Азимова Дильфуза Нуритдинқызы
Түркістан қаласы, №20 жалпы орта мектебі
Ағылшын тілі пән мұғалімі
Mектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді шешу жолдарында ата-аналардың рөлі.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ елі еңсесін тіктеп, өркениет көшінен қалмау үшін ұлттық білім жүйесін жоғары көтеріп алған дамыған елдермен қатар білім стандартына кірген болатын. Қазақстаның білім саласында жүргізіліп жатқан барлық реформалардың негізгі бағыты - білім сапасын көтеру, жоғары білікті, нарқтық әлемде бәсекеге қабілетті , заманауи біліктілігі жаңаша талаптарға жауап бере алатын мамандарды дайындау болып отырған қазіргі кезеңде білім беру жүйесіне ұлттық құндылықтарды еңгізу әр бір мұғалімнің ұстаздық парызы, адамгершілік борышы болып табылады.
Ұлы ойшыл бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби: "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы"-дегенде білімнің тәрбиеге негізделуі өте қажеттілігін ескерткен және бұл бүгінгі күннің заңды талабы болып отыр. "Ғалым болу оңай-адам болу қиын" деген мақалды еске алсақ бірінші орында тәрбие тұрғанына көз жеткіземіз. Тәрбие отбасынан басталады. Профессор А.Қ.Құсайыновтың "Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы" еңбегінде Жапониядағы білім беру тәрбиелеу, адамды қалыптастыру философиялары өзара тығыз байланыста екенін жазады. Жапон мектебінде дәстүрлі оқыту мақсаты, білім беруге қарағанда , тәрбиелеуге көп мән береді. Халық арасында ғалым болғанша, жақсы адам болған дұрыс деп есептеледі. Бұл мақсат бастауыш мектептің оқу жоспарларында арнаулы оқу пәндері көмегімен жүзеге асырылады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу бүкіл мектептің басты міндеті болып табылады. Сондықтан да бабаларымыз баланы бесіктен дегендей...тәрбие отбасынан басталатынын мойындай отырып, оны мектеп қабырғасында нығайтуда ата-аналармен кеңесе отырып, ақылдасып іс-жүргізбесек екі арадағы байланысты нығайтпасақ мұғалім өз білгенінше тәрбие жұмысын жүргізсе ортадағы байланысқа жік түседі. Еліміздегі салыстырмалы педагогика ғылымының негізін қалаушы профессор Асқарбек Қабікенұлы Құсайынов ағамыздың барлық елдердің білім беру жүйесімен танысып, барып, өз көзімен көріп, зерттеп, қортындылап берген барлық материалдары негізінде Қазақстан мектептерінде білім беру сапасының артуын қамтамасыз етуге әсер ететін алты факторды анықтап, нақтылап, тұжырым жасады:
- білім беру стандартының халықаралық талаптарға сәйкес келуі;
- педагог кадрлар мәртебесі және олардың кәсіби біліктілігінің деңгейін көтеру;
- білім беру сапасын бағалаудың шынайылығы (Кумбс пікірі);
- өскелен ұрпаққа рухани - адамгершілік тәрбие беру ісінің тиімділігін арттыру;
- білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді сабақ барысында қолдану;
- білім беруді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру;
Құсайыновтың осы ұсыныстары әділ, едәуір салмақты, әрі нақты. Ең бастысы бұл адамдардың ата-ана мен бала мұғалімдердің өзара және ата-аналармен түрлі дәрежедегі басшылармен арасындағы қарым қатынасты нығайту. Америкалық білім беру ісінің көрнекті зерттеушісі Ф.Г. Кумбстың пікірі: "Дағдарыспен күресу үшін әр бір білім беру жүйесіне, ақшаға сатып алуға мүмкіндік бола бермейтін көптеген нәрселер : идеялар, батылдық, шешімділік, ізденістермен өзгерістерге ұмтылу мен үйлесімдегі өзін өзі сыни тұрғыда бағалай білуге деген қабілеттілік қажет". Мен бұл пікірді келтіруіме себеп болып отырған жәйіт:
- нарықтық экономика кезеңінде материалдық байлық үстемдік еткен қазіргі қоғамда жас буынның санасы барлығын ақшаға сатып алуға болады деген түсінікте қатып қалған. Әкемнің ақшасы жетеді, ақылы оқуға түсіреді, дипломды сатып ақ аламын деп ойлаушы оқушылар да табылады.
- білім жүйесіндегі ақпараттардыру бір жағынан өз жемісін беріп жатса , екінші жағынан ғаламтордағы ақпараттарды талғамай қабылдап, отырған жастардың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп отырған жағдайларда болып жатыр. Оқуға түсе алмағандар өз өзіне қол жұмсау, кейбір жастар көшеде кездескен біреудің сөзімен басқа диндерге құмартып, еліктейтін жайыттарда кездеседі. Ақша құмарлық, өзімшілдік кейбіреулерді рухани азғындырды.
Халық біртіндеп, ұлт рухын бойына сіңдіріп, салт дәстүрін қайта жаңғыртып, ұмыт болған қазақ палсапасын , қазақ психологиясын, қазақ тарихын қайта оқып үйренуге кірісті. Ғаламторда отандық материалдарда ақырындап көріне бастады. Мысалы ұлт рухын ұрпағының бойына қайта құру үшін еңбектеніп жүрген ұстаз Рамазан Жәшіұлының бағдарламасын- электрондық өнімін ғаламтордан көріп, бір марқайып қалдық. Кеңес үкіметі кезінде басым көпшілік орыс тілінде оқып, отбасында орыс тілінде ғана сөйлесіп, өз тілін ұмыта бастаған еді. Ана тілін салт дәстүрін ұлттық құндылықтарын тіпті қазақ тарихының шындығын да білмей мектеп бітіріп кеткен ата-аналар өздері анық білмейтін нәрселерді балаларына үйрету мүмкін емес еді. Сондықтан да мен жоғары деңгейде біліктілігімді арттырудың үш айлық курсын бітіріп келгеннен бастап, тәрбие іс-шараларын жүргізуге ата-аналарды барынша жұмылдыруды жұмылдыруды ұйғардым. Ондағы мақсатым бала тәрбиесіне ата-аналардың көбірек көңіл бөліп, өзара ортақтасып білім алуына отбасында бала келешегіне дайындалуға ата-аналарды тарту еді. Бұл тұрғыдан ата-аналармен айына екі рет жиналып, тәрбиеге қатысты түрлі тақырыптарды талқылап, олардың пікірлерін біліп, ортаға салып, біріге отырып, жоспар құрып, қайсы бірі оңтайлы екенін анықтап қолдансақ, тәуір нәтиже беретінін анықтап алдық. Бір таңқаларлық жағдай, ілгері де ата-аналар жиналысын өткізетінбіз. Оған ата-аналар сирек келетін. Түрлі себептермен көпшілігі қатыспайтын. Қазір коучинг сабақтарына апта сайынғы тәрбие сағаттарына 90% ата-аналар қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, білмегендерін сұрап үйреніп, тәрбие туралы жаңа кеңестер айтып, белсенділік танытып отыр. Жас ата-аналар да тәлім-тәрбие жайлы кеңес насихаттарға, ұлағатты сөздерге, салт-дәстүрлердің маңызын білуге мұхтаж. Рухани құндылықтарды соларға көбірек дәріптеу керек деп түсіндім.
Дана Абай ақын. "Әке ұрысса, балаға ол да достақ,
Бала ұрысса, әкеге жараса ма?" дегенде перзенттің өзін өмірге әкелген ата-анасына қарсы келуі сөз қайтарып, тайталасуы орынсыз екенін сынаған.
Осы тақырыппен ата-аналарға пікірлерін ашып айтуларына мүмкіншілік беру үшін, жаңа сындарлы оқыту теориясының 7 модуль идеясын қатыстырып, коучинг сессиясын өткіздім. Ата-аналарды топқа бөліп, топтық тапсырмалар бере отырып, олардың сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіншілік бердім. Топтар өз-өзін бағалай отырып, басқалардыңда пікіріне баға беріп, өздері көшбасшыларын сайлап, постер қорғауда белсенділік танытты. Менің міндетім тәлім алушыларыды сындарлы оқыту теориясының идеяларымен таныстыру болғандықтан, сол әдіс тәсілдерді меңгеруіне ықпал тудыратын коучинг сессиясына тәлім алушыларымды да шақырдым. Нәтиже күткеннен де жоғары болды. Ата-аналар бүкіл ойларымен отбасындағы құпия сырларымен де бөлісті. Әркім өз ойын, тұжырымын, ашық бүкпелемей айтты, мысалдар келтірді. Не істеу керектігін де ортаға жайып салды. Мен тек үлкен оркестрдің дирижоры сияқты қолымдағы көрсеткіш таяғымды ойнатып отырдым десем де болады. Артпа арт ата-аналар коучинг сессиясының әсерімен оқушыларға тәрбие сағатын өткізіп олардың да ой пікірін білгім келді. Алғы сөзде дүниеге бізді әкелуге себепкер болған, перзентім деп қуанып есі кеткен, сәбиінің періштедей пәк болуын күткен ақ жуып, ақ тарап, ақ сүтін беріп аялаған ата-аналар әркімнің ең қимас асылы екенін ескерттім. Ата-ананың айтқанын екі етпей оларды құрметтеп, жақсылығын тек жақсы оқумен, жақсылық істеумен, әдептілікпен ізеттілікпен, қайтару керектігін ұқтырдым. Әрі қарай бейне таспадан отбасы туралы үзінділер көрсетіп, оларды сыни ойлауға жолдадым, еркін пікірлесуді ұсындым.
Нәтижеде ата-аналардың мектепке, тәрбиеге деген көзқарасы өзгеріп, олар да перзенттерінің жақсы білім алып шығуына жауапты екендігін жақсы түсінді. Әр қоғамдастыққа белсене қатыса отырып, өздері кедергілерді жою жолдарын қарастыруға көмектесті. Өтіліп жатқан сабақтарға жиі енетін болып, оқушылардың қалай білім алып жатқандарын бақылап отырды. Мұғалімдердің сабақта қолданған сындарлы оқыту теориясының жаңа әдістеріне қызығып, қолдап отыратын болды.Сөзімді қорта келе тәртіптің ең тамаша мектебі -отбасы екеніне ата-аналардың көзі жетті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Интернет материалдары: а) (http://www.inform.kz) Білім саласындағы бәсекелестік алдағы дамудың басымдығына айналуы шарт. ә) www.mtrk.kz
А.Құсайынов, Әлемдегі және Қазақстандағы білім сапасы.
Қ. Бағашар Ислам және өнеге, Алматы 2010.
Достарыңызбен бөлісу: |