Қазақстан Республикасы Әділет министрінің



жүктеу 377,6 Kb.
бет1/5
Дата04.12.2017
өлшемі377,6 Kb.
#2985
түріРегламент
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің   
2015 жылғы 29 мамырдағы 
№ 301 бұйрығына 4-қосымша

«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.02.2016 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер


      1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11384 тіркелді) бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) Министрлік кеңсесі;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы өтініш берушінің электрондық - цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын қағаз жеткізгіште ұсыну болып табылады.
      4. Порталға жүгінген кезде осы стандарттың 2-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша көрсетілетін кызметті алушының «жеке кабинетінде» оны алу орны мен күні көрсетіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


      5. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса өтінішті қағаз жеткізгіште ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылының) басталуына негіз болып табылады.
      6. Көрсетілетін қызметті берушіге жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беруге құжаттар түскен сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды тізілімге сәйкес қабылдайды және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жібереді. Құжаттарды қабылдау және берудің ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.
      Жауапты орындаушы:
      1) ұсынылған құжаттар жиынтығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді;
      2) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын қағаз жеткізгіште дайындайды.
      Жауапты орындаушының құжаттарды қарауына және рәсімдеуіне берілген уақыт, құжаттар жиынтығын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күнін құрайды.
      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру туралы бұйрық уәкілетті органның басшысына қол қоюға жіберіледі.
      Қарау ұзақтығы бір жұмыс күнін құрайды.
      Басшы бұйрыққа қол қойғаннан кейін орындаушы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын көрсетілетін қызметті берушінің жинақтаушы бөліміне жолдайды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      7. Порталға жүгінген жағдайда (сканерлеген) құжаттар жиынтығымен қоса электронды сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдалған қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде порталға – «жеке кабинетке» алған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ куәландырылған, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын қағаз жеткізгіште беру туралы электрондық өтінішінті қабылдау туралы есеп–хабарламаны жібереді.
      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын қағаз жеткізгіште беру болып табылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және құрылымдық бөлімшелер арасындағы (қызметкерлер әрбір рәсімнің қызметін көрсете отырып) рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігін сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы


      10. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдауды операциялық залда «кедергісіз» және «терезе» арқылы оны аты, тегі әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы көрсетілген Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүзеге асырады.
      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыру үшін күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын тапсырады.
      Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау кезінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 10-тармағына сәйкес тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      11. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді орталықтың қызметкері күн сайын «терезе» арқылы қолхат негізінде және сонда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасын сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      13. Порталда.
      1) сканерлеген құжаттармен қоса электронды өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады;
      2) порталға жүгінген жағдайда электронды сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдалған қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына жіберіледі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы есеп–хабарлама жіберіледі;
      4) портал тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, техникалық үзілісті қоспағанда) жұмыс істейді.
      14. Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесінде сұрау салуын тіркеу және өңдеу кезіндегі Мемлекеттік корпорация қызметкерінің жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарынан) кезектілігі тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2 және 4 қосымшасында келтірілген.
      15. Портал арқылы жүгіну және мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігі тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның,


сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен 
өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне       
1-қосымша                       

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және құрылымдық бөлімшелердің (әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы


Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

Мемлекеттік корпорацияның инспекторы

Жинақтаушы бөлімнің инспекторы

Жинақтаушы бөлімнің инспекторы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау

Журналға қол қояды

Тізілімді құрастырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Журналда тіркеу және қолхат беру

Құжаттарды жинақтау

Құжаттарды тіркеуші органның жинақтаушы бөліміне жіберу

5

Орындау мерзімдері

15 минут

күніне 2 рет

күніне 2 рет




Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

4

5

6

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

Тіркеуші органның жинақтаушы бөлімі

Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды тізілім бойынша қабылдау

Құжаттарды тізілім бойынша қабылдау

Анықтаманы қол қоюға дайындау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөліміне жібереді

Жауапты орындаушыны белгілейді

Анықтаманы қол қоюға жіберу

5

Орындау мерзімдері

30 минут

15 минут

40 минут




1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

7

8

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі (қызметкерлерінің)

Тіркеуші органның басшысы

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Анықтамаға қол кою

Анықтаманы ресімдеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөліміне беру

Құрылтай құжаттарын жинақтаушы бөлімге беру

5

Орындау мерзімдері

2 сағат

30 минут




1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

9

10

11

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

тіркеуші органның жинақтаушы бөлімі

Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөлімі

Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру бөлімі

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Орындалған материалды берілетін тізілімге сәйкес тексеру

Орындалған материалды берілетін тізілімге сәйкес тексеру және қабылдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөліміне жіберу

Тізілім бойынша қабылдау

Компьютерге енгізу

5

Орындау мерзімдері

15 минут

5 минут

3 минут




1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағының) №

12

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

Мемлекеттік корпорацияның операторы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қолхатты қабылдау және журналға енгізу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Дайын құжаттарды беру

5

Орындау мерзімдері

3 минут

«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның,
сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен 
өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне       
2-қосымша                         

жүктеу 377,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау