Филология факультетi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет21/21
Дата15.11.2018
өлшемі0,54 Mb.
#20278
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 

63

Құмарлық бiр нəпсi үшiн болады сол. 



Сенен артық жан жоқ ғашық болдым. 

Мен не болсам болайын сен аман бол. 

Ер  мен  əйелдiң  арасындағы  қарым-қатынас  семья    құру  мəселесiнде  Абай  тек 

қана бiрiн-бiрi  шын жүректен сүйген махаббаты, соның негiзiнде ер мен əйелдiң бiр-

бiрiн iздеп табушылығын мойындайды. Құмарлық нəпсiге берiлушiлiктi шеней келiп, 

ақын бұл мəселеде  де өзiнiң көзқарасын айқындайды. Махаббат, сүйiпендiк туралы 

бұл  айтылғандар  тəрiздi  философиялық  көзқарас,  терең  ойлар  ұсынуы  өз  алдына, 

сонымен қатар, махаббатты ғажап, əдемi, кiршiксiз таза, əрi нəзiк нəрсе етiп жырлауы 

айрықша  көңiл  аударарлық  жайт.  Бұл  жағынан  Абайды  махаббат  жыршысы  деуге 

болады. Махаббат, сүйiспендiкке арналған ақынның лирикалық өлеңдерi көркемдiгi, 

шындығы  жəне  сүйiскен  жастардың  ой-сезiмдерiндегi  психологиялық  жайларды 

суреттеуi  күнi  бүгiнге  дейiн  мəпин  жоғалтқан  жоқ.  Абай  лирикасының  махаббатты 

поэзиялық биiкке шығарған туындылары сапына қосылатындығына шəк келтiрулерге 

болмайды. 

Махаббат  тақырыбымен  байланысты  жазылған  Абай  өлеңдерiнiң  лирикалық 

геройлары  бiр-бiрiн  қалтқысыз  шын  сүю  үшiн  екiншiсi  жан  беурге  əзiр.  Мысалға 

«Жiгiт пен қыздың сөзi» дейтiн өлеңiн алайық: 

                Жiгiтi : 

Сенен артық жан тумас 

Туса туар, артылмас 

Бiр өзiңнен басқаға, 

Ынтықтығым айтылмас 

десе, қыз:  

                   Ақылыңа сөзiң сай, 

Сөз жалын шоқ, бiз бiр май, 

                   Ыстық сөзiң кiрдi iшке, 

                   Май тұра ма шыжымай - дейдi . 

Абайдың махаббат тақырыбындағы жырларының көркемдiк ерекшелiкте-рiн сөз 

еткенде,  екi түрлi жайтқа көңiл аударуға тура келедi. Бiрiншi, ескi қазақ аулындағы, 

жастардың еркiн жүрiп ашық сөйлесуiне жол тар кезде, қиыннан тоят тiлеп, қияға қол 

созған екi ғашықтың кездескен картинасаның өмiр шындығына дəлдiгi, екiншi аңсап 

қосылған  сол  жастардың  сүйiнiшi,  жүрек  лүпiлдерi,  психологиялық  сезiмдерi 

мейлiнше шебер суреттеледii 

Желсiз түнде жарық ай 




 

64

Сəулесi суда дiрiлдеп, 



Ауылдың жаны терең сай, 

Тасыған өзен гүрiлдеп. 

Қалың ағаш жапырағы 

Сыбырласып өздi-өзi 

Көiрнбей жердiң топырағы 

        Құлпырған жасыл жер жүзi 

Тау жаңғырып, əн қосып, 

Үрген итпен айтаққа 

Келмеп пе едiң жол тосып 

Жолығуға аулаққа. 

Ұш  шумаққа  ескi  қазақ  аулының  бiр  кешiн  сыйғызып  жəне  қандай  əдемi  етiп 

бере  алған.  Сондлғы  бiр  бейуақ  айлы  түн,  əдемi  кеште  алыстан  аңсаған,  екi  жастың 

кездескен-дiгi  күйiнiш-сүйiнiш  iшкi  сөзiм    дүниесiн  суреттеген  жерiн  алсақ  қандай 

шеберлiк, қагдай шындық деп таңданбасқа болмайтын сықылды. 

Бiр суынып, бiр ысып, 

Дем ала алмай дамыл ғып 

Елең қағып, бос шошып 

Сөз айта алмай бөгелiп, 

Дүрсiл қағып жүрегi 

Тұрмап па едi сүйенiп, 

Тамаққа кiрiп иегi 

Адам басын да болатын сан-алуан сезiмдердiң iшiндегi ең күштi сезiм Мопассан 

айтқандайi «Қлiмнен  күштi-сүйiпендiк»  болса,  сол  сезiмдi  суреттеудегi  ақын 

қаламынан шыққан лирикалық өлеңдердiң ең биiгi «Қызарып, сұрланып». «Көзiмнiң 

қарасы». 

Абайдың  махаббат  лирикасы  өз  кезiнде  де  өзiнен  кейiн  де  жастар  əнi  болды. 

Күнi  бүгiнге  шейiн  Абайдың  бұл  тақырыпқа    жазылған  өлеңдерiн  жатқа  бiлмейтiн 

жастар аз шығар. 

Абай-өз  дəуiрiне  қатал  сыншы  болған  адам.  Қаранғы  даладағы  қат-қабат  қарау 

əрекеттер-заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күгiзелтедi де, дəл осы жеке 

басқа  тəн  жай-күйлер  ендi  бiрде  арнасынан  асып,  қоғамдық  сипат  алған.  Сонда, 

ақынның бiр адамды сынағаны сол сияқты бүтiн бiр қауымды сынағаны, тiлiн болыс 

пен  ұлыққа  тұйресе,  сол  кеселдi  туғызып  отырған  патша  əкiмшiлiгiне  түйрегенi 

болып шығады. 




 

65

Болыс болдым мiнекей, 



Бар малымды шығындап, 

Күштiлерiм сөз айтса, 

Бас изеймiн шығындап. 

Əлсiздiң сөзiн салғырссып 

Шала ұғамын қырындап. 

Сеъзд бар десе, жүрегiм 

Орнықпайды суылдап, 

Сыртқыларға сыр бермей, 

Құр күлемiн жымыңдап. 

Осында  сол  тустағы  ел  билеумiнiң  екi  жүздi  кескiн-кейпi,  мiнез-құлқы 

оқыушының  дəл  көз  алдында  келмей  ме?  Осы  секiлдi  саяси  сипаттағы  сатиралық 

өлеңдерiне Абай болыс билердiң адам шошығандай қылығын, құлқын ғана сүреттеп 

тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады. 

Қараңғылыққа, надандыққа жаны күйген Абай дүйiм журтты қайткенде түзеудiң 

жолын  көздеп,  бiр  тоқтаған  түйiнi-ғылым,  өнер  болса,  соның  iшiнде  еңбектi  тауып 

халықтысоған үндедi; 

Тамағы тоқтық, 

Жүмысы жоқтық, 

Аздырар адам баласын 

Еңбек қылсаң ерiнбей, 

Тояды қарның тiлiнбей. 

Абайдың  əлеуметтiк  тақырыптағы  өлеңдерi  көп.  Соның  бəрiне  желi  боп 

тартылып  жатқан  негiзгi  идея-қалың  буқараның ''көзiн  қойып,көңлiн  ашу'',  қараңғы 

қауымды  еңбекке,  бiлiмге,  өнерге,  адалдық  пен  адамгершiлiкке  бастау,  азаматтыққа 

тəрбиелеу; замандастарын орыс халқының прогресшiл мəдениетiне əкелу.  

''Күз''  деген  өлеңiне  iлесе  жалғасып,  тақырып  жағынан  үласа  үштасып  жататын 

''Қараша,  желтоқсанмен  сол  бiр-екi  ай''  деген  өлең,  сөз  жоқ,  Абайдың  саяси 

лирикасының ең тұйiндi бiр түсы. Əуелi қысқа ғана табиғат сүреттерiн өрнектеп, одан 

шаруажайға көшiп, iле-(шала) мүнан түған қоғамдық қарым-қатынасты сүреттейдi де, 

одан алған өзiнiң ақындық əсерiн, азаматтық пiкiрiн қорытады. 

Кедейдiң өзi жүрер малды бағып, 

Отыруға отын жоқ үзбей жағып. 

Тонған иiн жылытып, тонын ийп, 



 

66

Шекпен тiгер, қатыны бүрсең қағып. 



Бұл-Абай  заманындағы  типтiк  көрiнiс:  түндей  қаранғы,  қапас  түрмыста  қоңыр 

iңiрдей күңгiрт мұңы, арман-сыры бар кедей үйiнiң жабырңау өмiрi. Таңның атысы, 

күннiң батысы аяғы сайға тимей үйқысыз да күлкiсiз, бай малының соңында сабылып 

өзi  жүрсе,ызынаған  қырық  қүрау  қараша  үйде  ең  болмаса  жылынар  отыны  да  жоқ, 

құныса бүрсiп, жыртық шекпенiн жамап əйелi отыр. Бұл-бiр көрiнiс: кедейдiң қоңыр 

лашығындағы  кiрiжай.  Осыған  салыстыра  ақын  бай  үйiнiң  бiр  қалпын  көзге 

елестетең Кəрi қой ептеп сойған байдың үйi-дейдi де, əлiгiсiне қайта оралып            

Қай жерiнде кедейдiң тұрсын күйi 

Қара қидан орта қап урыспай берсе 

О да қылған кедейге үлкен сыйы 

-деп  тағы  да  өз  ортасындағы  тапшы  турмыс  жайын  айтып,  теңсiздiк 

сырын баяндайды. 

Қар жауса да тоңбайды бай баласы, 

Үй жылы киiз тұтқан айналасы 

Уайым жоқ, қайғы жоқ, тамақ тоқ, 

Көйлек көк, бұлаңдап өскен бай баласы. 

Бұл-бiр көрiнiс. Жə,ендi кедей баласы, əлгi жыртық лашықтағы жарлы жақыбай 

ата-ананың жалғыз ұлы не күйде 

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты, 

Ағып жүрiп ойнатар көздiң жасы. 

Жалшыдан туған кiнəсiз сəби балада жалшы 

      Байға əке-шешесi қызмет етсе, бай баласына бұл да тəуелдi халде. 

      Бəрiнен  бұрын,  дəл  осы  шындықты,  дəлiрек  айтқанда,  теқсiздiктi  Абайдың 

тура тауып, тануы көргендiк ғана емес, кемеңгерлiк болатын. Оның үстiне, өзi таңып 

қана  тынбай,өмiрдi  өнерге  көшiрiп,  өзгеге  танытуы  өзiнен  бұрын  көп  адамның 

қолынан келе бермеген шыншылдық.  

Абай өзi суреттеп отырған өмiр шындығынан көрiнген кедейдiң ауыр турмысына 

оқушысының аяныш сезiмiн туғызып, өзi де iштей сол жағында болады. Тiлегi ауып, 

мейiрiмi түсiп турады. 

Абай Қунанбаевтың  XIX-ғасырдағы қазақ əдебиетiндегi қызыметi зор. Ол халық 

тiлiмен  жаңа  реалистiк  əдебиеттiң  негiзгi  қалады.  Өмiр  шындығын  терең  қамтып, 

оның  қайшылығын  көрсетiп  бердi.  Халық  өмiрiн  поэзия  кестесiне  түсiрiп,  көркем 




 

67

əдебиетте жаңа образдар галереясын жасады. Сондықтан да бiз оны қазандық жазба 



əдебиетiнiң  жыл  қусы  деймiз.  Əлеуметтiгi  көзқарасы  жағынан  ол  үлкен  демократ 

болды. 


Əдебиеттер: 

1. Абай шығармалары. 

2. М.Əуезов. Əр жылдар ойлары. 

3. Қ.Жұмалиев. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ əдебиетi 

4. Т.Əлiмқұлов. Жұмбақ жан. 

5.М.Мырзахмедов. Мұхтар Əуезов жəне абайтану проблемалары.  



Сурақтар мен тапсырмалар

1. Абай ақындығының алғашқы кезеңi. 

2. Абайға əсер еткен ақындық орта деп ненi түсiнесiң. 

3. Абайға əсер еткен қазақ ақындары туралы не бiлнсiң.  

4.  Ақын  лерикасының  денi XIX-ғасыр  сексенiншi  жылдарынан  соң    жазылу  себебi 

неде деп бiлесiң 

5. Ақынның лирикасындағы тақырыптың жаңалықтар не, олардың себептерi 

6. Абай лирикасының жанрлық байлығы туралы айт. 

7. Орыс поэзиясының дəстүрi, оның Абай шығармаларында алатын орны.   

АБАЙДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ 

Жоспары: 

1. Абай-педагог ақын. 

2. Абай-ғылым, өнер туралы. 

3. Абайдың психологиялық пiкiрлерi. 

4. Ақынның педагогикалық пiкiрлерiнiң маңызы. 

Қараңғыда  қазақ  елiнiң  ортасынан  жарқырап  шыққан  жарық  жұлдыздай 

жалынды  пiкiр  иесi  Абай  өз  халқын  iлгерi  сүйреудiң  қамын  ойлайды.  Елдi 

мəдениетке,  ғылымға  шақырады.  Абай  да  Шоқан,  Алтынсарин  ұстаған  бағытты 

өрiстетушi  болады.  Дүние  жүз-лiк  мəдениетке  қол  созған  данышпан  ақын,  өз  елiн 

мəдениетке шақыра отырып, жастар-дың алдына оқу, өнер, бiлiм мəселесiн қояды. 

Жасымда ғылым бар деп ескермедiм, 

Пайдасын бiле тұра тексермедiм. 

Ер жеткесiн түспедi уысыма, 

Қолымды мезгiлiнен кеш сермедiм. 




 

68

Деп өзiнiң жас кезiнде оқи алмай қалғанын арман етедi. «Жастар менiң мұңымды 



үлгi алма, жастық шақты бос өткiзбей, оқуға, ғылым алуға жұмса» дегендi айтады. Ол 

кезде байлардың балаларын оқытқандағы мақсатыi шен алу, патша өкiметiне қызмет 

ету, елдегi өз қожалығын берiк ұстау болса, Абай ғылым алуды, ғылымды ел керегiне 

жұмсау-ды мақсат етедi. Абайдың бұл мақсаты, əсiресе «Интернетте оқып жүр» деген 

өлеңнен  айқын  көрiнедi.  Оқытқан  əкенiң  де,  оқыған  баланың  да  ой-өрiстерiнiң 

тарлығын,  орыс  тiлiн  бiлудегi  мақсат  «прощение»  жазудан  əрi  аса  алмай  жүргенiн 

сынай келедi. 

Абай  жастардың  алдында  тұрған  зор  мiндет-ғылым  қайткен  күнде  де,  ғылымға 

қол созу керек деп, көп өлеңдерiнде-ақ ғылымды жыр етедii 

Ғылым таппай мақтанба, 

Орын таппай баптанба. 

Ойнап босқа күлуге... 

Ғылым болма немене 

Балалықты қисаңыз, 

Болмасаңда ұқсап бақ 

Бiр ғалымды көрсеңiз. 

«Ондай болмақ қайда»-деп, 

Айтпа, ғылым сүйсеңiз. 

деп  ақын  адамның  ең  қымбатты  кезiнiң-жастық  шақтың-оқуға,  ғылымға 

жұмсалуын  талап  етедi.  Ойын-сауықты  кейiн  қоя  тұрып,  алдымен  ғылым  жолында 

еңбек ет, iзден, ғылымдардан үлгi ал, солардай болуға тырыс деп айта келедi. 

Абай  халықты    тек  жалаң  ғылымға  ғана  үндеп  қойған  жоқ,  жастардың 

болашағына  үлгi  боларлық  ақылдар  айтты,  қандай  нəрседен  қашып,  қандай  нəрсенi 

өзiне жолдас ету керектiгiн көрсеттi: 

Бес нəрседен қашық бол 

Бес нəрсеге асық бол, 

Адам болам десеңiз, 

Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда, 

Оған қайғы жесеңiз, 

Өсек, өтiрiк, мақтаншақ, 

Ерiншек, бекер мал шашпақ, 

Бес дұшпаның бiлсеңiз, 

Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рақым ойлап қой, 




 

69

Бес асыл iс көнсеңiз. 



Абайдың бұл сөздерiнiң мəнi күнi бүгiнге дейiн зор. Күнi бүгiн айтылып отырған 

сөз сықылды. Ақыл айтқанi өсек, өтiрiк, мақтаншақтық, ерiншек, орынсыз малшашу 

сияқты терiс əдеттерге бiз күнi бүгiннiң өзiнде де аяусыз күрес ашып келемiз, бiз де 

жастарды  осы  айтылғандарға  қарсы  тəрбиелеймiз.  Ал  оның  айтып  отырған  талап, 

еңбек,  ғылым,  қанағат,  рақымы  да  қазiргi  тəрибеге  дəл  келедi.  Талап  ет,  еңбек  ет, 

ойлы  бол,  бiр  нəрсенi  өз  бетiң-мен  iздеуге  тырыс,  досқа  қайырымды  бол  деп  бiз  де 

айтамыз. Абай айтқан бұл пiкiрлердiң бəрi де бүгiнгi тiлекпен түгел қабысады. 

Əрине,  Абайдың  тəрбие  жөнiнде  айтқандары  жалғыз  бұл  емес.  Басқа  өлеңдерiн 

былай қойғанда «Ғылым таппай мақтанба» өлеңiнiң өзi де тəрбиелiк мəнi зор үлкен-

үлкен  мəселелердi  жастардың  алдына  қояды.  Байға,  ақсақалға  бас  имеу,  шыннан 

өтiрiктi  айыра  бiлу,  не  болса  ақылға  салып  айту  сияқты  ақылдар  айтып  жастарды 

адамгершiлiкке  үйре-тiп,  олардың  мiнез-құлқын,  көзқарасын  дұрыс  жолға  салатын 

кеңес бередi. 

Абай ғылым мен еңбектi еш уақытта бөлiп қарамайды. 

Қызмет қылып мал таппай, 

Ғылым оқып ой таппай- 

Құр үйiнде жатады,- 

деген тəрiздi еңбек пен ғылым мəселесiн қатар көтередi. Талап, еңбек, ой, рақым 

деген  сөздер  Абайда  əр  жерде  əр  түрлi  айтылғанымен,  құятын  арнасы  бiреу.  Талап 

пен еңбек бiр жерде қайрат болып, ой-ғылым болып, рақым жүрек болып айтылса да, 

ақыл,  еңбек,  жүрек,  ғылым-осы  төрт  сөздiң  маңынан  алыс  кетпейдi.  Оның  көп 

өлеңдерiнде осы төрт сөздiң мəнiн кеңiнен шолып, тереңiрек түсiнгендiгi байқалады. 

Қазақ  халқында  искусствоның  архитектура,  скульптура,  живопись  тəрiздi 

салалары  кейiн  қалды.  Олардың  кейбiр  элементтерi  туралы  болмаса,  мынадай 

архитектура не живописiмiз бар деп ешкiм айта алмайды. 

Егер  искусствоның  негiзгi  бiр  саласы  əн  мен  өнер  десек,  бұл  соңғы  екеуiн 

алдыңғы-лармен салыстырғанда, анағұрлым өскен, қанатын кең жайған түрлерi деуге 

болады.  Ғасырлар  бойы  жасалып  келе  жатқан  сөз  өрнегiнiң  негiзiн  салған  халық 

əдебиетi өзiнiң құндылығымен ел жүрегiнен орын алып, бүгiнге дейiн сақталып келдi. 

Бiр дəуiрдiң, не тарихи үлкен оқиғаның айқын айнасы болған күйлер, тамаша əндер 

халықтың  өзi  туғызған  зор  мəдени  байлығы  едi.  Абай  мұны  жақсы  түсiндi. 



 

70

Искусствоның əлеуметтiк мəнiн дұрыс ұға бiлумен қатар, оның əр түрiне ғылыми баға 



беруге тырысты. 

Сөз өнерi жөнiнде қазақ елiнде бұрын-соңды Абайдай асқан құнды пiкiрдi ешкiм 

айтқан емесi 

Туғанда дүние есiгiн ашады өлең, 

Өлеңмен жер қойнына кiрер денең, 

Өмiрдегi қызықтың бəрi өлеңмен, 

Ойласаңшы  бос  қақпай,  елең-селең,-деп,  Абай  жалпы  халық  өмiрiнде  өлеңнiң 

қандай  мəнi  бар  екендiгiн  айқын  көрсетiп  бердi.  Бала  туғандағы  шiлдехана,  қыз 

ұзатқандағы  той  бастар  өлеңдерi,  адам  өлгенде  айтылатын  жоқтаулармен  дəлелдей 

келiп,  өмiрде  искусствомен  байланыссыз  еш нəрсе  жоқ дейдi.  Шынында  да,  өмiрдiң 

барлық салалары көркемөнермен байланысты дамып отырғаны сөзсiз. 

Абай  көре  бiлген  кемшiлiктердiң  бiрi  қазақ  поэзиясын  шұбарлаған  араб,  парсы 

сөздерi  болды.  Ислам  дiнi  арқылы  түрiк,  татар  əдебиетi  арқылы  қазақ  əдебиетiне  де 

араб, парсы сөздерi кiре бастады. Бұрынғы əдебиеттерде там-тұмдап қана болса, Абай 

кезiнде тiл шұбарлау недəуiр өрiстегенi байқалады. Жас ақынның өзi де оған елiктедi. 

Бiрақ  ол  ес  бiлiп,  ақындық  өнерi  қалыптаса  бастасымен-ақ,  араб,  парсы  сөздерiмен 

тiлдi  шұбарлаудан  бас  тартып,  өлеңдердiң  тiлi  неғұрлым  таза,  халыққа  түсiнiктi 

болуына көiл бөлдi. 

Бiрақ  Абайдың  əн  жөнiндегi  айта  қалғандай  еңбегi-əнге  баға  берушiлiгi.  Абай 

əннiң көркемөнерлiк қасиетiн де, əлеуметтiк мəнiн де жақсы түсiнедi. 

Шырқап, қалғып, сорғалап тамылжиды, 

Жүрек тереп оятар, баста миды. 

Бұл дүниенiң лаззаты бəрi сонда, 

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды. 

Ұйықтап жатқан сыйды əн оятар,  

Орың тəттi оралған мəнi оятар. 

Кейi зауық, кейi мұң дертiн қозғап.  

Жас балаша көңiлдi жақсы уатар. 

Бұл  үзiндiде  əндi  көркем  өнердiң  жоғарғы  бiр  түрi  деп  бағалаушылық  былай 

тұрсын, оның əсiресе адам өмiрiне керектi жағы тамаша айтылған. Абай өз кезiндегi 

əн  салушы-ларға  да,  əндi  тыңдаушыларға  да  риза  болмайды.  Əннiң  əлеуметтiк 

тəрбиелiк мəнiн əн салушылардың көбi ұқпайды, тыңдаушыларды да солай, бұл басты 

кемшiлiктiң бiрi дейдi. 

Сол сықылды, ол əн салушыларды да екiге бөледi: 




 

71

Көбiнесе əн басы келедi ащы, 



«Кел тыңда

!»-деп, өзгеге болар басшы. 

Керiм толғап тауысар қаңғыр-күңгiр, 

Сол жерiне ойыңмен араласшы

!-деп. 

Абай  əдебиет  жəне  музыка  мəселесiне  ерекше  көңiл  бөлiп,  музыкалық  өнердiң 



дамып, жоғарғы дəрежеге жетуiн тiлек еттi. Музыканың тəрбиелiк мəнiн, əлеуметтiк 

өмiрiндегi қызметiн дұрыс түсiндi. 

Сөйтiп,  ұлы  ақынымыздың  музыкалық  өнердiң  əрi  өзiне  тəн  ерекшелiгiн,  əрi 

əлеу-меттiк,  тəрбиелiк  мəнiн  терең  түсiнiп,  классикалық  анықтамалар  беруi  кейiнгi 

ұрпақтар үшiн мəнi зор. Сонымен қатар оның əн ышғарып, композиторлық өнермен 

шұғылдануы  өз  кезiндегi  жəне  келешектегi  жастарға  көрсеткен  үлгiсi  болды.  Абай 

айналасынан  ақын,  əншi,  композитордың  көбiрек  шығулары  да  кемеңгер  ақынның 

тiкелей əсерi едi.  



Пайдаланылған əдебиеттер: 

1.  Қуантаева. Педагогические взгляды Абая. 

2.  М.Əуезов. Абай Құнанбаев. 

3.  Абай-тағлымы. 

4. М.Мырзахметов. М.Əуезов жəне Абайтану проблемалары. 



 

72

Мазмұны 

Абайтану курсы оның мақсаты, мiндеттерi мен 

сипаты................................................................................2 

Абайтану ХХ ғасыр басында. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ə.Бөкейхановтың Абай 

туралы еңбектерi..........................................................................10 

М.Əуезовтың  Абайтанудағы еңбектерi......................25 

Абай творчествосының нəр алған салалары. Абай жəне қазақ əдебиетi 

................................................................39 

Абай жəне орыс, Батыс əдебиетi мен мəдениетi........48 

Абайдың Шығыс философиясына, исламиятқа 

қатнасы............................................................................57 

Абайдың этикалық, эстетикалық ой-пiкiрлерi . Ақынның 

поэмалары................................................68 

Ақынның поэмалары ...............................................77 

Абайдың қара сөздерi, олардың жанры, идеялық 

ерекшелiктерi.............................................................85 

Абайдың  сатиралық шығармалары ........................92 

Абайдың аудармашылық шеберлiгi.........................103 

Абайдың ақындығы. Ақын лирикасы, олардың тақырыптық-идеялық көркемдiктерi 

.......................118 

Абайдың педагогикалық, психологиялық көз-қарастары 



...................................................................133 

 

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау