Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет16/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51

34 
 
жыландар қорегін ғана емес, сондай-ақ суды, жыныстық серігін де іздеп табады 
[155, 156]. 
Жыландардың  кейбір    мүшелерінде  мына  төмендегідей  ерекшеліктер 
кездеседі: 
- тек оң жақ өкпесі дамыған, ал сол жақ өкпесі рудиментті; 
- қуығы болмайды, бүйректері мен гонадалары қатты созылған; 
- жыныс бездері бүйректерінің алдында орналасқан;  
- жұмыртқа салу, жұмыртқасын тірідей туу және тірі туу арқылы көбейеді.  
Жыландардың  жұмыртқалары  тығыз,  бірақ  ылғал  енетін  «пергаменттік» 
қабыққа бітеді. Жыландар тек қана тірі қоректермен қоректенеді, қоректерінің  
көлемі  алуан  түрлі  болады.  Мәселен,  бұғылардың  төлдерінен  бастап,  ұсақ 
кеміргішітер мен насекомдарға дейін қамтиды. Қорегін аңдып отырып,  үлкен 
жылдамдықпен  шапшаң    шабуыл  жасау  арқылы  аулайды.  Мұнда  айта  кету 
керек,  жыландар  адамдарға  тек  қана  өздеріне  қауіп  төнген  кезде  ғана 
шабуылдайды [157]. 
Жыландардың  систематикасы  айтарлықтай  күрделі.  Қазақстанның 
территориясында  он  сегізден  астам  жыландардың  түрлері  мекен  етеді. 
Жыландардың 
әрбір 
түрі 
өзіндік 
ерекшегімен 
және 
экологиялық 
құндылығымен дараланады. 
Жыландарды  зерттеуде  біз  оларды  қоршаған  ортасына  қарай  және  
экологиялық 
жағдайларына 
байланыстыра 
отырып 
қарастыруға 
тырысатынымызды    жоғарыда  айтқан  болатынбыз.  Сондықтан  да,  біз  зерттеу 
барысында алдымен жыландар туралы теориялық материалдарды іріктеп алуға 
кірістік.  Ол  үшін  әрбір  табиғи  аймаққа  байланысты  жыландардың  3-4  түрін 
алып,  оның  сол  аймақта  таралу  ерекшеліктерін,  оның  себебін,  оларға  әсер 
ететін  табиғи  ортаның  әсерін  сипаттайтын  материалдармен  теориялық  түрде 
таныстық.  Содан  әрі  далалық  практика  кезінде  бақылаулар  мен  практикалық 
жұмыстар ұйымдастыру арқылы зерттеу жүргіздік.  
Біз  өз  жұмысымызда    жыландардың  қоршаған  ортаға  бейімділігін  нақты 
зерттеу  үшін  Қазақстан  жыландарын  тіршілік  ету  аймақтарына  қарай 
топтастырып, солардың бірнеше өкілдерін алдық. 
Орман жыландарының өкілдері: 
Өрнекті абжылан түрі  (Elaphe dione
Өрнекті абжыланның ұзындығы 1,5 м жетеді, құйрығы 17-30 см аспайды. 
Мойын бөлімі анық байқалмайды. Көз қарашығы дөңгелек. Оның  аналықтары 
мен аталықтары дене пішіні жағынан айырма жасап,  аталықтарын аналығына 
қарағанда ірі келеді. Сонымен қатар, аналықтарында құрсақ қалқаншаларының 
саны көп болады.  
 Денесінің  түстері субстраттың бояуына ұқсас келеді (түлеу кезінен басқа 
уақыттарда).  Денесінің  жалпы  көрінісі  жоғарғы  жағынан  сұр-қоңыр,  кейде 
қоңырқай  түстес,  төрт  қара  қоңыр  созылыңқы  жолақтары  (олардың  екеуі 
құйрыққа  қарай  бағытталады)  және  қара  түстес  көлденең  жолақтары  немесе 
дақтары  денесінің  бүйір  бетінде  шахматты  реттілікпен  орналасады.  Басының 
үстіңгі бөлігінде  ерекше суреті болады, ол жасы ұлғая келе өзгеріп,  бірнеше 


35 
 
бұтақтарға  тармақталған  қара  түстес  тәжі  пішіндес  болады.  Көздерінен 
мойынға  қарай  қара  түсті  самай  жолағы  созылады.  Көздің  сыртқы  мөлдір 
қабығы қара нүктелері бар ашық сары түсті, олар көздің төменгі бөлігіне қарай 
қоюлана  түседі.  Құрсағы  қызыл  нүктелі  немесе  дақтары  бар  сұр  немесе  сары 
түстес  болады.  Бұл  түрдің  меланисттері  және  бірыңғай  түстес  даралары  да 
белгілі [158, 159]. 
Көз  алды  қалқаншасы  кейде  төменгі  жағынан  аздап  бөлінген.  Танауы 
мұрын  қалқаншасы  арасындағы  сызығының  үстінде  орналасқан.  Дене 
бүйірлерінде  орналасқан  қабыршақтары  жылтыр,  ал  арқасындағылары  –әлсіз 
мүйізденген пішінді. Аналь қалқаншасы екіге бөлінген.  
Бұл жыланның жақын түрлерінен ерекшелігі мына төмендегідей: 
- абжылан денесінің ортаңғы бөліміндегі бірқатар қабыршақтарының және 
бас бөлімінде  суреттің болуы;  
- қабыршақтары жылтыр және құйрық асты қалқаншаларының  аздығымен, 
- танауларының тең орналасуымен.   
Бұл  жылан  сыртқы  ортаға  төзімді  болғандықтан,  Қазақстанның  орманды 
аймағының  барлық  жерінде    әсіресе,  тау  беткейлеріндегі    қылқанды  және 
жапырақты  ормандарда  (3600  м  дейін)  кездеседі.  Ол  көбіне  ағаштар  мен 
бұталарға жақсы өрмелейтін болғандықтан, биікте жүреді.   
Өрнекті  абжыланның    негізгі  қорегі  –  кеміргіштер  және  бауырымен 
жорғалаушылар, оның ішінде улы және өзіне ұқсаған жыландармен, құстардың 
жұмыртқаларымен  де  қоректенеді.  Сондықтан  да  олар  көбіне  суырлар, 
саршұнақтар  сияқты    кеміргіштердің  індерін  және  тастардың  астын  қыстап 
шығады.  Қыстау  мерзімі  қыркүйек-қарашадан  басталып  наурыз-сәуірге  дейін 
созылады. Оның белсенділігі күндіз күшейеді. Ыстық сағаттар мен түнгі кезде 
пана  ретінде  кеміргіштердің  індерін,  ағаш  діңдерін,  тастардың  үйіндісін 
паналайды.    Бұл  жыланның  ерекшелігі  суда  жақсы  жүзе  алады,  әсіресе,  теңіз 
суларында жүзуге қабілетті [160]. 
Олардың жыныстық жағынан жетілуі тіршілігінің 2-3 жылында басталады. 
Аналықтары аталықтарынан бұрын жетіледі. 
Өрнекті  абжыланның    табиғи  жаулары    дала  бүркіті,  жыланшы  қыран.   
Кейде  түлкінің  немесе  жыртқыш  құстардың,  жас  жыландар  үй  мысығының 
жемтігіне айналады. Ең қас жауы – қара кезқұйрықтар. 
Өрнекті  абжылан  бірнеше  табиғи  зоналарда:  дала  мен  шөлдерден  бастап 
қылқан  жапырақты  және  аралас  ормандарға  дейін  тіршілік  етуге  бейімделген. 
Ол  өзен  аңғарларында,  тоғайларда,  қамыстар  арасында,  альпі  шалғындықтары 
мен батпақтардың маңында, сорлы жерлер мен тақырлы орталарда, бархандар 
мен  күріш  егістіктерінде,  баулар  мен  жүзімдіктерде,  аршалар  мен  таулардың 
тасты баурайларында кездеседі. Т.д.ж. 3600 м биіктікке көтерілуге қабілетті бұл 
жыландар  керемет  өрмелегіш  және  жақсы  жүзе  алады.  Өзіне  пана  ретінде 
тамырлардың,  діңнің  арасындағы  бос  кеңістіктер  мен  топырақтың  жырық 
жерлерін пайдаланады.  
 
 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау