Ұлттық тағамдардың пайдасы
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.
Мал шаруашылығымен айналысқан ата -бабамыздың негізгі асы- ет пен сүт болған. Етті қуырып, асып жеген. Ал сүттен көптеген астар дайындаған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Осы астардың барлығын даярлауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген. Олар сүттен жасалатын қаймақ, ірімшік, сары май, шұбат, қымыз, құрт секілді тағамдарды шебер дайындаған. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше.Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Ол ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті де бар екен. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады. Ал, жылқының сүтінен әзірленетін қымыздың емдік қасиеті ертеден белгілі. Онда жүректің жұмыс істеуін жақсартатын дәрумендер бар. Сонымен бірге, шұбат та денсаулыққа өте пайдалы екен. Осы астардың пайдасын медицина пайда болмай тұрып- ақ білген ата-бабамыз нағыз данышпан болған десек, артық айтқандық емес. Бұрын қымыз, шұбатын ішіп, құрт-ірімшігін жеп-ақ халқымыз дерттің алдын алған. Ата-бабамыздың алып тұлғалы, батыр да дана болуының бір сыры осы болуы да әбден мүмкін.
Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық ,қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Және ол тағамдардың басым бөлігінің қалай әзірленетіні халыққа белгілі. Алайда таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана ежігей деген тағамды білдім. Осы тағамның қалай және неден әзірленетіні маған осы уақытқа дейін беймәлім еді. Ұлттық тағамдар туралы жазылған үш кітапты оқығанмын. Бірақ, ол кітаптарда ежігей туралы кезіктірмеппін. Кітаптарда жазылмаған ас түрін мен ғаламтордан бірден таптым. Ежігей - қой сүтінен дайындалған тағам. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын. Негізінен бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Мәселен, барлық дүкендерде сатылатын американдықтардың жылдам әзірленетін гамбургер, чизбургер, хот- дог секілді тағамдары денсаулыққа зиян. Және де адамның тез толысуына себепші болады. Міне, осы секілді басқа елден келген астардың көпшілігінің пайдасынан зияны басым болса да, барлық дүкендерде осы тағамдар сатылады, ал өзіміздің ұлттық тағамдарымызды еш дүкеннен таба алмайсың. Тек құртты ғана санаулы дүкендерден табуға болады. Бұлай кете берсе, ұлттық тағамдарымыз жойылып кете ме деп қауіптенемін.
Уыз қымыз – биені алғаш байлағанда аштылатын қымыз. Мұны бие бау деп те айтады.
Бал қымыз- әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан көрі сары әрі қою болады.
Бесті қымыз –төрт түн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз.
Дөнен қымыз- үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.
Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді.
Құнан қымыз – екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады.
Қысырақ қымыз – бірінші рет құлынданған қулық биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама биелердің сүтіне қарағанда әлде қайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте «Ту қымыз» деп айтады.
Қысырдың қымызы- бие ағытылып кеткен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыста қолда ұстап сауады. Сондықтан, бұл қымызды «қысырдың қымызы» дейді.
Сары қымыз –шөп пісіп, биенің сүті қойылған кезде ашытылатын қымыз. Бұл жазды күнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.
Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.
Түнеме қымыз- ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні (тағы бір күн асқаннан кейін) қотарылған қымыз.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12.Жаңа тақырпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Ұлтық тағамдарды түрлерін ата
2. Қымыз қалай жасалады.
3. Көмекші есім дегеніміз не?
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Ұлттық тағамдар. Тіл ұстарту. Көмекші есімдер
13-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі.Жай сөйлем. Ұлттық ою-өрнек түрлері.
2.Сағат саны: 2 90 (100 %)
3.Сабақ түрі:тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Оқушылардың сабақты түсіндіре отырып алған білімдерін пысықтап,тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды отансүйгіштік сезімге,халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрімізді таныта отырып тәрбиелеу.
Дамыту:Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,өздігіне жұмыс істеуге баулу.Туған елін,табиғатын сүюге үйрету.
5.оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары.
б) оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшеліктері неде?
2. Еліктеу сөздердің екі түрге бөлінуі неге байланысты?
3. Шылаудың басқа да сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?
4. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол өрнектердің негізгі элементтерін ғана таныстырып жапсырмалауға ұсынып отырмыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен өзгергенін байқаймыз. «Ырғақ», «сағатбау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан» деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында түп нұсқасын жоғалтып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылып, оны әдемілігіне жеткізе, жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.
Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлері екіге бөліп қарайды. Біріншісі – қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық өрнектері. Екіншісі – басқа
халықтардан ауысқан жаңа туындылардың үлгілері. Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері. Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:
1.Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.
Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.
Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.
Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.
Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі. Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.
Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.
Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі.
3. Космогониялық ою - өрнектер.
Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
Геометриялық ою - өрнектер.
Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.
Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.
Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.
Сөз тіркесі. Жай сөйлем. Сөйлемнің байланысу түрлері
Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің тұлғалық жағынан әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды.
Құрамы екі сөзден ғана тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: ақылды жігіт, кең дала, мазмұнды әңгіме, темір касық, студент үлгерім, т.б.
Құрамы үш немесе одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсті, Алматы қаласында тұрады.
Біршама аяқталған ойды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем деп атайды.
Сөйлем бір сөзден де, грамматикалық баланысқа түскен әлденеше сөздердің тіркестерінен де жасала алады. Мысалы: ай дала. Көлдің биік қабағы (С.М.). Кеш, Қарсақпай заводы. Далада қыбырлаған жан жоқ.(С.М.)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
23-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, жай сөйлемнің түрлерін ажыратыңыздар.
Адамның дене мүшелеріне ... жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді. Адамның бас мүшесінде ... орналасқан. Адамдар баспен ойлап көреді, ... дем алады, ... естиді, ... тамақ шайнайды, аяқпен қолмен ... . Бұлардың бәрі көзбен көруге болатын дене мүшелері.
Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын ағзалар да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Оларға... жатады.
Дене мүшелерін таза ұстаңыздар. Бет-қолды сабынмен жуып, тісті ... тазалаңыздар. Денсаулықтың кепілі - тазалық.
24-жаттығу. Берілген мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.
Ибн Сина аурудың түрін анықтауға, жалпы оташылыққа көп көңіл бөлді. Әртүрлі мүшенің зақымдануы, жара, қызба ауруларын толық сипаттап жазды. Науқастың бет-әлпеті, тамыр соғуы, зәрдің түсі арқылы ауру кезеңін байқады.
Ибн Сина келте (ампутация), сынық салу, жара таңу амалдарын үйретті.
Ибн Сина 2600 түрлі дәрі қолданып, жартысын өсімдіктерден алды.
12.Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (2%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (%)
1.Жай сөйлем дегенміз не ?
2.Жай сөйлем құрамына қарай қалай бөлінеді?
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Сөз тіркесі. Жай сөйлем. Ұлттық ою-өрнек түрлері
7-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері. Ұлттық ойындар
2.Сағат саны: 2 90 (100 %)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Оқушылардың сабақты түсіндіре отырып алған білімдерін пысықтап,тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды отансүйгіштік сезімге, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрімізді таныта отырып тәрбиелеу.
Дамыту:Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,өздігіне жұмыс істеуге баулу.Туған елін,табиғатын сүюге үйрету.
5.оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары.
б) оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1.Жай сөйлем дегенміз не ?
2.Жай сөйлем құрамына қарай қалай бөлінеді?
3. Ұлттық ою-өрнектердің түрлерін ата
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Хан «алшы»
Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы.
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.
Көтермек
Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің.
Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
25-жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем кұраңыздар.
Медициналық энциклопедия, денені таза ұстау, денсаулықты күту, дәрі қолдану, ғылыми еңбектерге басшылық етті, ғылыми зерттеулер.
26-жаттығу. Мәтіннен етістікті тіркестерді теріп жазыңыздар.
1.Үш кісі сүйемелдеп сонда апардық. Дәрігер шегірді үйрек тұмсық құралмен лезде алып тастады. 2.Бүгін бас дәрігер бетіме ұзақ қарады. З.Сен бүгін сонда барып қон да, ертең осында қайтып кел. 4.Жас дәрігердің жауынгерлік жолы осылайша басталады. 5.Хирург әлі келген жоқ. 6.Көп ұзамай-ақ олар аурудың емін тапты. 7.Ананың қимылдауға шамасы келмей, аяғы созылған күйінше үндемей жатыр екен. 8.Госпитальды емін-еркін аралап жүріп, бір кезде зәресі ұшып кеткен екі баланы байқап қалды.
12.Жаңа тақырыпты бекіту: 9 (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
Тапсырма.Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырыңыз.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Ұлттық ойындар. Сөдердің байланысу түрлері.
15-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы:Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.Ұлттық аспаптар.
2.Сағат саны: 2 90 ( 100 %)
3.Сабақ түрі:тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Оқушылардың грамматикалық,білімін анықтау, түрлі жаттығулар, тест жұмысы арқылы білімдерін пысықтау,тереңдету.
Тәрбиелік:Адамгершілікке,еңбектенуге,ізденуге,білімді табандылықпен игеруге тәрбиелеу.
Дамыту:оқушылардың белсенділігін,таным,іздемпаздық қасиеттерін арттыру,ой-өрісін дамыту,есте сақтау қабілетін дамыту.
5.оқыту әдісі: шаған топпен жұмыс.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Ұлттық ойындардың түрлерін ата
2.Сөздердің байланысу түрлерін ата.
3. Жаттығу жұмысы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
Айтылу түрлеріне қарай, яғни айтылу мақсаты мен сазына қарай сөйлемдер төрт түрлі болады: хабарлы, сұраулы, лепті және бұйрықты.
Хабарлы сөйлем
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғандығын, белгілі бір шақта (өткен шақ, осы шақ, келер шақ) жүзеге асқандығын немесе жүзеге асатындығын білдіреді. Мысалы: Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады.
Сұраулы сөйлем
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер:
1.Сұрау есімдіктері арқылы (кім, не, қайда, қашан, қандай, қалай, қай, қанша, қайдан): Ардақтар қашан келді?
2.Сұраулық шылаулармен (ма, ме,ба, бе, па, пе, ша, ше): балалар ше?
3,Оқшау сөздер мен көмекші сөздер қатысуы арқылы (сірә, шығар, мүмкін т.б.): Жаңылға да айтқан шығарсың?
4.Интонация арқылы жасалады: Сәуле де айтады екен? – Жүрек?
Лепті сөйлем
Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер – бір нәрсеге таңданғанда, өкінгенде, сұқтанғанда, кейігенде, күйінгенде, қорыққанда, қуанғанда айтылатын сөйлемдер. Бұлар барлық жағдайда лепті үнмен айтылады. Мысалы:
-Жарайды, бәрекелді, сабаз – ау! Қайран, еркін замандарың. Өтірікші!
Бұйрықты сөйлем
Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, іске қосуды, кеңес беруді, жалынуды, тілек - өтінішті білдіреді. Бұйрық мәнін беретін – дауыс ырғағы (интонация) және баяндауыш тұлғалары. Мысалы: Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырсын! Тіліңді тарт! Бізбен бірге жүрсеңші.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
26-жаттығу. Мына сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырыңыздар.
Сен баяндамаға дайындалдың ба? Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па? Басшысы болмаған елде елдік бар ма? (М. Әуезов). Арық адамның көзі өткір болады екен-ау? (Ғ. Мүсірепов). Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? (З.Шашкин).
27-жаттығу. Мына хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар.
Бұл қыздың жасы он жетіге жаңа толды. Бала атасының бетіне таңдана қарады. Анау кезде отырызылған жас шыбықтар көктеп қалыпты. Өзінің жақсы көретін оқушылдарының бірі Әділ екен. Бүкіл ауылдың малы сол құдықтан суарылады. Ақыры асыға күткен ұшу сәті де жетті.
12.Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Жаттығу жұмыстарын орындату.Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тасырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
16-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аспаптар
2.Сағат саны: 2 90 ( 100 %)
3.Сабақ түрі:тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Оқушылардың грамматикалық,білімін анықтау, түрлі жаттығулар, тест жұмысы арқылы білімдерін пысықтау,тереңдету.
Тәрбиелік:Адамгершілікке,еңбектенуге,ізденуге,білімді табандылықпен игеруге тәрбиелеу.
Дамыту:оқушылардың белсенділігін,таным,іздемпаздық қасиеттерін арттыру, ой-өрісін дамыту,есте сақтау қабілетін дамыту.
5.оқыту әдісі:шаған топпен жұмыс.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары.
б) оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
4. Жаттығу жұмысы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Адырна
Қазақ халқының өте ерте заманынан келе жатқан көп ішекті аспаптарының бірі. Ежелгі заманында бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң - құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.
Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақта асты - үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
Дауылпаз
Ұрып ойналатын музыкалық аспаптардың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жауынгершілікте дабыл қағып, белгі беруүшін қолданған. Аспаптың жасалу құрылысы күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде даулпаз аспабы көп фольклорлық ансамбільдерінде қолданады.
Жетіген
Қазақ халқының өте ерте заманынан келе жатқан ішекті шертіпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен - деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген көптеген ансамбільде ойналады, кеңінен насихатталып келеді.
Желбуаз
Үрмелелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспап. Иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Ауызын бекітіп тұратын тығыны болады. Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітіледі. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі композитор Н. Тілендиев «Отырар сазы» оркестірінде қолданды.
Сақпан
Өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музкалық аспабының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой, қозы қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген. Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді. Аспап жұқа тақтайшадан жасалады. Әуелі бірнеше тілшілерді дайындап, бір біріне қаттап бекітеді және сыртын өрнектермен әшекейлейді. Бұл аспап сілкіп ойналады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Мәтінмен жұмыс жасау,тапсырмалар, мақал-мәтелдер
12. Жаңа тақырпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Ұлттық аспаптардың түрлерін атаңыздар
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Ұлттық аспаптартүрлеріне таладау жасау.
17-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлері
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Оқушыларға отбасының мән-маңызы жайлы түсінік беру,туыстық атауларды меңгерту. «Жеті ата» ұғымы туралы түсінік беру.
Дамыту:Мәтінмен жұмыс,жаңа сөздерді меңгерту,ойын элементі арқылы оқушының тілін,ой-өрісін,сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік.Оқушылардың өз отбасын құрметтеуге,туыстарын сыйлауға және ата-аналарын ардақтауға,отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
5.оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақ..
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
Ұлттық аспаптардың түрлерін ата және ол қалай жасалады.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Жай сөйлем және оның түрлері
Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді.
Далба тауында атақта Бұқар күмбезі бой көтерді (Ә.Кекілбаев). деген сөйлемде тұрлаулы мүшелері (күмбезі бой көтерді) түгел қатысып тұр. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді (Ғ.Мұстафин). деген сөйлемде бастауышы жоқ, тек баяндауыш қана (соға кеткісі келді) қатысып тұр. Үскірік. Аяз. Тұлданған күн. деген сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек атап қана қояды.
Жай сөйлемдердің осындай ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлері болады: 1) жақты сөйлем және жақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды сөйлем және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем.
Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем. Мысалы: Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді деген сөйлемде (уақыт – бастауыш).
Жақсыз сөйлем – баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі болып табылады. Кейбір жай сөйлемдерде бастауыш мүлдем болмайды. Ондай жағдайда баяндауыштың өзі негіз болып тұрады. Мысалы: Жақсы танымал болған кітап. Бір жерде көргенім бар.
Жалаң сөйлем деп, тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді атаймыз. Жалаң сөйлем құрылысына қарай жақты да жақсыз да болуы мүмкін. Мысалы: Ойын қызық. Үй жылы.
Жайылма сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Едіге ұзақ жол жүрді. Алыстан мұнар тау көрінеді.
Жайылма сөйлемдер де құрылысына қарай жақты не жақсыз бола береді. Таспен ұрғанды аспен ұр. (Мақ.) – жақты сөйлем. – Сонда менің ауданға баруым керек пе? (М.И.) – жақсыз сөйлем.
Толымды және толымсыз сөйлемдер
Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы: Ол шитті мылтықпен кешке киік атып әкелді. (С.М.)
Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп
қалған сөйлемнің түрін айтамыз. Шашубай мерген еді.
Атаулы сөйлем
Іс - оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды (мезгіл, мекен, т.б.) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлем, негізінен, зат есімнен болады. Тоғай. Егін. Шалғын. Жабағыдай ұйысқан қалың көкпген машинаның кейде жаны ғана көрінеді. (Ғ. Мұст.)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Жай сөйлемнің құрманыа қарай талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау,тапсырмалар
12.Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлерін ата.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2 %)
Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлері.
18-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Жеті ата
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту:Оқушыларға отбасының мән-маңызы жайлы түсінік беру,туыстық атауларды меңгерту. «Жеті ата» ұғымы туралы түсінік беру.
Дамыту:Мәтінмен жұмыс,жаңа сөздерді меңгерту,ойын элементі арқылы оқушының тілін,ой-өрісін,сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік.Оқушылардың өз отбасын құрметтеуге,туыстарын сыйлауға және ата-аналарын ардақтауға,отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
5. оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақ..
б) оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша(қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарн білесіз?
2. Қандай ойынның түрлерін білесіздер?
3. Қамыс сырнай ұлттық аспаптың қандай түріне жатады?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Достарыңызбен бөлісу: |