- педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу;
-оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру;
-оқу модулін құрастыру;
- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар
құрастыру;
- оқушылардың жаңа материаларды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар
жүйесін жасау;
- оқу-әрекеттерінің материалдарьн іріктеп ала білу.
Осы аталған оқыту міндеттерін мұғалім меңгеруі үшін, ұстаздар қауымымен
төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек:
а) проблемалық-рөлдік ойьн;
б) рефлексивті-рөлдік ойын;
в) панорамалық сабақгар;
г) педагогикалық ринг;
д) педагогикалық идеялар аукционы;
е) ашық сабақгарға кіру, талдау және т.б.
Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының
дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып,
шығармашылықтарын қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі
ұйымдастыруына көмектеседі.
Апта 3
Тақырыбы: Мектеп математика курсын оқытудағы технологиялар.
П.1. Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі.
Л.В.Занковтың жүйесі 50-ші жылдары пайда болып, кең таралды.Ғалымның пікірінше,
мектеп өзінің мүмкіншілігін және оқушының психикалық даму қорларын толық
пайдаланбайды. Оқыту-тәрбиелеу үрдісінінң жағдайын талдай келе, ол мектеп жұмысын
дамытудың идеясына келді.
Қазіргі кезде бұрыңғы зертхананың орнына Ресей білім беру Министрлігінің Л.В.Занков
атындағы Федералдық ғылыми-әдістемелік орталық ашылды.
Л.В.Занков бойынша дамытып оқыту жүйесін сәби тұлғасы ерте белсенді, жан-жақты
дамыту технологиясы деп атауға болады.
Қысқаша жіктемелі сипаттамасы.
Пайдалану деңгейі мен сипаттамасы: жалпы педагогикалық; Ресей Федерациясының
Білім Министрлігінің мәліметінше, бұл жүйе бойынша мектептер мен сыныптардың
14%-ы жұмыс жасайды.
Философиялық негізі: табиғат жинақтау, антропологиялық.
Әдістемелік тәсілі: дасытушы, жүйелі, зерттеуші, әлеуметтік-саяси.
Дамытудың жетекші факторлары: социгендік, психогендік.
Тәжірибені игерудің ғылыми концепциясы: ассоциотивті-рефлекторлық + дамытушы
оқыту.
Тұлғалық құрылымға бағытталуы: Л.В.Занковтың білім беру технологиясының қазіргі
заманғы мақсаты – жан-жақты даму болып табылады, бірақ оның құрама бөліктерінің
иерархиясы бар:
1) ОӘС+ 2) НЭС+ 3) БАС+ 4) ӨМС+ 5) ӘПС.
Мазмұнының сипаты: оқытып-тәрбиелеуші, зиялы, гуманистік.
Әлеуметтік-педагогикалық әрекет түрі: оқытушы, дамытушы.
Оқу-тәрбие жұмысын басқару түрі: кіші топтар жүйесі.
Басым тәсілдері: дамытушы, мәселелі, индуктивті, диалогтық.
Ұйымдастыру түрлері: сыныптық-сабақтық, академиялық-клубтық, топтық + жеке.
Басым құралдары: вербальдік, белгілік, таңбалық + компьютерлік.
Сәбиге әсер ету тәсілі және тәрбиелеу әрекетінің сипаты: тұлғалық бағытталған, субьект-
субьекттік (серіктестік).
Жаңару бағыты: альтернативті.
Нысандар категориясы: жаппай.
Мақсаттық бағытталуы.
сәбидің тұлғалық қасиетін дамыту;
тұлғаның жалпы дамуының жоғары деңгейі;
жан-жақты үйлесімді дамуға негіз салып, тұлғалық қасиетін дамыту.
Концептуалдық ережелері.
оқыту дамытудың алдында жүруі тиіс;
сәби оқыту-тәрбиелеу үрдісінің нысаны емес, субьекті болып табылады;
оқыту мақсаты ОӘС емес БАС болуы тиіс.
Л.В.Занковтың баланы дамыту туралы гипотезалары.
Даму – баланың психикасында тікелей оқудан емес, ішкі, тереңдік интеграциялық
үрдістер нәтижесінде пайда болатын жаңа түзілімдер.
Жалпы даму дегеніміз – аталған жаңа түзілімдердің психиканың барлық
салаларында – ақылында, ерік-жігерінде, сезімінде пайда болуы, әр жаңа
түзілімнің осы салалардың бірігіп әрекет етуінен туындауы және тұлғаны алға
жүргізуі.
Білім өздігінен дамуды қамтамасыз ете алмайды, бірақ оның алғышарты болып
табылады.
Тек жалпы даму адамның үйлесім дамуына негіз болады
(....+ОӘС+ӨМС+НЭС+ӘПС+ШҚС+ПФС)
Оқу үрдісіне тек білім, біліктілік және дағды ғана емес, олардың психологиялық
эквиваленті-когнитиевті (танымдық) құрылымдар қалыптасады, солар арқылы
адам әлемге қарап, оны көреді және түсінеді.
Когнитивті құрылымдар – ақылдың даму субстраты.Бұған білімнің тұрақты,
қомақты, жалпыланған-мағыналы жүйелері, ұзақ мерзімді жадыда сақтаулы
жерінен алу және пайдалану тәсілдері.
Когитивті құрылымдар дегеніміз – адамның жасының ұлғаюына қарай және оқу
барысында дамитын заттар.Бұның нәтижесіпсихикалық әрекетінің ерекшелігінде
көрінеді: перцепцияда, ойлауында, сөйлеуінде, тәртібінде, жадында, білімнің
көлемі мен анықтығында, біліктігінде.
Қүрделі құрылымдар қарапайым, диффузды заттардан құрылады, бірақ олардың
жағынан түзілмейді, әрқашан жаңа қасиеті пайда болады.Дамудың мәні осында.
Л.В.Занковтың жалпы дидактикалық принциптері.
Оқушылардың жалпы даму үрдісінің тиімділігін арттыру үшін Л.В.Занков оқушыларды
дамытудың дидактикалық принциптерін жасап шығарды:
кешенді дамыту жүйесі негізінде бір бағытта даму;
баланың даму бағытына қарай мазмұнының жүйелі және күрделі болуы;
теориялық білімнің жетекші рөлі (практикалық білімі мен дағдыларын ескермей);
өте қиын деңгейде оқыту;
материалды тереңдетіп игеру;
баланың игеру үрдісін түйсінуі (сезіну принципі)
аффеект пен интелект бірлігі, соның ішінде оқытудың тек рационалдық емес,
эмоционалдық саласын да қосу (бақылау мен практикалық жұмыстың рөлі);
мазмұнын проблематизациялау (коллизиялар);
оқыту үрдісінін өзгермелілігі, жеке оқыту тәсілі;
барлық (алғыр және әлсіз) балалардың дамуы үшін жұмыс жасау.
Мазмұнының ерекшеліктері.
Жан-жақты дамыту мақсатында оқытудың бастапқы сатысының мазмұны байытылып
реттелді; мұнда әлемнің жалпы көрінісінің байылығы ғылым, әдебиет және басқа да өнер
саласы негізінде көрсетіледі.Бірінші сыныпта жаратылыстанудың бастамасы, екінші
сыныпта – география, үшіші сыныпта – тарих туралы әңгімелер ұсынылады.Бейнелеу,
музыка, шығармашылық туындылары, еңбекке және оның этикалық-эстетикалық
маңызына ерекше назар аударылады.