26
- студенттердің қоршаған өлкеге танымдық қызығушылығын, білуге
құштарлығын, ерік-жігер сапаларын, ынтасын және ойлауды дамыту,
шығармашылық
белсенділігін арттыру;
- өз халқын және тұтастай қоғамына деген патриоттық сезімін, ұлттық
мақтанышты, ұлттық мінез-құлықтың белгілерін тәрбиелеу;
- қоғамдық өмірге және оның қайта құруында еңбек етуге дайындау, қоғам
қайраткері, қоғамның толыққанды қатысушысы болуға
алдын-ала даярлау;
- пәнаралық және пәнішілік байланысты, оқу бағдарламасындағы
тақырыптардағы проблемалық жағдайларды пайдалану арқылы оқу үрдісін
белсендендіру.
Осындай білім беру үдерісінің мән-мағыналы сипаттамасы оның ішкі
компоненттерінің тұтастығы және тұлғаның тұтас қасиеттерінде көрініс беруін
(демек, қалыптастыру және дамыту) қамтамасыз ететін функциялардың болуы
саналады. Біртұтас педагогикалық үдерістің өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама
бере келе, В.М.Назаренко анықтағанындай, оған мазмұнды-мақсатты,
ұйымдастырушылық және операционалды-техникалық аспектілері жағдайында
өзара байланысты шарттарды сақтау тән [132, 133].
Кәсіптік мектептерде білім беру үдерісі студенттердің оқу пәндерінің
мазмұнын саналы меңгеруі арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.
Олардың
әрқайсысы әлеуметтік тәжірибенің өзіндік жазықтыққа салған жолындай
көрінеді. Бұл жол салу өзінің заңдылықтары бар және білім беру
мақсаттарымен, студенттердің психикалық және оқу-кәсіби қызметінің
ерекшеліктерімен анықталады. Кәсіби білім беру міндеттері және
студенттердің
субъектілік қырының қалыптасу заңдылықтары мен дамуы кәсіби қызметтің
құрылымы мен ерекшеліктеріне қарай оқу материалын құру және ұсыну
логикасын анықтайды.
Бұл тұрғыда, біз О.С.Анисимовпен келісеміз, бұл «даму принципі маман
үшін қызметінің пайда болуына бастапқы материал болып табылады. Барлық
өзге принциптер осы принципті толықтырады немесе нақтылайды», - дейді
[134].
ЖОО-да білім беру үдерісін бағалай отырып, осы тұрғыдан біз нақты
айтуымыз керек, кәсіби білім беруді дәстүрлі ұйымдастыру маманның жеке
тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерін дамытуды, олармен пәндік ауқымда
білімді игеруге ынталандырады. Болашақ мамандар кәсіби қызметті атқарудың
әдіс- тәсілдерін меңгеріп шығуға тиісті. Сонымен қатар, қазіргі заманғы
кәсіптік білім беру стратегиясы дайын технологияларды пайдаланып қана
қоймай, сондай-ақ, жеке шығармашылық жобаларды құрып, іске асыра алатын
маман тұлғасының өзін-өзі дамыту және субъектілік даму қажеттіліктерінен
бастау алуы керек. Жоғары немесе орта кәсіби мектептерде оқыған жылдар
бойында кәсіби қызметті үлгі бойынша орындауды ғана емес, оны атқаруда өз
ісін саналы ұйымдастыра білу, өз қызметінің тиімділігін бағалай білу
дағдыларын меңгеріп шығуы көзделеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, білім беруде өлкелік компонентті
пайдалану болашақ мамандарды кәсіби дайындау үдерісін шынайы іске