Лингвомәдениеттану. Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде тілді тек тіл жүйесі ауқымында зерттеп қоймай, сонымен бірге тіл мен мәдениет байланысын, оның ішіндегі тіл иесінің алар орнын анықтаумен ұштастыра қарастыру.
Лингвоелтану. Лингвоелтану – тіл үйретуді негізге ала отырып, сол үйреніп отырған ел туралы деректер беру бағыты. Лингвоелтанымның басты мақсаты – түпнұсқа мәтіндерді және серіктесінің сөзін қабылдай отырып, мәдениаралық қатысым актісіндегі коммуникативтік құзіреттілікті қамтамасыз ету.
Когнитивті лингвистика. Тілші ғалымдардың ішінде бірінші неміс ғалым В.Гумбольт дүние / әлем - ой / сана – тіл ұғымдарыынң арақатынасын ашып, оларды бір-бірімен байланыстыра қарады. Ол: «тіл мен ой бірлікте», «тіл – қарым-қатынас құралы» деген оң пікірлер айта отырып, «тіл адамға үстемдік етеді» деген жаңсақ пікір де ұсынды. Дүниені тану жүйелік сипатта болады. Өйткені біз дүниені танып қана қоймаймыз, оны есте сақтаймыз. Жалпы тіл арқылы дүниені танын білуге болады, дегенмен, оны танытатын бізге тіл емес, ақыл-ой. Яғни ақыл-ой дүниені танытады, ал тіл сол ақыл-ой танытқан дүниені белгілейді (таңбалайды). Басқаша айтқанда, тіл танылған дүниені вербалдайды – тілдік бірлікке айналдырады. Дүние туралы жалпы ұғым-түсінік қалыптастырады. Мұны лингвистер дүниенің тілдік бейнесі деп атайды. Дүниенің бейнесі туралы айтқанда үш түрлі бейнені ажырата білу керек:
1) Объективті дүниенің тұтастай бейнесі (нақты, дәл, шынайы бейне);
2) Тілдік бейне;
3) Ғылыми бейне.
|
|
|
Функция ұғымы. Тілдің функциясы
|
Функционалды грамматикадағы негізгі ұғымдардың бірі – функция.Өйткені функционалды грамматика қандай да бір ойды жеткізу үшін сөйлеудегі тілдік құралдарының қызмет зерттеуді және тіл бірліктерінің мағыналық жақтан жұмсалымдық әлеуетін анықтауды да басты назарда ұстайды. Қазақ тілтанымында функция терминіне балама ретінде қызмет, қолданыс, жұмсалым сөздері де ұсынылып жүр. Әр ғылым саласы функция ұғымын мақсаты мен зерттеу бағытына қарай түрліше анықтайды. Дегенмен барлық анықтамаларға ортақ болып келетін функцияны белгілі бір элементтің, нысанның мақсатты қызметі дегенге саятын инвариантты табуға болады. Тіл білімінде, ең алдымен, жалпы тілдің қызметі (бейнелеуші-экспрессивті және коммуникативті) мен жеке тілдік элементтердің қызметі ажыратылады. Лингвистикада функция ұғымына қатысты көзқарастарда бірізділіктің жоқтығы тілдік бірліктердің функциясы мен семантикасының арақатынасына байланысты: функция тіл бірліктерінің семантикасына қарсы қойылады немесе керісінше, тілдік бірліктердің мағыналары олардың қызметі ретінде ұғынылады. Сондай-ақ, осы функция, мағына терминдері бір-біріне жақын ұғымдар болып табылады. Өйткені тіл – таңбалар жүйесі, ал жүйені құрайтын тіл элементі қандай да бір ұғымды беру қызметін атқаратын мағынаны (лексикалық, грамматикалық) білдіреді.
Функция ұғымының тіл білімінде термин ретінде қалыптасуы В.Гумбольдт, Г.Майер, О.Есперсен, А.А.Потебня, Ш.Балли, Е.Курилович еңбектерінен басталады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында функция ұғымы төмендегідей үш қырынан сипатталды:
|
Достарыңызбен бөлісу: |