Ғылыми зерттеудің парадигмасы


«Ажал шіркін, адамның алдынан айқайлап келген бе?»



жүктеу 0,66 Mb.
бет14/18
Дата20.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#42702
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Функ экзамен (1)

«Ажал шіркін, адамның алдынан айқайлап келген бе?» [81, 171 б.] – негізгі етісті сұраулы сөйлем.
«Сұрастырып, қағып келгенде, осының бәрін қылып жүрген Мұқаш екені кешікпей-ақ ашылды. Қалай ашылды десеңізші?» [81, 173 б.] – көсемше формасы ортақ, өзгелік етіс түрінде болса, етістік ырықсыз етісте тұрған хабарлы, сұраулы сөйлемдер.
«Ауылдың кісілерін дереу жиғызып алып, Ақбілекті іздетуге бес кісі аттандырды» [81, 174 б.] – өзгелік етісті хабарлы сөйлем.
Жүсіпбек Аймауытов шығармасынан келтірілген сөйлемдердегі етіс категориясының синтаксиспен байланысы етістік қайшылықтар мазмұнының, сөйлем мүшерелі мен жағдаят қатысушылары арасындағы әртүрлі біркелкіліктерді көрсетумен анықталады. Етістің келесі анықтамасы арқылы бұл категорияның өзектілігі айқындалады.
Тіл білімінде етіс екі сатылы ерекшелікке ие грамматикалық категория болып есептеледі. Негізінен, етіс морфология мен етістік семантикасында көрініс тапқан, қимыл-әрекеттің субъектіге қатыстығын білдіретін категория есебінде болса, екінші жағынан, сөйлем ішінде етістіктің баяндауышы мен бастауыш арасындағы қатынастықты білдіреді.
Сонымен, етістің бірінші анықтамалық сатысы «диатеза» атауына жатса, екіншісі – тар шеңберде «етіс» атауына ие. Осыған байланысты, етісті сөз еткенде, осы екі сатылы анықтаманы ескере отырып, олардың бір-бірімен байланысы мен тигізетін ықпалын қарастырған жөн.
Етісті екі сатылы тұрғыдан анықтау – «диатеза» мен «етіс» тұжырымдамаларының негізінде жатыр. Шынын айту керек, мәтін жағдаятының іс-әрекетке қатысушылардың саны мен сипаты жағынан тиісті орын алады.
«Сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастыру, сөйлемдерді түсінікті етіп жасау туралы сөз табиғатынан шыққан түрлі заңдар, тәртіптер бар, қысқасын айтқанда, өз алдына білерлік толып жатқан білімдер бар», деген [50, 264 б.] белгілі тілшінің «Тіл тағылымы» атты еңбегіне сілтеме жасап, синтаксистік байланысқа қатысты тілдік заңдылыққа баса назар аударуды жөн көреді.
«Синтаксистік байланыс құрмалас сөйлем түрлерін топтаудағы басты белгі болып есептеледі», дейді [93].
Сөйтіп, етісті сөз еткенде, оларды актив және пассив деп ажырату дұрыс сияқты.
Негізінен, сөйлемнің ұйытқысы болып табылатын, етістік оның ядросы, қалған мүшелер сол ядроға тәуелді. Осыған байланысты, етіс етістіктің категориясы бола тұра, қоршалымдағы тұрған сөйлем мүшелеріне де өз ықпалын тигізеді, керісінше, қоршалымдар да, мүмкіндігінше, өзгеріске түсіп отырады.
Жалпы, етіс етістік табиғатының лексика-грамматикалық мағынасымен байланыса келе, өзіндік категориялық қасиетіне орай, басқа сөздерді жетегіне алып, тіркесімділік арқылы жасалатын синтаксистік бірліктердің құрылымында қимылдың субъект-объектік қатынастығын көрсетеді.
Мысал ретінде, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романынан тіл бірліктерінің сөз тіркесін, сөйлем құраудағы байланысқа түсіп, бұл құбылыстардың тіркесу заңдылығына бағыну арқылы функционалдық қызметін қарастыруға болады. Мысалы, шығарма бетіндегі етісті сөйлемдерді анықтауды жөн көрдік: «Сабақтан босанса, жігіттермен жыртыңдасып, хат жазысып, қолтықтасып, құшақтасып жүргені» [81, 311 б.]. «Бірте-бірте оқиды, көзі ашылады, теңеледі» [81, 334 б.]. «Кіші бесін кезінде әйелдер шөлдедік деген соң, өзен бойында бір ауылға бұрылды» [81, 338 б.]. «Бекболат жігітін жіберіп, дереу үлкен үйінен қымыз алдырып, өзі алдына дастарқан салып сапыра бастады» [81, 338 б.].

Сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей тұрғанда, ойды білдіре алмайды. Сөздердің бір-бірімен байланысуы, тіркесуі грамматика арқылы, нақтырақ айтсақ, морфология мен синтаксис арқылы іске асады. Тілдік бірліктерді жүйелі түрде зерттеп, оларды бір-бірімен қарастыра қарап, кешенді түрде тұтастықта қабылдау қалпы керек етіліп, уақыттың талабы – әр тілдік құбылысты байланыс шеңберінде қарастыруы алға қойылып отыр. Етіс категориясы сандық жағынан да біркелкі пікірге келген емес. Егер тілші-ғалым А. Байтұрсынұлы етістің он түрін, С. Аманжолов етістің үш түрін, А. Ысқақов бес түрін, Н. Сауранбаев пен Ғ. Беғалиев – сегіз түрін көрсетсе, ғалымдар А. Қалыбаева – бес түрін, Ы. Маманов – төрт түрін, қазіргі заманның ғалымы А.С. Аманжолов етістің төрт түрін ғылыми еңбектерінде белгілейді. Бұл келтірілген жайт – етістің күрделілігін айқындай түседі. Етіс – лексика-грамматикалық категория бола тұра, оның табиғаты функционалдық тұрғыдан қарастырғанда толық ашылады. М. Қашқари ырықсыз етістің –л аффиксі мынадай қызмет көрсететіні туралы айтқан:



  1. бұл аффикс жаңа етістік жасайды;

  2. ырықсыз етіс жасайтын жұрнақтың бірі;

  3. салт етістіктен ырықсыз етіс жасайды;

  4. «дербес» етістік жасайтындығы көрсетіледі.

Егер де етістік түбіріне етіс аффикстерін қоссақ, етістік басқа етіс мағынасына ие болады. Бірсыпыра етістік сөздер –л аффиксімен келе тұра, ырықсыз мәнін бермейді, дербес қолданылады: «Ауа райы бұзылды» ырықсыз мәнін туғызбайды. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, етіс грамматикалық категория екендігін дәлелдейді. Етіс – морфологиялық категория екендігін – етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де керегінше жалғана беретіндіктен көреміз.
Етіс – лексикалық категория дедік. Қолданыстағы етістіктер етіс қосымшалары арқылы жасалған туынды түбір негізгі түбірден туған жаңа мағыналы сөздер болып табылады. Мысалы: ырықсыз қосымшалары арқылы жаңа мағыналы сөздер жасалады. Бұны төмендегі мысалдар дәлелдейді: «оқуға берілді» – жақсы оқып жатыр; «ауруынан жазылды» - тәуір болды.
Етістің сөзжасаммен байланысы бар. Етіс жұрнақтарының түбірге бірінші жалғануы – оның сөз жасаушы жұрнақ ретінде танылуына себеп болып жүргендігі. Мысалы, -ыс, -іс, -с жұрнағын алайық. Бұл жұрнақ екі сөз табына: етістік және зат есімге қатысты. Етістікте - бұл жұрнақ ортақ етіс жасап, қимылдың бірнеше субъектіге қатыстығын білдіреді. Зат есімде – етістіктен зат есім жасап, одан заттық мағына туғызады. Тарихи тұрғыдан алғанда, олардың алғаш бір қосымша екені белгілі. Ортақ етістің жұрнағы өз мағынасының үстіне заттық мағына білдіретін болып, тағы бір мағына қосып алған. Сөйтіп, оның мағынасы кеңіген, екі сөз табының көрсеткіші дәрежесіне жеткен: «айтыс, жарыс, келіс». Күрделі етістік сөзжасау тәсілінің біріне жатады. Күрделі етістіктер құрамындағы етіс жұрнақтары олардың әр сыңарына жалғана берілуі орын алады, осындай құбылыстың нәтижесінде, қимыл-әрекетті білдіретін етістік табы жаңа мағынаға ие бола тұра, өзіндік қабылдау қабілетін кеңейте түседі.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: сөйлем құрамының пассив (ырықсыз) етіс категориясының семантикалық анықтамасына – субъектінің қимылға қатыстығы жатса, синтаксистік түріне – етістік баяндауышының бастауышқа қатыстығы жатады. Бұл анықтамалардың басты айырмашылығы – объект күйіндегі толықтауыштың болуында жатыр. Осындай жағдайда, етіс категориясының семантикалық анықтамасы – етісті қимылдың субъект пен объектіге, ал синтаксистік – сөйлемдегі етістік баяндауышының бастауыш пен толықтауышқа қатынасы ретінде қарастырылады. Пассив (ырықсыз) етісі екі деңгейлі грамматикалық категория сияқты болып қарастырылады. Етісті тереңірек зерттегенде, етістік морфологиясы мен семантикасында қимылдың субъектіге қатыстығы көрініс табады. Бұл деңгей – «диатеза» деп аталады. Етісті, сыртқы жағынан, қарастырғанда, сөйлем ішіндегі етістік-баяндауышының бастауышқа қатыстығы сипатталып, тар мәнінде, «етіс» деп атайды. Пассив (ырықсыз) етіс категориясы активтың өзгеруін көрсетеді, яғни негізгі мен туынды болып қаралатын, актив құрылымдарын тиісті пассив құрылымдарына ауыстыруы.







Жіктеу есімдіктерінің функ. Сематикалық ерекшеліктері

Жіктеу есімдігі
Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.
Бірінші жақ — айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тындаушы жақ. Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жак. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б.
Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер — жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.
Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар
Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-га айналады; 3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, көмектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлгасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.
Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.





Толымсыз сөйлемдердің қызметі, прагматикасы

Профессор Н. Сауранбаевтың педучилищеге арналған оқулығында толымды сөйлем деп бастауышы мен баяндауышы, кейде толықтауышы түгел айтылған сөйлемді айтады да, толымсыз сөйлем деп сол аталған тұрлаулы мүшелер мен толықтауыш қатыспай тұрған сөйлемді айтады (Сауранбаев Н.Т., 1974, 46 б. ).

Ғ. Əбухановтың педучилищеге арналған оқулығында мынадай анықтамалар беріледі: „Белгілі ойды білдіру үшін керекті мүшелері түгел айтылған сөйлемді толымды сөйлем дейді”, „Сөйлемде айтылуға тиісті тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелердің бірі айтылмаған сөйлемді толымсыз сөйлем дейді” (Əбуханов Ғ., 1982, 31 б.) „Қазіргі қазақ тілі” оқулығында: „Ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз сөйлем болады” деген анықтамалар берілген.Қазақ тілінде толымсыз сөйлем болудың мынадай жағдайлары бар: 1. Диалог. Мұнда толымсыз сөйлемдердің алуан түрлері жасалады. Диалог – екі я бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуіне құрылатындықтан, сұрау-жауап не айтылған хабарға тыңдаушының өз көзқарасын білдіру түрінде болады. Диалогта сөйлесуші адамдар өздерінің назарын белгілі бір мүше арқылы берілуге тиісті хабарға бөледі де, сол сөйлемнің жалпы құрылысына көңіл аударып жатпайды. Осының салдарынан алдыңғы сөйлемде айтылған белгілі бір мүше соңғы сөйлемде қайталануға тиіс болғанмен, айтылмай қала береді. Бұл мүше тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүше болуы мүмкін. Мұндайда тұрлаулы мүшелері түгел түсіп қалып, тұрлаусыз мүшенің өзі тұрса да, ол – сөйлем деп танылды, тіпті кейде сөйлем құрамында өздігінен мүше бола алмайтын кейбір көмекші сөздер де уақытша „сөйлем” орнында тұрады. Диалогқа тұрлаусыз мүшелер ортақ болып, олар соңғы сөйлемде айтылмай қалса, тұрлаулы мүшелері түгел болғанмен, ол сөйлем – толымсыз болады. Мысалы: Барлық оқу-тəрбие жұмысын бүтіндей қайта құру қажет. Атап айтқанда? …


Контекст. Мұнда өзара тетелес тұрған сөйлемдердің алдыңғысында айтылған бір мүше соңғысында айтылуға тиіс болса да, ой оны айтпаса да түсінікті болатындықтан түсіп қалады. Бірақ контексте тұрлаулы мүшенің біреуі айтылады да, толымсыз сөйлем болады. Екеуінің де ұстаздарын – Киселев қой? Білем, Алматыда жолыққан. Тамаша адам! (Ғ.С.)





Функ. Морфологияның қазақ тіл материалдары негізінде зерттеу нысаны

Тілдің қолданыстық сипатына қатысты тұжырымдар тілдегі функционалды бағыттың негізін құрайды десек, оның нышандары өткен ғасырдың бірінші жартысында жарық көрген қазақ лингвистері А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов жəне С. Аманжолов зерттеулерінде айқын көрініс береді. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің негізін ғана салып қойған жоқ, ондағы ғылыми бағыттарды да айқындап берді.
А. Байтұрсынұлы 1915 жылы жарық көрген «Тіл – құрал» еңбегінің екінші бөлімінде етістік категорияларына (етіс, рай, көсемше, есімше) тоқталып, оларға сипаттама беруде тілдік таңбаның мағыналық жағын негізге алған. Олай дейтін себебіміз, «тұлғадан – мағынаға қарай» ұстанымын басшылыққа алатын дəстүрлі грамматикада етіс категориясының төрт түрі көрсетіледі: өзгелік етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.
А. Байтұрсынұлы еңбегінде етіс категориясына анықтама бермегенімен, оның келтірген мысалдарынан жəне етіс түрлерін санамалап жіктемесін жасай отырып, оны дəйектеуге берген тілдік деректерінен етіс деп іс-əрекетті жүзеге асырушы субъект пен жүзеге асатын іс-əрекеттің өзі, яғни нысан арасындағы қатынасты түсінген деп топшылауға болады. Сөйтіп, етістің төмендегідей сабақты етіс; салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс он түрін көрсетеді. Қазіргі қазақ тілі морфологиясына қатысты еңбектерде А.Байтұрсынұлы салт етіс жəне сабақты етіс деп көрсеткен етістің түрлері етістік сөз табының шеңберінде өз алдына салт етістіктер жəне сабақты етістіктер деген атпен жеке категория ретінде бөліп қарастырылса, дүркінді етіс жəне өсіңкі етіс түрлері мазмұн межесі жағынан етістіктің қимылдың өту сипаты категориясына сай келеді. Автор тарапынан етістердің қатарында қаралатын дүркінді етіс пен өсіңкі етіске берілген анықтамалар мынадай: «Дүркінді етіс дейміз – қайта-қайта істелетін істі, мəселен, хат жазғыладым, мылтық атқыладым, қолынан жұлқыладым. «Жазғыладым», «атқыладым», «жұлқыладым» деген сөздер істің бір рет емес, бірнеше рет істелгенін көрсетеді» десе, «Өсіңкі етіс дейміз – күшейген істі. Мəселен, ат жүріңкіреді, су тасыңқырады, бала ұйықтаңқырады. «Жүріңкіреді» дегенде жүру күшейгені көрінеді, «тасыңқырады» дегенде тасқын күшейгені көрінеді, «ұйықтаңқырады» дегенде ұйқы күшейгені көрінеді» . Бұл анықтамалардан айқын көрініп тұрғандай, дүркінді етістегі амалдың бірнеше рет жасалуы, өсіңкі етістегі əрекеттің үдемелік сипаты – бəрі де қимылдың жасалу тəсілдеріне қатысты мағыналар болып табылады. Ал етістің басқа түрлеріне талдау жасар болсақ, мəселен, істі біреу арқылы істеуді беделді етіс деп атайды да, оған мынадай мысал береді: хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды. Осындағы тілдік форманың ішкі мазмұнына үңілер болсақ, субъект пен оның іске асырылуы арасындағы қатынас үшінші адамның ықпалымен жүзеге асып отыр. Ал ғалым өзгелік етіс деп көрсеткен етістік келесі бір түріне берілген анықтама мен дəйектеу мысалдарына назар аударатын болсақ, сөзге қосылған қосымшаның тұрпаты (формасы) бірдей болғанмен, екі етіс түрінің (беделді етіс жəне өзгелік етіс) мағыналарының мүлде екі басқа екендігін аңғару қиынға соқпайды. «Өзгелік етіс дейміз – біреудің ісіне себепкер болуды, мəселен, атты жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды дегенде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенің тұруына себептер болғанды көрсетеді»деп жазады. Яғни екі етіс түрінің арасында мағыналық жақтан, субъект əрекетіне жəне нысанға қатысты ерекшеліктердің бар екендігі анық байқалады. Сондықтан да ғалым бір тұлғада тұратын сөзді, ішкі мағыналық ерекшелігіне қарай етістің екі түрі ретінде алып қараған. Бұл – грамматикалық тұлғаның өзі қосылатын сөздің мағыналық ерекшелігіне қарай атқаратын қызметінің тағы бір қыры, яғни зерттеу нысаны грамматикалық форма және оның тілдік қызметтері болып табылатын функционалды морфологияның мəселелері. Ал қазіргі қазақ грамматикасында А. Байтұрсынұлы өзіндік мағыналық ерекшеліктерге ие болып келетін екі тілдік мəселе ретінде алып қарастырылған жайт, бір ғана өзгелік етістік аясында қаралады.
Ал С. Аманжоловтың «Септік жалғауларының қызметі» атты мақаласы арқылы функционалды морфологияның қазақ ғалымдарының еңбектеріндегі көрінісін немесе нышандарын белгілеуге болады. Сонда қазақ тіл білімі үшін функционалды морфология мəселелері мен оның принциптері мүлде жаңа нəрсе емес екендігін аңғару қиын емес. Сөзіміз дəлелді болу үшін ғалымның осы мақаласына талдау жасайық. Мақалада автор септік жалғаулары беретін мағыналарға тоқталып, сөйлем ішінде олардың түрлі мағыналық қатынастар жасауы тілдік деректермен дəйектеледі. Мəселен, ғалым септік жалғауларының қолданыстағы мағыналарын екіге бөледі жəне тік мағына мен көлденең мағына деген терминдерді енгізеді. С. Аманжолов тік мағына ретінде септік жалғауының негізгі мағынасын алған, мəселен жатыс септігінің мекендік мағынасы тік мағына, ал қолданыстан туындаған шарттық, себептік, мезгілдік мағыналары көлденең мағына деп көрсетілген. Сондай-ақ, барыс септігінің объектілік қатынаста жұмсалуын атаса, көлденең мағынасына барыс септікті сөздердің түрлі тұлғалардан кейін жалғанып келуін атайды. Соның ішінде Мен онымен бірге жүрмеймін деген сөйлемдегі бірге сөзіндегі барыс септігін кімге? неге? деген сұраққа жауап бермейді, кіммен бірге? деген қосалқы сұраққа жауап береді деп көрсетеді. Бұл тұста автор, барыс жалғаулы сөздің қызметінің ауысып тұрғанын меңзеген сияқты. Жатыс жалғауының негізгі —да/де, -та/-те. Бұлар заттың мекенін жалпы түрде көрсетеді, дей келе, автор тік мағына мен көлденең мағынасын ажырата көрсетеді. Әдетте, кез келген тұлғаның негізгі мағынасымен қоса, сөйлеуде сөйлеу ортасынан, мəнмəтіннен көрінетін, сол ортада негізгі мағына саналатын қолданыстағы мағынасы болады. Басқаша айтқанда, негізгі мағынаның орнын сөйлеуде сол сөздің бойында бар кез келген потенциалды мағына алмастыра алады жəне ол сол сөйлеу жағдаятында негізгі мағына қызметін атқарады.





Сөйлем түрлерін коммуникативті-прагматикалық тұрғыдан зерттеу

Коммуникативті синтаксис сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан емес, олардың мазмұны, семантикасы тұрғысынан зерттейді. Функционалдық синтаксис тілде түрлі өтініш, тілек, таң қалу, сүйсіну сияқты сезімдердің берілу амалдарын сипаттауға мүмкіндік береді. Функционалдық синтаксис байланыстыра сөйлеудегі синтаксистік құралдардың қызметін қарастыратындықтан, түрлі контекстегі, яғни сөйлеу үдерісіндегі, сөйлемдердің типтері де нақтылануы тиіс. Орыс тіл білімінде контекстегі сөйлем немесе қарым-қатынас бірлігі высказывание деп аталады. Қазақша ғылыми айналымда контекстегі сөйлемдерді атауда бірізділік жоқ, олар айтылыс, айтылым, сөйлесім, сөйленім, сөйлемелік деп түрліше аталып жүр.
К.Аханов эмоционалды-экспрессивті қызмет атқаратын құрылымдарды сөйлемдер қатарына жатқызбайды жəне оларды айтылыс деп атайды.
Сөйлеу тілінің прагмалингвистикалық аспектісін зерттеген З.Ерназарова сөйлем мен нақты коммуникацияда қолданылатын синтаксистік құрылымды ажыратады: «... Сөйлем мен сөйлесімнің ең басты айырмашылығы — біреуінің сөйлеу актісінде пайда болатындығында. Сөйлемнің өзі арқылы аяқталған ой берілетін болса, сөйлесімде берілген ойдың түсініктілігі мен мағына толықтығы сөйлеу актілері арасындағы мағыналық байланыс, тақырып ортақтығы арқылы қалыптасады» ал бұл дегеніміз — контекстегі сөйлем.
«Ч.Фриз өзінің жіктемесін дəстүрдегідей сөйлемнің меншікті семантикасынан емес, сөйлемдердің айтылуы барысында оған жауап ретіндегі кері қайтарылатын реакциясынан туындату керек деп ұсынады. Ч.Фриз дəстүрлі жіктемені жоққа шығармайды, бірақ ол жіктемені сөйлемдер түрінде емес, сөйленімдер түріндегі (высказывание) бірліктерге жасаған. Ч.Фриз сөйленімдердің бірнеше түрін айқындайды». Біздіңше, контекстегі немесе нақты коммуникативті жағдайдағы сөйлемді сөйленім деп атау дұрыс болады.
Авторлар ұжымы шығарған «Тіл білімі сөздігі» «высказывание» терминіне балама ретінде сөйлемелік сөзін ұсынып, оған мынадай анықтама береді: «Сөйлеу əрекетінің единицасы. Сөйлеммен бірдей болуы мүмкін, бірақ сөйлеу ішінде қарастырылады... С. жағдайға тəуелді, сөйлеушіге белгілі нақты жағдаймен тығыз қарастырылады». Бұл пікірлерде коммуникативтік мақсаттағы сөйлемдердің басты белгісі олардың сөйлеу барысында туындауы болып табылады. Бұл орайда Ж.А.Жақыповтың пікірін келтіру орынды: «... біз қазақ тіліндегі «сөйлем» аталымынан бас тартпаймыз. Өйткені жалпыға түсінікті бір ақиқат бар: тіл — мəн, сөйлеу — құбылыс. Философияда дəлелденгендей, құбылыс кеңірек, мəн мен құбылыстың бірінсіз-бірі жоқ, бұлар тығыз диалектикалық байланыста тұрады. Сонда, тіл мен ойлау бір нəрсенің екі жағы болып шығады. Тілге — статика, сөйлеуге динамика тəн. Тілде ой берілсе, сөйлеуде ой қозғалысқа, өзгеріске түседі».





Байтұрсынов еңбектеріндегі фунг. Линг. көрінісі

А. Байтұрсынұлы 1915 жылы жарық көрген «Тіл – құрал» еңбегінің екінші бөлімінде етістік категорияларына (етіс, рай, көсемше, есімше) тоқталып, оларға сипаттама беруде тілдік таңбаның мағыналық жағын негізге алған. Олай дейтін себебіміз, «тұлғадан – мағынаға қарай» ұстанымын басшылыққа алатын дəстүрлі грамматикада етіс категориясының төрт түрі көрсетіледі: өзгелік етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.
А. Байтұрсынұлы еңбегінде етіс категориясына анықтама бермегенімен, оның келтірген мысалдарынан жəне етіс түрлерін санамалап жіктемесін жасай отырып, оны дəйектеуге берген тілдік деректерінен етіс деп іс-əрекетті жүзеге асырушы субъект пен жүзеге асатын іс-əрекеттің өзі, яғни нысан арасындағы қатынасты түсінген деп топшылауға болады. Сөйтіп, етістің төмендегідей сабақты етіс; салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс он түрін көрсетеді. Қазіргі қазақ тілі морфологиясына қатысты еңбектерде А.Байтұрсынұлы салт етіс жəне сабақты етіс деп көрсеткен етістің түрлері етістік сөз табының шеңберінде өз алдына салт етістіктер жəне сабақты етістіктер деген атпен жеке категория ретінде бөліп қарастырылса, дүркінді етіс жəне өсіңкі етіс түрлері мазмұн межесі жағынан етістіктің қимылдың өту сипаты категориясына сай келеді. Автор тарапынан етістердің қатарында қаралатын дүркінді етіс пен өсіңкі етіске берілген анықтамалар мынадай: «Дүркінді етіс дейміз – қайта-қайта істелетін істі, мəселен, хат жазғыладым, мылтық атқыладым, қолынан жұлқыладым. «Жазғыладым», «атқыладым», «жұлқыладым» деген сөздер істің бір рет емес, бірнеше рет істелгенін көрсетеді» десе, «Өсіңкі етіс дейміз – күшейген істі. Мəселен, ат жүріңкіреді, су тасыңқырады, бала ұйықтаңқырады. «Жүріңкіреді» дегенде жүру күшейгені көрінеді, «тасыңқырады» дегенде тасқын күшейгені көрінеді, «ұйықтаңқырады» дегенде ұйқы күшейгені көрінеді» . Бұл анықтамалардан айқын көрініп тұрғандай, дүркінді етістегі амалдың бірнеше рет жасалуы, өсіңкі етістегі əрекеттің үдемелік сипаты – бəрі де қимылдың жасалу тəсілдеріне қатысты мағыналар болып табылады. Ал етістің басқа түрлеріне талдау жасар болсақ, мəселен, істі біреу арқылы істеуді беделді етіс деп атайды да, оған мынадай мысал береді: хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды. Осындағы тілдік форманың ішкі мазмұнына үңілер болсақ, субъект пен оның іске асырылуы арасындағы қатынас үшінші адамның ықпалымен жүзеге асып отыр. Ал ғалым өзгелік етіс деп көрсеткен етістік келесі бір түріне берілген анықтама мен дəйектеу мысалдарына назар аударатын болсақ, сөзге қосылған қосымшаның тұрпаты (формасы) бірдей болғанмен, екі етіс түрінің (беделді етіс жəне өзгелік етіс) мағыналарының мүлде екі басқа екендігін аңғару қиынға соқпайды. «Өзгелік етіс дейміз – біреудің ісіне себепкер болуды, мəселен, атты жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды дегенде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенің тұруына себептер болғанды көрсетеді»деп жазады. Яғни екі етіс түрінің арасында мағыналық жақтан, субъект əрекетіне жəне нысанға қатысты ерекшеліктердің бар екендігі анық байқалады. Сондықтан да ғалым бір тұлғада тұратын сөзді, ішкі мағыналық ерекшелігіне қарай етістің екі түрі ретінде алып қараған. Бұл – грамматикалық тұлғаның өзі қосылатын сөздің мағыналық ерекшелігіне қарай атқаратын қызметінің тағы бір қыры, яғни зерттеу нысаны грамматикалық форма және оның тілдік қызметтері болып табылатын функционалды морфологияның мəселелері. Ал қазіргі қазақ грамматикасында А. Байтұрсынұлы өзіндік мағыналық ерекшеліктерге ие болып келетін екі тілдік мəселе ретінде алып қарастырылған жайт, бір ғана өзгелік етістік аясында қаралады.
Функ.гр.ұстанымдары бойынша, белгілі/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы сөз болып отырған нәрсенің, адамның т.с.с сөйлеуші мен тыңдаушыға қаншалық белгілі/белгісіз болуына, таныс/бейтаныс болуына негізделеді. Бұл жерде А.Байт. есімдіктерді жіктеуде осы ерекшелікке ерекше мән берген. А.Байт еңбектерінде танықтық есімдігі нәрсенің жоқтығын (ешкім, ештеңе, ешбір), анық белгілі еместігін, (әлдекім, әлдене) немесе түгел еместігін (кейбір, қайсыбір) білдіретіні сөз болса, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінде нәрсенің жоқтығын білдіретін сөздер – болымсыздық есімдіктері, анық белгілі еместігін білдіретін сөздер – белгісіздік есімдіктері, түгел еместігін білдіретін сөздер – алалау есімдіктері аталып, танықтау есімдігінің мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес өз ішінен таратыла түскен. Сол сияқты шектеу есімдіктері өздік есімдігі мен жалпылау есімдігіне жіктелген. Белгісіз есімдіктері Әр, бір, әлде сөздерінің ұйытқы болуымен жасалса, А.Байт еңбектерінде әр сөзі шектеу есімдігі ретінде танылады. Дұрысында, кейбір, қайсыбір, әлдекім, әлдене, тсс есімдіктермен салыстырғанда, әр есімдігімен бірігу арқылы жасалған әркім, әрбір, әрқайсысы сияқты есімдіктерде белгісіздік мәннен гөрі ақтылық, белгілілік басым. (Бұл ерекшелік: әр оқушы)
Болымсыздық есімдігі ретінде танылып жүрген ешкім, ешқайсы, ешбір, ештеңе, тсс еш сөзінің ұйытқы болуы арқылы жасалған есімдіктердің орнына белгісіздік есімдіктері де жүре алады: ешкім келмеді- біреуі де келмеді, ешқайсысы да айтпады – бірі де айтпады, ештңе қалмапты – бірдеңе қалмады. Осымен қатар кейінгі грамматкиаларда есімдіктің жеке бір түрі ретінде танылып жүрген өздік есімдігінің жекеше түрі ретінде танылып жүрген өздік есімдігінің жекеші түрі әркім, әрқайсы, тсс есіміктермен, көпше түрі бәрі, барлығы, юарша т.б жалпылау есімдіктерінің мәні жағынан да, түрленуі жағынан да сәйкес келетін сияқты.





Соссюрдің ғылыми концепциясы

Ф.де Соссюр –Швейцария лингвисі, ірі еңбегі: “Жалпы тіл білімінің курсы”. Де Соссюр алғашында салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін ол бағытынан қол үзген. Көтерген мәселелері көп:
1.Лингвистиканың объектісі. Де Соссюр даму дәрежесіне, өмір сүру формасына қарамастан тілдердің қай-қайсысының да сөйлеу процесіндегі көріністері тіл біліміне объект бола алады дегенді айтады. Ол тілді зерттегенде оның элементтері арасында болатын қайшылықтар да, ұқсастықтар да естен шықпау керек, бұл екі құбылыстың тілдік механизмді анықтауда мәні ерекше. Зерттеуде бүтіннен бөлшекке қарай жүргізілетін дедуктивтік әдісті қолдануды ұсынады.
2.Тіл –қоғамдық құбылыс, ол коммуникативтік те, экспрес.те қызмет атқарады, алайда маңыздысы – алғашқы қызметі;Тілдің әлеуметтік сыры да осында деп санайды.
3. тіл – таңбалар жүйесі;Де Соссюр тілдік элементтердің материалдық және идеялық жағы болады,бұлардың біріншісін таңбалаушы, екіншісін таңбаланушы дейді де, осы екеуінің бірлігі таңба деп аталады дейді.
4. тіл және сөйлеу (сөйлеу – тілді қолданудың нәтижесі, сөйлеу индивидуалдық сипатқа ие,тіл – қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, тіл әлеуметтік сипатқа ие;
5. ішкі лингвистика және сыртқы лингвистика, бұл мәселелер өзара байланысты, бірақ Соссюр айтқандай, тіл білімінің міндеті – тілдің ішкі жүйесін, құрылымын зерттеу ғана емес, оларды сыртқы факторлармен баланыста қарастырру керек; Де Соссюр сыртқы лингвистика тілді қоғаммен, мәдениет тарихымен, саясатпен, әдебиетпен, географиялық мекенжаймен, т.б. байланыста қарап зерттейді, яғни тілді оның өмір сүруіне қажетті сыртқы жағдайлармен байланыста қарайды. С.л.тіл жүйесінің ішкі механизмін түсіндіре алмайды. Ал ішкі лингвистика тілдің құрылымын, жүйесін, яғни тілдің өзіне ғана тән ішкі мәселелерін,заңдылықтарын зерттейді.
6. тіл – жүйелі құбылыс, тіл – құрылым, тіл бірліктері өзара синтагматикалық және парадигматикалық қатынаста табылады; тіл-барлық элементтері бірігіп бүтін болып тұратын жүйе. Тілдік таңбалар-сол жүйенің құранды элементтері.Жүйе элементтері өзара байланысты, шартты қатынаста болады. Ол қатынас арқылы олардың мағыналары түрленеді, мәні, құны айқындалады дейді.
7.тіл білімін синхрондық лингвистика және диахрондық лингвистика деп бөлді.Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір-біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Т.жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің қолынан келеді. Сондықтан ол маңыздырақ.Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір-біріне қарама-қарсы қояды.





Сұрау сөйлемдердің сем. Тұрлері, прагматкасвы








Гумбольт лингвистикалық концепциялары

Өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгем Гумбольдт болды. В.Томсеннің пікірінше «Германиядағы ұлы адамдардың бірі» - болып есептелінетін Гумбольдттің лингвисттикалық алымы кең. Лингвистикалық тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, баск тілдері сияқты дүниенің әр бұрышында көптеген тілдерді зерттген. Көп тілдердің фактілерімен таныс болуы – оның лингвистикалық ой-өрісін мейлінше кеңейткен.
Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдинет, тіл мен материалдық дүние тіл мен ойлау т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Тұжырымдарын толық, айқын баяндайтын еңбектері: «Адамзат тілі құрлысының әр алуандығы туралы», «Ява аралығындағы Кави тілі туралы» деп аталатын туындылары. Г. Өзінің лингвистикалық, философиялық концепциялары арқылы лингвистика тарихында жаңа бет бұрыс, жаңа дәуір жасаған адам. Дамудың әр түрлі сатысындағы түрлі халықтар тілдері мен олардың рухани өмірінен жиналған материалдарды өз замандастарының қай-қайсынан да көп және терең білетіндігінің арқасында бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды. В.Г. тілдерді типологиялық жағынан топтауда ағайынды Август және Фридрих Шлегельдердің флективті, аффиксті, аморфты тілдер деп жіктеуін қабылдай отырып, аморфты тілдерді даралаушы тілдер деп атадыда және бұл үшеуіне төртінші етіп инкорпорптивті немесе полисинтетикалық тілдер тобын қосты. Соңғы топқа ол Солтүстік Америкадағы индеецтер мен Солтүстік Шығыстағы чукот тілдерін жатқызды. Инкорпоративті тілдер тобының ерекшелігі ретінде олардағы сөйлемнің сөзбен берілетіндігін атады. В.Гумбольдт әлембік лингвистикаға «тілге таңбалық сипат тән», «ол жүйелі құбылыс», «тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді», «тіл үнемі дамуда болады» деген сияқты иедялар мен концепциялар ұсынды. Г. Тіл білімінің өзіндік философиялық базасы – тіл философиясы. Адам тілді неғұрлым жақсы меңгенген болса, соғұрлым тіл оның ойлауына әсерін тигізеді дейді. Тілдің қоғамдық сипатын ұлттық табиғат, адамдардың жанында, санасында болатын идеялық нәрсе деп біледі. Бұл идеалық – индивидуалық емес. Жалпы халықтық, тілдік ойлау. Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінгенмен, ол – жеке адамның табысы емес, халықтың табысы. Г. Гегельдің идеалистік концепциясын басшылыққа алған, белгілі шамада боса да, И.Канттың философиялық принциптеріне еліктеген ғалым, сондықтан оның тіл философиясында қате тұжырымдарда аз емес. Канттың ізімен Г. та сананы материалдық дүниеге тәуелсіз деп санайды. Тілдің еңбек прцесінде, қоғамдық қажеттіктен туғанына мән бермей, оны адам баласынның ішкі табиғи қажетінен туған, тіл адам табиғатына тән дейді. Тілдің ішкі формасы тек қана ұлттық рухпен, абсолюттік идеямен байланыста қарайды. Г-тің тілдік форма жөніндегі тұжырымдары оының лингвистикалық теориялары ішіндегі ең маңғызды саласы. Г. Тіл халықтың әрекетімен, ойлауымен байланысты болғанымен, оның өзіндік ерекшелігі, белгілі мөлшерде болса да, тәуелсіздігі, тұрақтылығы бар, сөйлеу әрекеті мен тіл өзара байланысты, бірақ тепе-тең емес, тілдік форма тұрақты, ал оның көрінісі әр түрлі. Тіл – форма, онан басқа т.к емес дейді. Г.тілді адам мен материалдық дүние арасындағы аралық категория деп түсіндіреді. 20 ғасыр лингвистикасында ең мәнді проблемалардың бірі болған тілдік жүйе, тілдік құрылым мәселелерін Г. осы салада көрсеткен. Г. Тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жәктеу мәселесімен де айналысты. Ол қалыптастырған бірсыпыра теориялық, философиялық тұжырымдар бертінде идеалистік бағыттағы лингвистердің ұранына да айналды. В.Гумбольдт ілімінің өзінен кейінгілерге еткен әсері туралы профессор В.А.Звегинцев: «Лингвистердің кейінгі замандардағы дамуына тигізген әсерінің тереңдігі, күші жағынан онымен пара-пар келетін басқа бірде-бір ғалымды атау қиын», - деп жазды. Зерттеулерінде идеалистік философияны басшылыққа алғандықта Гумбольдттың теориялық тұжырымдарында кейбір қайшылықтар да болды. Бірақ соған қарамастан 19 ғасырдағы тіл білімі тарихында ол өзгелерден оқшау тұрды, ерекше жоғары бағаланды.





Синтагма, синтаксема туралы түсінік


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау