Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті


Сөйлемнің басында айтылатын «жоқ», «ия» сөздері. Тыныс белгілерге қатысты ережелер



жүктеу 1,29 Mb.
бет10/12
Дата23.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#24151
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сөйлемнің басында айтылатын «жоқ», «ия» сөздері. Тыныс белгілерге қатысты ережелер.

Жоқ, ия сөздері сөйлемнің басында айтылғанда, дауыс ырғағы жағынан да, тыныс белгісімен де оқшауланады. Мысалы:

- Тіл қатты ма, тым құрыса, арыз айта бір ауыз тіл қатты ма?

- Жоқ, үнсіз сөніп барады.

- Ия, ол кім.

- Ол – дәл осы өздерің білетін Керім (М.Ә.).

Жоқ, ия, сөздері оқшау сөз болып келгенде, көбіне сөйлемнің басында айтылып, одан кейін үтір қойылады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
42-жаттығу. Жоқ, ия сөздерінің оқшау тұрған жерлерін немесе сөйлем мүшесі болып келген жерлерін тауып, тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар.
1. Жоқ мен Сырыммен шайқаспай-ақ, тыныш жүрем. 2. Ия қарағым, айтпағым бар екені рас. 3. Жоқ жаным, маған сұратпа! 4. Балам, жоқ сұмдықты бастама. 5. Ия енді ойын басталсын! 6. Мен сөзімді айтқанмын, Сырым.Именерім жоқ. 7. Қой енді, мұнан арғыны тыңдар менің жайым жоқ (М.Ә). – Жоқ, жоқ! Мен ресми әңгімеге жоқпын ғой, - деді Шолохов. – Ешбір жиналысқа құмарлығым жоқ. (Ғ.М.).
43-жаттығу.Сөйлемнің басында келетін жоқ, ия сөздеріне сөйлем құрастырыңыз.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Сөйлемнің басында айтылатын «жоқ», «ия» сөздері. Мұражайда сұхбат

28-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Тыныс белгілерге қатысты ережелер. Шаштаразда, тігіншіде.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйретіп, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйрету.

Тәрбиелік: Қоғамда, күнделікті өмірде ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамыту: Оқушылардың білімін жинақтау, қорытындылау. оларды өзіндік пікірін қалыптастыруға үйрету.
5.оқыту әдісі: топтасып жұмыс істеу
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Сөздердің байланысу түрлері

2. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

3. Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Шаштаразда, тігіншіде, етікшіде

(Шеберлік ұсталық туралы мақал-мәтелдер)


  1. Киім пішсең кең піш, Темір кессең қысқа кес

Тарылтуың оңай. Ұзартуың оңай.

  1. Шебердің қолы көпке ортақ.

  2. Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл еркем өнерімен көркем.

  1. Болат біз қап түбінде қалмас.

  2. Етікші еттікке жарымайды.

  3. Өнерпаздың он қолы бар.

  4. Оймақ пішсең ойлап піш.

  5. Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер аз емес.

  6. Шеберді шеге қағысынан таны.

  7. Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған.

  8. Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.

  9. Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.

  10. Ерінбеген етікші болады.

  11. Шеберлікке шек жоқ.

  12. Қолы білген құм үстінде кеме жүргізеді.

  13. Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Сұрақ-жауап, кеспе қағаздары.

44-жаттығу. Оқып шығып, тыныс белгілерінің қызметін анықтаңыз.

1. Жә, жетеді, Дәмеш! Айтысып уақыт өткізбейік! 2. Ия, Отан аман болса, жақсылық қашпайды. 3. Жоқ, достарым, бұл жолы ешбір өтірігі жоқ, шыным. 4. Уа, ғажап. Енді бізге жаңадан танысуға тура келеді. 5. Ия, осы тұрғандар – Асқар білмейтін жаңа адамдар. (З.Ш.). 6. Жоқ жоғалтып, соны іздестіріп келеміз. (Ғ.М.).


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Шаштаразда, тігіншіде. Тыныс белгілерге қатысты ережелер.

29-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Мейрамхана, асханадағы жағдай арқылы сөйлеу.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушыларды тақырыпты меңгерте отырып, мамандыққа деген қызуғышылықтарын ояту. Алған білімдерін саралай отырып бағалау.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге, білімді табандылықпен игеруге тәрбиелеу, тілге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамыту: Оқушылардың қабылдауы мен ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрісін дамыту.
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Есімдіктің түрлері

2. Етістіктің шақтары

3. Етістіктің райлары

4. жаттығу жұмысы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Құрмалас сөйлем және оның түрлері
Сөйлем кұрылысына карай жай және кұрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Жай сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір интонациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемнен кұралып, күрделі ойды білдіреді. Мысалы: Ералы, Ойқұдық үстінде жауынды бүркер сұр аспан жиі:: түнереді деген сөйлемде тоғыз сөз колданып, бір ғана ойды білдіріп тұр.

Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне карай 3 түрге бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас кұрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
45-жаттығу. Берілген сөйлемдерді құрылысына қарай талдап, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін аныктаңдар. Әр сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын тиісті шартты белгілермен сызып отырыңдар.

Үлгі: Абай ұзақ тыңдады. Әйгерім әнін үзгенше, Абай қыбыр етпестен мүлгіп тыңдады. (М.Ә.)
Жай сөйлем Құрмалас сөйлем


Абай ұзақ тыңдады. Әйгерім әнін үзгенше, Абай қыбыр

етпестен мүлгіп тыңдады.

1.Жақыпбек бастықтың кабинетінен көңілді шықты. 2.Қарт мұғалиманы ол клубта бір топ еңбеккерлердің ортасында кездестірді. 3. Есік тарс ашылды да, отырғандар түгел жалт қарасты. 4. Қарт сөзіне біраз күлісіп алғаннан кейін, Керей жұмыс жайлы әңгімеге көшті. 5. Әңгіме өткізуді, алдымен, әдейі сізден бастағымыз келіп отыр. Ұжым шаруашылығын оқушыларға кең көлемде таныстыруға ауылдың барлық зиялылары қатыстырылады. 6. Таңертеңнен бері қабағын түйіп тұрған аспан әлемі бұрынғысынан да тұнжырап, шығыстан соққан жел күшейіп алыпты. (М.И.)
46-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарының жақындығана қарай өзара байланыстырып, құрмалас сөйлемге айналдырыңдар, тұрлаулы мүшелердің астын сызып отырыңдар.

1. Пойыз ырғалып келіп вокзалға тоқтады. 2. Тыстан Лида кіріп, Дәмештің құлағына бірдеме деп сыбырлап еді. 3. Вагон ішіндегі жұрт бірін-бірі итермелеп, жөңкіле сыртқа ұмтылды. 4. Ол қуана секіріп, тысқа атылды. 5. Қайыр үйде болмады. 6. Өткінші жауын шелектеп құя сапты. 7. Ол Қарағанды кеткен-ді. 8. Музыканы мен жасымнан жақсы көрдім. 9. Көше сал. 10. Майданның шекарасына жақындап келеміз. 11. Жақсы күй, ән әрдайым көз алдыма жастығымды елестетеді. 12. Жазық далада орнап жатқан жас қаланың о шеті мен бұ шетіне көз жетпейді. 13. Сөз жалғанбай үзіліп қалды. 14. Жер де, аспан да көкпеңбек түтін, қардай жауған оқ. 15. Машина кеңсенің алдына кеп тұра қалды. 16. Терезелерінен от жылтыраған төрт-бес қабат үйлер ұшы-қиыры жоқ, қаз-қатар тізіліп кете береді. (3.Шашкиннен.)



12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Құрмалас сөйлем туралы түсінік



30-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Мейрамхана, асханадағы жағдай арқылы сөйлеу.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушыларды тақырыпты меңгерте отырып, мамандыққа деген қызуғышылықтарын ояту. Алған білімдерін саралай отырып бағалау.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге, білімді табандылықпен игеруге тәрбиелеу, тілге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамыту: Оқушылардың қабылдауы мен ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрісін дамыту.
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Құрмалас сөйлем туралы түсінік

2. Тыныс белгілерге қатысты ережелер

3. Қыстырма сөздер


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Асханада
Түскі үзілісте біз асханаға барып тамақ ішеміз. Біздің асханамыз бірінші қабатта. Асхана кең, таза, жарық. Асханада дастархан мәзірі ілулі тұр. Дастархан мәзіріне көз салайық. Бүгін қандай тағамдар бар екен? Түскі асқа біріншіге: сорпа, кеспе, борщ бар екен. Екіншіге: палау, мәнті, тұшпара, қазақша ет. Ал үшіншіге сүт қатқан шай, кофе, сусындар алуға болады. Біз не аламыз? Мен біріншіге еш нәрсе алмаймын. Екіншіге палау аламын. Ол өте дәмді. Біздің асхазанымызда даяшы жоқ, өйткені бұл мейрамхана емес. Әркім өзіне-өзі қызмет етеді.
Ас туралы тыйым сөздер
1. Дастарқанға бірінші нанды әкеліп қой. Өйткені нан-дәм басы. «Асығып тұрмын, нан ауыз тиейін», «Ең құрымаса, нан ауыз ти», -деп айтылатыны бекер емес.

2. Нанды шашпа, жерге тастама, нанды баспа, нанды рәсуа етпе. Нансыз өмір жоқ.

3. «Тойдым» деме, «Қанағат» де. «Тойдым», «біттім» деген жаман ырым. «Қанағат» десең қанағат қарын ашырмайды. Әлі де ырыздығым таусылмасын деген жақсы ырымдасың.

4. Ас ішкен ыдысыңды төңкеріп қойма. Ол ырысыңыздың таусылғандығын білдіреді.

5. Дәмді табақтың ортасына алам. Өйткені, астың берекесі ыдыстың ортасында.

Ас ішуді үй иесі бастап, үй иесі аяқтасын. Бұлай ету, біріншіден, астың адалдығын көрсетсе, екіншіден, шаңырақ иесімен амандықпен дастарқан басында кездесуге жазсын деген тілектестік.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар

2. Ас туралы тыйым сөздер


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Мейрамхана, асханадағы жағдай арқылы сөйлесу

31-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, байланысу тәсілдері.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушылардың салалас құрмалас сөйлемнің түрлері жайлы түсініктерін қалыптастыру, білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы ізеттілікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Дамыту: Оқушылардың топпен жұмыс істеуге дағдысын дамыту, өз ойларын тиянақты жеткізуін қамтамасыз ету, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту.
5. оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ас туралы тыйым сөздер

2. Ас туралы мақал-мәтел

3. Жаттығу жұмыс



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.

Салалас құрмаластың кұрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен екі турлі жолмен байланысады: интонация аркылы, жалғаулық шылаулар арқылы.

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

1.Ыңгайлас сапалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде, карым-қатынаста айтылған салаластың түрін ыңғайлас салалас дейміз. Олар (және, да, де, әрі) арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой екіншісіндегі ойға карсы мәнді білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дейміз. Қарсылыкты салаластың кұрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де, сөйткенмен) арқылы да,
жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді.

2.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдын болу себебін білдіретін салаластың түрін себеп-салдар салалас кұрмалас сөйлем дейміз. Себеп-салдар салалас кұрмаластың кұрамындагы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.

3.Іліктес салалас құрмалас сөйлем. Кұрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы жалпы мәнді білдіріп, соңғысы оны аша түсетін, түсіндіріп беретіндей қарым-қатынасты білдіретін салаластың түрін іліктес салалас кұрмалас сөйлем дейміз. Іліктес салаластың кұрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен ешбір жалғаулық шылаусыз, іргелесе орналасып, интонация арқылы байланысады.

4.Талгаулы салалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемнің біреуіндегі ғана іс-әрекет, қимылдың жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың түрін талғаулы салалас дейміз. Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен әдетте (не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, өйтпесе, әлде) шылаулары арқылы кұрмаласады. Бұлардың ішінде не, немесе, я, яки, әлде шылаулары бір-ақ рет колданып та, қайталанып та жұмсала береді.

5.Кезектес салалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ойдың кезектесіп келуін көрсететін салаластың түрін кезектес салалас дейміз. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер әдетте бір-бірімен (кейде, бірде, біресе) деген кезектес мәнді шылаулардың қайталанып қолданылуы арқылы құрмаласады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
46-жаттығу. Мына төмендегі жай сөйлемдердің әрқайсысына ойларыңнан сөйлем косып, ыңғайлас салалас сөйлем жасаңдар.

1. Балалар тағы да ойланып қалып еді,... 2. Жұмыс та басталып кетті, ... 3. Әрі әсем сыбызғы үнді нәзік ән құлаққа келеді, әрі ... 4. Қайырбек те лып етіп шыға жөнелді, Мұқит та ... 5. ... және кітабы қолынан түспейді. 6. Алыстағы тау жақта улардың шулаған үні құлаққа келеді, кекіліктер де ... (Ғ. Сланов.)


47-жаттығу. Берілген сөйлемдердің қайсысы қарсылықты салалас қайсысы ыңғайлас салалас екенін ажыратып, мағынасына қарай жеке-жеке топтап жазыңдар, әрбір салаластың жасалу жолын түсіндіріңдер.

Бұл ел Мұқитты бұрын да қадірлеуші еді ғой, дегенмен онысы тап мұндай дәрежеде емес-ті. (Ғ. С.) 2. Кабинетінің кілті Естайдың қалтасында екен, сонымен ол есігін ашты. 3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, - машина бара алмайды екен. 4.Айбарша ол жолы да Мәскеуге түнде жеткен еді, бірақ ол жолы Мәскеудің маңы да, өзі де мұндай емес-ті. 5. Оған калай жетуді мен әлі ойлаған да жоқпын және оған менің ақылым да жете қоймас. (С.М.) 6. Үстін шаң басқан үлкен трактордың қызуы әлі басылған жоқ, ыстық леп бетке соғады. 7. Тракторың аман, бірақ жанар майың бітуге жақын екен.

(3. Иманбаев.)
48-жаттығу. Түсіндірмелі салаластарды көшіріп жазып, соңғы жай сөйлемі алғашқысының құрамындағы кай сөздің мағынасымен байланысты түсіндірмелі қатынаста тұрғанын табыңдар да, сол сөздің астын сызыңдар.

1. Екі салт атты кең өлкені тұтас жапқан жасыл егіннің тың даламен астасқан шетін жағалап келе жатт: біреуі - Байжан, біреуі - Самарқан. 2. Мал етінің асылдануы сондай - майы аузыңа салдырмайды. 3. Көпшілік екі мәселеге көбірек тоқтады: бірі - жеміс отырғызу мәселесі, бірі - ағаш тігу мәселесі. 4. Бірінші мәселе туралы көпшілік күтпеген бір жаңалық кеп шықты: жеміс отырғызатын бригаданы басқару ісін Тар тоғайдағы балалар үйінің қызметкерлері алыпты. 5. Олардың сырт көріністері де балапандарға ұқсайды: бәрінде де сарғылт түсті шанғылық костюм, бәрінің де басында жылы ақ берет. 6. Қойнына салған хаттың оған ыстықтығы сонша - төс қалтасында қағаз емес, тірі Дәулеттің соғып тұрған жүрегі сияқты. 7.Бұған жалғыз-ақ құрал бар: ол - жаңа жоспар жасау. (С. М.) 8. Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын. (Ә. Ә.)


49-жаттығу. Көп нүктенің орнына ыңғайына қарай жай сөйлем ойлап тауып, себеп-салдар салаласқа айналдырып жазыңдар.

1. Ол ауданға жетуге асық, өйткені ... 2. ... себебі ауыл онша алыс емес еді. 3. Қойға енді біз иеміз, сондықтан ... 4. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: ... 5.Жаңа туған баланың атын Сәтжан қойды. 6.Өйткені көптен көрмеген Нариманға жолығады. 7.Сондықтан шаршап келе жатқан Жанай қуанып кетті. (С. Бегалин.)



12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, байланысу түрлері

31-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Емханада, Дәріханада.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушылардың салалас құрмалас сөйлемнің түрлері жайлы түсініктерін қалыптастыру, білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы ізеттілікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Дамыту: Оқушылардың топпен жұмыс істеуге дағдысын дамыту, өз ойларын тиянақты жеткізуін қамтамасыз ету, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту.
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Құрмалас сөйлемнің түрлері

2. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

3. жаттығу жұмысы


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Емханада
Өкінішті....

Мына құрғыр сырқаттың беті күшті.

Жүрегім көтеріліс жасап жатыр,

Бұзбақ болып кеудемде бекіністі.

Өкінішті ...
О, жүрек!

Менің алтын қазығым –ау!

Қайтейін, қажыдың-ау.

... Қытықтаған бауырдың «назы» мынау

Қажыдың-ау, байғұсын, қажыдың-ау!
Не істемекпін?

Жаным-ай, саған шипа істемек кім?!

Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін:

Миын – Мұзды мұхиттай ...

Не істемекпін? ...

Мұқағали Мақатаев
Дәріханада
Дәріханада дәрінің түрлер өте көп. Олардың әр қайсысы әртүрлі ауруларға қолданылады. Оны өздігінен емес, арнайы қаралып жүрген дәрігердің нұсқауымен қабылдау керек. Дәріні өте мұқият сақтау қажет. Оларды арнайы дәрі салғышқа немесе сөреге және балалардың қолы жетпейтін жерде, қараңғы, градусы төмен жерде сақтау керек.

Өйткені дәрінің құрамында неше түрлі химиялық тез қоздырғыш заттар бар. Олардың құрамы күннің әсерінен бұзылуы мүмкін.

Кейбір жағдайда болмаса, қатты ұйқыдағы адамға дәрі берудің қажеті жоқ. Дымқылданған ұнтақ дәріні ішпеңіз. Дәріханада дәріні алғаныңызда көп уақыт өтсе, бір стакан жылы суға бір таблеткасын салып көріңіз. Бұзылмаған таблетка он минут ішінде еріп кетеді. Егер ерімесе, онда дәрінің бұзылғаны.

Үйге дәрі жинағанда әрқайсысының жарамдылығына, сақтау мерзіміне міндетті түрде көңіл бөлу керек. Олар құрғақ және мүмкіндігінше қоңырсалқын жерде сақталуы тиіс.

Қандай температурада сақталу керектігі көрсетілген болмаса, үй температурасында сақталатын болғаны. Дәріханада әзірленетін көз ауырғанда тамызатын дәрілер көп болса он шақты күнге ғана арналып жасалады. Сондықтан оларды ұзақ сақтауға болмайды.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Синтаксистік талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы

14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Дәріханада. Емханада

33-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Әуежайда, темір жолда, аялдамада сұхбат.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушылардың тілдік қорын дамыту. Сабақтан алған білімдерін пысықтау, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік: Мысалдарды талдау арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамыту: Лексикалық тақырыпты талдау жасау арқылы, оқытушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
5.оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

2. Құрмалас сөйлем туралы түсінік.

3. Жай сөйлемнің түрлері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің, көбіне, алғашқысының. баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан кұрмаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз. Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлем баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.

Мысалы, Айнаштың жіңішке саусақтары жыгылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгергенше, оң қолыпа ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындагы сабақтарды қырқып та үлгерді (С.М.) деген құрмалас екі жай сөйлемнен құрылған. Бірінші жай сөйлемнің бастауышы- саусақтары (несі?) да, баяндауышы- жинап үлгергенше (саусақтары не істегенше?), екінші жай сөйлемнің бастауышы- орақ (не?), баяндауышы- қырқып та үлгерді (орақ не істеді?). Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек алуға келмейді, өйткені оның баяндауышы тиянақсыз тұлғада айтылған: Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің саусақтарын жыпылдатып жинап үлгергенше... Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөз екінші жай сөйлем тиянақты болады да, өздігінен дербес айтыла алады: оң қолына ұстаган өткір орақ сол қолдың уысындағы сабақтарды қырқып та үлгерді. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағынынқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өзара мағыналық қарым-қатынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық қарым -қатынасы әр түрлі болады. Сондыктан да басыңкы сөйлемнен бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық қарым -қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл - сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңкылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас болып алты түрге бөлінеді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
49-жаттығу. Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді сабактас кұрмаласка айналдырыңдар да, бағыныңкы сөйлем баяндауьштарының астын сызып, жасалу жолдарын түсіндіріндер.

Үлгі: Қыруар уақыт өтті, - жаңбыр басылмады. (Н. Ғабд.)



Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады. (Көмектес септік тұлғадағы есімше арқылы жасалған.)

Қыруар уақыт өтсе де, жаңбыр басылмады. (Шартты рай мен де шылауы арқылы жасалған.)

1. Кенжебек жауап іздеп көріп еді, - орынды сөз ойына орала қоймады. 2. Ферма жұмысының да жауапты кезеңі басталып қалды, тапсырылған жұмысты аяқсыз қалдыруға болмайды. (А. Ханг.) 3. Олардың даусы дауылдан да күшті, тегеуріндері темірден де мықты. (Ы. Жақаев.) 4. Рас, Сұлтанмахмұтта идеялық нысана берік болды, бірақ ол ... халық мүддесінен, өз сенімдерінен туып жататын. (Ә. Ермеков.) 5. Қасына ашумен барған Алексей Ботагөзден қорқып келгенін айтуға ұялды, ол туралы тревога жасауға да ұялды. (С. М.) 6. Қала мектептерінде оқуды өндірістік тәжірибемен ұштастырады, шәкірт балалар слесарьлық токарьлық мамандыққа үйреніп шығады екен. (А. Байт.)


50-жаттығу. Оқып шығып, шартты багыныңқылардың баяндауыштарын бір түрінен екінші түріне ауыстырып жазыңдар да, жасалу жолын көрсетіңдер.

1. Ғылым таппай, мақтанба, Орын таппай баптанба. (Абай.) 2.Қалтақтап келе жатқан қазақ көрсеңіз, ол - Жұман. 3. Қалаға жүргенше, осы кітапты бітірсем, жақсы болар еді. (Ж. Аймауытов.) 4. Майыса біткен шие мен бүлдіргенді араласаң, тізеден төменгі жерің қанға малғандай болады. (С. Көбеев.) 5. Не шара, айтқан сөзім ем болмаса, Сұңқар мен сұқсыр үйрек тең болмаса, Сен үшін мұнша қапа болмас та едім, Алды-артым бәрі қысқа, кем болмаса (С. Торайғыров.)


51-жаттығу. Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауыштарының астын сызыңдар да, жасалу жолын түсіндіріңдер.

1.Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі-үш шақырым шамасы бар. (Б. М.) 2. Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. (Ы. А.) 3. Жарысқа түспегені болмаса, анық ақын дейді. (М. Ә.) 4. Күн райының қабағы түйіле түскеніне қарамастан, көркем Қарқаралыны тағы да бір аралап түспек болдым. (С.М.) 5. Көкдолы асау болғанмен, түбі көрінген саяз болатын. (Ғ.С.) 6. Саяси сезімі әлі оянбаған Ботагөз қашаннан таныс екендіктерін ести ортыра, мән берген жоқ. (С. М.) 7. Екі ат терлегенше, бір ат терлесін. (Ғ. Мұст.) 8. Менің соңғы қимылым бұрынғыдан әлдеқайда қиын болса да, апырып-жапырып-ақ тастадым. (А. Тоқм.)


52-жаттығу. Себеп-салдар салалас сөйлемдерді төмендегі үлгі бойынша себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жазып, жасалу жолын көрсетіңдер.

1. Жаңа келген жансың, жат жердің жай-күйін бірден біле қою киын. (А. Ханг.) 2. Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді. (F.М.) 3. Ол күні шаршап барғанбыз, жатып демалдық. 4. Мен әрі сүңгігіш, әрі жүзгіш атанып жүргенмін, сондықтан Балжанға жеткізе қоймадым. (Б. Тоғысбаев.) 5.Ауылдың қонған жері - көкорай, сондықтан малдың бәрі ауылдың қасында. (С. Ш.)

Себеп-салдар салалас Себеп бағыныңқы сабақтас


Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққан еді, сондықтан ол астан кейін жатып қалды.

Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, ол астан кейін жатып демалды. (А.Ханг.)



12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмысы
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
34-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Әуежайда, темір жолда, аялдамада сұхбат.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқушылардың тілдік қорын дамыту. Сабақтан алған білімдерін пысықтау, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік: Мысалдарды талдау арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамыту: Лексикалық тақырыпты талдау жасау арқылы, оқытушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
5.оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Сөйлемнің басында айтылатын «жоқ», «ия» сөздері.

2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, оның тыныс белгілері

3. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Әуежайда
Мен коллежден жолдама алып, Астанаға сапар шектім. Шымкенттен Астанаға алдын-ала бару, қайту билеттерін орталық аэрокассадан алу керек. Таксиге отырып, орталық аэрокассаға келдім. Анықтама бюросынан: Астанаға қандай ұшақ ұшады, қашан және қанша сағат ұшады, ұшақ жолда қона ма? – деп сұрадым.

Отызыншы рейске билет алдым. Ұшақ орталық аэропорттан ұшу керек. Ұшақ кешкі сағат сегізде ұшады. Орталық аэропартқа (екі сағат бұрын келіп жол жүгімді өлшетіп, тіркеуден өттім. Ұшаққа отырғызу басталды. Ұшақта өз орнымызға орналастық. Стюардесса: «Белдіктеріңізді ілгектеңіздер, темекі тартуға болмайды, ұшақ 8 000 метр биіктікте, сағатына 1 000 км жылдамдықпен ұшады», - деп хабарлап жатыр.

Міне ұшып келеміз, ұшақ қонуға бет алды. Стюардесса тағы да Санкт-Петербургтегі ауа райы туралы, заттарымызды жол жүгі бөлімінен алатынымызды хабарлап тұр.


жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау