Л.В.Занковтың теориялық білімінің жетекші рөлі туралы принципі.Оқыту
бағдарламалары біртұтастығын әртүрлі формалар мен сатыларға бөлінуіне, мазмұнының
қозғалыс барысында түрлі өзгерістерге ұшырауына сүйеніп құрылған.Оқыту пәндерінің
ішіндегі түсініктерді, қатынастарды, байланыстарды қайталаудың маңызы дағдыланумен
салыстырғанда екінші орында.
Ең басты орында зерттелетін нысандар мен көріністердің түрлі белгілерінің анық
шектелуі бойынша жұмыс жасау.Бұл шектелу жүйелілік және тұтастық принципі
бойынша жүргізіледі: әр элемент басқасымен және тұтастың ішіндегі байланыспен
игеріледі.Занковтықтар ойлау-тәсілдерінің, түсініктің қалыптасуына, іс-әреккет түріне,
олардың жүйесіндегі басым келетін бастама – индуктивті жолдың дедуктивті тәсілін
теріске шығармайды.
Басты назар талдамалы бақылау ісіне – көріністердің түрлі жақтары мен мен қасиеттерін
ажырату, оларды анық сөзбен суреттеуге аудартылады.
Салыстыру процесіне ерекше орын беріледі, өйткені жақсы ұйымдастырылған
салыстыру арқылы заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, олардың
қасиетін, жақтарын, қатынасын ажыратып көрсетеді.
Әдістеменің ерекшеліктері.
Оқыту ісінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық болып табылады.
Үйлесімділік идеясын бұл әдістемеде рационалдық және эмоционалдық фактілер мен
жалпыаңдырумен, ұжымдық және жеке, ақпараттық және проблемалық, түсіндіру және
іздену тәсілдерін біріктіру қажет.
Л.В.Занковтың әдістемесі оқушының түрлі іс-әреккеттерге тартылуына негізделген;
оықту кезінде дидактикалық ойындар, дискуссиялар, сонымен қатар, ойлауын, жаттауын,
сөз қорын байытуға бағытталған әдістерін қолданылады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақ.
Л.В.Занковтың жүйесіндегі сабақ білім беру үрдісінің негізгі элементі болып қала береді,
бірақ оның қызметі, ұйымдастырылу түрі өзгеріске ұшырайды.Оның дәстүрлі сабақтан
басты ерекшелігі, сабақтың басты мақсаты тек білім хабарлауға ғана емес, тұлғаның
басқа да қасиеттері тобына бағынады: сыныптағы плилог; балалардың өз бетімен және
ұжымдық ойлауын қалыптастыру; оқушы мен оқытушының іскерлік қатынасы.
Апта 4
Тақырыбы: Д.Б. Эльконин- В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов және В.В.Репкиннің жетекшілігіндегі ұжымның курстарын
шығарған дамытып оқыту жүйесі басқа дамытып оқыту концепцияларын өзінің
оқушыларды психикалық – ақыл-есін және тұлғалық дамытуға бағытталғандығымен
ерекшеленеді.
Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың дамытып оқыту жүйесі дәстүрлік оқу жүйесіне
танымдық бағыты, оқушының танымдық әрекеті бойынша қарсы қойылады.Нағыз оқыту
жеке, нақты, бірегейден жалпы, асбтрактылы, тұтас түріне; жағдай немесе фактіден
жүйеге; көріністен жалпы жағдайға өзгертіп бағытталған.Мұнда оқыту барысында
дамитын сәбидің ойлау қабілет В.В.Довыдов – эмпирикалық деп аталады.
А.С.Выготский, А.Н.Леонтьевтің, Э.В.Ильенковтың, Д.Б.Элькониннің жұмыстарын
жалпылай келе В.В.Давыдов кері дәстүрлі оқытуға бағытталған жаңа оқыту жүйесін
құрудың теориялық мүмкіншілігі туралы сұрақ қойды.Мұндай оқыту барысында
дамитын ойлауды В.В.Давыдов – теориялық, ал оқытудың өзін – дамыта оқыту деп
атады.
Бұл кезде В.В.Давыдов А.С.Выготский, Д.Б.Элькониннің оқытудың ақыл-есін
дамытудағы басты маңызды ең алдымен білімнің игерілуі (Д.Б.Эльконин) және оның
туындысы болып табылатын оқытуды ұйымдастыру әдістерінің (немесе тәсілдерінің)
мазмұнына қарай білінеді деген бастапқы түсініктеріне сүйенеді.
Жіктемелік сипаттамасы.
Қолданылу деңгейі мен сипаты: жалпыпедагогикалық.
Әдістемелік тәсілі: дамытушы, жүйелік, зерттеуші, мәдени-тарихи.
Дамудың негізгі факторлары: әлеуметтік психогендік.
Тәжірибені игерудің ғылыми концепциясы: дамытушы ассоциативтік-рефлекторлық.
Тұлғалық салалар мен құрылымдарға бағытталуы: жедел ойлау қабілеті – ОӘС +
2) БАС +...
Мазмұнының сипаты: оқытушы, жүйелік, зиялылық, жалпы білім беретін, гуманистік.
Әлеуметтік педагогикалық әрекет түрі: оқыту, дамыту.
Оқыту тәрбиелеу үрдісін басқару түрі: кіші топтар жүйесі.
Басым тәсілдері: мәселелік, дедуктивтік.
Ұйымдастыру түрлері: сыныптық-сабақтық, топтық, ажыратылған.
Басым құралдар: вертальдық, таңбалық + компьютерлік.
Сәбимен қатынас түрі және тәрбиелеу әрекетінің сипаты: дидактоцентрикалық + субъект
– субъектіге (әріптестік педагогикасы).
Жетілдіру бағыты: альтернативті.
Нысандар категориясы; жетілдірілген сыныптар, мектептер.
Мақсаттары:
- Ғылыми түсініктер негізінде оқу білімін теориялық сезіну және ойлауын
қалыптастыру;
- Ойлау әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға бейімдеу;
- Оқыту барысында оқушыларға ғылыми түйсіну логикасын көрсету.
- Оқушылар мазмұнды жалпыландырулар жасай білуі тиіс – зерттелетін нысан
туралы жекелеген білімдері ішінен жалпыға бірдей қатынасы бар генетикалық
негізі нақтылауы тиіс.
- Оқушылар іс-әрекетті алдымен ойында орындап, кейін қайталап орындауға
үйренуі тиіс.
- Таңбалық модельдер түріне жаңа оқыту құралдарын игеруі тиіс.
Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың дамытып оқыту технологиясының концептуалдық
негіздері.
Гипотезалар:
- Оқыту үрдісінде түсіну әрекетінің орталық маңызы туралы идея.
- Баланың үйрену мүмкіншіліктері (даму мүмкіншіліктері де) шексіз, бірақ олар
дәстүрлі технологияда пайдаланылмайды;
- Мектепке дейінгі жастағы балалар көптеген теориялық түсініктер қабылдайды,
олар әр түсініктің көрінуіне қарап әрекет жасағанға дейін игере бастайды.
- Бастапқы мектепте оқыту материалының теориялық деңгейін көтеру сәбидің
ойлау қабілетінің көтерілуін жетілдіреді.
Принциптер:
- Даму сәбидің мәдениетке енуі арқылы жүреді және өзінің негізінде табиғи жетілу
барысында сүйенеді. (А.С.Выготский).
- Оқу дегеніміз даму көзі (білім алу ең жақын даму аумағында жүргізіледі).
- Баланың оқу үрдісіндегі субъектілік принципі.Оқушы білім алу нысаны емес,
субъектісі болуы тиіс.
- Алға басып оқыту принципі (оқу дамуды басып озады).
- Басымды мақсаты – ойлау әрекеті тәсілдерінің қалыптасуы.
Дидактика.
*Мазмұны:
- Ғылыми түсініктер жүйесі дегеніміз – мектепте оқу үрдісінде ойының даму
факторы.
- Теориялық ойлаудың рөлін арттыру (БАС-қа емес ОӘС-қа басымдылық беру).
- Дамытып оқудың негізі – оның мазмұны, одан оқытуды ұйымдастыру әдістері
мен тәсілдері туындайды.
- Мазмұны жалпылаулар.Оқу пәнін немесе оның тарауларын белгілейтін білімді
оқушылар оның өту жағдайын талдау барысында игереді, осыған байланысты
олардың қажеттілігі артады.
*Әдістеме.
Ақпарат берудің дедуктивтік тәсілі.Жалпы және абстрактылы сипаттағы білімдішеру
жеке және нақты біліммен танысуға себеп болады, нақтылы білімді бөліп алады.
Проблемалық принципі әдістеме шарты түрінде.
- Абстрактылыдан нақтыға қарай бағытталу, зерттелетін пәнге негізгі қатынасқа
бағыттау;
Апта 4
Тақырыбы: Д.Б. Эльконин-В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
Мақсатты (толық) оқу ісі (МОІ).