Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

1967 
 
 
АСАУ ТОЛҚЫН 
 
І 
 
Келеді бір күш соңымнан: өктемдіктерге бас бұрмай, 
екпінін көрсең—дауылды түнгі дариялардағы тасқындай. 
Жүреді ол дос қып, адалдық көрсе бойынан, 
ешбір пендені жатсынбай, 
қиянаттардан қиналғандарды басқа ұрмай, 
қояды ол сосын өзімшіл менмен жандардың 
ауызын “ә” деп аштырмай. 
Намысына тисе халқының біреу, кете алмайды оның алдынан 
жанарларына жас тұнбай, 
кіре алмай жерге, өкінішке толы өксікпен 
жөнейді кері жаралы қорқау қасқырдай. 
Шындықсыз жерде ол, келіспек түгілі, 
бұрылып басын да имеген 
/сол ақиқатпен мен де бір жасыл күйге енем./ 
Оның ақ жанын ешнәрсе жалтарта алмайды 
көгілдір дүние, көп жићаз, асыл күймемен. 
Халқының абзал қасиеттерін ардақтаса жұрт, 
бақыт пен даңқ тілемейді өзге, 
ол үшін осы сый деген. 
Келер бір сондай тың толқын 
дәуірдің өзі туғаннан сана, күш берген. 
өмірдегі кейбір жалтақтықты көрсе, тістенген. 
Ығыспай сонда ол, арпалысып өтер өлгенше 
әділеттен жұрдай үстеммен. 
Жүреді сосын ұрпақтың даңқын шырқатып 
тарихтың өзін таңдандыратын істермен. 
Қарайды оған бас иіп 
Жер ғана емес, көгілдір аспандағы Күн, 
қайратын көріп жанартаудың жасқар жалынын. 
Жүреді ол кәміл белгісіз мекен жайларда 
туларды қадап шыңына асқарларының. 
ұрпақтары оның мақтанар мәңгі аңыз қып 
жұлдызды жондарда қарыштап басқан адымын. 
Оған түк емес бүгінгі менің 
өзімшіл асқақ арыным, 
/кім білсін, мүмкін, оған да жетер 
ашынудан басталған үнім./ 
Мен, мүмкін, оның биіктерге шырқар жолдағы 
алғашқы баспалдағымын... 
Асқақ болғанмен, ұғады ол 
тамырсыз тыңдардан өзінің өспегенін де, 
естиді ол әнін Ақанның Көкше белінде, 
асқақ үнімен даланы жаңғыртып өткен 
Махамбеттердің болғанын көшпелі елінде. 
Іздейді ол талмай аталардан қалған мұраны, 


Жер астындағы “архив” біткеннің қопарып 
текшелерін де. 
Осынау жонда қалалар тұрды-ау бір кез деп, 
тігеді ойлы жанарын төстегі егінге... 
 
 
ІІ 
 
Сан заман өткен, 
Қазақтың таптатып жатқа мекенін, қор қылып елін 
/сол түнек заман, менің де сор күнім едің/. 
Қасірет шеккен кең дала тыныстап бүгін, 
ұмытып жатыр талайға жортуыл демін. 
Қасиетіңді тек жоғалтпа, ақпейіл далам, 
шүкірсің бүгін—төсің бай, қолтығың егін. 
Мойнымда менің көп әлі 
алдыңда сенің өтей алмаған борышым, олқы күндерім. 
Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа — 
көз нұрың, болашағың да сол, түбінде, елім! 
...Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан-— 
бар үміт сенде о, асау толқыным менің!... 
1971 
 
АЛМАС ҚЫЛЫШ 
немесе мен Махамбетпен қалай кездестім 
 
Бірінші кездесу 
 
Ей, 
өнер қуған жарқыным, 
өлең қуған жарқыным! 
Балауса балғын шағың бұл, 
айналаң тұнған сағым-нұр, 
арманың – асқақ, жаның – гүл. 
Қара халықтың қамы үшін 
қорғауға елдің намысын 
жалын жастығын ұрлатқан 
түздерде жортып түн қатқан 
бабаларыңның арманын, 
ұрпағым болсаң, жалғағын! 
Жүргенде халқың қан жылап, 
жатқаның мынау 
ұйқыға батып албырап, 
бабаңның жері бал құрақ 
жат табандарға тапталуда әлі 
қалжырап. 
Зұлымдықтардан қасірет шеккен халқыма 
азаттық іздеп шарқ ұра 
өмірден өттік Намыс пен 
өрлікті ұрпақтарыма 
мұра ету еді бар мұрат. 
Отты үнің қайда, 


өртті үнің қайда бұл шақта 
қуат беретін ұрпаққа? 
Кеудеңді соғып “ақынмын” дейсің - 
сандырақ! 
ұйқыңды аш, қане, 
сөзіме менің сал құлақ. 
Ақ найза жырды 
қалғандай бүгін тот басып, 
тұратын еді от шашып! 
Ақынмын дейсің, аруағым атқыр мылжыңдар, 
күйбең тірлікті жүрсіңдер жырлап, 
оттасып. 
“Сүйдім” деп зарлап жырлайтындарың сондағы – 
өмірде тіпті жоқ ғашық. 
Әлі де Жердің үстінде 
қайғырып жүрген адам бар, 
шындықты айта алмай қаймығып жүрген адам бар, 
солардың бәрі заманға үкім айтар деп 
есіргендерді алмас жырымен жайпар деп 
өзіңе қарап алаңдар, 
шын ақын болсаң, соны аңғар! 
Мына мен бабаң, 
сая бола алмай иен далам, 
соңыма түсіп боқ қарын би мен бектерім, 
нендей азап шекпедім. 
Қара басымның рақаты үшін 
сонда мен күресіп өтті деп пе едің, 
жанымның қамын жеп пе едім? 
Елімнің азат өмірін ойлап дертті едім, 
әділетсіз мынау дүниеге 
сол үшін ғана кекті едім. 
Ей, өлең қуған жарқыным, 
өнер қуған жарқыным, 
өтпесін сенің дұшпан ұйқымен әр түнің. 
Мен үміт еткен ұрпағым болсаң, қалғыма, 
өнеріңнің көрсет алмас қылыштай жарқылын, 
бұл жұмыр жерде ұлымын дейтін халық көп, 
көрсеткін сен де еліңнің айбат, ауқымын! 
Сенің қамыңмен рақаттан безген бабалар 
көрінде тыныш жатсын-ау десең, 
шалқығын. 
Қай заманға да дауылпаз екпін үн керек, 
найзағай сынды жыр керек – 
сол болсын сенің халқыңа деген тартуың. 
Бұл кім деп өзі қаймыға қарап тұрсың сен, 
сескендірді-ау деймін қарқыным. 
Кей пенделерге тот басып қалған ақ алмас, 
шын ұққандарға - халқымның өшпес даңқымын. 
Зұлымдықтарға бас имей кеткен өрлікпен 
мен Махамбет деген жалқымын!.. 
...Осыны айтты да, тарлан ат мінген жолаушы 
алыстай берді болаттан сауыт құрсанып, 


тұлғасының өзі —жыр-шабыт! 
Мен ұшып тұрдым дірдектеп қорыққанымнан, 
кетердей мені алмас қылышпен бір шауып. 
Екінші кездесу 
Думанмен өтіп күндерім, 
шарықтап шырқап айтам ән, 
көңілімде көктем. Жасыл теректей жайқалам. 
Күлімдегенді дос деймін, 
сезімімді сатқан жандарды мен де кешпеймін. 
Батпаймын терең ой-мұңға, 
көгілдір дүние қойнында 
ұйқыға кетем, жай табам. 
ұмытқам сонау түсімде келген Махамбет атты 
ақынды. 
Таң алды білем... Тарланмен жетті қайтадан. 
...Атаның жолын қуар деп 
үмітімді артқан бала едің, 
өзіңмен ашық сырласуға мен зар едім. 
Асқар тау тұтқан ардағымнан ерте айрылып, 
жалғыздығымнан зарығып өткен жан едім. 
Ей, қасиетті менің кең далам, 
достыққа неткен тар едің! 
Жатырсың, балам, көгілдір күндердің думандарына 
арбалып, 
таңданбастарға таңданып. 
Күні түскенде, 
айнымас дос боп көлкіген 
арамзаларға алданып. 
Кейіндеу қалсаң, 
басыңды кенет бұлт шалса, 
сол “достар” өтер жаныңнан 
танимын деуге арланып. 
Ілгері кетсең, ту сыртыңнан көздеп тартады 
қорамсақтан оқты қолға алып. 
0, шіркін досың болса ғой 
сонау бір өткен Исатай сынды асылдай, 
өзімсінгенге жүретін сырын жасырмай. 
Досына деген, еліне деген бір ыстық сезім бойында 
лапылдап жанып басылмай. 
Жарамсақтарға шашылмай, 
мықтысынғанға бас ұрмай... 
Арыстаным еді-ау Исатай, 
дұшпанын көрсе - көктемедегі жасындай. 
Жанына құрбан болсам-ау деген мен бейбақ 
артында қалдым маңдайдағы сорым ашылмай, 
жанымның шері басылмай. 
Қансырап қалған сыңарын көріп шарқ ұрып, 
шыр айналып ұшқан лашындай. 
Кім еді маған Исатай? 
Құрдасым емес бала шақтардан бірге өскен, 
туысым емес ана-құрсақта күн кешкен. 
Аталас емес, танысым да емес ол менің, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау