20
АБАЙ ТВОРЧЕСТВОСЫНЫҢ НƏР АЛҒАН САЛАЛАРЫ.
АБАЙ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТI
Жоспар:
1. М.Əуезов Абай творчествосының қайнарлары туралы.
2. Абай өзiне дейiнгi қазақ əдебиетi туралы.
3. Абайдың қазақ əдебиетiне еңгiзген жаңашылдығы, дəстүрлерi.
4. Абайдың өзiнен кейiнгi ақындарға тигiзген əсер-ықпалы
Тiрек сөздер мен ұғымдар: Нəр алған қайнарлар: қазақтың төл əдебиетi,
шығыс классикалық поэзиясы, орыс əдебиетi, Батыс əдебиетi, Шөже ақын,
Марабай, Дулат, Бұқар, Шортанбай, Сұлтанмахмұт, Сəбит Дөнентаев, Абайдың
өлең орнектерi.
Абайтану ғылымының негiзiн салған ұлы ғалым əрi жазушы Мұхтар Əуезов
Абай творчествосын терең əрi түбегейлi зерттеген ғалым едi. Ұлы ақынның
өмiрбаяны, оның творчествосының нəр алған қайнары ретiнде мына үш нəрсенi
ерекше атап өтедi.
Абай шығармашылығының бастау көздерi, сусындаған бұлақтары ретiнде ең
алдымен қазақ халқының тарихы мен мəдениетiн, төлтума əдебиетiн атайды. Ұлы
ақын өз халқының тарихын, əдет-ғурпы мен салт-санасын, этнографиясын,
мəдениетiн, əсiресе, əдебиетiн жастай бойына сiңiрген, оларды терең бiлумен қатар
сын көзбен бағалай да бiлген.
Абай творчествосының екiншi қайнар көзi ретiнде Шығыс классикалық
поэзиясын атайды. Абай 12-13 жастарында медреседе оқып жүрiп, Шығыс жəне түркi
əдебиетiмен де əуестенген.
Абай Шығыс əдебиетiн, философиясын ғұмыр бойы оқумен, тереңдей үйренумен
болған. Бұған ақынның шығысқа, исламиятқа қатысты өлеңдерi, поэмалары жəне
қарасөздерiндегi ой-пiкiрлерi дəлел.
Ақынның творчестволық қайнарларының бiрi əрi өнiмдiсi Орыс жəне Батыс
əдебиетi мен мəдениетi болып табылады. Ұлы ақын бұлармен есейгенде, XIX
ғасырдың сексенiншi жылдарынан бастап танысып, ғұмыр бойы үйренумен өткен.
«Шығысым Батыс болып кеттi» деген ой-тұжырымы ақын творчествосының мəнi мен
маңызына айналғаны мəлiм.
Бiз ендi Абай шығармашылығының ең бiрiншi қайнары болған қазақ əдебиетi,
оның Абай творчествосындағы орны мен маңызына тоқталамыз.
21
Абай қазақ поэзиясын жаңа биiкке көтердi, осымен байланысты екi түрлi жайтты
тағы да қайталап айту артық емес тəрiздi. Бiрiншiсi-ол өзiне дейiнгi қазақ
əдебиетiндегi кемшiлiктердi, оның өзiне тəн байырғылықты қайталамауы, екiншiсi-
шығыс, батыс, орыс мəдениетiн өз əдебиетiне үлгi етiп алуы, өз өлеңдерiнiң сапасын
жоғарылатуы, ұлттық түрдi сақтай отырып, оған интернационалдық нəр беруi,
əдебиетiмiздi жоғары дəрежеге көтеруi. Абай өлеңдерiнiң осы қасиетi, оның өз
кезiндегi жəне өзiнен кейiнгi сөз өнерпаздарының барлығына да əсер еттi жəне олар
Абай сөздерi жаңа құбылыс екендiгiн тек танып қана қойған жоқ, əркiм одан өзiнше
сабақ алды, үйрендi, өздерiне үлгi санады. Абай қаламына тəн терең мазмұнды үздiк
образдар ой қозғап, жүрек тербетерлiк əдiстерi өзiнен кейiнгi ақындарды ерiксiз
мойындатып, Абайдың шəкiртiмiз деуге мəжбүр еттi. Бұл Абайдан кейiнгi қазақ
поэзиясының бойына түгел сiңген жəне туысқан татар, башқұрт, қырғыз елдерiне де
əсер еткен болатын. Өзiнен соңғыларға Абайдың əсер, ықпалдарын сөз еткенде бiздiң
кейбiр зерттеушiлерiмiз мəселелердi кең түрде қоя алмай, ақынның əдеби мектебiнiң
шеңберiн тарылтып, тек оның өз айналасынан ғана iздейдi.
Абай өлеңдерi басылып шыққанға дейiн, əрине, оған елiктеушiлер, Абай сөздерiн
өз аузынан естушiлер, қол жазбасынан оқығандар болғандығы рас. Жазба əдебиет
өкiлдерiнен Ақылбай, Мағауия, халық ақыны Сапарғалилар-Абайдан тiкелей тəрбие
алған адамдар. Олардың əрi идеялық жақындықтары, əрi көркемдiк əдiс-бiрлiктерi
Абаймен тамырлас. Тақырып таңдау, ескiлiкке қарсы жаңаны үндеу, сүреттеу
əдiстерiнiң кейбiр ұқсас жақтары ұлы ақынды еске түсiредi. «Қисса-Жүсiп», «Медғат-
Қасым» сықылды поэмалар шығыс, батыс, орыс əдебиетiндегi романтизм стилiн
жақсы бiлген Абайдың əсерiмен жазылғандығына күдiк келтiру қиын. Абай
өмiрбаянын жақсы бiлетiн академик М.О.Əуезов өзiнiң Абай жайлы мақала-
еңбектерiнде бұл туралы фактiлермен дəлелдеп сан рет жазған болатын
Абай шəкiрттерiн, ең алдымен идеялық бiрлестiгi жағынан iздеу керек деген
С..Мұқановтың пiкiрiн бiз де қолдаймыз. Бiр ақын екiншi ақынға елiктегенде, не оның
стиль ерекшелiктерiн қабылдағанда бiрiншi орында тұратын-идеялық жақындықтары.
Онысыз екi ақынның арасынан бiрлiк, жақындық iздестiру мүмкiн емес.
Абай өлеңдерiнiң жинағы бiрiншi рет 1909 -жылы баспа жүзiн көрiп, əдебиет
жұртшылығы ұлы ақынымыздың творчествосымен молырақ танысуға мүмкiндiк
туды. Алдымен танысқандар, əрине, қазақтың ұлтшыл жəне демократтық бағыттағы
оқығандары мен ақын, жазушылар болғандығы рас. Бiрақ Абайдан шын үйренушiлер
ұлтшыл ақындар емес, демократтық идеяны қолдаушы: С.Көбеев, С.Торайғыров,
С.Дөнентаевтар едi.
22
Спандияр Көбеев, С..Торайғыров, С.Дөнентаевтар жырлаған əйел бостандығы,
оқу-ағарту, əлеуметтiк теңсiздiк мəселелерi олардың өз кезiндегi тарихи-қоғамдық
жағдайлармен байланысты туып, Абайдың идеясымен сабақтас та. Олардың бəрi де
талантына бас иiп, демократтық-ағартушылық идеясын қолдаған ақындар. Əсiресе,
оның ой тереңдiгiне, тiл көркемдiгiне сұқтана қараған ақын ең алдымен
Сұлтанмахмұт болды. Сондықтан да, сол кездiң талантты ақыны Сұлтанмахмұт
Торайғыров, өзiмен замандас, бағы ұшып, мақталып жүрген ұлтшыл ақындардың
бiрiн де мойындамай, жаңа əдебиеттiң туы етiп Абайды көтеруi кездейсоқ емес, бұл
ұлы ақынымызды өзiнiң де, ендiгi əдебиетiмiздiң де ұстазы бiлгендiк, оныменен
өздерiнiң идея бiрлiктерiн айқын түсiнгендiк едi.
С.Торйғыров өз кезiндегi көркем əдебиеттi, олардың авторларын сынай келiп:
«...Бұзылған қанымызды түзеп, қарайған көңiлiмiздi жуып, жанымызға пайда,
дертiмiзге шипа болады-мыс деген «жарып сал, жаңа əдебиетiмiздiң «нысайы»,
нұсқаған қол, көрсеткен жолы жоқ, құр «қатын ойбайға» айналып, əркiм соны сəн
көрiп бара жатқан соң, қазақ жазушылары-ау, алдарыңа салып, айтып отырмын: құр
«ойбой» дегенмен, ойбайдың да ойбайы бар ғой, жылаудың да жылауы бар ғой.
Туыстағы тұрмыс дертi зығырданыңды қайнатып, бармағыңды шайнатып ықтиярсыз,
ызалы ызғарын төгедi, сай-сүйегiң сырқырарлық ащы, зарлы бебеулерiн қағып, көңiл
толғағын, жүрек түйiнiн тарқатуымен анық ақ сүйек, аты жоғалмайтын «өлең» деп,
«өнер» деп соны айтамын:
Мəселен, марқұм Абайдың:
Өткiрдiң жүзi,
Кестенiң бiзi,
Өрнегiн сендей сала алмас...
Судырсыз сары қамқаны...
Сөзiмде жаз бар шыбынсыз...-
сыяқты айтқандары артығынан шын. Шын жылаған көз жастың тамшысы, рас
қайнаған сорпаның сөлi болғандықтарынан сезiлмейдi, сезiлсе де басқалардiкiндей
көзге қатты, көңiлге суық тимейдi; қайта, өздерiңiздi сүйiндiрiп əкетедi. Осы
айтылған ретпен болмай, күндiкке iзденiп, өзiнше ойынан ұйқасыңқырап шыққан
керектi ,керексiз сөздi ауруы жоқ кiсiнiң ыңқылдағаны, толғағы жоқ қатынның
«бебеулегенi» қандай жексұрын болса, бұ да сондай жексұрын болады. «Қисынсыз
қышқырған қандай тантық» деп Абай айтқанның кебiне ұшырап жүргендер көп»,-
дедi.
Достарыңызбен бөлісу: |