48
ормандарынан ұстаған өрнекті абжылан түрін террариумға салып, сабақ
барысында пайдалануға әкелдік.
Сабақ «Орман жыландары» тақырыбына арналды. Сабақта алдын-ала
студенттерге орман зонасының табиғи ерекшеліктерін оқып, қысқаша конспект
жасап келу тапсырылған болатын.
Сондықтан, сабақтың кіріспе бөлімінде түрлі көрнекіліктерді (орманды
алқаптың табиғатын бейнелейтін суреттер, өрнекті абжыланның суреті)
пайдалана отырып, орман зонасының табиғи сипаттамасына тоқталдық. Мұнда
студенттер өздерінің жазып келген жұмыстары бойынша ол аймақтың табиғаты
туралы
бірін-бірі толықтыра отырып, пікірлерін ортаға салды.
Сабақтың екінші бөлімі террариумдағы өрнекті абжыланды зерттеу
жұмысына арналды.
Осы тұста студенттер жыланды зерттеу бойынша меңгерген әдістерін
қолданып, өрнекті абжыланның бүкіл биоэкологиялық ерекшеліктерін
анықтады:
- ұзындығы;
- түсі;
- дене
құрылысының ерекшелігі;
- қабыршақтарының саны және орналасуы;
- тұлғасының, оның ішінде бас бөлімінің ерекшеліктеріне назар
аударылды;
- жылан уын бөліп алып, оны усыздандырды. Мұндай жұмыстар кезінде
сақтық шараларының сақталуына аса назар аударылды.
Осылардың негізінде бұл жыланның неге өрнекті деп аталатынын да
аңғарды.
Сабақтың екінші бөлімінде өрнекті абжыланның суретін сурет дәптерге
салып, олардың биоэкологиялық ерекшеліктерін талдап көрсетті.
Сабақтың үшінші бөлімінде студенттердің теориялық білімін практикалық
іс-әрекеттерімен байланыстыру мақсатында мына төмендегідей тапсырмалар
берілді:
- өрнекті абжылан орманды жерде тіршілік етсе, оның осы ортаға
икемделген қандай ерекшелігі болуы мүмкін?
- бұл жыланның түсінің ерекшелігі неде?
- сендер, жыланның барлық дене бітімін байқадыңдар, осыған қарап,
өрнекті абжылан қандай жерлерді паналайды деп ойлайсыңдар?
- бұрын танысқан жыландарыңмен салыстырып, айырмашылықтары мен
ұқсастықтарын айтыңдар.
- мұндай айырмашылықтарының болуының себебі неде?
Біз алға қойған мақсатымызға байланысты жоғарыда көрсетілгендей,
жыландарды зерттеу жұмысын дала практикасы кезінде, сарамандық және
лабораториялық сабақтар барысында жалғастырып отырдық.
Осы әдістермен Қазақстанның далалы жерінде тіршілік ететін шығыстық
дала улы сұр жыландарына да зерттеу жұмысын жүргіздік.