Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет11/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51

24 
 
- тарихи; 
- ғылыми 

жаратылыстанушылық 
(экологиялық, 
биологиялық, 
географиялық т.б.); 
- этномәдени,  әлеуметтік,  демографиялық  (фольклорлық,  әдеби  көркемдік 
т.б.). Сонымен қатар туристік өлкетану да бар. 
Өлкелік  компонент  өзінің  қамтитын    көлеміне  қарай  мына    төмендегідей 
болуы мүмкін: 
- өлкелік  (бүкіл өлкеге байланысты зерттеу); 
- өлке аралық (бірнеше өлкені бірлестікте қарау). 
Ғылыми  өлкетану  өз  жерінің  табиғатын  зерттеуде  жаңа  деректер  табуға 
бағытталады.
 
Өлкелік  компонент  жүзеге  асыру  өте  күрделі  үдеріс.  Бұл 
аудиториялық  сабақтарда,  аудиториядан  тыс    жұмыстарда,  дала  практикасы 
кезінде жүйелі жұмыс  жүргізуді  керек етеді.  Сонымен  қатар,  әрбір  студенттің 
тікелей қатысуын қамтамасыз ету талабы туындайды. 
Өлкелік  компонент  әр  уақытта  бағдарламалық  талаптардан  туындайды. 
Өкінішке орай, ЖОО биологияны оқытуда өлкелік компонентті пайдалалануға 
белгілі  уақыт  бөлінгенмен,    оны  қандай  материалды  қосуға  жұмсаудың 
керектігінің  мазмұны      талданылмайды.  Сондықтан  да,  әрбір  білім  беру 
мекемелері  өз  мүмкіндіктеріне  және  зерттелетін  нысанның  биологиядан  білім 
берудегі  маңызына  қарай  өз  бағдарламаларын    жасауға  мәжбүр  болады  [124-
126]. 
ЖОО-да  өлкелік  компонентті  жүзеге  асыру  негізінен    аудиториядан  тыс 
жұмыстар  барысында  жүзеге  асады  да,  ол  бойынша  жиналған  материалдар 
сарамандық жұмыста, дәрісте және семинарлық сабақтарда пайдаланылады. 
Осы жұмыстар кезінде мына мақсаттар жүзеге асады: 
-  зерттеу  барысындағы  ұжымдық    шығармашылық  іс-әрекет  әрбір 
тұлғаның жекебас сапаларын дамытуға әсер етеді; 
-  өз  өлкесінің  табиғи  жағдайлары  туралы  биологиялық  білімдері 
тереңдейді; 
-  түрлі  зерттеушілік,  шығармашылық  жұмыстарды  орындау  барысында 
жалпы білімдік біліктерінің  дамуына себеп болады; 
- әлеуметтік бейімділіктері және кәсіптік  бағыттылықтары дамиды.  
Аудиториядан  тыс  жұмыстар  жүргізу  кезінде  зерттеудің  әртүрлі 
формалары қолданылады. Бұл белгіленген нысанға байланысты жүргізіледі. 
Оқу-тәрбие  жұмысының  практикасында  және  әдістемелік  әдебиетте 
«өлкетану  тәсілі»  және  «өлкетану  принципі»  ұғымдары  синонимдер  ретінде 
қолданылады. 
Оқыту үдерісінде өлкетану принципінің астарында студенттерді қоршаған 
белгілі  деректер  және  бағдарламалық  материалдар  арасында  ассоциативтік 
қатынастарды  орнату  мағынасы  жатыр,  сол  арқылы  білімді  меңгеру  сапасын 
арттыру мақсаты орындалады.   
Оқытуда  өлкетану  принципін  жүзеге  асыру  кезінде  студенттердің 
санасында  оқытылатын  ұғымдар  мен    заңдылықтар  және  олардың  нақты 
аумақта  көрініс  беруі  арасында  байланыс  орнатылады.    Оны  анықтауда  


25 
 
өлкетану принципі оқытылатын ұғымдарды ортаның шынайы деректерін  ашып 
көрсетіп,  оны  іс  жүзінде  қолдануды    білдіреді,  яғни    берілетін  білімді  белгілі 
ортада жүріп жатқан құбылыстар мен үдерістер мысалында  түсіндіру.   
Өлкелік  компонентті  жүзеге  асыруда  ассоциативтік  байланыстарды 
анықтау  факторлары  ретінде  бір  жағдайларда  тікелей-өлкетану  мәліметтері 
көрініс берсе, ал басқа кезде  – студенттердің өлкетану туралы білімі, олардың 
өмірлік, танымдық тәжірибесі қамтылады. 
Маман  дайындауда  өлкелік  компонентті  пайдаланудың  негізгі  мақсаты  – 
студенттердің танымдық белсенділігін  арттыру, оларды биологиядан терең әрі 
берік  біліммен  қаруландыру,  кәсіптік  білім,  білік  және  дағдыларын 
қалыптастыру. 
Дидактикалық  принциптердің  бірі  ретінде  өлкелік  компоненттің 
әдіснамалық  негізі  –  дидактикалық  таным  теориясы  саналады.  Белгілі 
құбылыстар мен заттарды сезім арқылы  қабылдау негізінде  біз заттардың мәні 
мен  маңызды қарым-қатынастарын тани аламыз. Нысандар мен құбылыстарды 
қабылдау  арқылы  олардың    бейнесін  көз  алдымызда  толық    елестете  отырып,  
талқылау,  қорытындылау  жүргізіледі.  Нәтижесінде  студенттер  өздері  бақылап 
көрген  нысандарын  түсініп  қабылдау  арқылы  оларда  алғашқы  ғылыми 
көзқарастар  мен  түсініктер  пайда  болады.  Біртіндеп  осы  білімдері  мен 
біліктерін  практикалық  іс-әрекетте  қолдануға  болатын  білім  қалыптасады. 
Студенттер неғұрлым зерттеу пәнін нақтырақ және бейнелі елестетсе, соғұрлым 
сабақ үстінде алған білімді ұғынып, қорыту үдерісі жылдамырақ жүре бастайды  
[127-129].
 
Еліміздің  өскелең  ұрпағының  бойында  туған  өлкеге,  оның  табиғатына 
сүйіспеншілік,  табиғи  байлықтарын  сақтап,  қорғауға  деген  сезімді  ұялату 
баршамызға белгілі. Осы орайда, сенімі мол табиғат қорғаушыларын дайындау 
білім  беру  жүйесі  мен  педагогикаға  жүктелген  басты  міндет  саналады. 
Өлкетанудың бір бағыты ретінде білім беру жүйесін тұрақты даму мәселелеріне 
бағыттау деп көрсетілген. Еліміздің тұрақты дамуға өтуі кезеңінде экологиялық 
білім мен тәрбие беру құзыреттілік маңызға ие болып отырғаны белгілі [130]. 
Өлкетанулық-экологиялық  мәселелердің  көкейкестілігі,  олардың  сипаты, 
бүгінгі  күннің  талабына  сәйкес  шешімін  дұрыс  табуы  т.б.  білім  беру 
мекемелерінің алдында тұрған жаңа әрі тың міндеттерді қойып отыр.    
Өлкелік  компонент  –  бұл  туған  өлкеге  қатысты  тарихы  мен  қазіргі  өмірі 
туралы  танымдық  және  тәрбиелік  мәндегі  мәліметтерді  өзіндік  іріктеу  тәсілі.  
Ол  ерекше  жүйе  ретінде  мазмұндық,  операциялық  және  құндылық-
мотивациялық компоненттер кешенін қамтиды. Білім берудің бұл принципінің 
құндылығы оның студенттердің «кіші Отанға», оның болашағына қатынасымен 
тікелей  байланыстылығы,  нәтижесінде  зерттеудің  болжам  жасаушылығы 
артады [131]. 
Өлкелік компонент білім беруде мынандай міндеттерді шешеді:  
- оқу үдерісінде студенттерге жергілікті өлкені тануды, қоршаған ортадағы 
табиғи  құбылыстарды  егжей-тегжейлі  зерттеуге  және  қабылдауға  бағытталған 
білім жүйесімен қаруландыру; 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау