23
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бұл сөздерi сол кездегi ұлтшылдық бағыттағы
«ойбайшылдық» деп пессимизм сарындағы əдебиеттiң идеялық, көркемдiк бағытын
сынау, кезi үшiн де, келешегi үшiн де келтiрер пайдасы жоқ, құнсыз, нəрсiздiктерiнiң
бетiн ашу болса, Абай күрескен ана тiлiн шұбарлауға да жас ақын өз ұстазының
үлгiсiнде жан-тəнiмен қарсы шықты. Бiз үзiндi келтiрiп отырған, «Қазақ тiлiндегi
өлең кiтаптары жайынан» атты мақаласының екiншi бiр жерiнде «Қайта,
бұрынғыларымыз хикаят болса да, тiлi қазақша, рухы қазақ рухына қарай бейiм
келгендiктен, өзiн сүйдiрушi едi.» Бұл жаңа «ойбайда шата тiлдер көп араласқан.
Кейде, шүлдiрлеп, кейде шолжақтап, жығылып, сүрiнiп жүрген жайы бар»,-деп,
сүрiнiп жүргендердiң əрқайсысына сол кезде басылған кiтаптардан мысалдар
келтiрiп, бəрiне де өлтiре соққы берiп, тiл тазалығы үшiн майдан ашты.
Сұлтанмахмұттың бұл көзқарасы-жалпы жазушылардың ой-пiкiрлерiнiң
жиынтығы. Олардың қайсысы болса да Торайғыровтың сөзiне қосылатындығы
даусыз.
Қазақ ауылының шындығы: əлеуметтiк теңсiздiк, əр алуан ала аяқ, сұм-
сұрқиялық, ар-намысты аяққа басушылық, мəдениетсiздiк, ел қамы, жұрт пайдасын
емес, өз қамдарын ойлаушылық тəрiздi iс-əрекеттердi көзiмен көрiп, жаны ауырған
жас ақын Iлияс та кемшiлiктердi ұстазы Абайдың үлгiсiмен сынау, шенеудi негiзгi
нысанасы етiп, оған ең қолайлы форма «Сегiз аяқ», «Алты аяқ» өлшемдерiнiң
құрылысы деп ұққан да, сол форманы қолданғанға ұқсайды. Iлиястың Абай үлгiсiнде
жазған өлеңдерiнiң бəрi де мазмұнына түрi сай келiп, сəттi шыққан.
С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Сəкен мен Iлиястарға қарағанда, Абайға соңырақ
келген-Бейiмбет Майлин. Оның Абай үлгiсiнде жазған алғашқы өлеңдерi 1922-
жылдан басталады. Б.Майлинның Абай үлгiсiнде жазылған өлеңдерi: «Оразада»,
«Жiгiт пен қыз» (1922), «Ғазиза» (1924), «Жаңартты қазiр жырды ауыл» (1929) жəне
«Əйт, шүу, ала атым» (1924), «Ұлы топ алдында» (1925).
Алдыңғы үш өлеңi «Алты аяқ», «Сегiз аяқ» өлшемдерiнiң үлгiсiнде
жазылған:
...Қарны
кепкен
Құдыреттен
Жұмақ сұрап
бай отыр.
Тырс-тырс
тасы-
Жан жолдасы.
Iрк-iрк еткен май отыр.
...Күн күлмей көктен,
Көзден жас төккен,
Малшы, малай,
батырақ;
Бауырлап басқан,
24
Өсiрмей
жастан,
Бай еңбегiн
сатып ап.
«Құлшылық»,
«құлдық» күндi ауыл,
Жаңартты қазiр
жырды ауыл!
«Əйт, шүу, ала атым», «Ұлы топ алдында»өлеңдерi алты буынды өлең үлгiсiмен
келедi. Абай алты буынды өлшеммен тек махаббат тақырыбына арналған лирикалық
өлеңдер ғана жазған: «Қызарып, сұрланып», «Көзiмнiң қарасы» т.б. Абайдың бұл екi
өлеңi де адамның сүйiспендiк сезiмiн суреттеуде таласы жоқ өлеңдер жəне өзiне
лайықты лирикалық əндерi де бар.
25
АБАЙ ЖƏНЕ ОРЫС, БАТЫС ƏДЕБИЕТI МЕН МƏДЕНИЕТI
Жоспары:
1. Абайдың орыс əдебиетi мен мəдениетiне ден қою себептерi.
2. Абай жəне орыс классиктерi.
3. Абай жəне Батыс мəдениетi.
4. Шығысым Батыс болып кеттi.
Тiрек сөздер мен ұғымдар: Реализм, сыншыл реализм, орыс классиктерi:
Л.Толстой, Салтыков-Щедрин, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов,
Гете, Мицкевич, Байрон, символизм, нигилизм, дворян əулетi, Батыс
философиясы.
Абай ақындық дəстүрлерiнiң революциядан бұрынғы қазақ əдебиетiнде орнығып
дамуы жайында сөз ете отырып, орыс реализмiнiң дəстүрлерi туралы, орыс
əдебиетiнен творчестволық жолмен үйрену жəне одан аудару туралы мəселеге соқпай
орағытып өтуге бола ма? тiптi бұлай болуы мүмкiн де емес.
Ең алдымен, орыстың классикалық əдебиетiнiң iгi əсерi нəтижесiнде
қалыптасқан қазақтың реалистiк жазба əдебиетi өзiнiң творче-стволық даму, өрлеу
жолында сол əсерден еш уақыт сырт қалған емес. Абай тұсында да жəне одан кейiнгi
кезеңде де осылай болады. Сондықтан ХХ ғасырдың бас кезiндегi қазақтың
демократтық бағыттағы əдебиетiнiң негiзгi сипаттары, даму заңдылықтары мен
ерекшелiктерi жайында сөз қозғалғанда жоғарыда аталған мəселеге де айрықша назар
аударылуға тиiс. Өйткенi, мұнсыз бiз өткендегi əдебиетiмiздiң, жалпы рухани
мəдениетiмiздiң тарихын толық елес-тете де, терең түсiне де алмаймыз.
Екiншiден, Абай дəстүрлерi жəне орыс реализмiнiң дəстүрлерi-бiрiн Бере жоққа
шығаратын, қарама-қайшы тұрған құбылыстар емес. Қайта, олар-бiрегей де тұтас,
ажырамас та егiз құбылыстар. Түптеп келгенде, Абайдың реалистiк поэзиясы, қазақ
əдебиетiнде ол негiзiн қалаған сыншыл реализм-орыстың классикалық əдебиетi
дəстүрлерiнiң жемiсi екендiгi де аян. Сондықтан бұл мəселелер бiрiн Бере өшiрмейдi,
əлсiретпейдi, қайта толықтыра, тереңдете түседi.
Үшiншiден, Абай төңiрегiндегi бiрталай ақындар жəне ХХ ғасырдың бас
кезiндегi қазақ əдебиетiнiң кейбiр өкiлдерi орыстың классикалық əдебиетiне ең
алдымен Абай арқылы, Абайдың творчестволық тəжiрибесi мен эстетикалық-
көркемдiк принциптерi арқылы барады, сол арқылы тереңдеп үңiлдi.
26
Абай өзiнiң бiр ғақлиясында: Орысша оқу керек: «хикмет те, мал да, өнер де,
ғылым да-бəрi орыста зор… Сен оның тiлiн бiлесiң, көкрек-көзiң ашылады…
Орыстың ғылымы, өнерi-дүниенiң кiлтi» (II, 179)-деп жазды. Мұнда Абайдың тек
ағартушылық жəне творче-стволық қана емес, сонымен бiрге тарихи мақсат көздегенi
де байқалады.
Ол кенже қалған қазақ халқы үшiн орыстың тiлi мен ғылымы, əдебиетi мен
көркем өнерi бүкiл адам баласының мəдени қазнасына жол ашатын, соның деңгейiне
көтерiле алуға мүмкiндiк беретiн жəне табиғаттың ғаламат сырларын танытатын
құрал деп бiлдi. Абайдың өз басы да дүние жүзiлiк əдебиет пен көркемдiк ойдың,
ғылыми ойдың биiгiне орыс əдебиетiарқылы, орыс тiлiндегi кiтаптарды тереңдеп оқу
арқылы жете. Орта Азия мен шығыс халықтарының арғы-бергi классиктерiнiң iшiнде
орыс мəдениетiне тұңғыш ден қоюшылардың бiрi ұлы Абай болуы-бiздiң ұлттық
мақтанышымыз, рухани мəдениетiмiздiң тарихындағы жаңа кезең, баға жетпес
құбылыс.
Абай орыс əдебиетiнiң нағыз классикалық дəрежеге жеткен кезiне, яғни оның
алтын ғасырына тап келдi. Көркем сөздiң небiр құдiреттi данышпандарын тудырған
орыс əдебие-тi бұл кезеңде бүкiл адам баласының рухани дамуына айрықша əсер
еткендiгi де аян.
Ол халықтық бағыттағы əрi нағыз гуманист-жазушыларға, жаңа тұрптт-ты
суреткерлерге соншалықты бай едi.
Бұл кезеңдегi орыс əдебиетi Пушкин мен Лермонтов, Гоголь мен Салтыков-
Щедрин, Белинский мен Герцен, Чернышевский мен Добролюбов, Некрасов пен
Тургенов, Толстой мен Чехов тəрiздi алыптардың есiмдерiмен сипатталады. Абай
солардың бəр-бəрiн дерлiк тереңдеп оқыған, аса жоғары бағалаған. Жалпы қазақтың
реалистiк жаңа əдебиетiнiң қалыптасуына солардың қай-қайсысының да
творчествосының, эстетикалық-көркемдiк ойларының шапағаты аз тиген жоқ.
Абайдың Пушкин мен Лермонтовтан творчестволық жол мен үйренгенi,
олардың шығармаларын аударғаны жəне Белинский мен Чернышевскийдiң лұғатты
ой-пiкiрлерiнен тағлым алғаны айдай əлемге анық.Ол қазақтың реалистiк жаңа
əдебиетiн осы жолмен ғана жасай алды.
Ал оның басқа жазушылармен,мысалы Гогольмен, əсiресе Салтыков-Щедрин
мен Толстой есiмдерiн зор iлтифатпен атайтыны бар. Бұл-айрықша бағалы факт.
Бiрақ бұл аз. Мəселенiң түйiнiн мұнымен ғана түсiндiрiп қою тапшылық етедi. Бiз
тағы да Абай творчествосына, əсiрiсе оның сатиралық шығармаларының тереңiне
үңiлемiз. Сонда Абай Салтыков-Щедрин сатирасының идеялық бағытына əсiресе
Достарыңызбен бөлісу: |