Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет14/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51

30 
 
 Жыландар  тіршілігін  зерттеу  барысында  жергілікті  экологиялық 
үдерістерді,  олардың  пайда  болу  себеп-  салдарын,  олардың    алдын  -  алуға 
қажетті  тәсілдерді  де  бірлікте  қарастыруға  тырыстық.  Бұл  болашақ  биолог 
мамандарды танып білуге тиісті тіршіліктің өзін қоршаған табиғатпен бірлікте,  
қарым – қатынаста болатын  қалпымен тұтастай қабылдауға, солармен біріктіре 
отырып  зерттеуге  дайындайды.    Сонымен  қатар,  алға  қойған  мәселелерді 
шешуге  байланысты  мақсаттар  мен  міндеттерді  шешудің  әдістері  мен 
құралдарын  дайындаудың  дұрыс  жоспарын    жасауға  және  зерттеу  сатыларын 
нақтылауға мүмкіндік береді.  
Студенттердің  зерттеушілік  дағдыларын  қалыптастыруда  және  ғылыми 
жұмыс  жүргізу  мәдениетін  көтеруде  экологиялық  тұстарын  қоса  қарастыру 
арқылы  оларда  табиғатқа  және  бүкіл  әлемге  деген  дүниетанымдық 
көзқарастарды қалыптастыруға мүмкіндік туады.  
 Белгілі  биолог  М.И.  Морозованың  еңбектерінде  көрсетілгендей,  әрбір 
тіршілікті  зерттеу  барысында  оны  сол  аймақтың    экологиялық 
ерекшеліктерімен қоса қарастыру  білім алушылардың  мамандық сапаларының 
және  зерттеушілік  қабілеттіліктерінің  қарқынды  дамуына  себеп  болатындығы 
байқалады [140]. 
Жоғары оқу орындарында білім алушылар өмірдегі өз орнын анықтаумен 
қоса  маңайдағы  жағдайларға  дұрыс  баға  беруге,  қоршаған  экологияның 
тіршілікке  тигізетін әсерін бағалауға, оған деген өзіндік көзқарасын  дәлелдей  
білуге тиісті.  
Бұл  мәселелерді  тереңдете  қараған  Н.Д.Андреева  және  В.П.Соломиннің 
еңбектерінде  кез-келген биологиялық жағдайды қарастыруда және зерттегенде 
оның  экологиялық  тұстарын  байланыстыра  қарастырудың  мақсаты  нақты 
көрсетіледі [141-142]: 
- білім алушыларда табиғаттың біртұтастығы туралы ұғым қалыптасады; 
-  табиғатты  оның  тіршілігін  танымдық,  эмоционалды  және  эстетикалық 
тұрғыдан қабылдайды; 
- білім алушыларда табиғатты сақтауға жауапкершілік cезімі дамиды; 
- әлемдік  деңгейге бағытталған ғылыми дүниетанымы қалыптасады.  
Сонымен қатар, өлкелік компонентті зерттеуде қазіргі таңда білім берудің 
алдына  қойылатын  «кіріктіре  отырып  білім  беру»  мақсаты  жүзеге  асады. 
Мұндай  жағдайда  білім  беру  мен  тәрбиелеу  мақсаттарының  біртұтастығы, 
теория  мен  практиканың    арасындағы  байланыс  жүзеге  асады.  Мұнымен  қоса 
өлкелік  компонентті  зерттеуде  табиғаттың  объективті  бүтіндігін  (көптеген 
байланыстармен  қамтамасыз  етілген)  және  оның  тұтастығын,  адам  мен  
табиғаттың  байланысын,  адамның  табиғатқа  деген  тиімді  және  тиімсіз 
әрекеттерін де қоса қарастыруға тура келеді. 
          Адамды  табиғаттың  бір  бөлшегі  ретінде  қарай  отырып,  зерттеген 
тіршілікті    құртып  жіберудегі  не  адамның  денсаулығы  мен  өмірін  ең  биік 
құндылық  ретінде,  оны  дамытудағы  адам  рөлі  де  бірге  қарастырылады.  Сол 
арқылы табиғат пен адамның қарым  -қатынасы негізінде болашақ мамандарда  
экологиялық-гуманистік көзқарастың пайда болуына мүмкіндік жасалады. 


31 
 
Сондықтан да, өлкелік компонентті зерттеуде және оның нәтижесін білім 
беру  барысында  пайдалануда  осы  жоғарыда  көрсетілген  табиғаттың 
біртұтастығы мен байланыстылығы мәселелерін негізге ала отырып қарастыру 
негізгі мақсаттардың бірі ретінде орын алған.  
 
1.2  ЖОО-да  биологияны  оқытуда    өлкелік  компонент  ретінде  
Қазақстан жыландарының биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеу 
ЖОО-да болашақ  мамандарға биологиядан  білім беру  мазмұнына өлкелік 
компонентті ендіру қазіргі заман бойынша маман дайындауға қойылып отырған 
талаптардың  негізгілерінің  бірі  деп  қараймыз.  Себебі,  мектеп  қабырғасында 
білім  беретін  биологтар  оқушылармен  ғылыми  жұмыс    жүргізудің,  оны 
ұйымдастырудың  жолдары  мен  әдістерін  кәсіби  деңгейде  меңгеріп  шығуға 
тиісті.  
 Оқушыларды  зерттеу  жұмысына  тарту  үшін  алдымен  оның  мазмұндық 
және  әдістемелік    тұстарын  мұғалімнің  жоғары  оқу  орнында  меңгеріп  шығуы 
керек.  Сондықтан  да,  ЖОО-да  биологиядан  білім  беруде  өлкелік  компонент 
ретінде    Қазақстанда  тіршілік  ететін  жыландарды  алып,  соларға  зерттеу 
жүргізіп, зерттеу нәтижелерін білім беруде пайдалануды мақсат етіп қойдық.  
Қазақстанда тіршілік ететін жыландарды өлкелік компонент ретінде алуға 
бірнеше себеп болды. 
Жыландардың  тіршілігі  әр  табиғи  аймақтағы  тіршілік  орталарына  қарай 
әртүрлі болып келеді. Осыған орай, жыландардың қоршаған ортаға байланысты 
қоректену, қоректік заттарының түрі де, оны табу және ұстау әрекеті де түрліше 
[143]. 
Қоршаған  табиғи    ортаның  экологиялық  әсерінен  олардың  түр-түсі,  дене 
көлемі  мен  қозғалыс  ерекшеліктері  де  әртүрлі  болып  келеді.  Сонымен  қатар, 
жыландар  кездеспейтін  жер  жоқ.  Қазақстанның  барлық  аймағында  да, 
жыландар  түрлері  кездеседі.  Жыландардың  қай  түрін  алсақ  та,  олардың  өзін 
қоршаған  ортаға  бейімділігі  бірден  көзге  түседі.  Бұл  жағдай  студенттерге 
тіршіліктің    қоршаған  орта  жағдайына    тікелей    байланыстылығын,  яғни 
тіршіліктің  өмір сүру ерекшелігіне ортаның тигізетін әсерін ғылыми тұрғыдан  
түсіндіруге қолайлылық тудырады [144]. 
  Қазіргі 
заманғы 
жалпы 
саны 
7000-нан 
астам 
бауырымен 
жорғалаушылардың тіршілігінің және бүкіл дене мүшесінің өзіндік ерекшелігі 
бар.  Ол  ерекшеліктерді  биолог  мамандар  түрлі  көрнекіліктерді  (түрлі-түсті 
суреттер,  анықтағыш  құралдар,  жануарлардың  ылғалды  препараттары) 
пайдалана  отырып,  дәріс  кезінде  теориялық  түрде  тыңдаса,  сарамандық 
сабақтарда практикалық  жұмыстар жүргізу барысында анықтайды [145]. 
Қазақстан  экожүйесінің  биоорталылық  анықталына  отырып,  табиғат  пен 
адам  өмірінде  маңыздылығы  бар  жыландардың  алуан  түрлерін    және  сирек 
кездесетін  эндемик түрлерін де қамтиды. Осыған орай, Қазақстанда кездесетін 
жылан  түрлерінің  негізгі  биологиялық  және    экологиялық  ерекшеліктерінің 
сипаттамасын  ашып  көрсетуді  маңызды  деп  білеміз.  Жыландар  отрядының 
сипаттамасын 
негізгі 
морфологиялық, 
анатомиялық, 
физиологиялық, 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау