ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Кубизм әдісі
1.-«Сапар мен парта» қай тақырыпқа жатады?
- Мысал деген не?
2.-Парта неге ренжіді?
-Парта өз ойын қалай білдірді?
3.-Монолог деген не?
4.-Сапар өз күнәсін мойындады деп ойлайсың ба?
- Мысалдағы негізгі ой нені білдіреді?
- Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: (2минут)
Сабақтың тақырыбын хабарлау.
Мақсатын түсіндіру.
Жұмбақтар шешу:
1.Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды. (шыбын)
2. Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)
Сейітқұл Оспанов ағамыздың «Шыбын мен көбелек» атты шығармасымен танысамыз.
III.Топтық жұмыс (3минут)
І топ «Шыбын» деген кезде ойға түсетін (келетін) алғашқы сөздерді жазып шығу.
ІІ топ «Көбелек» деген кезде ойға түсетін (келетін) алғашқы сөздерді жазып шығу.
ІІІ топ Шыбын мен көбелекті салыстыру венн диаграммасы
ІҮ. Жаңа сабақ. (1 минут)
Автор туралы қысқаша мәлімет беру
Сейітқұл Оспанов 1955 жылы Қызылода обл, Арал ауданында туған жазушы. «Ағаш ат», «Құлдар көтерілісі» кітабы, «Әдемі ару » повесі бар.
Оқулықпен жұмыс. (17 минут)
Үнтаспадан кейіпкерлеріне байланысты дауыс ырғағымен мәтін оқылады. (5 минут)
«Сұрақтар қою» тәсілі бойынша мәтінді бөліктерге бөліп оқу мазмұндау. (12)
Сергіту сәті. (3 минут)
«Көбелек» әнін «Айгөлек» әніне салып, ырғаққа келтіріп билейді.
Көбелек-ау, көбелек,
Көкке ұшқан өрмелеп,
Сені ұстау тым қиын,
Айлакерсің кремет.
Шаршадым-ау, шалдықтым,
Қуып сенің соңынан.
Ұстасам да шап беріп,
Шығып кеттің қолымнан.
Әңгімелеу кестесі (1 минут)
Мысалдың авторы кім?
Шыбын көбелекке не деді?
Көбелек оған не деді?
Көбелек не деп мақтанды?
Ү. Қорыту. (3 минут)
Бүгін не жайлы өттік?
Бағалау: Саған қай кейіпкер көбірек ұнады? Оқушылар өздеріне ұнаған кейіпкерді айтып, гүлге немесе вареньеге қонады.
Кері байланыс: (2 минут)
Жаңа сабақты түсіндің бе? Нені түсінбедің? Қай тапсырманы орындау қызық болды? Қай таспырманы орындау қиын болды? Өзіңді қай сатыға қоясың?
ҮІ. Үйге тапсырма. (1 минут)
Мысалды оқу мазмұндау. Мысал бойынша сурет салу
ҮІІ. Бағалау: форматив , жиынтық бағалау жүргізу
Рефлективті есеп. (5 минут)
|
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеремін.
Мақсатын тақырыбын хабарлау
Бағыт бағдар беру кестелер , маркер үлестіру
Автормен таныстыру
Мысалды бөліктерге бөліп беру.
1-ші бөлім( екі абзац)
2-ші бөлім(екі абзац)
3-бөлім(екі абзац)
4-бөлім(екі абзац)
Жаттығу жасату
Кесте үлестіру, бағыт бағдар беру
Сабақты қорытындылайды.
Сұрақтар қою
|
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді.
Форматив бағалау жүргізеді.
Зейін қойып тыңдайды
Топта бірлесіп жұмыс жасайды форматив бағалау жүргізеді.
Мысалды үнтаспамен қатар іштерінен жүргізіп отырады.
Оқыған бөліктер бойынша сұрақтар дайындап басқа топтарға (бір-бірлерніе) қояды, оларға жауап береді.
Форматив бағалау жүргізеді.
Жаттығу жасайды
Кестені толтырады . Өз ойларын пікірлерін айтады. Форматив бағалау жүргізеді.
Өз пікірлерін жазады
Форматив бағалау жүргізеді
|