Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» Мақсаты



жүктеу 18,79 Kb.
Дата26.01.2022
өлшемі18,79 Kb.
#35030
түріПрезентация
Документ Microsoft Word


Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

АКТ қолдануы: Зум платформасы, презентация.
Мұғалімнің сөзі:

- Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.


Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті анаға арналмақ. «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» атты тәрбие сағатымыз сіздерге арналады.
1-жүргізуші: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылғандай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 наурыз мерекесі келіп жетті.
2-жүргізуші: Сіздер ер-азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім мен шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын!
1-жүргізуші:
Айналдым «ана» деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан.
2-жүргізуші:
Ойнап жүрген құлынын даладағы,
Үйде отырып даусынан ажыратқан.
Хормен барлығы:

Жанымызды жайнатқан,


Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық мол бақыт,
Тілейміз біз балалар!

Ән шашу:
1-жүргізуші. Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші, 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтаймыз!

Ұлдардың орындауында «Су тасушы қыз» әнін қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Құрметті аналар, балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән шашу
1-жүргізуші: Дүниедегі құдіреттің бәрі – ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал ақ самайлы, аяулы да ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз!
Ернұр:
Менің әжем, бұл – әже,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әже.

Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан»
Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
2-жүргізуші: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата-анасымен бақытты.
Ана деген сөзді де,
Апа деген сөзді де,
Әже деген сөзді де,
Әпке деген сөзді де,
хормен: Ойлап тапқан балалар!
Күнім, жаным дегенді,
Құлыншағым дегенді,
Ботақаным дегенді,
Айналайын дегенді,
Толған айым дегенді,
хормен: Ойлап тапқан аналар!
Ән шашу:
1-жүргізуші:

Жаңбырменен жер көгереді,


Батаменен ел көгереді, – демекші әжелеріміздің батасын алайық!

Жаманшылық болмасын


Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт – ашып қақпасын
Мәңгі – бақи жаппасын
Бәле – жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!
Ән шашу:
1-жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
2-жүргізуші: Жарқыраған қызыл гүлдей,
Болсын әсем өміріңіз.
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп, сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін деп тілейміз!

Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған сыйлықтарын аналарына тапсырады
жүктеу 18,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау