1 геологиялық БӨлім



жүктеу 6,03 Mb.
бет1/88
Дата05.01.2018
өлшемі6,03 Mb.
#7044
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88


1.Жоба тақырыбы: “Құмкөл кен орнындағы тереңдігі 1750 м пайдалану ұңғымасының бұрғылау тәртібін жобалау”

АННОТАЦИЯ

Ключевые слова: Гидромониторные долота,

гидромониторрый эффект,

профиль, конструкция,

градиент давления,насыщения.

В дипломном проекте рассматриваются вопросы проводки эксплуатационной скважины глубиной 1750м в сложных геологических условиях роторным способом на нефтегазовым месторождении Кумкол. В его недрах встречаются нефть и газ с разными физико - химическими свойствами.В проекте выбраны спооб бурения, оптимальные типы долот, а также вид и параметры промывочной жидкости с учетом особенности геологических условий месторождения. В проекте также рассматриваются резервы повышения технико-экономических показателей строительства скважин, меропрития по улучшению условий труда и охраны окружающей среды.



АНДАТПА

Өзекті сөздер: Гидромониторлық қашаулар,

Гидромониторлықтиімділік,

Профиль, құрылма, қысым . градиенті, қанығу қысымы


Дипломдық жобада Құмкөл кен орнында 1750м пайдалану ұңғымасын шиеленісті геологиялық жағдайда роторлы тәсілмен бұрғылау мәселесі қаралады.

Оның қойнауында қасиеттері жағынан әртүрлі мұнай және газ кездеседі. Жобада, бұрғылау тәсілі, қашаудың оптимальдық түрі мен бұрғылау тәртібі, сондай-ақ бұрғылау ерітіндісі параметрлері мен түрі кен орнының ерекше геологиялық жағдайына сай таңдалынып алынған.

Жобада сондай-ақ ұңғыма құрылысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін көтеру, еңбек жағдайын жақсарту жолдары және қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылады.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

    1. Жұмыс ауданының климаттық-географиялық жағдайы............................

1.2 Литологиялық-стратиграфиялық қима................................

1.3 Тектоника......................................................................................................

1.4 Мұнайгаздылығы ..........................................

1.5 Сулылығы......................................................................................................

1.6 Ұңғыманы қазу кезінде кездесуі мүмкін қиындықтар аймақтары..........

1.7 Керн алу аралықтары...................................................................................

2 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Бұрғылау тәсілін таңдап алу.....................................................

2.2 Ұңғыма құрылысын жобалау ............................................

2.3 Бұрғылау қондырғысын таңдап алу..................................................................

2.4 Бұрғылау тәртібінің параметрлерін жобалау............................................

2.4.1 Өндірістік стастикалық мәліметтер бойынша қаушалар өлшемдері мен моделдерін таңдап алу және олардың жұмыс көрсеткіштерін жобалау...........

2.4.2 Бұрғылау тәсілдеріне байланысты, әр тереңдік аралықтары үшін жуу сұйығының шығынның жобалау................................................................

2.4.3 Қашауға өстік салмақ пен және оның айналу жиілігін жобалау..........

2.4.4 Бұрғылау тәртібінің параметрлерін бақылау

3 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

3.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау................................

3.2 Қауіпсіздік шаралары........................................................................

3.2.1 Өндірістік санитария ........................................................................

3.2.2 Техника қауіпсіздігі ........................................................................

3.2.3 Өрт қауіпсіздігі



4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

4.1 Ұңғыма құрылысы кезінде жұмыстарды ұйымдастыру.........................

4.2 Ұңғыма құрылысының уақытын анықтау...............................

4.3 Ұңғыманы бұрғылау және бекітудегі бағалаудың негізгі техника экономикалық көрсеткіштерін жобалау

4.4 Ұңғыма құрылысына смета жасау
ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Жұмыс ауданының климаттық-географиялық жағдайы

Жаңғыз-Тақырсай ауданы Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Ұлытау ауданының территориясындағы оңтүстік Торғай ойпаты, Арысқой ойпаты Ащысай горст-антиклиналының оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Жұмыс ауданы шөлді және жартылай шөлді зонаға жатады. Аудан географиясы бойынша 80 м-ден 135 м-ге дейінгі рельеф белгісімен жазықты алып жатады; 200-230 м рельеф белгісімен күрделі көтеріңкі үстірт қиылысқан Ұлытаудың оңтүстік батыс бағытында.

Үстірт шекараларын көтермелер, жарықшақтанған жыралар сипаттайды. Қырлар құрғақ шабындықты шөппен жабылған.

Ауданның климаты үлкен мерзімдік және ауа температурасының тәуліктік өзгерісімен, жауын (континентал) шашынның аз мөлшерімен (жылына 150 мм) қатаң континентальды. Қысы бірыңғай суық, аз қарлы. Күндізгі температура —15 —20 °С қыста орташа температура —12 °С (-35 °С-дейін) ал жазда +27 °С (+42 °С-дейін). Желдің басым бөлігі шығыс және солтүстік-шығыстан, 3-4 м/с жылдамдықпен. Жел торабы жоқ. Жақын орналасқан елді-мекен пункттері мен темір жол станциялары Қызылорда қаласы (190 км), Жезқазған қаласы (200 км), Жусалы станциясы (200 км). Жалағаш (150 км), Құмкөл өндірісі — 20 км-де болып табылады.

Жобаланған жұмыс ауданынан шығысқа қарай 230 км ара қашықтықта Құмкөл кен орнының мұнай құбырымен байланысқан Павлодар — Шымкент мұнай құбырлары өтеді. ЛЭП Жусалы — Ленинск құрылым арқылы өтеді.


1.2 Литологиялық-стратиграфиялық қима

Жұмыстық бөліктің геологиялық құрылымында ерте (алғашқы) протерозой фундаментінің желмен өңделген терең бетінде жататын мезозой — кайнозой шөгінділері орын алады.


Төменгі протерозой PR1

Іздестіру, параметрлік және профильдік құрылымдық ұңғылармен ашылған, олар жобаланатын ауданның оңтүстік —батыстың оңтүстігіне қарай тікелей орналасқан. Құмкөл кен орнында жеткілікті жақсы зерттелген.

Олар кварцты-флюидті, кварц-хлорит серицитті; жасыл қоңыр, жасыл-сұр, жарық шақгы тақтатастармен және жасыл сұр түсті гнейстермен көрінген, барлық тау жыныстары қатты жылжыған, бұзылған, темірленген, әр бағыттағы жарықшақтардың көп мөлшері мен көрінеді, олардың қуыстары кварцпен және кальцитпен толтырылған. Жобаланған ұңғыдағы фундамент жыныстары желмен мүжілген қабықша арқаулық шағылу горизонты болып табылады. ОГ-PR байланысын зертеу үшін 130 м тереңдікте ашылады.
Мезозой — кайнозой Mz-Kz

Мезозой — кайнозой қабаты екі құрылымдық қабатқа бөлінеді: стратиграфиялық үйлесімсіздікпен бөлінген юра және бор төрттік.


Юра жүйесі J

Жобаланған жұмыс ауданында ал ортаңғы және жоғарығы бөлімдері ұсынылған.


Ортаңғы Юра J3

Ортаңғы юра жабынында арқаулық шағылу горизонты IV көзделеді. Сейсмобарлаудың мәліметтері бойынша және №1,2 ұңғыларын бұрғылаудың нәтижелері бойынша Жаңғыз-Тақырсай орта юра қабаты IV және PZ арасында ауданның солтүстігіне кіреді. Орта юра жасындағы шөгінділер Дощан және Қарағансай свиталарының рангесінде көрінеді.



Дощан свитасы - ол күңгірт-сұр аргилиттердің, алевралиттердің және құмтастардың жиі қатпарланған қалың қабаты мен басталады. Түсі ашық-сұрдан қараға дейін өзгереді. Грабенсинклинальдарда алевралиттер мен ұсақ түйірлі құмтастар, ал горст-антиклинальдық баурайы мен күмбезінде дөрекі сынған материалдардың құмтастармен қоспалары басым болып келеді. Дощан свитасы мұнайға қаныққан (ю-IV Құмкөл кен орнында) болуы мүмкін.

Жаңғыз-Тақырсай құрылымында күтілетін қалыңдық – 60 м.


Қарағансай свитасы

Қарағансай свитасының қабаттары Дощан свитасының қабаттарына трансгресивті түрде орналасқан. Литологиялық түрде ол жеткілікті бірдей сұр сазды алевролиттер мен сирек кездесетін құмтастардың аз қалыңдықты қатпарлы қара түсте аргелиттермен қалыптасқан. Жыныстар тығыз, жиі корбонатты және флюидұстаушы болып табылады. Жобаланған ұңғында күтілген қалыңдық 40 м шегінде болады.


Жоғарғы юра J3

Жоғарғы юра қабаты шайылумен орталарының Қарағансай свитасы қабатына орналасады, көбіне Қарағансай свитасының жоғарғы бөлігін кесіп өтеді, ал күмбездің көтеріңкі бөлігі және бүйірлік бөлігі қатпарлы фундамент түзілуіне тура және екі свитамен ұсынылған: Құмкөл және Ақшабұлақ. Құмкөл свитасы Қарағансай свитасы қабатына шайылумен орналасқан. Жыныстар көмірленген өсімдіктердің ұсақ қалдығы сұр күңгірт-сұр, массивті алевролитті, карбонатты, ақшыл-сұр құмды ұсақтан орта түйішікті ізбестас қосылған кесекті құмтастармен көрінген, қрітастар сазды әлсіз цементтелген. Аргилиттер ашық-сұрдан күңгірт-сұрға дейінгі түсте, карбонатты емес.

Жалпы алғанда Құмкөл свитасының жыныстары көмірді фицирлейтін қалдықгар қосылуын құрайды. Свита мұнай және газ кеніштерін құрайды күтілетін қалыңдық -50 м.



Ақшабұлақ свитасы Құмкөл свитасы мен үйлесімді түрде, құмтасты жыныстардың сазды жынысқа ауысуы есебінен онымен қатал байланыста бола отырып орналасады. Ол жоғарғы юра мұнайлы горизонттар үшін флюид ұстағыш жабын болып табылады. Қиманың төменгі бөлігі сұр, күңгірт-сұр, кей жерлерінде көмірді фицирлейтін өсімдік қалдығының көп мөлшерде болуы есебінен қара түске дейінгі аргилиттермен құралған, қимада жанғыш тақтатастардың, алевролиттердің қабат арасындағы жіңішке қабаттары кездеседі. Свитаның жоғарғы бөлігі теңбіл түсте (сұр, қоңыр, күлгін, сары-сұр) саздармен, аргилиттермен, алевролиттермен құралған. Күтілген қалыңдық 50 м.
Бор жүйесі К

Жобаланған ауданда бор қабаты барлық жерде таралған және өз кезегінде жас палеоген-төрттік шөгінділерінен басып оларды барлық бөлімдерінің жасымен көрсетіліп, қабат фракциясы бойынша үлкен ауданды алып, керн сынауынсыз бұрғыланған ұңғылардың каротажы бойынша оларды жеткілікті сенімді түрде корреляциялауға мүмкіндік береді.



Бор қабаты континентальды (неоком) жағалаулық континентальдық және теңіздік түзулермен құрылып, олар неокомның Дауыл свитасы, апт төменгі пата төменгі-орта альбаның қарашатау свитасы жлғарғы альб-сеноманың қызылқия свитасы құрамының төменгі бөлігінде және жоғарғы турон сенон қабатынан бөлінген төменгі туронның басына свитасы құрамының жоғарғы бөлігінде бөлінген. Дауыл свитасы шінара екіге бөлінеді төменгі (К1ПС) және жоғарғы (К2ПС)

Төменгі дауыл свитасы өзгергенде екі горизонтқа бөлінеді оның төменгісі (Арысқұлдық K1ПСar) жоғарғы юраның Ақшабұлақ свитасы қабатыма бұрыштық және стратиграфия үйлесімсіздікпен жатқан төменгі бордың базальды қалыңдығын көрсетті. Ол ұсақ түйірлі құмдардың басын және сазды карбонат цементіндегі құмтас алевролиттер мен саздар қабаттарының жиі қатпарланған тобынан тұрады. Негізінде сазды және сазды карбонатты конлгомераттар жатады.

Қабаттың қалыңдығы 90 м шегінде болады деп күтіледі.

Төменгі дауыл свитасының аймақтық флюид ұстағыш деп табылатын жоғарғы горизонты қызыл түсті саздармен және аргелиттер мен кей жерлерде алевролиттер орналасқан.

Күтілетін қалыңдық 120 м шамасында жоғарғы дауыл свитасы

Қабат қызыл түсте саздармен және әлсіз цементтелген құмтастардың қатпарлары мен көрсетілген жобаланған ұңғыда оның ашылуы 220 м-де күтіледі.

Қарашатау свитасы K1a-al1-2.

Бұл жастың қабаты төменде стратигарфиялық үйлесімсіздігі көрініп жатқан күңгірт-сұр және сұрқым қабатымен көрінетін құмдармен, күңгірт-сұр саздармен алевролиттердің қатпарлануынан тұратын гравелиттермен құралады. Жобаланған ұңғыда 320 м қалыңдық күтіледі.
Қызылқия свитасы К1-2а-аlз

Ол теңбіл түсті (қоңыр, жасыл-сұр, сұр) сазды алевролиттер мен қоңыр және сұр түсті құмтастардың қатпарынан құралған саздар, оның ортаңғы бөлігінде басын күтілетін қалыңдық 310 м.


Балапан свитасы K2t1 -sh

Саз сұр түсті қабатымен, алевролит құм және құмтас қатпарларымен көрінеді. Түсі жасыл-сұр. Күтілетін қалыңдық 60 м.

Палеоген жүйесі Р

Ол сұр-жасыл, ізбес тасты саздармен, құмайттасты және карбонатты құмтастармен көрінеді. Болжау қалыңдық 150 м. Төрттік қабат.

Олар шектеулі түрде орналасып, құмдармен, құрдастармен гравелиттермен, саздақтармен, құмдақтармен көрінеді.


жүктеу 6,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау