Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі
мынадай болды:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;
- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
- бұрынғы білімдеріне білім қосады;
- микроклимат өзгереді;
- оқушылардың жауапкершілігі артты;
- күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым;
- мен күтпеген өзгерістер болды;
- проблемалық ситуациялар туғыздым;
- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;
- өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге
дамимыз.
Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып,
үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып , үйреніп оны өз жұмысымда қолданып
мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-
бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт , бұрын үндемей отыратын
балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді.
Сабақтарды ерекше , жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық
жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай.
Апта 8
Тақырыбы: Проблемалық оқыту әдісі және оқушылардың белсенділігін арттыру.
Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып,
оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде
оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.
Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді,
сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы
жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.
Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып
табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың
деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік
ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл
роблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға
негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын
әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да
ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды.
Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым
қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай
туғызбайды.
Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру
кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім
проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды
бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала
жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.
Апта 9
Тақырыбы: Интерактивті әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман
талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін
дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді
ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға
қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді,
әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында
оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының
қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал
ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу
және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1]
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен
білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру
саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын,
ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін
бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды
одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай
аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір
қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. [2]
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118
Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning»
электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру
үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру
ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап
көрсетілді. [3]
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды
ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды
пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына
ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге
тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім
беру саласында ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы
білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері
пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.Ақпараттық технологиялар туралы көптеген
тың пікірлер бар. В.Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар»
ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде
компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық
технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық
технология» – мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік
редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады.
Р.Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі
деп қарастырады.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру
қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейкестi мәселелердiң
бiрiне айналып отыр. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық –
коммуникативтік технологияларды пайдаланудың өзіндік тиімділігі бар. Атап айтқанда:
Оқушы дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен мәтінді тыңдайды,
бейнесюжеттерді көре алады;