8
1904-жылы ұлы ақын қайтыс болғаннан кейiн Семей қаласында шығатын орыс
тiлiндегi «Семипалатинский листок » газетiнде (1905 №250-252), «Абай (Ибрагим)
Құнанбаев» атты мақаласын жазып бастырады.
Бұл мақаладағы Абайдың өмiрi мен шығармалары жайындағы дерек
мағлұматтарды автор Абайдың немере iнiсi Кəкiтай Ысқақовтан алғандығын
ескертедi 1907-жылы Ə.Бөкейханов бұл мақаласын толықтырып ақынның суретiмен
Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сибир бөлiмi жазбалары журналында
қайтадан бастырып шығарған.
Ə.Бөкейханов мақаласында Абайдың ата тегi, руы, оның белгiлi-басты адамдары
туралы да мəлiметтер келтiрген. Абайдың өлең жазуды он төрт жасынан бастағанына
да деректi мысалдар келтiре отырып, сол кездегi қазақ ақын-жыршыларының өнердi
байдан мал қалап алуға жұмсағандығын, ал Абайдың оларды сынап-мінеп өлеңдер
жазғандығын көрсетедi.
Ə.Бөкейхановтың мақаласында ұлы Абай XIX ғасырдың сексенiншi жылдарында
өлеңге, ақынға деген көзқарасын өзгертедi. Бұған орыстың демократ ниеттегi
зиялылары себеп болады. Егер олай етпегенде, Абай ұлы ақын дəрежесiне
көтерiлмеген, бойындағы бар дарын-қабiлетiн көрсете алмай өлiп кеткен көп
ақынның бiрi болар едi деп таниды.
Ə.Бөкейханов мақаласында əсіресе, Абайға орыс əдебиетiнiң, ақындарының əсерi
мейлiнше мол болғанына да нақты дəлелдер, толымды мысалдар келтiрiлген.
Өлеңдерiнен көрiнiп тұрғандай Абай асқан поэтикалық қуаттың иесi, қазақ
халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани талап-тілегін
осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны əлi кездескен жоқ- деп түйiндейдi,-автор.
Қорыта айтқанда, Əлихан Бөкейхановтың Абай туралы мақалалары бүгiнгi
абайтану ғылымының алғашқы бастау көзi болып табылады.
Ахмет Байтурсынов (1873-1937)-қазақ халқының белгiлi қоғам қайраткерi,
ақын, публицист, əдебиет-зерттеушiсi, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынов -абайтану
iлiмiнiң де iрге тасын қалаушылардың бiрi болды. Ғалымның тiл маманы, əдебиет
зерттеушісі ретiнде жазған еңбектерi өз алдына үлкен бiр мұра. Бұлардың iшiнде
1913- жылы жазылған жəне «Қазақ» газетiнiң үш санында жарияланған «Қазақтың
бас ақыны» атты мақаласының ғылыми-қоғамдық мəнi аса зор. Абайдың
тарихымыздағы, рухани болмысымыздағы орны, көркемдiк-эстетикалық сипаттары
дұрыс көрсетiлiп, терең талданды. Алғашқы рет қазақ оқырмандарына ұлы ақынның
өлмес мұрасы хақында жүйелi де терең талдау жасалған бұл мақала абайтану
ғылымында үлкен маңызға ие.
9
«Қазақтың бас ақыны» мақаласында Ахмет Байтұрсынов Абайдың Абай
болуында орыс мəдениетiнiң атқарған ролiн тəптiштеп көрсеткен. Мақалада қазақ
халқының рухани өмiрiнде Абайдың аса iрi тұлға екенi, өмiрбаяны, шығармаларының
мазмұн тереңдiгi мен ақындық шеберлiгi, поэтикасы, орыс əдебиетiмен байланысы
туралы ойлы пiкiрлер айтады, ақын мұрасының эстетикалық қадiр-қасиеттерiн
ашады. Мақалада айтылған пiкiр-тұжырымдардың, негiзделген концепцияның
бiрсыпырасы кейiн ғылым тарапынан қолдау тауып, бұл жүйедегi зерттеулерде
дəлелденiлiп, орнығып, жалғасымын тапты.
«Қазақтың бас ақыны-Абай (шын аты-Ибраҳим) Құнанбаев. Одан асқан
бұрынғы-сонғы заманда қазақ қазақ баласында бiз бiлетiн ақын болған жоқ»,-дейдi
ғалым өз мақаласының басында. Ақын өмiрiн, қоғамдық-əлеуметтiк iстерiн баяндай
келе, Абай өлеңдерiнiң жаңашылдық сипатына ерекше тоқталады.
Абайдың өзi тексергiш болған соң, оның өлеңiн тексерiп, қате шығарып, ешкiм
жарыта алмайды. Абайдың қандай сыншы, сөз тексергiш екендiгiн төмендегi сөзiнен
байқауға болады.
Өлең сөздiң патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы....
өлеңiн түгел келтiрiп, ғылыми-теориялық талдаулар жасайды.
Абайдың асылын танып, дұрыс баға берген нəрсесi жалғыз өлең емес,- дей келе
ақынның əралуан тақырыптағы шығармаларына ден қояды, оларға дұрыс баға бередi.
А.Байтұрсынов Абай творчествосын тексере, талдай отырып, оны өзiмен
замандас
өзге
ақындармен
салыстырады
(мəселен-Əбубəкiр),
олардан
айырмашылығын, артықшылығын дəл танытады.
Абай өлеңдерiнiң мағынасы терең, ойлы болып келедi, сондықтан да оны
оқығандардың бiр қатары мағынасына түсiнбей де қалатындығын, Абайды түсiну
үшiн байсалды ой, терең бiлiм, кең кругозор керек екендiгiн де баса айтады.
А.Байтұрсынов қарапайым адамның түсiнуi қиын өлеңнiң бiрi деп-Абайдың «Көк
тұман алдыңдағы келер заман» деп басталатын өлеңiн түгел келтiредi. Кейiн
«Абайдың осы сөзiнiң дұрыс емес, қате айтылған, жұмбақ қылып ашпай айтылған
ешнəрсесi жоқ Бəрi де дұрыс, түзу, тиiстi орнында айтылған сөздер. Оған оқушылар
түсiнбесе, ол Абайдың үздiк, iлгерi кетiп, оқыушылары шаңына ере алмағанын
көрсетедi,-деп түйiн жасайды.
Мiржақып Дулатов (1885-1935) - көрнектi қоғам қайраткерi, ақын публицист
əрi аудармашы.
10
М.Дулатов «Оян, қазақ» (1909) «Азамат» (1914) өлеңдер жинағының жəне
қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамалдың» (1910) авторы.
М.Дулатов 1914-жылы «Абай» атты ғылыми-зерттеу сипатында мақала жазды.
Мақала «Қазақ» газетiнiң 1914-жылға 23-маусымдағы №67 санында жарияланады
Мақала ұлы ақынның қайтыс болғандығының он жылдығына арнап жазылған.
Мақалада автор Абайдың өмiр жолын, өскен ортасын көрсетумен бiрге қазақ
əдебиетiндегi орнына, халқымыздың рухани өмiрiне қосқан үлесiне тоқталып өтедi.
Алдымен өркениеттi елдерде Абай тəрiздi ұлы адамдарының туылған, өлген жылдары
атаусыз қалмайтындығын, халқына iстеген қызметi, əдебиет пен мəдениетiне қосқан
жаңалықтары еске түсiрiлiп отыратындығын, мұндай шаралардың өсер ұрпақ үшiн
танымдық та, тəрбиелiк те маңызының молдығын ерекше атап көрсете келе, қазақта
мұндай дəстүрдiң жоқтығына, əлi қалыптаспағандығына ренiш бiлдiредi.
1905-жылы «Семипалатинский листок » газетiнде жəне одан соң Семей
географиялық қоғамы шығарған кiтапта Əлихан Бөкейхановтың Абай туралы
мақалалар жазғанын тiлге тиек етедi.
«Бүгiн Абай секiлдi атымен қазақ халқы мақтанарлық ақынымызды арамыздан
жоғалтқанымызға 10 жыл толуын еске түсiрiп, халқымыздың мұндай адамның қадiрiн
бiлмеуiн айтып қана өтемiз... Абай сынды ақынның қадiрiн бiлмеу қазақ халқының
зор кемшiлiгiн көрсетуге толық жарайды»-деп салиқалы ой астайды.
Абайдың əдебиетiмiздегi, жалпы қазақ мəдени өмiрiндегi орнын түсiндiре келiп,
«Əдебиетiмiздiң негiзiне қаланған бiрiншi кiрпiш Абай сөзi, Абай аты боларға керек.
Абайға шейiн қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ əдебиетi дерлiк
бiр нəрсе болған жоқ едi. Абайдың бiзге қымбаттығы да сол,»-деп түйiндейдi өз
пiкiрiн.
Мiржақып бұдан кейiн де өзiнiң бiрқатар мақалаларында Абай есiмiн аса жоғары
бағалап отырады.
Нəзипа Құлжанова- (1894-1938)-қазақ қыздарынан шыққан алғашқы журналист,
педагог, Абай мұрасының төңкерiске дейiнгi насихатшысы. 1914- жылы 26- қаңтарда
Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына байланысты Семейде əдеби кеш өткiзiп,
«Қазақ ақыны Абай (Ибраҳим) Құнанбаев» деген тақырыпта қазақ, орыс тiлдерiнде
баяндама жасаған.
Абай мұрасын танып талдауда демократтық бағыттағы ақын-жазушылар дұрыс
бағыт ұстанады. Бұл ретте, қазақ əйелдерiнiң iшiнен шыққан қайраткер əрi қаламгер
Н.Құлжанованы айрықша атап айту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |