Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет26/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

сергектеу шығар темір қабырғалы түрмең де... 
Сен жылап алдың ба екен: 
жылдасыңды көріп анасыменен басқа бір тілде ұғысқан
осындайлардан жаның күйгенде жанарыңнан кекті мұң 
ұшқан. 
Ертерек сені есейтті ме екен “мәдениетпен” сырқос 
біреулер 
халқыңның қанын мойындамауға тырысқан. 
Қара жерде тұрып, қара боп туғанын ар көріп 
негрмін деуге ығысқан. 
Сен шыдамадың ба екен: 
тобырларды көріп жиіркеніш пенен мысқыл ойнаған 
көзінде, 
ішіңнен жаттап олардың әрбір жаныңды түйрер 
сөзін де; 
негр біткенді аяқ басқызып, маймылдан адам 
еткендей, 
ойларын естіп кеттің-ау толқып төтеп бере 
алмай төзімге. 
Ақ кеуделердің пасықтығынан, сірә, мен білсем, 
құса жаздадың өзің де. 
өрлігіңе сенің, ерлігіңе сенің, 
құлақ түргенде күллі әлем, 
бір жасап қалдым мұнда мен. 
Жалындап тұрып жырлар оқысам алдыңда, 
езу тартар ең, тыңдар ең. 
Заман орнатқан монументтей боп тұрсың сен жердің төсінде 
ғасырдай асқақ тұлғамен! 
 
 
* * * 
 
Ғасыр, сенің екі есті 
мінезіңнен мен жүрмін тынши алмай: 
біреулер жүр бақыттан тұншығардай, 
қаћарыңнан қорыққан қара халық 
дірдектейді алдыңда үн шығармай. 
Ыза болам жүрмін деп бір іс кылмай, 
жабырқаулы көңілдер құлшынардай, 
бейшаралығынан біреулер қымсынардай. 
Қиындықтарына шыдар ем, іс тындырсам, 
тарих өзі жақсылап бір сынардай. 
Тұлпарлардың тұяғы бекімейді 
тақырларды таптамай, шын сыналмай. 
Сен барасың зымырап 
корабльдердің отты арын екпінімен 
(ере алмағандар азабын шекті, білем!) 
жанталасқан уақытқа ілесем деп 
жер де үдетіп жүрісін кетті білем. 
Жұмыр жердің үстінде пенделерге 
бақыт пенен күлкі ортақ деп біліп ем
бақсам, бірдің жүзінде шаттық тұнып, 


ызалылар сорлаған кекті үнінен. 
Әкем өтті 
қырық жаста құрбан боп қырғындарда… 
Қасіретім жетерлік мың жылдарға. 
Адамзатта ой өскен бұл дәуірде 
құлақ асқым келмейтін мұң-жырларға. 
Мұңсыздығым қате екен. Планетаның 
бір басында қамалған құрбым барда. 
Бір жерлерде бұғаулап бұғалықсыз 
еркіндіктің жігерін құм қылғанда. 
Толған шақта кемелдеп жасым, санам, 
қалай өкпе айтпаймын, ғасыр, саған?! 
Бір жерлерде жазықсыз қан төгіліп, 
бір жерлерде азаптан ашынса адам?! 
Ойсыз болсам, миыма 
кіріп шықпай қасірет, түрме деген 
(бақыттылау болар ма ем — білген емен), 
Жер жарылып жатса да, жайбарақат 
топтастықпен алаңсыз күн көрер ем. 
Күн көрер ем. 
Жићаздардан үй толы көрінбестен, 
өрт алса да дүниені сезінбестен. 
Бас қатырып жатпай-ақ өмір жайлы, 
шығарар ем халқымды, елімді естен. 
Жау шапса да көршімді елең етпей, 
естімеген кісі боп керілмес пе ем. 
Қайғысы үшін біреудің жүрек жыртып 
жерлегендей жарымды егілмес те ем. 
өзің бірақ ой бердің, білім бердің, 
нар жігіттің арқалар жүгін бердің. 
Сана бердің сергектеу сезінуге 
қайғысы мен күлкісін жұмыр Жердің. 
Енші қылдың қайсарлық, өжеттікті 
жүрегіне от бер деп түңілгеннің. 
Тыншытпайды сондықтан 
мынау сұсты ғасырда өзгермелі 
қаралаған шындықты сөздер мені: 
шығыстағы сәбиге оқ атылса, 
ол - менің жүрегіме көзделгені. 
Сондықтан да хақым жоқ 
сөз етуге бас қамын, тамақ мұңын
(Жер күрсінсе, мендағы азаптымын) 
шындық қуған замандас отырғанда 
төбесіне телміріп абақтының. 
Жердегі ұлы не сұмдық істер үшін 
мен уақыттың алдында жауаптымын. 
 
 
* * * 
 
Тұман түндер... 
Көзіңді аштырмаған. 


Қоршауға алды азулы қасқыр-заман. 
Қасқыр-заман қатыгез, алдында ешкім 
қанын сорып алса да бас бұрмаған. 
Қара едің сен 
(ақшылдығым шамалы өзімнің де), 
қараларда мықты ғой төзім мүлде. 
Төзім бітті, 
үзілген өмір сынды, 
ызалы кек тасыды көз ілдірмей. 
Құйын болғың келді сен 
түнек түннің серпетін тұмандарын, 
ақтарылмай түбінде тұрар ма ағын! 
Ақ сәуле боп жасқанбай, жария еттің 
қаралардың ақ тілек, мұң-арманын. 
Әлжуаздар 
(қадаса да өктемсіп қанды өкшені, 
сендегі үміт сөнбеді, ар да өшпеді). 
өнеріңе, ойыңа бас шайқасып 
тұрсадағы қарады аң деп сені. 
Қатал тағдыр, 
жұмыр жерге сыйғызбай адам ұлын, 
қырқыстырып күніне алады мың: 
ақтығына есіртіп біреулерді, 
біреулерге сор етіп қаралығын. 
Бақытты едім 
ойдан жырақ, елтігіш кезімде мен 
алалығын өмірдің сезінбеп ем. 
Дәл осы сәт ұқтым-ау қасіретіңді 
қатар қойып өзімді-өзіңменен. 
Қарамаймын сендегі жат тілге мен, 
өзіңменен біргемін, 
жатпын демен. 
Халық деген құдірет күш барында 
сенем саған туатын ақ күнге мен! 
 
 
 
 
 
* * * 
 
Ат мінсем, құйындатып, 
қалмаймын жігіттерден. 
Айтыссам жиында, тек 
жеңістен үміттенем. 
Жіңішке жол қадамым 
қызбын деп жасымадым. 
Әзілмен бозбаланың 
аузын ашырмадым. 
Жеңе алмас сорлы бала 
тағылау қыр үркегін! 
Күй тартсам, домбырада 


Динаны тірілтемін. 
Іздеймін батыр, мықты 
көз салып үміткерге: 
мендегі батылдықты 
бермепті жігіттерге! 
1970 
 
 
*** 
 
Бұлақтар құздардан асып, 
сарқырап сайларға аққанда, 
көңілім қырларға ғашық 
самғайды жайлау жақтарға. 
Жүрегім бұлқынады да, 
тоқтамай думан бақтарға, 
талпынар қыр-тұрағына
құлпырған қызғалдақтарға. 
Қиялым – желмен жарысқан 
ай маңдай арғымақтарда. 
Көп аңсап келгенде алыстан 
бәйгелер қалжыратқан ба! 
Сәби қып бұл күндер мені 
тұрғандай тосып гүлдерді, 
ұмыт қып үлкейгендегі 
қырқысқан қырсық күндерді. 
Мен сонда бала боп кеттім, 
қалғанын сезбедім күз кеп… 
Қырларды аралап кеттім, 
қызғалдақ кездерімді іздеп. 
1969 
 
*** 
 
Арғымақтары қайда екен бұ даланың, 
бәйге алаңын көргенде шыдамадым. 
Аңсап келген ауылда сәйгүлікке 
тақым салмай мен қалай тұра аламын? 
Ағатай! 
Маған арнап бір жүйрік баптадың ба? 
Ендеше мен ойнайын ат жалында. 
Бір көтеріп тастаңдар сүйтіп мені 
шаршаңқырап келген бұл шақтарымда. 
Құйысқанды тарттырып күмістеген, 
оюлаңдар тоқымды пүлішпенен. 
Арғымақ ат астымда ойнақтаса, 
жалығарым жоқ, сірә, жүріске мен. 
Бір жасайын мен бүгін 
кетпей қойған бәйге ғой көкейімнен, 
жете алмаған жігітті төпейін мен. 
Жорғаңды қой, қайда әлгі Бәйге торы – 
неде болса бір зулап өтейін мен! 


1971 
 
 
ЖАЙЛАУҒА КЕЛГЕНДЕ 
 
Көйлегім тарлау, шашым да қысқа, ағайын, 
сезіп-ақ тұрмын, “ерсі” деп тұрсың талайың. 
Тырнағым аздап қызылдау оның үстіне, 
о, құдайдың азабы деген күшті де ! 
Біз өкше, сүйір — аяқта мынау кебісім, 
сендерше бұ да тұрған жоқ онша келісіп. 
Осының бәрін көңілге түйіп, тізіп кеп, 
тұрсыңдар іштей: “Мынауың тұрған бұзық”-деп. 
Жоқ, менің жаным —қазақтың жаны кіршіксіз, 
бал қымыз қайда — әкелші, қалдық күнсіп біз. 
Келдім ғой мұнда /қарама, жеңге, аңырып/ 
тезекке піскен таба нан иісін сағынып. 
Мен жұртқа айтып “бесбармақты” да, мақтанам, 
жеңеше, маған құйымшағыңды әкел сақтаған! 
Домбыра бар ма? Берейін әсем ән салып, 
қазақтың әнін тыңдайсыңдар ғой тамсанып. 
“Қалада өстім, бәрі ерсі мұнда!” демеймін: 
қол тимей жатса,сиыр да сауып берейін. 
Құдықтан суды әкелем иін ағашпен, 
көлбіреп қалса иығым, айтпан қараш деп. 
Ақкөңіл жандар әзілге әсте қанса-шы, 
адаймын десем, қалады мәз боп баршасы. 
Ал енді қалай —алғашқы ойлар қашты ма? 
Қалдыңдар сезбей тар көйлек, қысқа шашты да! 
Жеңгейлерменен тату боп кеттім сыр ашып, 
көрерсің: бұлар қалады ертең жыласып! 
1968 
 
 
*** 
 
Көрінбей кетсең, сені мен 
көруге тіпті құштармын. 
Жаныма жақын келіп ең – 
келмеді бірақ тіс жарғым. 
Жүрегім талай алқынды-ақ, 
бір саған арнап мұң-әнін. 
Жиында жұртқа жарқылдап, 
көзге ілмей сені тұрамын. 
Құдыққа барсам, қарадым 
ат суаруға келгей деп. 
Түңілтіп кетіп қаламын 
түсімнен жылу бермей көп. 
Жанымда арман, мақсат көп 
екеуміз ғана ұғысар. 
Сонда да саған асқақ боп 
көрінуге мен тырысам. 


Қыздардан өрлік қалған ба – 
құлай сүйсе де шектелген: 
сен алғаш сүйіп алғанда, 
ашуланған боп кеткем мен… 
1967 
 
* * * 
 
Сағынып жеткен шағыңда 
жаз жайлау - атамекенге, 
дала боп дархан жаның да 
жадырап қалады екен де. 
Самал боп сені тербеткен 
көңілдер деген пәк қандай! 
Сырларды түйген сен көптен 
тұра да алмайсың ақтармай. 
Ән-күйің қымбат мұнда аса, 
күтпейді Сізден сый бөтен: 
(домбыра төрде тұрмаса, 
қазақтың үйі үй ме екен!) 
Амалсыз сосын ән салып, 
Бибігүлге ұсап бағасың. 
Тыңдайды сені барша жұрт, 
ертіп кеп бала-шағасын. 
Кәрі-жас қалмай маңдағы, 
той болып ылғи түн деген. 
Боз үйге сыймай қалғаны 
сығалап қарар іргеден. 
Жұмақ-ау мына дала шын, 
көңілдің бұлты ашылды. 
Жаңартып содан аласың 
ой қажап біткен басыңды. 
Босаңсып кетеді екенсің, 
қоштасу жасы кетті ағып. 
Қимайсың, бірақ, кетесің 
күйбең тірлікті бетке алып. 
1967 
 
* * * 
 
Бұл жырлар жазылмас еді-ау
мен қайғы жұтпаған болсам. 
Бұл жүрек табынбас еді-ау, 
сен жұртқа ұқсаған болсаң. 
Көзіме ілінбес те едің, 
шыға алар шыңдарым болсаң. 
Тек саған жүгінбес те едім, 
иіліп құрбаным болсаң. 
Мен бұлай жүрмес те едім-ау, 
өмірде болмаған болсаң. 
Сүюді білмес те едім-ау, 
сенімді қорлаған болсаң. 


1967 
 
* * * 
 
Бір жүрейік, 
қос дауыспен "Аққұмдай" бір ән салып, 
тұтқындасын ақынды қылаң шабыт, 
мұңдылар да еске алсын бақыт күнін, 
жанарларды тұрмасын тұман шалып. 
өмір — жасыл бақ емес, арналы құз, 
таба алмайтын сәттер бар қарманып із. 
Бұл тірлікте түк емес кейде біздің 
ұғыса алмай, керісіп қалғанымыз. 
Несі қызық бар дәмін 
татпай кетсек, өмірге келіп тұрып, 
қуантпаса ол, жылатып, еліктіріп?! 
Кейде дауыл соқпаса, тыныштық та 
жібереді емес пе зеріктіріп? 
Бір жүрейік 
жүзімізден арайлы арман ұшып, 
жанымыз — дәл гүл құшқан таңдағы шық. 
Бізді көріп секемшіл мына жұрттар 
бас шайқасып, дал болсын таңданысып. 
1970 
 
*** 
 
Көгалды алаң. Сүт сәуле қырды басқан, 
біз отырмыз жанардан арман ұшып. 
Еленбейтін бұрынғы жұлдыз, аспан – 
бәріне таңданысып. 
Теңесем де өзіңді жасықтармен, 
бір батылдық көруді аңсап едім. 
Кеткім келген кісі боп асыққанмен, 
жібермей қалса дедім. 
Батылдық па күтпеген, жүрек пе ізгі 
сені маған жіберген сүйікті етіп. 
Менің балғын денемді дір еткізді 
қолдарың тиіп кетіп. 
Құшақтадың. Соны аңсап бір тынбап ем 
(бір бұлқыныс басталды іште керім) 
ашуланған кісі боп бұлқынғанмен, 
құшақтай түссе дедім. 
Адам деген бақыттан тұншығады, ә, 
шырын сәтте бойында қан тасыған. 
Біздер жаққа қарауға қымсына ма – 
ай жатыр шалқасынан. 
Қызыққандай біздерге дала мына, 
бара жатты құбылып шалғын-кілем. 
Сонда сенің тұп-тұнық жанарыңа 
тұтқын боп қалдым білем… 
1968 


 
*** 
 
Жанарым талды-ау менің 
заңғар шыңдардың басына қарауменен 
(көңілім, шырқап қалдың ба – жадаулау ең?!) 
Сол биіктіктің көз жетпес ұшар басынан 
лапылдап тұрған мен ылғи алау көрем. 
Мен даланың қызы едім, 
жазықтығында жатпайтын көз ілер қара 
(жазира менің жанымның өзі де дала). 
Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді 
өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана. 
Биіктіктегі дауылдар 
елестететін шығар-ау майдан сындарын 
(мен де бір самғап көрсем бе – қайралсын жаным!) 
Қайта келмейтін тұлғадай мынау жалғанға 
қасқайып қалай тұрсыңдар, қайран шыңдарым!? 
Ей, менің шырқау аспаным, 
сұңғыла шыңнан өзің де бұлтармадың ба – 
сүйгізіп жатсың шымылдық-бұлт ар жағында! 
Мен білсем, сонау шыңдарға көзім жетпейтін 
демігіп әрең жетеді-ау сұңқарларың да! 
Мен төменде тұрсам да
қияларға тігер жанарда мұң тұна қалмай 
астан-кестен боп кеттім жыр құрағандай! 
Тентектеу көңілім тынатын емес-ау енді 
сонау заңғардың басынан бір құлап алмай!.. 
1970 
 
 
*** 
 
Сағыныш хатын жолдадым 
сендерге, ауылдастарым. 
Жаныма мәңгі орнадың, 
жиі дауылды аспаным. 
Думанды жерде жүрсем де, 
аулымды аңсап жоқтадым, 
қазандықтарда бір сөнбей 
жалындап жанған оттарын. 
Қарап жүрсіңдер – бұл мәлім 
өзгеге мақтан етуге – 
бар ма деп менің жырларым 
газет пен журнал бетінде. 
Мені атайсыңдар мақтанға 
балаларға да жыр қылып. 
Мен шіркін мұнда жатқандай 
ұлы бір істер тындырып. 
Жыл сайын, ауыл, 
сендегі 
қымбаттарыма оралам, 


сақталған көңіл-теңдегі 
сырды ақтаруға оралам. 
Есейген шақта бүгінгі 
көп жайларды ұғып, 
түсінген – 
оралам, кішілігімді 
қайта бір сезу үшін мен. 
1970 
 
 
*** 
 
Мен жалындап өтемін 
қариялардың қимайтын жас шағы болып, 
балапандардың талпынар асқары болып, 
ару қыздардың аңсаған арманы болып, 
асқақ жандардың алаулы таңдары болып; 
жиырмада жесір қалғанның аңсары болып, 
сүйіскендерге көз ілер таңсәрі болып... 
Мендегі арынды екпінге 
дауыл көрмеген 
бишара жандар жатсын бір тамсанып өліп. 
Мен келемін өтсем деп армандарды асып, 
алаулы жаным арайлы таңдарға ғашық. 
Жаныма серік болуға жарай алмайды 
жүйрік жылдарға ілеспей қалғандар жасып. 
Мен талпынбаймын 
топастықпенен күн көрер тыныш тұғырға, 
арам ойлармен сақтаман қылышты қында. 
Жырларымды оқып құлшынсын оты бар жандар 
уақытпен бірге өлмейтін бір іс қылуға. 
Жүрмесе болды адамдар 
тұлғамды менің шатасып басқаға таңып, 
жасықтар жүрсін, кездессе, жасқана қалып. 
Несіне жүрем әйтпесе қара жерде мен 
жиырмасыншы ғасырдың жас шағы атанып!... 
1971 
 
*** 
 
Сонау күздің бір күні 
артымда менің қимайтын далам да қалып, 
ақ әжелерден жолыма самал-бата алып, 
кете бардым киелі киіз үйден аттап, 
қиялдың жақұт моншағын жанарға тағып. 
Далам менің, 
жаутаңдап өзің жаққа, 
сағынышымды өлең қып жиі арнайтынмын, 
кеңдігіңді аңсап, сәнді үйге сыя алмайтынмын. 
Көкжиегіңе көз жетпей үйренгесін-ау – 
менің ылғи алысты қиялдайтыным... 
Мен білмеуші ем 


өзіңнен өзге ұлылар бар екендігін, 
кейбіреулерге әлем де тар екендігін. 
Таңданатынмын: жердегі жұрттың бәріне 
бермейді екен деп неге осы дала кеңдігін. 
өсіп те қалдым бұл күнде 
көлеңкесіне кеудемді құштырмай мұңның, 
көре алмағандардың көзіне мысқылдай күлдім. 
Сенің асқақтығыңмен – 
тіршілікке тән 
пасықтықтардың бәріне пысқырмай жүрмін. 
Күн сайын тәтті ұйқымнан 
оятып мені беймаза қаланың таңы, 
болашақ, 
саған асығып барамын тағы: 
қияларға шырқар қиялмен тәкаппар басып, 
тұла бойымда тулаған даланың қаны. 
1970 
 
*** 
 
Тағы да көктем келді, 
бал сезімдерге, сал сезімдерге ұран сап, 
өткінші ғұмырдай қылықтары мол бұлаң шақ! 
Көн көңілдер де теңіз боп көлкіп кетіпті-ау 
ару қыз аңсап, жыр аңсап! 
Бұл не деген құдірет! 
Дүниені түгел құштарлық қаптап кеткен бе, 
адамның бәрі мас болып жүр ғой от-демге! 
Байырғы күңгірт күндер де қайтып келместей... 
Жабырқап жүрген жоқ пенде. 
ұмытып жатыр жұмыр жер 
өктем мезгілдің қалдырған қаза-қайғысын. 
Жас көңілменен тыңдайды дүние май құсын. 
Пенделер салған әжімдер басып, мазасыз жатқан 
жер-ана, көктемде неткен жайлысың! 
Қыз-көктем келіп, 
қызғалдақ қадап жүр белде, 
қатыгездер де көз салады екен гүлдерге. 
Табиғат шіркін адамды бір сәт сергітіп алады екен-ау 
тірліктен қажып, қалжырап жүрген күндерде. 
1970 
 
 
 
 
 
 
 
КҮЗДІҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ 
 
Ерке өзендер жатпайды тасып ағып, 
таулар да тұр жамылып басына бұлт, 


ақ қайыңдар жылайды жапырағын 
байқаусыз шашып алып. 
Аспан да жас төгеді ашынғаннан, 
жасыл көркін жаздағы жасырған маң. 
Бозаң дала жатады томсырайып 
баладай ашуланған. 
Бау-бақшаны тұратын жеміс тұнып, 
жинап қойды адамдар келістіріп. 
Тарсылдатып үйлердің терезесін 
жүреді жел ысқырып. 
Көк аспан да жойыпты от тынысын, 
қоңыр бұлттар жөңкілген соқтығысып, 
балалар жүр кірбіңсіз көңілменен 
шапқылап доп қуысып. 
1970 
 
 
Дарқан дала. Көлбеңдеп сағым қырдан, 
жанарында от ойнап жалын нұрдан, 
перзенттері жүреді дала десе, 
еткісі кеп бойдағы барын құрбан. 
Әйтеуір, бір мінез бар бұл далада 
алды-артыңды ойлатпай табындырған. 
Жігіттерін көрсең-ау – 
арғымақ ат астында алшаңдаған, 
тәуекелден алдына жан салмаған. 
Адал ниет жандардың намысы үшін 
бұйым емес от-жалын салсаң да оған. 
Адамсынған жандарға асқақтығы – 
“Құдай” өзі келсе де қарсы алмаған. 
Шыбын құрлы оларға 
дұшпанының ататын тас кесегі, 
жауласса, оның хақ екен бас кесері! 
Бір сенімін ақтасаң, 
ғұмыр бойы 
балап өтеді айнымас досқа сені. 
Ел басына күн туса, 
тоқтатпайды 
оны жардың жас құшақ, 
жас төсегі. 
Отырмайды өлсе де, 
жасқаншақтап жаныңның күйін бағып, 
қарамайды жалтаңдап жиі ұрланып: 
құшақтаса – табынып ару біткен 
е демейді, кетсе де қиырға алып. 
Бұл даланың от мінез жігіттері 
сүйеді ылғи осылай күйіп-жанып! 
1970 
 
*** 
 
Қартаяды ақындар да. 


Тағдыр – тезге көнбейтін хақың бар ма! 
Самайын қырау шалып, 
бұрқанғанда бойында бұлаң шабыт, 
сезімімен жиырманың жыр-ән салып, 
белестерден зымырап құланша ағып, 
отырады балаша басын иіп 
арлы мен батылдарға. 
әмденер шырайға тұнған рең 
(қартаймас тек пенделер мұңдары кем
ойлы жандар малынбас нұрға кілең), 
құлшынып, аласұрып, 
әділетті қорғайды дара шығып, 
оймен матап жүректі таң асырып, 
ақындар қартаяды, 
нұрлы жүзден ақиқат әр таяры... 
Мәңгі жас боп қалар тек жырларымен. 
1973 
 
* * * 
 
Арман деген елесті қуып келем 
алып-ұшқан жастықтың тұлпарымен. 
Бірде ысиды, біресе суып денем 
алған сайын әр белес, қырқаны мен. 
Ей, жастығым, маужырап қалғымағын, 
бала қаздай қияға түлет мені. 
Көктеменің мүлгіген таңғы бағын 
менің жаным жүрген жоқ тілеп тегі. 
Болсын мейлі асқар тау, алдым ағын, 
мүмкін емес жасытып жүдетпегі. 
Сенетінім - құс қанат арғымағым, 
сонсоң алау жалыным жүректегі. 
Мен осылай арманды қуып келем, 
алып-ұшқан жастықтың тұлпарымен. 
Тоқтамайтын шығармын жуықта мен – 
алыс самғау-қашанғы іңкәрім ең! 
1968 
 
 
*** 
 
Менде бір толғаныс бар 
(кейде өзім де түсінбеймін) 
дауыл күнгі дарияның күшіндей бір. 
Сонау біздің қырдағы тұяқ тілген 
бәйге алаңы секілді дүсірлеймін. 
өзім сонда тұтас бір ғасырдаймын: 
жүргендеймін жарқылдап қасында айдың. 
Мынау бей-жай дүниені сілкіндіріп 
бір таң қылмай мен, сірә, басылмаймын. 
Бұйығы өмір тілемен ғасырдан мен. 
Мейлі, жұртым тентек дер, асыл жан дер. 


Бұл тірлікте жарқ еткен жақсылықтың 
барлығын да құшамын ғашық жанмен. 
Қыңыр кетсем, кешір деп өтінбеймін. 
Шақыр, өмір, әділет сотын мейлің! 
Мен әйтеуір жалтаңдап, жалбарынып 
өзім қылған ісіме өкінбеймін. 
Менде бір тебіреніс бар 
(кейде өзім де түсінбеймін) 
дәл сендегі құштарлық күшіндей бір. 
Сондықтан ба – қыз ғұмыр бұл өмірді 
қуаныш-қайғысымен ішіп жеймін. 
Осы сезім алаулап бойда тұрса 
асылы кішірмеймін. 
 
1970 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау