Дәріс 9 тақырыбы: Жанұялық психодиагностика
Кеңес беру процесіндегі психодиагностикалар, психотерапиялар, психологиялық коррекциялар. Бірінші кездесудің негізгі функциялары. Балаға негізделген шағым жағдайындағы ситуациялар. Психикалық дамудың бұзылу параметрлері. Психикалық дамуында аномалиясы жоқ балалардың психологиялық бұзылу диагностикасы.
Конфликт параметрлері.
Жанұялық психотерапия- адамның отбасында және отбасының көмегімен емделуіне бағытталған психотерапиялық әдістер мен тәсілдер жиынтығы.Сондай-ақ жанұялық психотерапия-отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын реттеуге бағытталған.
Осы пікірден біз жанұялық психотерапияны түсінудің 3 қырын қарастырамыз:
1. Жанұя айналасын жетілдіру,жұмылдыру;
2. Топтық жанұялық нәтижені пайдалана отырып психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтармен зардап шеккен емделушіге психологиялық әсер ету;
3. Психикалық дені сау адамдардың жанұялық өзара қарым-қатынасын қалыпқа келтіру.
Орыс әдебиетінің ұлы классигі Л.Н.Толстой: «Барлық бақытсыз жанұялар өздігінше бақытты», сонымен бірге жанұя ауыртпашылықтарының дамуы, шындыққа ұласатыны мүмкін болатын кәдімгі қарапайым жағдаяттардың қатарын бөліп қарауға болатынын дәлелдейді.
Көп жанұялардың кездесетін нормативті психоәлеуметтік стресске мына төмендегі жағдайлар жатады:
1. Біріншіден,некеге тұру өмірге өзгеріс әкеледі және әлеуметтік статустың алмасуына әкеп соғады;адамдарға тегін (фамилиясын) өзгертуінің өзі үлкен өзгеріс;
2. Балалардың дүниеге келуі көптеген жас (жаңа құрылған) жанұяларға үштіктің пайда болуына әкеледі,яғни ер адамдар жұбайының көңілін «нәресте» өзіне аударып әкетеді деп ойлайды;
3. Екі және одан көп баланың дүниеге келуіне жанұяда сиблингиялық қарсыластық пайда болады, яғни әр бала ата-аналарының көңілі өзіне ауғанын қалайды. Сиблингикалық қарсыластық әр жаста пайда болады;
4. Балаларды бала-бақшаға, мектепке орналастыру кезінде ата-ананың балаға деген міндеттемелерінде проблемалар пайда болады. Балаға қарау,тамақтандыру шешесінің міндеті болса, бала өскен сайын әкесінің тәрбиелік рөлі өседі,ал бұл жағдайларда барлық әкелер дайын болмай шығады.
5. Нормативті стресстермен қатар жанұяларда,яғни көптеген жанұялар өзінің түрлі даму сатыларында психоәлеуметтік стресстудырушы әсерлерге ұшырайды. Оларға: көшіп-қону, жұмыссыздық,ауру-сырқау жатады.
«Көшіп-қону» мекен-жайдың өзгеруіне,яғни үйреншікті микроәлеуметтік қатынастың бұзылуына,адамдардың қайта әлеуметтік статусты алу қажеттілігіне әкеп соғады.Сонымен бірге адаптация ауытқушылығына, психикалық ауытқушылыққа және өзіне-өзі қол жұмсаудың көбейуіне әкеп соғады.
Жанұялық психотерапияның негізі жаңашыл бағыттарының бірі-жүйелік (тармақтық) терапия. Оның негізігі принциптерін құрастырған американдық психотерапевт Сальвадор Минухин болған (1978). Оған мыналар жатады:
1. Жанұя өздігінше-біртұтас топ, бірнеше және жеке жанұя мүшнлерінен тұратын жүйе;
2. Әрбір жанұялық жүйе (балалар,ер адамдар,ерлі-зайыптылар,ата-аналар) ерекше қызметтер атқарады және жанұя мүшелеріне нақты талаптар қояды;
3. Психотерапия- жанұя тармақтарын өзгертеді және жанұя мүшелерімен бірігеді, нәтижесінде «терапевтік жүйе» пайда болады.
Әрбір жанұялық жүйе нақты еркіндік дәрежесін және басқа жүйелерден бөлек автономия құрайды.
Өз кезегінде жанұя тұсынана: өзін жанұядан тыс қоршаған дүниеден бөліп тұратын, жалпылама «сыртқы шекараны» да құрайды.
Үйлесімділігі жоқ жанұяларда қарым-қатынас процесінің бұзылуы сөздік және сөздік емес сатыда көрінеді. С.Минухин жанұялық өзара қарым-қатынастың дұрыс суреттемесін алу үшін психотерапевт өзінің анализдеріне сөздік емес ақпаратқа сүйену керектігін баса айтады.
Жанұялық психотерапия- үзіліссіз процесс, ол мынадай кезендерден тұрады:
1. Психодиагностика (жанұяға диагноз қою);
2. Жанұядағы үйлесімсіздіктің психотерапевттік механизмін түйсіну;
3. Өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру;
4. Отбасы әрекетінде жаңа қалыптасқан өзара қарым-қатынастарды жүзеге асыру.
Кеңес беру кабинетіне кіргеннен-ақ жанұя мүшелерінің еркін отыруынан психотерапевттің қырағы көзқарасы жанұя арасындағы көптеген жағдайларды түсіне алады.
Жанұя жайлы ақпарраттың жиналуына қарай психотерапевт жанұялық өзара қарым-қатынастың түлерін ажыратады. С.Минухин жанұяның өте өткір ойлы, әрі әзіл аралас бірнеше түрлерін атап көрсеткен:
1). «Па-де-де» жанұясы –ана мен баладан тұрады. Мұндай жанұяда симбиотикалық өзара қарым-қатынас жиі құрылады. Ажырау қаупі мысалы,баланың басқа орынға ауысуы болады да, анасын да «мазасыз-қорқынышты» ауытқушылықтың қалыитасу негізі болуы мүмкін.
2).Үш ұрпақтан құралған жанұя. Мұнда ата-ана «ересек балалар» болып, үлкендердің қарауында жүруді жалғастырады. Мұндай сырқауға байланысты жанұя лидері бола алмайтын және жиылып қалған проблемаларды шеше алмай қалған жағдайда туады. «Үлкен балалар» (өздерінің балалары бола отырып) мұндай жағдайда тастап кету және көмексіз қалу сезімдерін басынан кешіреді.
3).Міндеттерді бөліп алып орындайтын жанұя. Мұндай жанұяда (көп балалы) үлкен жастағы балалар «балалар жүйесінен» аспай, ата-аналарының жанұядағы жасы кіші балаларға қарау сияқты міндеттерінің бір бөлігін орындайды;
4).Елестер жанұясы. Мұндай жанұяда жанұяның мәнді мүшесі кездейсоқ қайтыс болып немесе кетіп қалғанда оның бейнесі жоғары моральді дәрежеге ие болады. «Сенің әкең оны дұрыс көрмейтін еді» дегендей пікірлер айтылады.
Қоғам мен мәдениет саласындағы күшті мораль- басқарушы адамдардың өзінде жетіспеушілік, өзін-өзі кінәлау сияқты сезімдер қалыптасуы мүмкін.
5). «Көшпенді отбасы»-бұл бір гарнизоннан екінші гарнизонға ауысып отыратын әскери адамдардың жанұясы. Мұндай жанұялардың балаларында мекен-жайдың кенеттен өзгеруі, үйреншікті қатарластар тобынан бөлініп кетуі, психикалық жарақаттың бастамасы болуы мүмкін;
6). «Аккардеон» жанұя. Мұндай типтегі жанұяға тенізшілер мен әртіс-гастролерлер жанұясы жатады. Жанұяның бір мүшесі көп үйінде болмайды және қалған жанұя мүшелері онсыз өмір сүруге дағдыланады. «Одиссейдің» оралуы жанұя ішіндегі толқуға әкеледі.
С.Минухин ізін қуушылар тағы да бірнеше жанұя түрлерін бөліп көрсетеді.
7). «Амазонка» жанұясы. Мұндай «әйел жүйесі» басымдау болып, нәтижесінде ерлер есепке алынбай жұмысқа кету, жанұя арасындағы кері қарым-қатынастың өршуіне әкеп соғады.
8).Керісінше «серілер отбасында» «ер адамдар жүйесі» басым болып, ерлер бір әйеодің көңілін өзіне қарату (аудару) үшін ессіз қарсыластыққа барады.
9). «Кім жеңеді?» түрінде құрылған жанұя. Мұнда өгей бала (өгей қыз) және өгей шеше (өгей әке) арасындағы қарым-қатынаста келіспеушіліктер туындайды немесе өгей ағайынды бала немесе қыздар ата-анасының көңілін өзіне бұрғысы келеді.
10). «Орын басу» түріндегі жанұяда үлкен қызы қайтыс болған шешесінің орнын басады; үй шаруашылығын жүргізеді; тамақ даярлайды; әкесінің киімдерін жуады т.б. Әкесінің қайта үйленуіне қарсы болып, үлкен жанжал туадырады.
Жанұялық психотерапияның ең қажетті кезеңдерінің бірі-терапевттік сұраныстың құрылуы. Сұраныс жасаушы адам психотерапевтке басқарушы өтініш жасайды. Мысалы: «Менің балам нашар оқиды, менің балам тіл алмайды.Оның басқаша болуына жағдай жасаңызшы» т.б.
Бұдан өтініш жасаушы адамның жанұяда болып жатқан жағдайлардан өз жауапкершілігін алып тастап, оны балаға немесе психотерапевтке аудара салатынын байқауға болады.
Сұраныс құрылымымен қатар психотерапевт жанұя мүшелерінің мүмкіндік жағдайларын зерттейді. Яғни «Сіздің өміріңізге жақсы нәтижеге бірге жеткен кездерінің болды ма және ол қалай болды?» деген сұрақтар қойылады.
Терапевттік сұраныстың құрылуы кезеңіндегі психотерапия барысында әрбір жанұя мүшелеріне қойылған және әр жанұя мүшесі нәтижесіне жеткісі келген мақсаттардың зерттелуі қажет. Бұл кезеңде психотерапиялық жұмысты өткен кезеңнен қазіргі өтіп жатқан кезеңге ауыстыру керек. Өткен шаққа тек жанұя мүшелерінің мүмкіндік жағдайларын ізденуде ғана оралуға болады.
Әрбір жанұя мүшелері мақсаттарының құрылуы жанұяның біртұтас психологиялық организ ретінде құрылуына әкеледі.
Жанұялық психотерапияның барлық сеанстарының барысында келесі әдістерді қолдануға болады:
-көлеңкелі және белгілі бір тәжірибе зерттеулерін теңестіру;
-2 деңгейлі кері байланысты қолдану;
-психоскульптура, жанұялық психодрама.
Психотерапия аяқталуы құралған мақсаттарға жетуді көздейді.
Жанұялық шекарада жәнепсихотерапевттік араласу көлемінен тұратын жанұялық психотерапияның бұл екі түрі бір-бірін толықтырып отырған.
Жанұялық кеңес беру- кеңес берушімен бірігіп жанұядағы өзара әрекеттің өзгеруін және жеке тұлғаның өсу мүмкіндігіне жағдай жасау үшін жанұя мүшелерінің проблемаларын анықтауды мақсат ретінде қояды.
Жанұялық кеңес беру әдістері мен тәсілдерінің көп түрлілігі көптеген теориялық концепциялармен негізделген. Қазіргі уақытта олардың арасындағы қатардағыларына: мінез-құлық психотерапиясы;
Оның ішінде рационалды-эмотивті терапия; жүйелік бағыт,эмпириялық терапия жатады.
Жанұялық кеңес беруді жүргізу барысында жоғарыда айтылған мектеп өкілдерінің практикалық тәсілдерін бағытқа ала отырып, жанұялық кеңес берудің мынадай негізгі принциптері мен ережелерін құруға болады:
1. Кеңесші мен клиенттің жайғасуы;
2. Қойылған мәселе бойынша ақпарат жинау;
3. Психотерапиялық келісімді талқылау кезеңі;
4. Пациент мәселесін нақтылау;
5. Кеңес беру;
6. Экологиялық тексеру кезеңі.
Дәріс 10 тақырыбы: Некеге дейінгі және неке алдындағы психологиялық кеңес беру
Некеге түсу сұрақтары бойынша кеңес беру. Болашақ жұбайымен өзара қарым-қатынас. Бала күтіп отырған жанұяға психологиялық көмек. Оның негізгі міндеттері.
Отбасы. Бұл сөздің біздің әрқайсымыз үшін өзіндік мағынасы бар, бұл сөзбен көп нәрселерді байланыстырамыз. Біреулер осы сөзді естігенде өзінің жақындарын, туысқан адамдарын көз алдына жылы елестеді. Алайда, өкінішке орай, осы сөз кейбіреулердің көз алдына ауруды, түңілуді, жалпы өмірдің сұрғылт бейнелерін елестететін кездер де бар. Неге бұлай болды, мұндай жағдайға не әкелді?
Отбасының қиыншылықтары сараптау үшін ғана емес, сол сияқты жәй ғана суреттеп беру үшін де көп қырлы және күрделі. Мен өз пайымдауларымды кеңейте бермей, тек қана өзім маңызды деп санайтын ерлі-зайыптылардың үйлесімділігіне тоқталғым келеді.
Егер психологияда әңгіме үйлесімділік туралы болатын болса, онда бұл арқылы ұқсас болу, сонымен қатар бірдей болу деп түсінуге болмайды. Әңгіме қандай да бір мақсаттардың, көзқарастардың, мұраттардың арақатынастылығы сияқты сипаттар жөнінде болады. Психологиялық үйлесімділік – бұл негізінен біреуінің пікіріне екіншісінің қарама-қайшы келмеуі, олардың бірін-бірі толықтырып отыруы және үмітінің сәйкес келуі.
Темпераменттің төрт түрі белгілі: холерик, сангвиник, меланхолик және флегматик (темпераменттің саны алпыс төртке дейін жететін басқа классификация түрлері бар). Бұлардың әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ерекшеленді және осы темпераментті иеленушілер де бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл темпераменттердің ешқайсысы таза бір адамының басында кезедесе бермейді, мұндай бөлу шартты ғана, дегенмен, адамның бойында олардың біреуінің психологиялық ерекшеліктері басым болары сөзсіз. Егер оларды психологиялық үйлесімділік дәрежесіне қарай бөлетін болсақ, онда біз мынаны көреміз.
Екі сангвиник бір-бірімен жақсы үйлеседі (ширақ, белсенді, негізінен көңілді, жатырқамайтын), олар бір-бірінің белсенділігін, оптимистігін қолдап отырады. Екі флегматик те (байсалды, салмақты, томаға-тұйық, шабан) әрекеттерінің қарқыны асықпай өзара әрекет етуге мүмкіндік беретіндіктен бір-біріне үйлеседі. Ал екі меланхолик бір-бірімен үйлесе бермейді, өйткені олар жылдам ренжиді. Сол сияқты ашуланшықтығына және қызбалығына байланысты екі холерик те бір-біріне үйлесе бермейді.
Әдетте қызба холерик пен сыңарының әсерленгіштігін, әрі қызбалылығын тежеп отыратын, шабан қимылды флегматик бір-бірімен жақсы үйлеседі. Бұл қайшы келетін темпераменттердің бір-бірін толықтырып тұратын психологиялық үйлесімділігінің мысалы. Дегенмен, іс жүзінде бәрі осылай оңай бола бермейді, бір-біріне сай келетін екі темпераменттің бір-бірімен сыйыспай жататын жағдайы жиі кездеседі немесе керісінше бір-біріне үйлеспейтін екі темпераменттің адамдары тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп жатады. Неге бұлай болып отыр? Мұның жауабы адам мінезінің құрылымының күрделілігінде, дүние танымында жатыр, оның құндылық бағыты жүйесінде жатыр. Дәл осы құндылық жүйесі ауызбірлік пен үйлесімділікті анықтау тәсілінің басты факторы болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың екеуінде де өзіндік сана-сезімнің осы саласында, ғылыми тілмен айтқанда - арақатынастылықтың жоғарғы коэффициенті, ұқсастықтың жоғары болуы өте маңызды.
Қазіргі психологияда осы коэффициентті есептеуге мүмкіндік беретін тәсілдердің арсеналы жеткілікті. Академиялық психологияның шытырманына кірмей-ақ қоямыз, үйлесімділіктің деңгейін деректерге қарап анықтауға тырысамыз. Мәселе мынада, құндылық бағыты жүйесі (нақты бір адам ұстанатын рухани құндылықтар) сатылы құрылымға ие, яғни адам үшін кейбір құндылықтар өте маңызды, әрі ол оны бірінші орынға қояды, қалғандары оған не бағынышты, не болмаса оны мүлде мойындамайды.
Барлық мәселе мынада, отбасының бір мүшесі үшін басты болып саналатын қандай-да бір моральды принцип, екінші мүше үшін басты болып табылмауы мүмкін. Осы айырмашылқтар, жиһаз таңдаудан бастап жоғарғы моральдық идеяларға дейінгі, отбасылық өмірдің барлық саласына қатысты. Дегенмен айырмашылық киімге және жиһазға қатысты талғамға қатысты болатын болса, онда ол ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына аса әсер етпейді, ал айырмашылық діни, құлықтық және моральдық көзқарастарында болатын болса, онда ол олардың қарым-қатынасына теріс әсер етері анық. Міне осы себепке байланысты ерлі-зайыптылардың бір мәдениеттен болғаны және өмірге деген көзқарастары ұқсас болғаны маңызды. Алайда әртүрлі мәдениетке жататын адамдардың бірін-бірі жақсы көріп, бірге болғысы келетін жағдайлары көп кездеседі. Иә, махаббат – көп нәрсені өзгерте алатын зор күш, бірақ әртүрлі көзқарасқа негізделген ұсақ-түйек ұрыс-керістер оны өлтіруі ықтимал.
Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен не күтетіні туралы өз рөлдерін түсінуі де маңызды болып табылады. Отбасының әрбір мүшесі өзін қалай ұстауы керек деген мәселе бойынша кез-келген адамның өз түсінігі бар екенін практика көрсетіп отыр. Отбасын құрған кезде, ері немесе әйелі өзінің алған тәрбиесіне және отбасылық қатынастың ортақ тұжырымдамасына сай өз тәртібін орната бастайды. Сонымен бірге ерлі-зайыптылардың әрқайсысы екінші тараптан белгілі бір әркетті күтеді және күткен нәрсесі орындалмаса, нәтижесі қынжыларлық болуы мүмкін. Міне біз мұны ақталмаған үміт деп жиі атап жатамыз. Өйткені отбасылық бақыт туралы арман – бұл ері немесе әйелі мынандай болса деген үміт емес пе. Кім болса да өзінің екінші жартысы қалай әрекет ететінін армандайды.
Отбасылармен жүргізілген жұмыс, қиыншылықтың көпшілігі ерлі-зайыптылар өздерінің әрекеті олардан екінші тараптың күткеніне қаншалықты сай келіп жатыр деген мәселені аса ойлай бермейтіндігінен шығып жататынын көрсетті. Күткені ақталмаған отбасларының көпшілігі осы әртүрлі көзқарасты талқылауға бағытталған екі жақты диалогқа дайын еместігі – бұл тағы бір қиыншылық. Олардың көпшілігі екінші тарап түзеледі, деп күткенді дұрыс көреді, ал екінші тарап ешқанадай да қиындық жоқ, бәрі тамаша деген оймен жүре береді. Бұл жағдай ерлі-зайыптылардың арасында бір-біріне сенім болмаған кезінде болады, яғни отбасының бір мүшесі өзінің сөздерін басқасы дұрыс түсініп қабылдайтынына және өзіне қарсы қолданбайтынына сенбеген кезде болады.
Жалпы, психологиялық үйлесімділік тақырыбына қайта орала отырып, ол өздігінен пайда болуы да, болмауы да мүмкін екендігін атап өту керек; көп нәрсе отбасылық қатынас неден басталғанына, отбасы қандай жағдайда пайда болғанына байланысты. Алайда психологиялық үйлесімділіктің болмауы, оған қол жеткізуге болмайды деген сөз емес - бәрі берік, мықты отбасын құруға деген екі жақтың тілегіне байланысты.
Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы тұрақтылығының психологиялық ерекшеліктері
Қоғамдағы нарықтық даму денгейінде ерлі-зайыптылардың ортақ өмір сұру процесінің құрылымдық - динамикалық ерекшеліктері, механизмдері және процесс факторларын анықтау негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Ерлі -зайыптылардың қарым –қатынасын тұрақтандыру проблемасы, жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызды мәселелерді шешеді.
Ерлі-зайыптылардың «қоғам» деген жүйенің ішіндегі ерекше психологиялық жүйе бола тұра, қоғамның әлеуметтік және экономикалық жағынан дамуындағы негізгі қайнар көзі болып қала береді. Ол ең маңызды да басты қоғамдық құндылық, байлық - адамды қалыптастырады. Б.Ф.Ломов пікірінше: «Әрекет пен қарым-қатынас бұл әлеуметтік тұрмыстың екі жағы және оны қарастырғанда «қарым-қатынас» категориясынсыз өту мұмкін емес. Бұл әсіресе ерлі-зайыптылардың арасындағы ортақ өмір әрекет процесінде көрінеді,- деген. Қарым-қатынастың негізгі функцияларын Б.Ф.Ломов былай бөледі: ортақ әрекетті ұйымдастыру, адамдардың бір-бірін тануы, тұлғааралық қатынастың қалыптасуы мен дамуы. Бұл берілген функциялар «ортақ ақпарат қорының» қалыптасу процесінде жұзеге асады. Жұйелілік сипатта ерлі-зайыптыларды қарастыру, ондағы болып жатқан процестерді талдауға мұмкіндік береді. Оның кішкене топ әлеуметтік «Ерлі-зайыптылар» деген феноменнің ерекшеліктері көрінеді. Ерлі-зайыптылардың жұмыста құрылымдык модель /С.Минухин, Б.Монтальво, Б.Герин, Б.Розман, Г.Апонте, М.Вальтерс, С.Гринштейн/ жан-жақты зерттелді.
Қазіргі кезде ерлі-зайыптылардың қарым-қатынас сапасы, талаптың жоғарылау тенденцияларымен сипатталады. Қоғамды урбанизациялаумен байланысты алдыңғы қатарлы некенің ерекшелігін қарастыру қызметі туындайды. Неке жоғары талаптарды қанағаттандыратынына қарамай, жолдас табуда ескерілетін психологиялық қасиет шеңбері кеңейе бастайды. Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасқа тұсу моделі бес деңгейде қарастырлады:
1. Жалғыздық кезеңі.
2. Жолдас іздеу кезеңі
3. Ерлі-зайыптыға дейінгі қарым-қатынастың тұрақтануы.
4. Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасқа түсу туралы шешім қабылдау.
5. Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасқа тұруы.
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасқа түсу моделі детерминизациялау контектісінде отбсылық қарым-қатынасқа тұрушылардың ерекшеліктерімен қарастырылады. С.И.Голадтың пікірінше «Ерлі-зайыптылардың некеге тұрудың негізгі мақсаты, ол бейімділік синдромы интимділік және автономия» деп санаған.
Бейімділік жеке тұлғаның белсенді бағытталған әрекетінің бағалық жұйесі ретінде қарастырылады. Ол тепе теңдікті ұстауға мұмкіндік беріп қана қоймайды, эволюциялық дамуға мұмкіндік жасайды. Бейімділіктің жетістігі жеке тұлғаның мінездемесіне байланысты, жеке бас қасиеттерінің мынандай тұрлері жатады: қауіптілік, күмәндану және бейімділік мүмкіндіктерінің төмендеуі жатады.
Зерттеушілердің көпшілігі кездейсоқ бейтаныс адамдардың бір-біріне деген сенімін анықтау оңайға соғатынын аныктады. Біздің басқа адамға деген бастапқы жағымды істерімізді анықтайтын жағдайлар: тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс орны, сырт бейнесі, бізге ұқсастығы, оның бізге деген игі ниеттілігі, бізге ұзақ уақыттық қарым-қатынас жасауымызға септігін тигізеді. Жаңа ғана танысқан екі жасты бір-бірімен әсер алу үшін алғашқы жолыққан кезде жақын қатынаста бола аламыз ба, жалғасын таба ма деген қиын кезеңдер мазалайды, яғни алғашқы әсер алудың үлкен маңыздылығы. Махаббаттық қарым-қатынас алғашқы сезімнің күшейтілуі. Осының бәрін түсіне келе әлеуметтік психологтар алғашқы кездесудегі әсерді карастырудан, ұзақ та және жақын қарым-қатынасты зерттеуге кірісті.
Кейбір зерттеулерде ерлер арасындағы достық, әйелдер арасындағы достық, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас, ерлі-зайыптылар және көңілдестер арасындағы махаббаттың жаратылысы, жақындық қарым-қатынастар салыстырылған. Зерттеу барысында барлық сүйіспеншілік қатынастардан байқалмағаны: өзара түсінушілік, бірін-бірі қолдау, бірін-бірі сүйетіндіктерінен рахат алу және осы сезімді қастерлей білу. Бұндай элементтер екі достың, ерлі-зайыптылардың арасында болады, бірақ ол басқаша ажарланады. Алғашқы кезеңде махаббатқа деген құмарлық сүйікті адамдардың жанында ұнемі бірге болу және жарқын сезіммен ерекшеленеді.
Күшті махаббат жолында, толқытушы, қарқынды болады. Хатфилдтің анықтауынша «сүйетін адамнының қосылуы мақсат ету тұрақтанбаған жағдай». Егер сезім екі жақты бірдей келісулі болса, онда біз сүйіспеншілікке толы қуанышты сезінеміз, егер де олай болмаса үміт үзуге әкеліп соқтырады.
Махаббатқа деген құштарлықтың табиғатын түсіндіре келе Хатарфильд қандай да болмасын сезімді қоздыру әртүрлі себептерге байланысты әртұрлі болады, ол әрі сезім адам жанына да, тәніне де әсер егеді. Елестетіңіші, сіздің жүрек қағысыңыз қатты, қолыңыз дірілдейді. Сіз қуанышты ма, қорқынышты ма нені сезінесіз? Эмоциялардың физиологиялық пайда болуы ұқсас. Сіз қуанышты қоздыратын романтикалық жағдайдасыз. Махаббатқа құштарлық - физиологиялық қоздырғыш, ол сіздің жақсы көретін адамыңыз. Қоздыру құштарлығы болса, онда ол махаббаттың одан әлі күшеюіне әсер етеді.
Адамдардың көпшілігі біздің ойымыз бен сезімімізді сезіп отырады. Мысалы, біз махаббат - бұл танысудың аяғы үйленуге әкеліп соғатын негізгі шарт деп білеміз. Жақында Солтүстік Америкада, әсіресе әйелдер арасында өзінің серігін таңдауына адамның әлеуметтік шығу тегі, мамандығы, материалды жағдайы сияқты факторлар әсер етіпті, бүндай жағдай Индия, Пәкістан, Тайланд сияқты елерде де кездеседі. Ал АҚШ-та 80-жылдардың ортасында жастар арасындағы он адамнан сұрақ - жауап алса, оның тоғызы махаббат - бұл некеге тұрудың негізгі, шарты деп жауап қайтарған.
Мәдениеттілер бір-бірінен махаббатты яғни романтикалық махаббатты қандай орынға қоятындығына байланысты ажыратылады. Жүз он алты мәдениетті алып зерттегенде, 89%-тей өкілдер романтикалық махаббатты келіспеушілік немес ғашықтардың біріне қауышуы деп біледі екен. Бірақ неке барлық мәдениеттерде романтикалық махаббат негізінде құрылмайды. Дамыған батыс елдерде махаббат некеге тұрудың шарты болып табылады, алайда кейбір мәдениеттерге махаббат ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастардың салдары ретінде пайда болады.
Адамдар өздерінің жыныстық қатынастарын әртүрлі етіп құрады. Кейбіреулер ұзақ емес, әртүрлі байланысты іздейді, ал басқалары жалғасымды және берік байланыстардағы сенімді қарым-қатынастарды ұнатады. Марк Снайдер және оның әріптестері өз зерттеулерінде романтикалық қарым-қатынасқа деген екі жақ көзқарастарының өзгешелігін ажыратты. Кейбір, әсіресе өзін-өзі бақылау сезімдері жоғары адамдар өзін-өзі алып жүре алады, кез-келген жағдайда өз дегеніне жететін болады. ал өзін-өзі бақылау сезімі төмен адамдар көбінесе ішкі сезімдері мен импульстарының дегенімен іс-әрекет жасайды. Сіздің ойыңызша осы екі топтың қайсысы сырттай көңілдестікке жарайды. Қайсысында жиі-жиі сүйіктісін ауыстыруға, жаңа серік пайда болған кезде қатынасын тез арада ұзуге бейімділік байқалады.
Снайдер және Симпсон әрбір жағдайда бұндай әрекетке өзін-өзі бақылау сезімі жоғары адамдар бейім болады деген қорытындыға келеді. Бұндай адамдар бір көргенде өзі жайлы жақсы пікір қалдырып, терең сезімдерге онша бейім болмайды. Ал ішкі құбылыстарға онша мән бермейтін, өзін-өзі бақылау сезімі төмен бағалаған адамдар серігінің жан дұниесі мен ішкі қасиеттеріне байсалдылықпен қарап, сүйіктісіне берілгендік танытады. Таныстары туралы мәліметтерді қабылдап, олар сырт пішінен гөрі неке қасиеттеріне аса мән береді: Оларға адамды таңдау кезегі берілгенде, олар бағыттары ұқсас адамдарды таңдайды.
Құштарлык махаббаты сезінуде әйелдер мен ерекектердің айырмашылығы бар ма? Бас кезінде ғашық болып, кейін сезімдері кетіп қалған әйелдер мен еркектерді зерттеу таңқаларлық нәтиже береді. Әйел адамдардың ғашық болуға бейімділігі күштірек деген ойды көп адамдар ұстанады. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда ғашықтықтан шығуы қиынырақ және ұйленуге келе жатқан кезде қарым-қатынастарды бұзуға онша бейім емес. Кейде ғашық әйелдердің серігіне қарағанда сезімдері күштірек болады. Ерлерге қарағанда серігіне қамқорлық жасауға, сенім негізінде қарым-қатынастарға бейім болады, ал ерлерді махаббат ойынының элементтері қатырақ кызықтырады.
Некеге тұрар алдында еркектер психологиясына көңіл бөлсек: Ұлгерімді еркектер жеке мәселесін шешуде осы мәселе айналасындағы әрекетте ізденеді. Оларға дамыған интеллект, тапқырлық, тез үйренгіштік, бейімделгіштік көмектеседі. Олар әлеуметтік қақтығысқа белсенді, көпшілше экспрессивті, білгір, оқиғаға саналы қарайды. Табысты еркектер дерінің позицияларын жеке бас мәселелерін шешкенде нақты ұстана алады. Оларға еңбекқорлық, талпыныс, үздіксіз әрекеттер тән. Олар кейде шектен шыққан қаталдық та танытады. Еркектер тобы ажырасу мен бойдақтық деңгейі бар. Бойдақ еркектер екі типке бөлінеді: бірінде төменгі әрекет және тиімді позиция сипат алады. Көп жағдайда бұл олардың шешелерімен рудың бірден-бір себебі. Оларға концерватизм, ортаға нашар бейімдеушілік кедергі келтіреді. Екіншіден «Үлгерімсіз» типтің жеке бас ерекшеліктеріне тоқталайық: тіл табысқыш «әйел затымен», экпрессивті, еш қайғысыз.
Көбіне түйық мінезде, өзіне сенімсіз жүреді, қақтығыста өзгені кінәлауға бейім. Бұндай еркектер өздеріне берілген, қиялшыл, іс-әрекеттері жеке өз қалауларына бағытталады. Олар неке жұптарын іздеуде тоқталмайды. Барлық ұлгерімсіздер жоғары тәуелділікте.
Қазіргі жастар арасындағы махаббат және неке тақырыбын зерттеу кездейсоқ алынбаған. Қашанда әрбір буын махаббатқа уақыт келбеті адамдардың психологиясы өмір сүру жағдайлары өз өзін қандырады. Мамандықтардың пікірі бойынша қазіргі кезеңде некенің тиянақсыздығы жастар арасындағы отбасы институтына деген құрметтің дәріптелмеуі. Сонымен бірге жастар арасында жалпы бақытсыздық неке туралы мағлұматтардың жеткіліксіздігінен жастар отбасын құрғанда тек қана сезім күшіне арқа сүйейді. Бұл мәселелер өткеннен он жыл көлемінде әлеуметтік зерттеулерде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |