«Филология» мамандыєына арналєан


Дәріс 12 тақырыбы: Қалыптасқан жанұядағы ерлі-зайыптыларға кеңес беру



жүктеу 1,72 Mb.
бет7/8
Дата08.02.2018
өлшемі1,72 Mb.
#9086
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс 12 тақырыбы: Қалыптасқан жанұядағы ерлі-зайыптыларға кеңес беру

Қалыптасқан жанұядағы жұбайлардың өзара қарым-қатынасы. Ерлі-зайыптылардың ата-аналарымен қарым-қатынасы. Жұбайларға тұлғааралық мәселелер бойынша кеңес беру. Жанұяда күш көрсету мәселесі бойынша кеңес беру

Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамндығын, тұрғылықты жерін таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірігіп шешу құқығы.

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарыды пайдаланады және отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсыс да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылық пайдалануға тиіс емес.

Қазақстан республикасының аумағында тұратын ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік жеке қатынастарына біздің мемлекетіміздің заңнамасы қолданылуға жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы теңдік ерлі-зайыптылардың арасындағы көптеген қатынастарды реттейді: әйел адам некеге отырғаннан кейін өзінің некеге дейінгі фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсіп пен қызмет аясын таңдауда еркін болып табылады, өзінің мүліктік қатынастарын толықтай сақтап қалады және некеге тұрғаннан кейін табылаған мүлікке ортақ меншікте үлесін сақтайды және т.б. Біздің заңның талабы бойынша ортақ шаруашылықты жүргізу ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы шетеледік күйеу отбасылық шаруашылқты жүргізуге байланысты басша орынды еилене алмайды. Біздің құқыққа сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді таңдауда да ерікті болып табылады. Сонымен қатар, ерлі-зайыртылар бірге де, бөлек те тұруға құқылы. Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші тұлғаға соның артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда бізідің заңнама бойынша оның екіншісі оған материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады. Қолданылып жүрген заңда және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейнгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондац тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.

Кейбір ерлердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды. Қазақ КСР-ның Неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабы жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарланған болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.

Қызмет пен мамандықты еркін таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орнын табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып, жүзеге асыратын іс.

Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әр түрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел баласын біріктіру үшін некеге тұрғандықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірінің белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.

Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін төлеу, жас мамандарды бөлу кезінде отбасының мүддесі ескеріледі т.б.).

Отбасның өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісуі, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізуі, тұған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру шешілетінің білдіреді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне таңуға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдары шеше алады.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынстары оларға тиесілі болған мүлкті меншіктеу және бір- бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсет міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі – заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі.

Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік тәртібі жаңа заңда елелулі кездейсоқтыққа ұшырады. Бұрынғы заңдрда тек бір ғана режим қарастырлған еді. Жаңа заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.

Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданып жүрсе де, көп жағдада ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі қолданылады.

Бұған дейн де аталғандай, «неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабы, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар ерлі-заыптылар отбасындағы құқығының тең болу қағидалар айқындайды. Осы ортақ қағиданың пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырына жинаған мүлікке тең құқығы ықпал етеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлесекен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдаланады, екінші бір затты – тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып саналады.

Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнетақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) т.б жатады.

Жалпы тәртіп бойынша және халықаралық жеке құққтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес.

Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысның жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да тиесілі дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.

Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай неке дара мүліктерге ері мен әйелдің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқаның бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыз пальтосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайптылардың ортақ мүлкі болып саналады.
Дәріс 13 тақырыбы: Ата-аналардың балаларымен өзара қарым-қатынасына кеңес беру

Жанұяның балаларымен қарым-қатынасының күрделілігіне байланысты кеңес беру. Ата-аналардың төменгі сынып оқушыларына кеңес беруі. Жеткіншек жастағы психология-педагогикалық мәселелердің шешімі.

Қазақтын дәстүрлi отбасы сол халыққа тән мәдени болмыстың негiзiн анықтап шығармашылық қарым – қатынас жүйесiн қалыптастыруда әлеуметтiк, тарихи, психикалык басқа да компоненттермен қосылып алғышарттар функциясын аткару.
Жанұя – адам баласының өсiп – өнер, қаз тұрып, қанат қағар, ошақ басы, үйi алтын бесiгi. Жанұя адам қоғамының ең негiзгi және өте ертеде пайда болған алғашқы бiрлестiгi. Бұл адам әулетiн дамыту, бала әкелiп, өсiру, жанұя мүшелерiнiң тiршiлiгiне қажеттi жағдай жасау тиiс. Жанұяның берекесi, ондағы жағдай оның мүшелерiнiң барлығына әрдайым әсер етедi.

Ата – аналардың балалармен өзара әрекеттестiк және өзара қатынас тарихы жанұя тарихымен тығыз байланыста. Жанұя бұл – баланың өзi және басқалар туралы ойы қалыптасатын оның әлеуметтiк табиғи және рухани мәдениетiнiң орталығы. Ата – аналармен өзара әрекеттестiгiнде балалар басқалармен қарым – қатынас әдiсiн менгередi. Олар баланың өмiрдегi бiрiншi және басымырақ окытушылары болып саналады. Жанұя мүшелерiнiң үлкендерi мен кiшiлерiнiң арасындағы сыйласымдық «балалардың өз кұрбыларымен, ересектермен араласуында», олардың тәрбиесiне және жан – жақты дамып, өсiп жетiлуiне игi ыкпалын тигiзедi. Ата – аналар жас баланың өз ойын пiкiрiн көзқарасын дәлелдi түрде жеткiзуге түсiнбегендерiн шыдаммен ұгындырып, терiс түсiнiктерiн жөнiмен айтып беруi абзал.

А.С.Макаренко «жанұянын бала дамуы мен ақыл – ойының жетiлуiне ыкпалы туралы айтып келді. Жақсы да жаман да жанұялар болады. Жанұя ойдағыдай тәрбиелейдi деп кепiл болуға болмайды және жанұя қалай тәрбиелесе, солай тәрбиелесiн деп бiз де айта алмаймыз. Себебi жанұялык тарбиенi бiз ұйымдастыруга тиiстiмiз».

Баланы өз құрбыларының қатарынан қалдырмай бiлiмге құштар, өмiрге әуес, белсендi өмiрлiк позициясына шығару ата – ананың абзал борышы. Бала мектепке барғаннан кейiн де ата – ананың оған әсер күшi кемiмейдi қайта түрлене түседi. Мектеп жасына дейiнгi балалардың келешекте мектепке барғанда жанұяның оларға мықты таяныш, сенiмдi кеңесшi және де сүйiспендiкпен өзара көмек әрi еркiндiк ұясы болып қала беруiн қалар едiк. Балалардың ата – анамен қарым – қатынасы жақсы болмауы олардың психикасының дамуына әсер ететiнi белгiлi жайт. Баланың ана мейiрiмiн сезiнбеуi оның келешектегi акыл – ой дамуында кенжелеп қалуымен мiнез – кұлкының нашар болуының негiзiн калайды. От басында бала үлкендерге елiктеудi үйренедi, өмiрге қажеттi тәжiрибе жинақтайды. Жанұянын балаға ықпалы өзiндiк ерекшелiгiмен көзге түседi, бала өз үйiнде ғана шын мәнiнде еркiн сезiнедi, дамиды, ойнайды, ересектерден жылы сөз мейiрiм күтедi. Басқа жерде байқала бермейтiн қасиетi байқалады.

Ата – ана мен бала қатынасы ғасырлардың өзектi мәселесi болып саналады және әрi қарай жалғаса бередi. Бұл мәселенi шешуде жанұядағы ата – ана мен бала қатынасы олардың өзара әрекеттестiгiн зерттеу манызды. Ата – ана мен бала қарым – қатынасын қарастыра отырып бiз өз жұмысымызда дәстүрлi қазақ жанұясындағы (қазақ тiлiнде сөйлейтiн, қазақи моральдық принциптерi бар,салт – дәстүрдi ұстанатын) ата – ана мен бала қатынасындағы психологиялык ерекшелiктердi карастырдык.

Қазiргi дәуiрде жас ұрпақты тәрбиелеудiн мақсаты – жанұя мен мектептiң, мұғалiм мен ата-ананың алдына қойылған мiндеттердi жаңа талаптар негiзiнде iске асыру.

Қоғам өмiрiндегi барлық өзгерiстер психология ғылымының алдына жаңадан жанұядағы ересектермен баланың катынас ерекшелiктерiн зерттеу мәселесiн қойып отыр.

Жанұя бала үшiн – адамдармен қатынас жасаудың мектебi. Ата-ана мен бала қатынасы ғасырлардың өзектi маселесi болып саналады және әрi қарай жалғаса бередi. Бұл мәселенi шешуде жанұядағы ата-ана мен бала қатынасы, олардың өзара әрекеттестiгiн зерттеу манызды.

Кеңес психологиясындағы зерттеулерде (А.Н.Леонтьев, В.Нещерет, Н.Н.Обозова, А.С.Спиваковской жане т.б.) жанұядағы психологиялық жағдай екi факторлық типтен құралады.

Бiрiншiсi, ата-аналардын балаға қатынасы, ата-аналар арасындағы қатынас, ата-аналардың жеке қасиеттерi, жанұяның баска мүшелерiмен қатынасы.

Екiншiсi – жанұядағы материалдық жағдай, тұрғын үй жағдайы, жанұя кұрылымы. Екiншi фактор типi өзiнше баланы тәрбиелеуде әсер етедi, бiрақ шешушi болып саналмайды. Барлығынан бұрын жанұядағы басты тәрбиелеушi күш ата-ана мен бала қатынасынан анықталады. Ол қатынастар жағымды және жағымсыз болуы мумкiн.

Жанұяның психологиялық типiн анықтауда зерттеулерге Э. Арутюнянцтiң «Жанұяның педагогикалық потенциалы және жастардың әлеуметтiк инфантелизм маселесi» атты енбегiн атауға болады. Оның ойынша жанұялык қатынастың үш варианты бар дейдi: дәстүрлiк, детоорталық, және жұбайлық.

Дәстүрлi жанұяда өзiнен үлкендердi силауға тәрбиелейдi, сондықтан педагогикалық әрекет жоғарыдан төмен көрсетiледi. Негiзгi мiндет – бағыну. Нәтижесiнде бүндай жағдайдағы баланың әлеуметтену қабiлетi жеңiл «көлденең – ұйымдастырылған» қоғамдық құрылымға кiредi. Бұндай жанұядағы балалар дәстүрлiк нормаларды жылдам меңгередi, бiрақ өзiнiң жанұясын құрғанда қиындық кездеседi. Олар инициативасыз, қарым -қатынаста икемсiз әрекет етедi.

Орталықта бала тұратын жанұяда ата-аналық басты мiндет болып "баланың бақытын" қамтамасыз ету табылады. Жанұя бала үшiн ғана тiршiлiк жасайды. Әрекеттестiк төменнен жоғары қарай құрылады (баладан ата-анасына). Баланың жане ата-аналық "симбиоз" қалыптасады. Нәтижесiнде балада өзiн-өзi бағалаудың жоғары денгейi қалыптасады, бiрақ жанұядан тыс жерде шиеленiс жағдайы күшейедi. Сондықтан да мүндай жанұядан шыккан бала өмiрдi өшпендiлiкпен бағалайды.

Жұбайлық (демократиялық) жанұянын мақсаты – жанұя мүшелерiнiң арасындагы өзара түсiнiсу. Тәрбиелеу әрекетi "жазықтық", тән көзқараспен қарау: ата-ана және бала. Жанұялык әркашанда, бала өскен сайын өзара қызығушылық арта түседi. Бұндай тәрбиелеудiң нәтижесiнде бала демократиялық құндылыктарды, құқықтарын және мiндеттерiн, еркiндiктi, белсендiлiктi жауапкершiлiгi дамып, өз бетiнше тiрлiк жасауға бейiмделген, қайырымды, өзiне сенiмдiлiктi, эмоциалық тұрақтылықты менгередi. Сонымен қатар бұндай балалардың әлеуметтiк талаптарга бағыну дағдысы жоғалады.

Қарым – қатынас психологиясында үлкен методологиялық маңызды қатынас мәселесi орын алады, оны В.Н. Мясищев өңдеген. В.Н. Мясищев әлеуметтiк сферадағы қатынасты саналы, материалды және таңдалған байланыс деп көрсетедi. Ол адамның психикасының қызметiн және адамның сапасын анықтайды. Өзiнiң жұмысында қатынастың негiзiн ашып көрсеткiсi келген, қарым-қатынасты жеке адамдардың өзара әрекеттестiгi, бiр-бiрiне әсер ететiн адамдардың процесi ретiнде қарастырған.

Ата-ана және бала қатынасын талдауда негiзгi түсiнiк "роль". Психологияда рөль түсiнiгi қоршаған ортадағы адамдардың барлығы күтетiн жүрiс-түрыстың жаксы үлгiсi. Жанұядағы өзара әрекеттестiк бала орындайтын сол рөлдерден тұрады.

Көптеген зерттеулерде баланың дамуы қогамдық-тарихи тәжірибенi меңгеру формасында өтедi деп қарастырылады. Баланың психикалық дамуының басты шарты ересектермен қарым-қатынасы болып табылады (Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, Д.В.Эльконин, М.И.Лисина).

Л.С.Выготский кiшкене балаларды жақын ересектерге бағдарланған "максималды әлеуметтiк тiршiлiк иелерi" депатайды. Оның ойынша бала үшiн ересекадам "барлық жағдайдың психологиялық орталығы" болып табылады. Кiшкентай баланың ересектермен қарым-қатынаска деген қажеттiлiгi оның ары қарайғы психикалық дамуының негiзiн және қорғаушы күшiн кұрастырады. Бала дамуындағы ересектермен қарым-қатынастың рөлiн көрсете отырып М.И.Лисина: "Ересекадам нәрестелiк және мектепке дейiнгi жас кезiнде бала үшiн қоршаған орта мен қарым-қатынасын және әлеуметтiк орта мен қоғамдық-тарихи тәжiрибе көзiмен қарым-қатынасының негiзi болып саналады, бұл қарым-қатынасынсыз бала азаматтың толық өкiлi бола алмайды",- деп көрсетедi.

Баланың әлеуметтену процесiнде жанұя бiрiншi және негiзгiәлеуметтiк институт болып табылады. Жанұя iшiндегi қарым-қатынастар басқа қоғамдық қарым-қатынас пен салыстырғанда баланың рухани дамуындағы потенциалды қамтамасыз ететiн ерекшелiктерге ие:

1) Баланың қарым-қатынасқа деген негiзгi қажеттiлiгi жанұя мүшелерiнiң тiкелей байланыстары арқылы қанағаттанып отырады (Е.А.Аркин, Л.И.Божович, М.Ю.Кистяковская, М.И.Лисина, А.А.Люблинская).

2) Жанұядагы қарым –қатынас некелiк және туыстық қатынасқа негiзделедi, жұбайлық және ата-аналық махаббатқа сүйенетiн терең тұлғалық қатынастарды тудырады. Бұл ерекшелiктер балаларда жоғарғы адамгершiлiк касиеттердi жағымды өзiндiк сезiмдi, дүниеге деген көзкарасты және өзiне деген сенiмдiлiктi қалыптастырады. Жақындық сенiм және ынтымактық атмосферадағы қарым-қатынас бала психикасына жақсы әсер етедi және баланың эмоциалық сезiнулерiне дұрыс жол салады және әлеуметтiк сезiнулердiң алғашқы мектебi болып табылады.

3) Жанұя, жанұялық қатынас бала тұлгасының қалыптасуына әсер етедi. Нарестелiк және мектепке дейiнгi кезде ата-анамен және жанұяның баска мүшелерiне деген қарым- қатынас балаға әлеуметтiк ортаның әсер ететiн негiзгi каналы болып табылады.

Мектепке дейiнгi кездегi баланың тұлғасының қалыптасуындағы ата-ана мен қарым-қатынастың негiзгi рөлi баланың ата-аналық махаббатқа оның көңiлiне және қорғанысына деген қажеттiлiгiнен көрiнедi (Д.Варга, И.С.Кон, С.Г.Якобсон). Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесi бойынша жанұялық тәрбиенiң негiзгi факторы жанұя мұшелерiнiң өзара қарым-қатынасы екенi аныкталған. Жанұялық өмiрде өзара силастықтың, түсiнiстiктiң, келiсiмнiн өзара көмектесудiң болуы ата-ананың балаға дұрыс талап коя бiлуi балада жоғарғы адамгершiлiк қасиеттердi және дұрыс жүрiс-тұрысты қалыптастыруға алып келедi.

Е.А.Аркин және И.З.Баерюнас ата-аналардың жiберетiн кейбiр қателiктерiн атап кетедi.

1. Ерте жастан бастап саналы түрдегi тәрбиелiк әсердiң болмауы, тәрбиенiң дұрыс ұйымдастырылмауы.

2. Ерте жастан бастап балаға еркiндiктi беруi, бұл еркiндiкке баланын әрi даяр емес екендiгiн ескермеу.

3. Ата – ананың тәрбиелеу кезiнде өте қатал болуы немесе тым аса күш жұмсауы, үнемi шектен тыс қадағалап отыру.

4. Баланы тәрбиелеудегi ата-ананың өзара келiсiмге келе алмауы.

А.А.Бодолев, А.Я.Варга, С.В.Ковалев, А.И.Захаров, А.Б.Добрович, А.А.Люблинская, В.Я.Титаренко, И.С.Кон С.В.Ковалев ата-ана мен бала қарым-қатынасының ерекшеліктері баланың жүрiс – тұрысын бекiтедi және қоршаған ортамен байланысының моделi болып қалыптасады. Ересектермен баланың қарым-қатынас стилi тек байланыс орнату кұралы ғана емес тәрбиелеудiң бiр әдiсi болып табылады деп қарастырады. Ересектермен қарым-қатынас кезiнде бала жүрiс -тұрыс моделiн игередi және психикалық тұрпатын, тұлгалық қасиетiн анықтайтын адамдармен қарым-қатынас стилiн игередi.

А.А.Холева және З.М.Богословская жүргiзген зерттеулер нәтижесi мектепке дейiнгi жастағы баланың қарым-қатынасының жанұялық қарым-қатынас типтерiне тәуелдi болатынын көрсетедi. Егер, жанұя мүшелерiнiң арасында жылы, мейiрiмдi, бауырмал қарым-қатынас болса, ата-аналар арасында бала тәрбиесi жөнiнде өзара келiсiм болса, ата-ана баланы бiрлескен әрекетке шакырса баланың ақыл-ойы жақсы дамиды және енбекқор, әлеуметтiк белсендi және басқа ересектермен де өз кұрдастарымен де жақын әрi жылы қарым-қатынасқа түсе алады.

Мазмұнды қарым-қатынастың шектелуi ата-анасы тым шектен тыс кадағаланған және суық қатынаста болған балаларда кездеседi. Бұл кезде балада оқшаулану, сенiмсiздiк, ересектерге деген нигативизм және түйықтылық байқалады.

Қорыта айтарымыз ата-ана баламен теңі ретіне, сыйлауға тұрарлыктай адам ретiнде қатынаста болу керек. Егер де бала жазалауға тұрарлықтай терiс қылықжасағанның өзiнде де баланың өзiнiң көзқарасында болуына құқығы бар, баламен қатынаста өзiңдiкi дұрыс деп ойлағанның өзiнде де өзiне баланың көзқарасыменқарауға тырысукерек. Психологиялық зерттеулермен психолог практиктердiң, әдебиеттерiндегi мәлiметтерге қарағанда, ата-анаға келер қиындық балаға дұрыс талап қоя алмауында, соның iшiнде қарапайым қатенiң бiрi – баланың жас ерекшелiгiне қарай психологиялық өзгерiсiмен есептеспеуi, мұның өзi ата-ананың бiлместiгiнен балада әртүрлi жағымсыз формалардың болуына жағдай жасайды.

Ата-аналар баланың тыңдамай қарсыласуы жөнiнде әр түрлi шағымдар жасайды. Мұның бәрi де баладан өздерiнiң iстемеген iстерiн талап ету. Олар баладан ақиқат жолымен талап ете алмайды, баланы жазалаудың әдiс-тәсiлдерiн бiлмейдi. Сондықтан балада ата-анаға деген сыйласушылык сезiмi болмайды, қарсыласу пайда болады. Кейбiр жағдайда ата-аналар арасындағы келiспеушiлiк баланы қалай жазалау керектiгi жөнiнде де кездеседi. Бiреу қатаң да, қатты жазалау керек десе, екiншiсi баланы ренжiтпей жәй ғана жазалауды дұрыссанайды.

Психологияда баланы тәрбиелеуде ең үлкен жаза – ата-ана балаға немкұрайлысуық қарауы.

Американың белгiлi қоғам қайраткерi, балалар дәрiгерi Т.Скок: "баланың тәртiптiлiгiнiң негiзi – ата – анаға деген махаббаты" – дейдi.

Егер ата-ана баланы ұрып соғатын болса, олардың арасында жақсы қатынас, сүйiспеншiлiк, түсiнушiлiк, кұрметтеу болмайды. Соғу, ұру арқылы әруакытта да өзiнiң тiлегi орындала берсе, тәрбиенi мақсатына жеттi деп айтуға болмайды. Жазалаушылық баланың ата-анаға деген сенiмiн кетiру мен қатар, бiр-бiрiмен қарым-қатынасына да зиян келтiредi

Ондағы мақсат отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін отбасының жеке басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

3.Аға -аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жағдай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз бетіерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыии-практикалық, конференцияларда, ана-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогакалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сынып сабақ беретін пән мұғалімдерін мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-анатарды таныстырады.

2. Ата-анатрмен педатогогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жіекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологяялық бімімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүкіейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.

Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық, ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсаруды көздейді.

Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды: балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданылады:

– сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жарық саяхат, кеш, спорпық жарыстар, т.с.с);

– жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (иектеп білдірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

– балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардын ашық есік күніне т.б.;

– мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
– өздерінің мамандықтарына сай факультативік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

– балалардың аула клубтарын құруға;

– мектешін; және сынып кенестерінің жарыстарына;

– мектешін; немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

– мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.

4.Отбасы тәрбиесіне хатысты тая-аналарын иедеясын-қалыптастыру кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиелік қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата- аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, шыншылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың көшпетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағьпта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұймыдасгыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.

Кейбір ата-ана өз балаларынын сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спортгық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүшсіндшнше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағьттағы жұмысына жатады.

Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәседелерді ортақ таса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар көшітеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.)

2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және білімдерін ұдайы көтеріп отыруы қажепілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағатын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде “ата-аналарды тәрбиелеу” деген ұғым пайда болуда. Ондағы көздеген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогакалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуында, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүршілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында, айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-ашларға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі қоғамның дамуы осы бағьпта жана талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бар тәрбиесінде, бірішіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінід тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау