Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары
1. –ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.
2. –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына айтқан
жақ
|
жекеше
|
І
|
Мен оқыппын (оқығанмын)
|
ІІ
|
Сен оқыпсың (оқығансың)
Сіз оқыпсыз (оқығансыз)
|
ІІІ
|
Ол оқыпты (оқыған)
|
жақ
|
көпше
|
І
|
Біз оқыппыз (оқығанбыз)
|
ІІ
|
Сендер оқыпсыңдар (оқығансыңдар)
Сіздер оқыпсыздар (оқығансыздар)
|
ІІІ
|
Олар оқыпты (оқыған)
|
3. Есімше жұрнақтарынан кейін екен көмекші етістігі тіркесуімен:
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
І
|
Мен оқыған екенмін
|
Біз оқыған екенбіз
|
ІІ
|
Сен оқыған екенсің
Сіз оқыған екенсіз
|
Сендер оқыған екенсіңдер
Сіздер оқыған екенсіздер
|
ІІІ
|
Ол оқыған екен
|
Олар оқыған екен
|
3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын. 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді.
Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары:
1) –атын, -етін, -итын, -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы:
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
І
|
Мен оқитынмын
|
Біз оқитынбыз
|
ІІ
|
Сен оқитынсың
Сіз оқитынсыз
|
Сендер оқитынсыңдар
Сіздер оқитынсыздар
|
ІІІ
|
Ол оқитын
|
Олар оқитын
|
2) –ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы:
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
І
|
Мен барушы едім
|
Біз барушы едік
|
ІІ
|
Сен барушы едің
Сіз барушы едіңіз
|
Сендер барушы едіңдер
Сіздер барушы едіңіздер
|
ІІІ
|
Ол барушы еді
|
Олар барушы еді
|
Осы шақ
Іс-әрекет, қимылдың сөйлем тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.
Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.
1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.
Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.
Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етсістіктері деп атайды. Аталған төрт етістік адамның ең етістік адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді. Бұл – олардың мағыналық ерекшеліктері, отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері гармматикалық жағынан да басқа етістіктерден өзгешеленеді.Күй-қалып етістіктеріне жіктік жалғаудың жалғануы есім сөздерге ұқсайды. Жіктік жалғау түбірден кейін бірден жалғанады. Басқа етістік түбірге бірден қосылмай, есімше, көсемше жұрнақтарынан кейін қосылады. Мысалы: оқушы+мын (зат есім+жіктік жалғау), отыр+мын, бар+а+мын (күй-қалып етістігі+жіктік жалғау). Отыр, тұр, жатыр, жүр күй-қалып етістіктері жеке тұрғанда негізгі етістік болып, жіктік жалғау тікелей жалғанып, дара нақ осы шақ жасайды.
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
І
|
Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын)
|
Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)
|
ІІ
|
Сен отырсың (жүрсің, тұрсың, жатырсың)
Сіз отырсыз (жүрсіз, тұрсыз, жатырсыз)
|
Сендер отырсыңдар (жүрсіңдер, тұрсыңдар, жатырсыңдар)
Сіздер отырсыңдар (жүрсіздер, тұрсыздар, жатырсыздар)
|
ІІІ
|
Ол отыр (жүр, тұр, жатыр)
|
Олар отыр (жүр, тұр, жатыр)
|
Күрделі нақ осы шақ негізгі етістік көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
І
|
Мен оқып жатырмын
|
Біз оқып жатырмыз
|
ІІ
|
Сен оқып жатырсың
Сіз оқып жатырсыз
|
Сендер оқып жатырсыңдар
Сіздер оқып жатырсыздар
|
ІІІ
|
Ол оқып жатыр
|
Олар оқып жатыр
|
Көсемше тұлғасындағы негізгі етістікпен тіркесетін отыр, жатыр, жүр, тұр көмекші етістіктерін бірінің орнына бірін ауыстырып қолдана беруге болады. Мысалы: 1.Мен оқып жатырмын. 2. Мен оқып отырмын. 3. мен оқып тұрмын. 4. Мен оқып жүрмін.
Тұлғалық жағынан өзгеріс болғанымен, бірінші және төртіншісөйлемдерде іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мерзімінен бұрын басталғанын және бұдан кейін де жалғаса беретіндігі жөнінде мағыналық байланыс бар. Ал екінші және үшінші сөйлемдерде қимылдың нақ сөйлеу кезімен сәйкестігі айқын көрінеді.
Күрделі нақ осы шақты жасауға көсемшенің –а,-е кел, бар етістіктеріне жалғанады. Мысалы: Мен келе жатырмын 2. Сен бара жатырсың.
Шақтың болымсыз түрі –ма, -ме жұрнақтарымен жасалады. Нақ осы шақтың болымсыз түрі есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары көмекші етістікке жалғанып, оған жоқ сөзі жіктеліп тіркесуімен жасалады.
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
І
|
Мен оқып отырған жоқпын
|
Біз оқып отырған жоқпыз
|
ІІ
|
Сен оқып отырған жоқсың
Сіз оқып отырған жоқсыз
|
Сендер оқып отырған жоқсыңдар
Сіздер оқып отырған жоқсыңдар
|
ІІІ
|
Ол оқып отырған жоқ
|
Олар оқып отырған жоқ
|
3) Табиғат пен қоғамдағы, тұрмыстағы үнемі өтіп, қайталанып жататын қимыл, әреткетті білдіретін етістіктің шағын ауыспалы осы шақ дейміз. Мысалы: 1. бала ұйықтайды. 2. Адам жүреді. 3. Балық жүзеді. 4. Құс сайрайды. Ауыспалы осы шақ етістік түбіріне көсемшенің –а, -е, -й жұрнағы жалғанып жіктелуі арқылы жасалады. Қимыл-әрекетінің ауысаплы осы шаққа қатыстылығы тек сөйлем ішінде ғана ажыратылады. Ауыспалы осы шақ дара және күрделі болып келеді. Мысалы: Мектепке балалар таңертең сегізде келді. 2. Мектепке таңертең сегізде келіп жүреді.
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарымен жасалады. Күрделі түрінде болымсыздық жұрнағы негізгі етістікке де, көмекші етістікке де жалғана береді. Мысалы: айтпай жүреді (айтып жүрмейді), жазбай отырады (жазып отырмайды), көрмей отырады (көріп отырмайды) т.б.
Келер шақ
Келер шақ – сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы: 1. Кітапханаға ертең барамыз. 2. Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қрай болжалды келер шақ мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді.
1) Болжалды келер шақ іс-әрекеттің кейін болатын, болмайтынына болжам, жорамалды білдіреді. Мысалы: Апам бір ақылын табар.
Болжалды келер шақ етістік түбірге есімшенің –ар, -ер, -р, -с жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Есімше жұрнақтары жіктік жалғауды қабылдайды.
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
І
|
Мен барармын
|
Біз барармыз
|
ІІ
|
Сен барарсың
Сіз барарсыз
|
Сендер барарсыңдар
Сіздер барарсыздар
|
ІІІ
|
Ол барар
|
Олар барар
|
Болжалды келер шақтың болымсыз түрі юолымсыздықтың –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтарына есімшенің –сжұрнағы мен жіктік жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
І
|
Мен қалмаспын
|
Біз қалмаспыз
|
ІІ
|
Сен қалмассың
Сіз қалмассыз
|
Сендер қалмассыңдар
Сіздер қалмассыздар
|
ІІІ
|
Ол қалмас
|
Олар қалмас
|
Мақсатты келер шақта етістік арқылы іс-әрекеттің өту болу мақсаты айтылады. Мысалы: 1.Оқуға баруға ниет етпекпін. 2.Кітапты бүгін-ертең бітірмекпін.
Мақсатты келер шақ етістік түбіріне –мақ,-мек, -пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнақтарына жіктік жалғау жалғануымен жасалады. Шақтық басқа да түрлері сияқты мақсатты келер шақта құрамына қарай дара және күрделі болады. Күрделі түрінің негізгі етістігі көсемшенің –ып,-іп,-п тұлғасында тұрса, көмекші етістік –мақ,-мек,-пек,- бақ,-бек жұрнақтарының жіктелуімен жұмсалады. Мысалы; 1.Биыл қалаға кетпекпін. 2.Балалар айтқандарының бәрін жазып қоймақ. Бірінші сөйлем мақсатты келер шақтың дара түрі болса, екінші сөйлемдегі етістік – күрделі мақсатты келер шақ. Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі –ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе болымсыздық жұрнақтарының негізгі етістіктің –мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек тұлғасында келуімен жасалады. Мысалы: оқымай, қоймақ, бармай қалмақ, айтпай қалмақ т.б. Сонымен бірге болымсыз түрінің жасалуына емес көмекші етістігі де қатысады. Мысалы: жазып жүрмек емес, келіп кетпек емес т.б.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау,тапсырмалар
8-жаттығу. Отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктерін 3 жақта қолданып, нақ осы шақ жасап, сөйлем құраңыздар.
9-жаттығу. Көп нүктенің орнына бұрынғы өткен шақтың жұрнағын қойып жазыңдар.
1. Күн ұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отыр... (М.Ә). 2. Қазір Базаралы жол жүретіндей киініп ал...ты. 3. Сол сахараның алғашқы елшісі, басшысы боп Алтынсарин өмір кеш...ті. 4. Сағынып қал...пын ғой, Әйгерім! 5. Я, рас ащысын татып білген, ауырын арқалап біл... (М.Ә). 7. Сөйтіп өзім де тоқтамастан жөнел...пін. 7. Анай күні жанжал қылып, жұмыстан да сол себепті шығып қал...сың (С.С.)
10-жаттығу. Оқып шығып, ауыспалы осы шақты табыңыздар.
1. Біресе жүк батқан түйе бақырады (М.Ә). 2. Өзен бойына ұзыннан салынған ауылды жағалап келеміз. 3. Бұл қылмыспен біз аянбай күресеміз, көпшілік сендерге сүйене отырып күресеміз (Б.М). 4. Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қалады (М.Ә). 5. Түрлі құстар құбылтып ән салып, бақшаны басына көтереді. (Б.М.). 6. Қала ішіндежелсіз шыңылтыр аяз білінеді.7. Араларында тай-құлындары кісінейді. (М.Ә.)
11-жаттығу. Баяндауыштарын етістіктің ауыспалы осы шақ түріне келтіріп, сегіз сөйлем құраңыздар.
12.Жаңа тақырпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1.Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Шақтың қандай түрлері бар және шақтың бірнеше түрге бөлінуі неге байланысты?
3.Осы шақтың мағынасы мен жасалуында шақтың басқа түрлерінен қандай ерекшелік,айырмашылықтар бар?
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Белгілі адамдар. Қазақтың ұлы ақыны – Абай. Етістіктері шақтары.
6-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Етістіктің райлары.
2.Сағат саны: 2 90 (100 %)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Оқушыларды етістік оның түрленуі,шақтары,рай түрлері жайлы түсініктерін қалыптастыру.Етістік түрлерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік:Ыбырай өлеңдерін оқыта отырып ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту,өз ойын қалыптастыруға,алдына мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Дамыту:Етістік жайлы білімдерін жүйелеу,сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілеттерін дамыту,дүние танымын кеңейту.
5.оқыту әдісі:шағын топпен жұмыс.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақ.
б) оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1.Нақ осы қалай жасалады және қалып етістіктерінің ерекшеліктері неде?
2.Келер шақ деген не ?
3.Келер шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?
4.Өткен шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Ыбырай /Ибраһим/ Алтынсарин
(1841-1889)
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері. Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затабол ауданында туған. «Дала қоңырауы» аталған тұлға білім беру ісіне ат салысып, алғашқы қазақ мектебін ашып, тұңғыш «Қазақ хрестоматиясын» дүниеге әкелді. Әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде қалған. 1850 жылы Орынборда ашылған мектепте оқитын 30 қазақ баласының бірі Ыбырай болды. Ыбырай ауылды аралап, білімді насихаттайды, халықтан жинаған ақшаға интернаты бар мектеп салады. Кейін Ыбырай Алтынсарин азаматтық мектептер ашуды қолға алды. Есік, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ мектептерін ашты. Қазақ қыздарына тұңғыш білім беру ісі де Ыбырай Алтынсарин еншісінде. Ол қазақ қыздары үшін интернат-мектеп ашып берген. Аталған оқу орындарына оқулықтар қажет еді. Сондықтан 1879 жылы Ы.Алтынсары «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты екі кітап шығарған. Ыбырай Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңі тәуелсіз күніне дейін қысқартылып келді. «Бір құдайға сыйынып» деген алғашқы жолдары енді ғана айтыла бастады. Ыбырай Алтынсары қазақ кәсіби білімнің дамуына жол ашты, педагогикалық білімнің іргесін қалады. Өз заманының алдыңғы қатарлы жазушылары мен ойшылдарының, ағартушыларының еңбектерін қазақ тіліне аудару арқылы Ыбырай Алтынсары білім беру ісін алға жылжытты. Сондықтан «Дала қоңырауы» аталуы да тегін емес екендігі анық.
Рай категориясы. Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін етістік түрі рай деп аталады.
Қимылдың болмысқа қатысы туралы сөйлеушінің түсінігін, көзқарасын білдіретін рай түрлері төртке бөлінеді. Олар: ашық рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты рай.
1. Ашық рай
Ашық райдың арнаулы қосымшалары жоқ, райдын бұл түрі амалдың белгілі бір мезгілде (өткен, осы, келер) болу немесе болмауын көрсетеді. Сондықтан да шақ жұрнақтары оның грамматикалық формалары ретінде қызмет етеді. Ашық рай көсемшеге, есімшеге, шаққа жіктік жалғаулардың жалғануымен жасалады. Мысалы: І.Қазір де кітапты көп оқимын. 2. Біз өзен жағасына келдік.
2. Бұйрық рай
Бұйрық рай - іс-әрекеттің орындалуына бұйрық беру, әмір ету мағынасындағы рай түрі. Сонымен бірге бұйрык райдағы етістік мағынасы қозғау салу, түрткі болу, ұсыныс, кеңес беру, өтініш, тілек айту т.б. мәндерінде жұмсалады.
Бұйрық райдағы бұйыру II, III жаққа қатысты болады. 1 жақта бұйрықтық
мағына іс-әрекетті орындауға ниет еткенін, ынталы екендігін білдіреді. II жақта бұйрык мәнімен бірге түрлі өтініш, кеңес, тілек мағыналарында да қолданылады. Бұл мағыналардың реңктері сөйлемде анықталады, етістіктің түбір тұлғасына сәйкес келеді. Оқысын, айтсын, жазсын мысалдарында бұйрық мән болса, айта қойсын, кешіге көрмесін, тыныгып кетсін күрделі етістіктерінде бұйырудан гөрі өтіну, ұсыныс басым.
Бұйрық райдын.
I жағы жұрнақтары: -айын, -ейін;
жағы жұрнақтары етістік түбірімен сәйкес: -иык, -иік, -иын, -иін, - айық, -ейік;
жағы жұрнақтары: -сын, -сін.
жақ
|
жекеше
|
көпше
|
I
|
Мен айтайын
|
Біз айтайық
|
II
|
Сен айт Сіз айтыңыз
|
Сендер айттыңдар Сіздер айттыңыздар
|
III
|
Ол айтсын
|
Олар айтсын
|
Достарыңызбен бөлісу: |