11
Абай мұрасын бағалауда, оның есiмi мен шығармаларын халық арасына таратуда
Н.Құлжанованың сiңiрген еңбегi ерекше. Ол өз кезiнiң iрi, айтулы қайраткерлерiнiң
бiрi болған Сұлтанмахмуттың оны былайша суреттеуi де осыдан:
Ардақты бар Нəзипа деген ханым,
Газет, журнал жүзiнде жұртқа мəлiм.
Оқыса сондай əйел шығар ед деп,
Оқығандар бағалар сөздiң дəмiн.
Неше күн қыдырсаң да таба алмассың,
Семейдiң одан өтер адал жанын.
Ақ көңiл мiнезi оңды, жүзi жарқын,
Ынтасы жеткiзбекке əйел халқын,
Жəне бар əйелге ҳас нəзiк сезiм
Танитын бiр көргенде-ақ iстiң парқын...
Аяныш, жұмсақ жүрек, мейiрбанды,
Ренжiткiсi келмейтiн тiрi жанды.
Қайткенмен он облыс бар қазақта
Əзiр шыққан əйел жоқ сонан мəндi.
Оқып жүрген жастардың анасындай,
Көрер бəрiн ия бауыр, баласындай
Тарыққан сорлыларды өзi шақырып,
Күтедi не əкесi, ағасындай.
Сөз табар əр мəжiлiсте жарасымды,
Бiлмейдi аса сөйлеп адасуды.
Оқыған еркектердiң көбiнен де
Əр iске ыңғайы бар жанасымды.
Мұнда Н.Құлжанованың азаматтық тұлғасы, қаламгерлiк қызметi айқын
суреттелген. Өлеңнiң: «Сөз табар əр мəжiлiсте жанасымды»,-деген жолы Нəзипаның
Абайға арнап кештер өткiзiп, баяндама жасағанын еске түсiредi «Бiр керек жұмыс»
дейтiн мақаласында сол кеш жайында Нəзипаның өзi де жазады: «Семейде 13-
февральда болған қазақша ойынның рұхсаты тым қиындықпен алынды. Бұл əдебиет
кешiнде тек екi Ыбырайдың сөздерi ғана базардан өтiп, басқа жақсы-жақсы сөздер
таңбасыз малша бұл базарға кiре алмады»
Осындай кештердi ұйымдастырғанда Н.Құлжанова тек сауық-думанды, жұрттың
көңiлiн көтерудi ғана көздемеген, қайта халық арасына əдебиеттi насихаттауды, оны
iлгерi бастыруды, бұрынды-соңды мұраларды жинақтап шығаруды мақсат еткен. Ол
12
былай деп жазады: Мұндай ойындар көбейсе, ақшасы-бiр, екiншi-жақсы сөздер
жарысқа түсiп, əдебиетiмiз iлгерi басуға зор себеп болар едi. Сондықтан осындай
жақсылық жолдарға ойын iстеймiз деп кезенген жерлерде жол бөгеу болмайтын
қылып, тамам ескi, жаңа сөздерiмiздi-өлеңi бар, қара сөзi бар жиып-терiп кiтап
(сборник) қылып драматическая Цензурадан өткiзiп алсақ, бiр санаулы жұмыс бiткен
болар едi.
Н.Құлжанова Абайды қазақ əдебиетiнiң атасы деп бiдедi. Ол Абай
творчествосының
рухын,
сыншылдық
бағытын
да
жоғары
бағалайды.
Н.Құлжанованың ең түбегейлi пiкiрлерiнiң бiрi-оның қазақ əдебиетi болашақ
дамуында орыс əдебиетiнен үлгi алуға тиiс деген топшылауы «Əдебиетiмiзге көз
салу» деген мақаласында ол осы ойын тарата келiп, былайша түйедi: Бұл мəселеде
мен орыс-европа əдебиетiне еру мақұлырақ болар деп шештiм... Өйткенi татарда
Тоқай, қазақта Абай орыс əдебиетiнiң пiкiрлерi, идеяларымен мəлiм болды.
Сөйтiп Н.Құлжанова кемеңгерлiк дəрежеге жеткенi үшiн Абай ұлы орыс
əдебиетiне, соның творчестволық əдiсiне қарыздар екенiн жəне қазақ əдебиетi
болашақта да сол арадан дамуға тиiс екендiгiн терең түсiндi.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Абай өлеңдерiнiң басылуы, жариялану жəне халыққа таралу жолдары туралы не
бiлесiң?
2. ХХ ғасыр басында Абай творчествосы туралы пiкiр айтқандар кiмдер? Олардың
мақалалары, өлеңдерi қандай басылымдарда жарияланды.
3. Əлихан Бөкейхановты –абайтанушы дегендi қалай түсiнесiң?
4. Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқып, конспектiле,
мазмұнын ұғып ал.
5. Нəзипа Құлжанова Абай шығармашылығы туралы қандай қызмет еттi.?
Əдебиеттер:
1. Б.Омаров. Абайтану.
2. М.Мырзахметов. М.Əуезов жəне абайтану проблемалары.
3. А.Нұрқатов Абайдың ақындық дəстүрi.
М.ƏУЕЗОВТЫҢ АБАЙТАНУДАҒЫ ЕҢБЕКТЕРI.
Жоспары:
1. М.Əуезов-Абай шығармаларын жинаушы əрi текстологы, зерттеушісі.
13
2. Абай мұрасының шығысқа қатысы М.Əуезов зерттеуiнде.
3. М.Əуезов жəне Абайдың əдеби ортасы.
Тiрек сөздер мен ұғымдар: Абайтану проблемалары, Абайдың афоризмдерi,
Абай жəне Шығыс, Абай-Батыс, сыншыл рализм. Абай айланысындағы
ақындар, нəр алған қайнарлары, қара сөздер: ғақылият-тасдихат, хуснихат
шеберлерi, аударма түрлерi, Абайдың ата тегi.
Мұхтар Əуезов Абай шығармалары туралы ұзақ жылдарға созылған ғылыми
зерттеу жұмыстарын, əсiресе ұлы ақын жайында жазылған көркем туындыларын жазу
үстiндегi iзденiстерiн негiзiнен сегiз түрлi күрделi де кең тынысты проблемалар
тұрғысынан жүргiзiп отырған. Бұларды, ғалымның өз жүйелеуi бойынша, бас-басына
атап өтер болсақ, олар мына мəселелердi қамтиды:
1) Абайдың ғылыми өмiрбаяны;
2) Абай мұрасының деректi көздерi мен ақын шығармаларының текстологиясы;
3) Абай реалезмi мен халықтығы;
4) Абай шығармаларының орыс (Европа) əдебиетiмен байланысы;
5) Абай мұрасының Шығысқа қатысы;
6) Абайдың əдеби ортасы;
7) ХХ-ғасыр басындағы демократиялық бағыттағы қазақ əдебиетiндегi Абай
дəстүрi;
8) Қазіргі қазақ əдебиетiндегi Абай дəстүрi.
Бұл тақырыптардың бəрi де Абайдың дүниетанымы мен ақындық мəдениетiндегi
iштей түлеп өсудiң эволюциялық даму жолын танытуға бiрден-бiр ғылыми тiрек
болған хронологиялық жүйенi басшылыққа алып отырған. Бұл жағдай тек абайтану
саласындағы зерттеулерiмен шектелмей, жазушының ұлы туындысы болған «Абай
жолы» эпопеясын да қоса қамтиды. Ал Абайдың реализмi мен халықтығы туралы
теориялық деңгейде айтылған ойларын М.Əуезов негiзiнен өзiнiң екi еңбегiнде
тұжырымдап бердi.
20-жылдардың басында Абай мұрасын зерттеу саласында талантты көркем
шығармалары мен əдебиет тарихын зерттеудегi еңбектерiмен үздiк таныла бастаған
М.О.Əуезовтiң араласуы абайтануға үлкен зерттеушiнiң келiп қосылғанын бiрден
аңғартты. Жас таланттың ерте қанаттанып, өз ортасында даралана бастағанын, қазақ
əдебиетi тарихына байланысты зерттеушiлiк қадамын жете тани бiлген Семей
губерниялық Атқару Комитетiнiң 1925-жылы 20-июньден Ленинград университетiне