42
шығарманың
соңында
берiлiп
отыратын
автордың
моральдық-этикалық,
дидактикалық уағыздарынан да анық көрiнедi.
Абай поэмалары оның Шығыс поэзиясымен байланысы ешуақыт үзiлмегенiн
жəне өзiнiң ақындық өнерi, реалистiк шеберлiгi кемелденген сайын сол дəстүрге
сыншыл оймен қарағанын, оған көзсiз елiктемей, өсiре əрi тереңдете отырып
пайдаланғанын растай түседi. Жалпы алғанда Абай поэмаларының классик ақынның
өз творчествосында да, жалпы қазақ поэзиясының тарихында да лайықты орны бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Этика жəне эстетика ұғымдарын қалай түсiнесiң.
2. Абайда эстетикалық талғамының қалыптасуына əсер еткендер кiмдер?
3. Абай сөз өнерi туралы қандай көзқараста.
4. Абай қазақ əндерiн қалай бағалады жəне қай турғыдан сынады.
5. Ақынның поэмаларының өзге халықтардың турмысынан алыну себептерi неден?
Əдебиеттер:
1. М.Əуезов «Абай Құнанбаев» (монография)
2. А.Нұрқатов Абайдың ақындық дəстүрi
3. Т.Əлiмқұлов жұмбақтан.
4. Қ.Жұмалиев. Абайға дейiнгi қазақ поэзиясы жəне Абай поэзиясының тiлi.
5. М.Əуезов. «Əр жылдар ойлары»
6. Ə.Нарымбетов «Қазақ поэмасы»
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРI, ОЛАРДЫҢ ЖАНРЫ, ИДЕЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI.
Жоспары:
1. Абайдың қарас сөздерi туралы
2. Қара сөздердiң жанрлық ерекшелiктерi.
3. Абай қара сөздерiнiң тақырыптары мен идеясы
4. Абай қара сөздерiнiң тiлi.
Тiрек сөздер мен ұғымдар: ғақлия, тасдихат, бiрлəн, яқини Иллан, тақлиди-
иман, слово назидания, ақыл-қайрат-жүрен, жан құмары, тəн құмары, ғылыми-
философиялық түйiн.
Көркем қара сөз қазақтың жазба əдебиетiнiң тари-хында Алтынсаринен
басталады. Публицистиканың алғашқы негiзiн қалаушы Шоқан болса, одан
дамытушы Абай. Абай-дың қара сөздерi көркем əңгiме емес, даналық сөздер, мақала,
43
ғылымдық, фило-софиялық шолулар. Сөйтiп ол өзiнiң көзқарасын дүние тануын қара
сөзбен де кейiнгiлерге қалдырып кеттi. Абайдың қара сөздерi мен өлеңдерiндегi
идеялар бiр-бiрiне қабысып отырады. Əйтсе де оның кейбiр қара сөздерiнде
өлеңдерiнде жоқ тақырып тiптi кейбiр қайшылық-тар да кездеседi. Бұл еңбектерiнiң
көпшiлiгiнде бұрын қозғалмаған тың, соңғы пiкiрлердi қозғайды. Үз кезiндегi
ақындардың еш қайсысының басына келмеген əлеуметтiк зор мəнi бар мəселелердi
сөз қылады.
Абайдың қара сөздерiнiң жалпы саны 43, бiрақ өте қысқа кейбiр қара сөздерi бiр
бет жарты беттен құралады. Солай бола тұрса да, əр қайсысы өз кезiндегi əлеумет
өмiрiнiң ең керек еткен күрделi мəселерiне арналған. Көп əңгiмелерiнiң өзiнше болып
саналады. Бiрақ бұл айтылғандардан оның қара сөздерiнiң iшiнде мазмұны
жақтарынан өз ара жақындық жоқ деген ұғым тумауы керек. Оның кейбiр əңгiмелерi
кейдi тақырыбын, кейдi мазмұны жағынан бiрiн-бiрi толықтыра түседi.
Абай қара сөздерiнiң жалпы санының ұғымы үшiн оның бiрнеше сөздерiне
тоқталамыз. Мысалы, «жетiншi», «отыз бiрiншi», «он тоғызыншы» сөздерi iлiм-
бiлiмдi, оны қалай игеру жөнiндегi ақынның ой-пiкiрлерiн аңғартады.
Өзi де «жетiншi» сөзiндеi «Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезден туаодыi
бiреуi-iшсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар тəннiң құмары, бұлар бомаса тын
жанға қонақ үй бола алмайды ҳəм өзi өспейдi қуат таппайды. Бiреуi-бiлсем екен
демектiк, не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып
аузына салып, дəмiн татып қарап, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай-керней
болса, даусына ұмтылып, онан ер жетiңкiргенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу
келседе, бiреу жыласа да туар жүгiрiп, «ол немене», «бұл немене» деп, «ол неге
үйтедi», «бұл неге бүйтедi» деп көзi көрген, құлағы естiгеннiң бəрiн сұрап тыныштық
көрмейдi. Мұның бəрi-жан құмары. Бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.»
Дүиенiң көрiнген ҳəм көрiнбеген сырын түгендеп, ең болмаса ден деп бiлмесе,
адамдықтың орны болмайды. Оны бiлмеген оң, ол жан адам жаны болмай, хайуан
жаны болады,-дейдi.
«Жетiншi» сөзiнде адам баласының сол «бiлсем» деген табиғи тiлегiн Абай
бақылай келiп өзiнiң өмiр тəжiрибесiнен түйгендерiн ғылыми-философиялық
тұрғыдан қорыта оған көлденең тұратын бөгеттердi сынайды, ал адам қайткенде
бiлiмдi болатындығының жолын көрсетуге «он тоғызыншы» сөзiн арнаған.
«Адам,-дейдi үлы ақынымыз Абай, ата-анадан туғанда естi болмайды, естiп,
көрiп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегi жақсы жаманды танидыдағы, сондайдан
бiлгенi, көргенi болған адам бiлiдi болады. Естiлердiң айтқан сөздерiн ескерiп жүрген
44
кiсi өзi де естi болады. Əрбiр естiлiк жеке өзi iске жарамайды. Сол естiлерден естiп
бiлген жақсы нəрселердi ескерсе, жаман дегендерден сақтанса, сонда iске жарайды,
сонда адам десе болады».
Бiрақ данышпан Абай тек осы айтқандарымен ғана қанағаттанып қоймайды. Осы
естiген, бiлген нəрселердi адам қайткенде есiне сақтап, қалай ұмытпай, оларды өзiнiң
өмiр серiгi етудiң əдiстерiн де көрсетедi. Бұл мəселеге оның «отыз бiрiншi сөзi»
арналған. Əңгiме қысқа, тұжырымды жəне оқушы жастар үшiн маңызды керектi.
«Естiген нəрсенi ұмытпастыққа түрлi-түрлi себеп барi əуелi көкiрегi байлаулы
берiк болмақ керек. Екiншi сол нəрсенi естiгенде, я көргенде ғибрат-лану керек.
көңiлденiп, тұшынып ынтамен ұғыну керек. :шiншi сол нəрсенi, iшiнен бiрнеше уақыт
қайтарып, ойланып, көңiлге бекiту керек. Төртiншi, ой кеселдi нəрселерден қашық
болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдерii уаймсыз,
салғырттық, ойыншы-күлкi-шiлдiк, я бiр қайғыға салыну, я бiр нəрсеге құмарлық
пайда болу секiлдi. Бұл төрт нəрсе-күллi ақыл мен ғылыми тоздыратын нəрселер.»
Өзiнiң өлеңдерiндегi тəрiздi қара сөздерiнде ұрлық парақорлық, пəлеқорлық,
парти-герлiк, мансапқорлық, тағы басқалар елдiң ел болуына зор бөгет екендiгiн айта
келiп. «қырық бiрiншi сөзiнде» Абай екi нəрсе ұсынадыi бiрiншiсi- «Бек зор үкiмет»,
екiншiсi - қаржы. :кiметтiң күшiмен қазақтың ұл, қыздарын ерiксiз түрде мектепке
берiп, оларды ғылымның əр саласына мамандандырып, ой санасын жаңаша тəрбиелеп
бұрынғылардан мүлде өзге психология, өзгеше наным-сенiмдегi адамдар етiп
шығарса, сонда ғавна елдiң түзелетiнiн айтқан.
Абайдың «он жетiншi сөзi» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы
үшеуi адам үшiн өздерiнiң атқаратын жұмыстарын айта келiп, əрқайсысы өзiн бiрiншi
орынға қойып таласады да, ғылымға төрелiкке жүгiнедi. Ғылым үшеуiнiң де
жақсылы, жаманды қасиеттерiн дəл сипаттап, əдiл сынайды. Жеке үшеуiнде де
кемшiлiк бар. «... Осы үшеудiң басыңды қос оның iшiн де жүрекке билет,»-дейдi
оларға ғылым.
Бұл мəселелер Абайдың осы əңгiмесiнде ғана емес, көптеген өлеңдерiнде де сөз
болады. «Əуеде бiр суық мұз, ақыл, зерек» деген өлеңiнде Абайi
Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда халық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке бiреуi жарытпайды,
Жолда жоқ жарым естi «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкi де жоқ.
Тулап, қайнап бiр жүрек қылады əлек.
Достарыңызбен бөлісу: |