Филология факультетi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет6/21
Дата15.11.2018
өлшемі0,54 Mb.
#20278
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 

17

Абай поэзиясындағы шығыстық белгiлер жайындағы ауыр тақырыпқа зерттеушi, 



əсiресе 1934-жылдан бастап ерекше ден қоя бастады.  

Бiрiншi  кезең  жас  ақынның  жиырма  жасқа  (яғни 1865жылға)  дейiнгi  өмiр 

кезеңiнқамтиды.  Мұны  М.Əуезов  шығыс  классиктерiне  таза  елiктеу  дəуiрiдеп 

таныған.  Шығыс  классиктерiне  қарым-қатынасының    алғашқы  кезеңiнде-ақ  Абай 

медреседе  шағатай  əдебиетiн  оқып  жүргенiне  қарамай,  осы  жылдар  аралығында 

жазған  өлеңдерiнде  сопылық  поэзия  сарынына  бой  алдырмайды.  Суфизм 

поэзиясында  ғашықтың  сезiм-тəңiрiге  қосылудың  жолы,  пендiлiктiң  кəмалаттығына 

жетудiң  жолы  деп  жырланатын  дəсдүрлi  сопылық  пəлсапаға  соқпайды.  Бiрақ  тiл 

шұбарлығы атой салып тұрса да:  

    Сүлеймен, Ямшид, Искандəр 

Ала аямас барша мүлкигə- 

деп, ғашықтың сезiмдi байлық пен бiлiктен де жоғары тұратын қастаелi сезiм деп 

танитын бала ақын, Науаи, Фзули, Сағди, Жами, Низами поэзиясындағы шын өмiрдi 

жырлап, махаббат сезiмiн ардақтайтын саланы сағалайды. 

Екi кезең аралығында (1860-1865, 1886-1890)  Абайда өнер-ғылым мен ақындық 

жолдағы шығыстық арна белгiлердiң өсу, толысу жолдары жатыр. М.Əуезов Абайдың 

шығыс  классиктерiне  қарым-қатынасын  анықтағанда: «Абайдың  Науаи,  Низами, 

Фзулилер  мен  Қожа  Ахмет  Яссауидiң    “Хикметi”  типтес  мистикалық  суфизм 

əдебиетiне  қатынасын  өте  қатаң  түрде  ажырату  қажет» - деп  Абайдың  шығыс 

классиктерi  мен  суфизм  əдебиетiне  қарым-қатынасындағы  ерекшелiктердi  терең 

зерттеп,  жете  ажырату  керектiгiн  абайтанудағы  елеулi  мiндеттердiң  бiрi  ретiнде 

көтердi.  

Абай шығармаларындағы шығыстық белгiлердi шығыс классиктерiнен iздестiре 

бастағанда,  оларды  негiзiнен  а)  Абайдың  махаббат  лирикасынан;  ə)  дидактикалық 

өлеңдерiнен;  б)  өсиет-үлгi  сарындас  өлеңдерi  мен,  əсiресi,  қарасөздерiнде  жүйелi 

түрде  өз  танымын  желiлеп  таратып  отыратын  толық  адам  жөнiндегi  ой-

толғаныстарынан да жиi ушыратамыз.  

М.Əуезов  “Абайға  шығыстан  кiрген  бұйым-дардың  басы  ислам  дiнi,” –деп 

көрсеткенде  бұл  пiкiрдiң  түп  төркiнiде  үлкен  тарихи  шындық  жатқанын  ескерiп 

барып айтқан.  

М.Əуезов дiнге нанған адам ретiнде Абайдың iшкi дүниетанымының сыры 1894-

1895-жылдардағы  жоқтау  өлеңдерiнде  жиi  аңғарылады  деп  қарайды.  Бұл  ерекшелiк, 

əсiресе,  Əбдiрахман  өлiмiне  арналған  iшкi  көңiл-күйiн,  қайғы-наласын  маеырақ 

сездiрген  арнау  өлеңдерiнде  бəрiнен  де  ашық  байқалады.  Эпопеяда  Абайдың  осы 




 

18

тұстағы  iшкi  нанымдары  сол  арнау  өлеңдерiн  негiзге  ала  отырып  суреттеуi  де  жай 



нəрсе еместi.  

М.Əуезов Абайдың шығыстан аяған бұйымдарының  басын исламиятқа қатысы 

жайлы нанымын зерттеу үстiнде қорытқан ойларын эпопея желiсiнде таратқанда екi 

түрлi тезистiк желi негiзiнде таратылған.  

«Абай дiнi - сыншыл ақылдың шартты дiнi».  

а) “Жан  құмарынан” “жан  сырына”  қарай.  М.  Əуезов  Абай  дiнi - сыншыл 

ақылдың шарт-ты дiнi деген тезистегi ойларын, негiзiнен, 1895-жылы жазылған “Лай 

суға май бiтпес қой өткенге”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес” деген философиялық 

лирикасын талдау үстiнде нақтылы тарату арқылы аша түскен   

М.Əуезов  Абайдағы  жан  мен  тəн  ұғымына,  яғни  “менi”  мен  “менiкiнiң” 

мағынасын  талдауға  ерекше  мəн  бере  қараған.  Жан  мен  тəн  жөнiнде  арнайы  пiкiр 

таратқанда  Абайдың    айтайын  деген  басты  ойы  сыртқы  болмыстың    санамызға 

сəулеленiуi  арқылы  пайда  болатын  əрi  сол  процесс  арқылы  туындайтын  жан  қуаты 

жайлы  таным  екендiгiне  айрықша  назар  аудармақ  керек.  М.Əуезовтың  Абайдың 

исламиятқа 

қатынасын 

анықтауда 

бүкiл 


абайтану 

саласындағы 

зерттеу 

жұмыстарында  айтылар  ой  желiстерiнде  негiз  етiп  ұстанар  екiншi  тезисi:  Абайдың 

дiнi-«ақылдың,  адамгершiлiктiң  дiнi»-деген  ойға  тiреледi.Осы  жатылған  ой 

толғаныстарының өзеқтi желiстерiн, əсiресе, Абай өмiрiнiң соңғы шағында жазылып, 

терең ойға қурық салған əр түрлi күрделi мəселелер төңiрегiнде қозғайтын «Алланың 

өзiде рас, сөзi де рас» өлеңiн талдау үстiнде берген. М.Əуезов Абай шығармаларының 

шығысқа қатысын зерттей келiп, ұлы ақын шығармаларында қамтылған адамшылық 

ойының биiк шыңы болған желiлi де түбiрлi ойлар шоғырын талдағанда: 

«Ол  адамгершiлiктi,  моральдың  философияны  барлық  жайдан  жоғары  қойды» 

дейдi.  


Абайдың  əдеби  ортасы  мен  ақындық  мектебi  жайлы  аса  күрделi  ұғымдарды 

қамтитын  проблемаға  М.Əуезов 1934жылы  Абайдың  қайтыс  болуына 30жыл  толу 

қарсаңында  жазылған  «Абай  ақындығының  айналасы»  деген  зерттеу  мақаласында 

алғаш рет арнайы тоқталады. 

Абай  мұрасының  рухани  нəр  алған  көздерiн  анықтап,  ол  жайлы  өз  танымын 

айқындаумен  қатар  Абайдың  тiккелей  қарым-қатыста  болып  араласқан  əдеби 

ортасымен қоса, ақын өмiрiнiң  соңғы он жылында өз маңында жетiлiп, ақындық өнер 

көрсете баста-ған өнерлi топқа да жiтi көңiл бөле бастайды. 

Абай мұрасының рухани нəр алған  көздерiнен:  



 

19

1)  Көне  дəуiр,  европа,  орыс  мəденiетiне  байланысты  қаралатын  ақындық  кiтап-



ханасының жайы мен Абай жəне орыстың класси-калық  əдебиетi; 2) Абай жəне қазақ 

əдебиетi; 3) Абай мұрасының халықтығы; 4)  Абайдың реализмi; 5) Абайдың ақындық 

дəстүрi  жəне  оның  қазiргi  əдебиеттегi  орны  жөнiндегi  т.  б.  көптеген  мəселелер  өз 

алдына  жеке  жеке  арнайы  зерттеулер  мен  көлемдi  монографиялық  еңбектердi  талап 

етедi.     

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Мұхтар Əуезовтың абайтануға келiуiнiң себептерi 

2.  М.Əуезов-Абай өлеңдерiн жинаушы, зерттеушi. 

3. М.Əуезов-Абай творчествосының нəр алған қайнар-лары хақында. 

4.  М.Əуезовтың  абайтану iлiмiне қосқан үлесi: 

5. М.Мырзахметовтың  «М.Əуезов жəне Абайтану проблемалары» кiтабын оқып, 

түсiнгенiн айтып бердi. 

Əдебиеттер: 

1. М.Мырзахметов «М.Əуезов жəне Абайтану проблемалары» 

2.  М.Əуезов  «Абай Құнанбаев» монеграфия. 

3.  М.Əуезов шығармаларының жинағы 20 томдық, 20-том. 




жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау