Ермекбаева акбопе тонтаевна


Төрт жолақты сарыбас жылан  (Elaphe quatuorlineata



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет17/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51

36 
 
Төрт жолақты сарыбас жылан  (Elaphe quatuorlineata 
Денесінің жалпы ұзындығы 2000 мм дейін жететін, әдетте ұсақ жыландар. 
Басы  мойынынан  әлсіз  жіктелген.    Көзінің  алдында  бір  ірі    қалқаны  болады. 
Еріннің  астында  үшінші  және  төртінші  көзасты  қалқаншасы  орналасады. 
Әдетте  екі,  кейде  үш  көз  арты  қалқаншасы  болады.  Төбе  қалқаншасы  төменгі 
көз  артымен  байланысады.  Денесінде  25-27  қатар  қабыршақтар  орналасады. 
Құрсақ  жағындағы  қабыршақтары  жылтыр  болып,    арқасындағылары  сәл  
мүйізденген.  Қабыршақтарының    әрқайсысында  екі  тесігі  бар.  Құрсақ 
қалқаншалары құрсақтың бүйірінде қатпарлар түзбейді [161].  
Денесінің  жоғарғы  жағы  қоңырқай-сары  реңді,  қара  қоңыр  немесе  қара 
түсті көлденең орналасқан ұзынша  қатарлар түзетін дақтары болады. Мұндай 
рең    жас  сарыбас  жыландарда  анық  байқалады  да,  ал  ересектерінде    мүлдем 
байқалмайды.  Денесінің  екі  жақ  бүйіріндегі  қабыршақтар  қызыл  немесе 
қызғылт сары реңке ие болады.  
Көздерінің сыртқы мөлдір қабығы қара түстес. Жас жыландардың басының 
жоғарғы  беткейінде  қарақоңыр  түсті  доға  тәріздес  және    көз  үсті  мен  төбе 
бөлімінде екі жалпақ жолақтары болады.  
Ересек  жылдарда бұл жолақтар мүлдем жойылып кетеді.  
Қазақстанның  шығысында  төрт  жолақты  жыландар  жиі  кездеседі. 
Сонымен  қатар,  бұл  жыландар  Каспий  теңізінің  шығыс  жағалауларында  да 
тіршілік етеді.  
Төрт  жолақты  жылан  кез-келген  экологиялық  ортада  тіршілік  ете  береді.  
Адамға  жақын  жерлерді  мекендеп,  жүзімдіктер  мен  бақтар  арасында  да  жүре 
береді. Олар теңіз деңгейінен 1000 м дейін биіктіктегі тауларға көтеріле алады 
және  теңіз  деңгейінен  2500  м  дейін  тереңдікке  де  түседі.  Қазақтың  үстіртті 
даласында  сексеуілді  құмдарда,  сазды  шөлейттерде  және  төмпешікті  сортаң 
жерлерде де тіршілік ете береді. 
Ол  пана  ретінде  кеміргіштердің  ұяларын,  топырақтағы    және  тастардың 
астындағы бос кеңістіктерді және ағаштардың діңдерін пайдаланады.  
Көктемде  жыландар  күндізгі  уақытта  белсенді  болады,  өте  ыстықта 
белсенділігі таңғы және кешкі сағаттарда күшейеді [162]. 
Бұл    жыландар  ашуланған  кезде  олардың  құйрығының  ұшы  дірілдеп,  
немесе  қатты  заттарға  тигенде  сылдырлаған  дыбыс  шығарады.  Кеудесін 
көтеріп,  айбат  шегіп,  қауіпті  екенін  байқатады.  Осы  кезде  мойыны  жуандап, 
айбат шегіп, өзіне қауып төндірушіге тез қимылмен атылады.  
Аналықтары маусым-шілдеде жұмыртқаларын басып шығарады. Ұяда 48-
70 мм пішіндегі 4-16 жұмыртқалары болады.  
 Төрт  жолақты  сарыбас  жыландар    орташа  және  ірі  кеміргіштермен, 
құстармен,  олардың  жұмыртқаларымен,  өте  сирек  жағдайда    кесірткелермен 
қоректенеді.  Құстардың  жұмыртқаларын  жегенде  ол  жемсауда  жұмыртқаның 
қабығын сындырып жібереді.  
Боз жыландар туысы (Gloydius
Боз  жыландар  –  ұзындығы  80  см  жететін,  ұсақ  және  орташа  көлемді 
жыландар. Басы ірі және жалпақ, мойын бөлімі  айқын байқалады. Денесі 9 ірі 


37 
 
қалқаншалармен  қапталған.  Тұмсық  ұшы    таңқылау,  көз  қарашығы  тік 
орналасқан.  Танау  мен  көз  арасында  термосезімтал  шұңқыр  орналасқан.  
Денесінің  қабыршақтары  мүйізденген  және  қос  апикальды  тесіктері  болады. 
Құйрық асты қалқаншалары екі қатар орналасқан.  
Бұл  жыландардың  өте  қозғалмалы  жоғарғы  жақ  сүйектерінде    түтікше  
тәрізді  улы  тістері  бар.  Басының  сүйектері  жұқа,  жеңіл,  бұл  олардың  өте 
шапшаң, тез қимылдауына мүмкіндік береді.  
Боз  жыландардың  уының  құрамында  ферменттер  –  гемотоксиндер 
кездеседі.  Олар  қан  кету,  тромбоз  және  ұлпалардың  ауқымды  некрозын 
тудыртатын қан  түзілу  жүйесіне  әсер етеді.  Алайда,  боз   жыландардың  уында 
жүйке жүйесіне, тыныс алу мүшелеріне әсер етіп, сал ауруына алып келеді.    
Бұл  жыландар  жазықтықтар  мен  тауларды,  далалы  және  орманды 
алқаптарды  мекен  етеді.  Аналықтары  баласын  тірі  туады  (жұмыртқалап,  тірі 
туу). [163] 
Қазақстандағы тіршілік ететін боз жыландар қылқанды ормандар мен тау 
беткейлерінде  тіршілік  етеді.  Кейде  адам  қоныстарына  жақын  жерлерде  де 
кездеседі.    Бұлар  кеміргіштердің  індерін  және  жартастарды,  тастардың 
үйінділерінің  арасындағы  бос  кеңістіктерді,  өзендердің  сазды  ойық  жерлерін 
мекен  етеді.  Көктемде  күндіз  ал  жазда  –  кешкі  ақшам  мен  түнде  белсенді 
болады.  Өз  қорегін  аулау  үшін  әдетте  күн  батқанда  шығады.  Алайда,  ерте 
көктемде және күзде олар жемін күндізгі уақыттарда да аулайды.  
Аталықтары  мен  аналықтарының  түсі  әртүрлі  болып  келеді.  Сонымен 
қатар, түстің бояуы жасы ұлғая келе аз өзгереді, ол тек айқындала түседі.  
Боз  жыландар  ұсақ  омыртқалы  жануарлармен,  әсіресе  кеміргіштермен, 
сирек  жертесерлермен,  ұсақ  құстар  мен  кесірткелермен  қоректенеді.  Табиғи 
жауларына  жабайы  және  үй  шошқалары  (кейде  адамдар  шошқаларды 
биологиялық  қару  ретінде  қолданады)  саналады.  Көптеген  жыртқыш  құстар  -  
бүркіттер, ақ тұйғындар, жыланшы қырандар  олармен қоректенеді.  
Дала жыландары: 
Шығыстық  дала улы сұр жылан түрі - Vipera renardi 
Шығыстық  дала  улы  сұр  жыланы  дене  ұзындығы  55  см  жететін 
Peliarsursinii 
кешеніне  жататын  ірі  жыландардың  бірі.  Аналықтары 
аталықтарынан әлдеқайда ірі болады. Басы аздап шығыңқы, тұмсығының ұшы 
көтеріңкі келеді.  Басының жоғарғы жағы, маңдай және көз үсті қалқандарының  
алдыңғы  жағы  ұсақ    пішінді  әртүрлі  қалқаншалармен  қапталған.  Жақ  аралық 
қалқаншасы бір апикальдыға жанасады. Мұрын қуысы мұрын қалқаншасының 
төменгі  бөлігінде кесілген.  
Улы сұр жыланның түсі қоңыр-сұр реңкі, арқасының ортасы арқылы ашық 
немесе  қара-қоңыр    ирек  пішінді  жолақтар  омыртқа  жотасы  бойымен  өтеді. 
Кейде олар  жекеленген дақтар тәрізді  болып келеді.  Денесінің екі бүйірінде 
айқын  байқалмайтын  қара  дақтары  болады.  Басының  жоғарғы  жағында  қара 
суреті орналасқан. Құрсағы ашық секпілдері болады [164, 165]. 
 
 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау