын өнертапқышы 1814 жылы өзінің алғашқы паравозын жасап шығарды. Паравоздың көптеген үлгілерн ұсынды, оның ішінде «Ракета» да бар болатын (1829).

1825 жылдың қыркүйегінде Дарлинттон – Стоктон бағыты бойынша алғашқы қоғамдық теміржолын салды. Тек Теорт Стефенсон ғана паравоздың әкесі деген атаққа лайық. 1830 жылдың қыркүйегінде Ливерпуль Манчестер темір жолы ашылды. Темір жол көлігінің өркендеуінде жүк таратар күштің жоқтығы бөтет болып тұрған еді. Стефенсонның паравозы 6 аттың күшіне тең, сағатына 6 шақырымжылдамдықпен 30,5 тоннаның жүгін алып жүре алатын. Адам баласының «темір» ат болса деген атам заманнан келе жатқан арманын механиктер - әкелі – балалы Черепановтар жүзете асырды. 1834 жылы олар Нижний Татильдегі Демидов зауытында алғашқы орыс паровозын жасады.

Он тоғызыншы ғасырдың 60-шы жылдарында қазақ халқының әлеуметтік – экономикалық өмірінде және оның орыс және басқа ұлттармен мәдени байланыс орнатуында, аймақтың жалпы дамуында үлкен маңызға ие болды.

Қазақстандағы ең алғашқы теміржол желісі Каспий теңізі мен Арал теңізін Үстірт арқылы қосу жобасы тіпті, XIX ғасырдың 50-ші жылдарында-ақ пайда болған. XIX ғасырдың 70-ші жылдарында Қазақстан теміржол құрлысы саласындағы 1877 жылы қаңтарында іске қосылған Самар – Орынбор (уақытша Чакалов) жолы жалғыз қомақты нәтиже болды. Теміржол құрлысының аумағын кеңейтуді талап еткен Орта Азия және Қазақстан шикізат көздері мен тұтыну нарығын иелену қажеттігі туды. Бұл Түркістан және Сібірді рельс арқылы қосу жобасымен түсіндіріледі.

Қазақстандағы теміржол жүйесінің алғашқы құрылысы 1893 жылы басталған еді. Бұл ұзындығы 369 шақырымдық Покровская Слобода – Орал тар табанды жүйесі болатын. Оның 13-і Қазақстан территориясымен өтетін. Бұл теміржол торабының құрылысы Батыс Қазақстаннан ауылшаруашылық жүктерін көп, әрі жылдам жіберуге мүмкіндік туғызды. атап өтуге болады.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
53-жаттығу. Көшіріп жазып, мезгіл бағыныңкылардың баяндауыштарының астын сызыңдар да, қандай тұлғада тұрғандыған айтыңдар.

1. Қалаға ол, күн көтерілген соң, жетті. 2. Күзетші жанында ол осы оймен аңырып тұрғанда, қолтықтаған түйіншегі бар бір ересек бала келе қалды. 3. Барар жерін анықтап алған Кеңес әлгідей емес, аяғын нық басты. Былай шығысымен-ақ, осылай қарай ағылған адамдар шоғырына кезікті. (М. И.) 4. Бауырсақ мұрын бала жігіт темірді таспаша сындырып тұр. Жонылған темір шаммен шағылысып жарқылдаған сайын, оның да көзі жалт-жұлт етеді. (Ғ. Мұст.) 5. Бауға келсек, күзетші қақпаға құлып салып жатыр екен. 6. біз үшеуіміз баудан шығысымен-ақ, күзетші қақпаны жауып, құлып салды. (Л. П.) 7. Атамекеніңнің жерін азапқа салып жатқанда, үнсіз қалу масқаралық. 8. Дүниеге мүгедек балалар келіп жатқанда, өзіңді бір сәтке де бақытты сезіну мүмкін емес. (О. Сүлейменов, «Парасат» журналы, №11 (413), 1992 жыл.) 9. Феруза, күн өткен сайын өзінің өсіп келе жатқанын аңғарды. (М. И.) 10. Шахтаға түспестен бұрын, Еркін кішкене бөлмесіне келіп енді. (Ғ. Мұхт.) 11. Айнала дүние айқын көрінген шақта, тракторшылар жаңа қызық көре бастады. (М. Ә.) 12. Ұзақ сапар шеккелі, Мақсатқа осы жеткенім. (Ж. Ж.)


54-жаттығу. Көп нүктенің орнына қосымша не көмекші сөз қосып, бағыныңқының баяндауыштарын қалпына келтіріп, қимыл-сын бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

1. Сол кезде оның беті күрең ... , ақ сақал жамап алған жас жігітке ұқсайды. (С. М.) 2. Енді аттың жалт беріп кетуіне мұршасын келтірмейтіндей ... , тізгінді екі қолымен екі жаққа тартып шауып келді. (Б. Соқп.) 3. Хакім кітапты ұстаған ... , Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады. (X. Ес.) 4. Жыртылған жермен төте жүре отыр ..., олар Серёжа малалап жүрген жерге лезде-ақ жетті. (Ә.Нәбиев.) 5. Қорқыныштан туған ойдың шегі бол ..., сәбидің көз алдына әлденелер елестей берді. (А. Байт.)


55-жаттығу. Көшіріп жазып, мақсат бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

1. Ана мен баланың бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты. (С. М.) 2. Бүгін бірер керек кітабын алып шықсын деп, сонда әдейі ертіп апарған едім. (М. Ә.) 3. Қыздың қарасынан көз жазбайын деп, өзі де қатты ағызып келеді. (Ғ. М.) 4. Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек күн көп болуға тиісті. (Ғ. С.) 5. Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар. (Қ. Айн.) 6. Сырбайды үрейлендіргісі келмей, басалқы сөздер айта бастап еді. (С. М.) 7. Халықты білім жолына шақыру үшін, ақын түгін де аямай, сарқып айтты, сарқылып айтты. (Ә. Тәжібаев.) 8. Қорқынышты бастан кешірісін деп, сонда әдейі ертіп апартқан едім.



12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Әуежайда, темір жолда, аялдамада сұхбат
35-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем. Менің сүйікті жазушым.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушылардың алған білімдерін жинақтап, толықтыру.

Тәрбиелік: Қазақ ақындарының өлең-жырларын талдай отырып тәрбиелеу.

Дамыту: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызуғышылықтарын, білімге деген белсенділіктерін арттыру
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Көмекші сөздер

2. Етістіктің райлары

3. Шылаудың түрлері

4. Сөз тіркесі. Жай сөйлем
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Аралас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Демек, аралас кұрмаластың құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады да, оның біреуі бағыныңқы, оның баяндауышы тиянақсыз болып, қалған екеуінің баяндауышы тиянақты болады. Сонда жай сөйлемдердің өзара байланысы бағынынқы-басыңқы - басыңқы (схемасы - ) немесе басыңқы - бағыныңқы - басыңқы (схемасы: — —) болуы мүмкін. Сөйтіп, (бағыныңқы сөйлем аралас құрмаластың кұрамында сөйлемнің басында да, сөйлемнің ортасында да қолданыла береді. Аралас құрмалас кейде үш қана жай сөйлемнен емес, одан да көп жай сөйлемнен құрылуы мүмкін. Ондайда бір я екі сөйлем бағыныңқы болады да, екі я үш сөйлем басыңқы болады. Мысалы: Доктор кеткен соң, әйелі операция істеуге көндірмекші болып жылап –сықтап жалынып еді, - Михаил оған жұдырығын түйді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

56-жаттығу. Оқып шығып, қайсысы бірыңғай жарыспалы, кайсысы әр алуан жарыспалы сабақтас екендігін айтып беріндер де, схемамен көрсетіндер.

1. Жайдары, ақ көңіл, бала мінезді болғандықтан, сақалы беліне түссе де, жұрт оны Антоша дейтін. (Ғ.С.) 2. Қолдасып болғаннан кейін, ешкім қағылып орын бере қоймаған соң, Амантай есік алдында, ең шетте отырды. (С.М.) 3. Тымақтың түрілмеген құлағы жағын сабалап, шекпенінің етегі делдие түсіп, еңкелектей басып Омар Игілікті қуып кетті. (Ғ.М.) 4. Мына бірінші жекуі және бойындағы бар қаһарымен жекуі сәби сезіміме инедей қадалғанымен, тітіркенген сезімім бойымды шымырлатып, кұтымды ұшырғанмен, қопандай берген орныма отыра қалғанмен, бұл жекудің мәнісіне түсіне қалдым. (С. М.)


57-жаттығу. Сатылы көп бағыныңқы сабақтастарды тауып, көшіріп жазындар да, сатылана байланысып тұрғандығын схемамен көрсетінде.

1.Топ алдында сөзді ол түгел айтқызса, өзіне-өзі соққы тигізгендей болатынын сезіп, Дәркембай мен баланы ықсыра, қалың топтан шет бөлініп, шықты. (М.Ә.) 2.Өрге шығарда, ат қиналмас үшін, қиялай жүрсең де, атың ентікпей, шыға алмайсың. (Ғ. С.) 3. Ойыннан бұлар түн ортасы ауа үйге келсе, Балтабек ұйықтап қалып Айбала көйлек жамап отыр екен. (С.М.) 4.Өзі туралы айтылған сөздерге аса құлақ салмай, есі-дерті Хакіммен сөйлеспекші болып, Шолпан қайықтан жерге түсті. (X. Ес.) 5. Қамзадан сұрастырып көрсем, жалпы білімі менен жоғары болғанмен, саяси көзқарасы терең сияқтанбайды. (С.М.) 6.Итбай да білгір кісіше заттарды жаратпағансып, бірін «төмен қол екен» деп, бірінің «арқауы жіп екен» деп көп саудаласып, керекті нәрсесін алды. (С. Көбеев).


58-жаттығу. Аралас құрмалас сөйлемдерді құрамына және бағыныңқы жай сөйлемдерінің орналасу тәртібіне қарай талдаңдар.

1. Асқар ашуланып кетті. Урядникке бірдеме дейін деп еді, - өкпесі алқымына тығылып, аузына сөз түспей қойды. (С. М.) 2. Сөйленген сөзден кейін ана өзін бүгінгі күннің лас ауыртпалығынан арылып, тыңайған қалып сезді, өзіне-өзінің көңілі толды және жұрттың бәріне де жақсылық, ізгілік көрсеткісі келді. (М. Г.) 3.Шәкеннің ақылы жүрісті тоқтату емес, бірақ қатты жүрмей, баяу жүріп, ілгері жылжи беру болды. (М. Ә.) 4. Қақтың көктемде жайылған мол суы тартылып, жиегінде иірім-иірім құм белдеулер қалған, олардың арасына ұсақ қоңыз, қырықаяқ сияқты жәндіктер көп қоныстайды. (С. Б.) 5. Ағының күштілігіне көз тұнып, айналды, - қандай терең болғанмен, су түбіндегі жүздеген балық, жатқан тас, құм - бәрі алақандағыдай анық көрініп тұр.


59-жаттығу. Аралас кұрмаластарды тауып, ондағы жай сөйлемдердің байланысу жолын айтып беріңдер.

1.Егер Сағит аман жетіп, хатты қолына тапсырса, (ол) қандай жағдайда жазғанымды ауызша да айтар, дегенмен, болған халді қысқаша баяндай кетейін. 2. Кім екенін біліу үшін, жортып барып алдын ала тосайын деп еді, маңайлап ұшып жүрген бүркіт шақырғанына келмей, жолдан қырындап кетті. (С.М.)


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Аралас құрмалас сөйлем. Менің сүйікті жазушым



36-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту. Қазақ ақындарының өлең – жырлары.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушылардың алған білімдерін жинақтап, толықтыру.

Тәрбиелік: Қазақ ақындарының өлең-жырларын талдай отырып тәрбиелеу.

Дамыту: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызуғышылықтарын, білімге деген белсенділіктерін арттыру
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Бастауыш пен баяндауыштың байланысы

2. Оңашаланған айқындалған мүше және оның тыныс белгілері

3. Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлері.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
2-Тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтыңыздар.
Менің армандарымның бірі...
Сәби болғым келеді
...Құс та болғым келмейді!
Қанатым бар..
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуым бар, керекпе жылыныңдар.
Әлди болғым келеді, әлди болғым — Күн сәулесі ойнақтап тұлымында,
Отыратын анасы құлынымдеп.
Қанаттанып өмірге ұшарымда,
Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ Ананың құшағында.
Tap бесігі — кең жаһан тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.-
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған


Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жесір келін, бір нәресте көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген…
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Өміріне кегі кеткен, өлмеген,
Жалған айып таңылғанда көлденең,
Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?


(М.Мақатаев)
Болашақ дәрігерге

Тоқта-тоқта, ей, жігіт, аялдағын.

Қане, қалай жағдайың, баяндағын.

Тәжірибе мектебін етіп жүрсең,

Дәрігерлік кәсіпке таянғаның.

Таянғаның, қарағым, таянғаның,
Адам үшін барыңды аянбағын.

Адам тұрар алдыңда, ұмыт болар,


Өліктер мен сойылған қояндарың.

Енді алдыңда тұрады тірі жандар,
Бірі сүйіп, кім білсін, бірі қарғар...
Қимылдамай кірпігі жатса-дағы, Байқағайсың шықпаған тірі жан бар!

Кәсібіңнен кетпегей жеріп мүлде,
(Ақыл айтып кеттім-ау, желіктім бе?!) Өлгендерді тірілтем деп ойлағай,

Денесінен жан ізде өліктің де.



Жолың болсын, бара ғой, айналайын, Айналайын, қорғаушым, қарғадайым!

Кәсібіңе мен сенің басымды ием,


Басымды ием, несіне арланайын...

(М.Мақатаев)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Тіл ұстарту. Қазақ ақындарының өлең-жырлары.

37-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздарының стилі. Қызметтік хаттар. Жарнама. Анықтама. Мінездеме. Қолхат. Өмірбаян. Түйіндеме.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Іс қағаздарының стилі жайлы оқушылардың білім деңгейін арттыру, бір-біріне мінездеме бере білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу, өз бетінше ойын айта білуге қабілеттерін дамыту.

Дамыту: Оқушылардың ойын жүйелі, жаттық жеткізуге, белсенділігін арттыру.
5.оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

2. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

3. Сөйлем мүшелері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Іс қағаздары және оның түрлері

Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең; олар адамның күнделікті өмірінде жиі колданылатын үлгілер.

Іс қағаздарына, яғни, ресми құжаттарға: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, шарт, мінездеме, міндеттеме, қатынас, бұйрық, арыз, түсініктеме т.б. жатады.

Іс қағаздарының қай түрін де дұрыс жаза білу үшін мазмұнын толық, жан-жақты біліп алу қажет. Өз ойындағыны рет-ретімен дамыта, карапайым етіп бере білуге жаттықкан жөн.

Іс қағаздарының стилі, іс жүргізу тілінің терминденуі тіл әсерлілігінің маңызды белгісі болып табылады және дәлдігін көрсетеді. Бұл турасында француз ағартушысы Ш.Монтескье былай деп жазды: «Заңда қолданылатын сөздер адамдардың санасында белгілі бір идеяларды ғана тудыруы керек. Заңда ешқашан анық емес ұғымдарды қолдануға болмайды. Заңның стилі дәлдігімен және қысқа да нұсқалығымен ерекшеленуі тиіс».


жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау