22
ЖОО-да білім беруде қалыптасқан тәжірибе болашақ мамандардың
кәсіби дайындауды ұйымдастыруда жаңа көзқарастардың болуын қажет етіп
отыр.
Қоғамның рухани өмірінде қайта құрудың орын алуы өлкетануға, әсіресе
жекеленген аймақтардың мәдениеті мен өнерінің даму мәселесіне айтарлықтай
қызығушылықтың артуына жол берді. Қазақстан халқының ұлттық сана-
сезімінің көтерілуі, өз өткенін, ана тілін, алдыңғы ұрпақпен жинақталған
мәдени және көркемдік дәстүрлерді тереңірек танып-білуге ұмтылысы
байқалады. Туған өлкені зерттеу: оның тарихы, табиғаты, шаруашылығы,
мәдениеті, әлеуметтік өмірі, тұрмыс- тіршілігі нақты өңірдегі адам қызметінің
барлық тараптары – еліміздің алдыңғы қатарлы ойшылдарының үлесі де үлкен
мән берді.
Шағын өлкеде жинақталған білімнің бөлшектері, тарихи ғылымға, жер
және қоғам туралы ғылымға қорытылып, адам тіршілік ететін белгілі бір
деңгейдегі мәдениетті қалыптастырады (сурет 1).
Биологиялық
ғылыми- өлкетану
Студенттердің
нақты
мақсат
қойып, өз жерінің
табиғи ерекшелік-
терін, ондағы тірші-
ліктің сол ортаға
бейімділігін зерттеуі
Қоршаған
ортаның
керекті деректерін өзді-
гінен зерттеу арқылы
белгілі нысандар мен
құбылыстарды «қайта
ашу».
Жүргізген
зерттеу-
лерін
ғылыми
тұрғыдан қорыту,
тұжырым
жасау,
керекті
жағдаятта
пайдалану.
Сурет-1 Биологиялық
ғылыми- өлкетану
Мемлекетіміздің рухани қалыптасуы мен халықтың ұлттық рухын
жаңғырту жағдайында білім беру мекемелерінің жұмысының құзыреті басым
бағыттарының бірі – білім беру мекемелерінде ұлттық-аймақтық білім беруді
дамыту болды. Осыған байланысты туған өлкенің флора мен фаунасын зерттеу
білім беру жүйесіндегі маңызды және міндетті компонентіне айналып келеді.
Қазіргі заманғы білім берудің жалпы мақсаттық талаптарына байланысты
туған өлкені зерттеу мыналарды қамтиды:
- қоршаған ортаны оның барлық алуантүрлілігімен тану;
- адам мен оны қоршаған үдерістер, құбылыстар арасындағы қарым-
қатынастарды түсіну;
- болашақ жастарды өздері өмір сүретін ортасын танып-білуге
дайындау;
- студенттердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, берілетін
білімнің ғылымилығы мен нақтылығын жүзеге асыру (қол жетімді,
ғылымилығы, түсініктілігі, жақын танымнан күрделіге ауысуы).
Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайда өлкетануды дамытуда
тәрбиелеу, оқыту және дамыту функцияларының қолайлы іске асыруда