Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
    Навигация по данной странице:
  • АҒАЛАР


 
Фариза Оңғарсынова 
 
 
 
 
Өлеңдер жинағы 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-кітап 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1978 


ҚЫЗ СЫРЫ 
 
Жігіттердің жүрегін 
ұрлай бергім келмейді. 
Сүйдім деген тілегін 
тыңдай бергім келмейді. 
Кез келгенін ғашық қып, 
әлек еткім келмейді. 
Аз күндік жай машық қып 
және де өткім келмейді. 
Алғашқы арман-тілекті 
шетке ысырғым келмейді. 
Бірді сүйген жүректі 
көпке ұсынғым келмейді. 
1959 
 
 
 
САНДУҒАШ 
 
Кеудеме сандуғаш құс түнеді ме – 
шақырды мені 
мәңгі Күн еліне. 
Әуені тыншытпайды, әлде әнші құс 
ұясын салды ма екен жүрегіме?.. 
Бар досым былай қалып, бар құрдасым, 
сол әуен болып алды жан 
мұңдасым. 
өңімде, түсімде де көкірегімнен 
қанатын қағатындай талдырмаш үн. 
Самға енді жүректерге, сандуғашым, 
тебіренсін балғын әнге бар жылдасым. 
Бақыттан баз кештірген балаң үнім 
тербетсін Отанымның тау, жылғасын!.. 
1960 
 
 
ҚЫРДАҒЫ ҚЫС 
 
Түнімен долы дауыл құрыстаған 
секілді арыстандай жыны ұстаған. 
Жамылып ақ көрпесін енді ғана 
маужырап байтақ дала тыныстаған. 
Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ, 
іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ. 
Мәз болып жас баладай, айналаға 
қарайды әр бұтадан күн жылтырап. 
1956 
 
 
 
 


А Қ Ы Н 
 
Ақынның нәзік жүрегі 
самалдан тоңар гүл еді. 
Халқының махаббатымен 
ақсұңқар құстай түледі, 
ел ғана – тұғыр, тірегі. 
Әділет үшін жан салып, 
алдында тұрсын қанша алып – 
шындыққа жетпей тынбайды, 
қияметтерге қарсы ағып, 
баурайды сонда бал шабыт. 
Сұлулық пенен пәктіктен 
рақат күткен, бақ күткен, 
шығып кеткенше ақтық дем, 
арпалысып өтер қасқайып 
күңкілмен, бұқпа сақтықпен. 
Аялап туған ел, жерін, 
өнерін, тілін, ерлерін 
қастерлер елдің туындай. 
Аяла халқым, суынбай 
Бұқардың мұрагерлерін! 
1961 
 
 
ҰСТАЗ 
 
Заводта болсаң, күнбе-күн 
көрінер еді табысың. 
Дәрігер болсаң, түрлі емің – 
сырқаулы жанның бағы шын. 
 
Ал сенің еңбек жемісің 
өзгеше тіпті басқадан: 
ол - өзін арнап ел үшін 
осынау жүрген жақсы адам. 
Жақсы адам – елдің тірегі, 
байлығы туған халықтың, 
шапағын шашар үнемі 
көгінде тұрған жарық күн. 
Сан жастың қамын шертесің, 
тағдырын ойлап толғанып. 
Әр үйдің бір-бір еркесін 
үйреттің өзің қолға алып. 
ұстазсыз жанда сөнбек күн, 
шәкіртсіз өмір – сусыз жер. 
Көрінбес ғажап еңбектің 
бейнетін кешіп жүрсіздер. 
Жүректе тұрар жалқы үнің, 
жанымнан жалын жігер күт. 
Ұстазым, сенің әр күнің, 
әр сәтің тұрған бір ерлік! 


1957 
 
 
ҰНАТЫП ЕМ… 
 
Жасымнан ұнатып ем бір жігітті, 
сүюдің қиындығын кім біліпті. 
Көз қырын тастамай ол өте берді, 
жүрекке арқалатып нұрлы үмітті. 
Әдейі оны күнде жанап өтем, 
ойпыр-ай, ғашық болған жаман екен, 
көңілдің жайлауында сайран салып, 
жаныңды талай күйге салады екен. 
Сол жігіт білсең атын өлең деген, 
жымияр: "Саған оңай көнем бе мен!" – 
Ерте-кеш болса да бір естір ме екем 
бір сөзін "Сені жақсы көрем!" деген… 
1957 
 
 
НАРЫН 
 
Атырау – ақжарқын ел, жыршы далам, 
ән мен күй көкірегінде тыншымаған. 
Бабамның тері тамған топырағыңнан 
әрқашан жас жаныма сусын алам. 
Ұйытқан әуенімен қырдағы аңды 
күй сазын анам алғаш тыңдаған-ды. 
Ардагер Махамбеттей ақын ұлың 
шөлдеген құмдарыңды жырға малды. 
Талай жан сенде азаттық аңсап өтті, 
Исатай бостандық деп жар сап өтті. 
Қолға алып бұлбұл көмей домбырасын, 
Дина қыз тамсандырды барша көпті. 
Қасиетті тазалық бар құмдарыңда, 
ез болу күнә сенде туған ұлға. 
Менің де көкірегіме тыншу бермей, 
жүрегім оранғандай бір жалынға. 
Тарихта өмір зырлап, жылдар өтер, 
орнында өзен ағар, жылға кетер… 
Киелі топырағыңнан нәр сіңірген 
ұл-қызың сені, Нарын, жырлап өтер! 
1958 
 
 
АҒАЛАР 
 
 
Ағалар асқар тауым ғой 
асқақтап тұрған көк тіреп, 
Жабықтырғанда дауылды ой, 
маңдайымнан менің өпті кеп. 


Ағалар барда демеген – 
бәрінен биік шоқтығым, 
еркелеп өстім неге мен, 
әкенің сезбей жоқтығын? 
Жолаушы кетсе, тұнжырап, 
апамнан сұрай беріппін, 
алдынан шықтым құлдырап, 
лағындай боп еліктің. 
Білінбей жоқтық, кем-кетік, 
елдей ем өзім рулы. 
“Беремін,- дейтін,- жеңге етіп 
саған ұнаған сұлуды” 
кетіпті тулап күндерім, 
сусын ғып әлі жүр жаным 
мейірімнің сонау күн демін. 
Бар екен Жерде тамыздар, 
қабақтар шашқан қар-ызғар, 
өтелмей жүрген парыздар, 
берілмей жүрген қарыздар. 
Тосар да қайғы кемірген, 
солқылдар нәзік денем де, 
ұмтылам бірақ сеніммен 
ағалар барда мен өрге. 
Ағалар барда нұры айбын, 
шыдаймын құздай сындарға, 
Сынбаймын, өзім Күн, Аймын, 
аспаным болып шығанда – 
ағаларым аман тұрғанда! 
1958 
 
*** 
 
Туғандай дүниенің нұр шақтары, 
ән кетті Атыраудан шырқап тағы! 
Күмбірлі күй төгеді, жыр төгеді 
Исатай – Махамбеттің ұрпақтары! 
Атырау кен байлықтың кіндігі еді, 
қалайша сайрамасын жыр-жүрегі! 
Жайықтың аққуындай мың бұралған 
Дина мен Қыз Жібектің сіңілері. 
Алтын Күн бақыт шашып туғанда алдан, 
еңбекпен, Ерліктермен шыңдалды арман. 
Ақ тілеу замандасым, сәлем сізге 
Атырау, Жайықтағы туғандардан! 
Атырау, Ақжайықтың өнерлі елі, 
күй төгіп, ән шырқайды өрендері, 
Балықты, мұнайлы елде, шұрайлы елде 
өнермен ұласады Ер еңбегі! 
Дүниеден ел көшеді қалмаса әні, 
өнерсіз адам жанын шаң басады. 
Халқымның ән мұрасы, күй мұрасы 
осылай ұрпақтарға жалғасады! 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау