Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет18/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66

41
 
 
Кәсіби  ұстанымдардың  қолданыстағы  сипаттамалары  аталған  үш 
жоспардың 
барлығында 
көрініс 
табады 
(А.Ф.Копьёв, 
А.К.Маркова, 
В.А.Ташлыков және т.б.). 
Н.Леонтьев  ұстанымды  адамның  дербес  іс-әрекеті  ретінде  қарастырады, 
оның  мәні  адамгершілік  қасиеттерді  таңдауда  көрінеді.  Сондықтан  көшбасшы 
ұстанымы, бір жағынан, қоғамды, оның мәртебесін көрсететін талаптар, үміттер 
мен мүмкіндіктер арқылы анықталады, екінші жағынан, жетекшінің жеке, дара 
ішкі  белсенділік-бейімділігі,  тәжірибесі,  мотиві  мен  мақсаттары,  құндылық 
бағдарлары, дүниетанымы, идеалдарына әсер етеді [88]. 
А.Сластенин 
басқарушының 
жеке 
бас 
ұстанымын 
«қатынас» 
категориясымен  анықтайды  және  адамның  мотивациялық-құндылық  қарым-
қатынастарының  тұрақты  жүйесі  ретінде  айналадағы  шындықтың  түрлі 
көріністеріне, қызметке, адамдарға, өзіне-өзінің қатынасы түрінде қарастырады 
[89].  Біздің  зерттеуіміздің  аясында  осы  көзқараспен  бөлісе  отырып, 
басқарушылық  қызметтегі  субъектілер  ұстанымын  мотивациялық-құндылық 
қарым-қатынастарының  тұрақты  жүйесі  ретінде білім  беру  қызметінің  әртүрлі 
көріністеріне жеке қатынастар, ал басқару түсінуге және қабылдауға бағытталған 
диалог  шеңберіндегі  басқалардың  ұстанымдарын  үйлестіретін  өзара  іс-қимыл 
ретінде айқындалады. Осылайша, біздің ойымызша, педагогтың  басқарушылық 
құзыреттілігін  білім  беру  үдерісі  субъектілерінің  ұстанымдары  бойынша 
диалогке дайындық ретінде анықтауға болады. 
Сонымен әртүрлі ғылыми көзқарастарды талдау жүйелік тәсілдің ұстанымы 
тұрғысынан  басқарушылық  құзыреттілікті  кәсіби  құзыреттілік  компоненті 
ретінде  қарастыруға;  қызметтік  тәсіл  тұрғысынан  теориялық  (білімді  қолдану 
деңгейіне  қарай)  және  практикалық  (қызметті  орындау  мүмкіндігі,  міндеті) 
басқарушылық  қызметке  даярлығы;  тұлғалық-бағдарлық  тәсіл  тұрғысынан 
басқарушылық құзыреттілік әдетте, жетекшінің жеке сипаттамаларының үлгісі 
түрінде пайда болады, алайда ұстанымдарда және басқа тәсілдерде анықталған 
басқарушылық  құзыреттілік  түсінігінің  құрылымына  да  енгізілуі  мүмкін; 
құзыреттілік  тәсілдің  аясында  –  жеке  тұлғаның  ажырамас  сипаты  ретінде 
педагогтың  кәсіби басқару практикасында білімді пайдалана отырып міндеттер 
мен басқару мәселелерін шешуге; кәсіби және жеке қасиеттерді ескере отырып, 
дағдыға, тәжірибеге дайын екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Құзыреттілік 
тәсіл  білім  беру  мен  оқытудағы  декларацияланған  іс-әрекеттік  қағиданы  іске 
асырудың  неғұрлым  барабар,  практикаға  бағдарланған  тәсілі  болып  саналады 
[90]. 
Біз  зерттеуімізде  аксиологиялық  тәсілді  қолдана  отырып,  болашақ 
педагогтың    басқарушылық  құзыреттілігін  білім  беру  үдерісі  субъектілерінің 
ұстанымдары бойынша диалогке дайындығы ретінде анықтаймыз. 
Біздің 
зерттеуіміз 
үшін 
болашақ 
педагогтың 
басқарушылық 
құзыреттілігінің құрылымын айқындаудың, мазмұнын жасаудың мәнділігі зор. 
Өйткені  ол  педагог-менеджер  тұлғасының  сипаттамасын  жасауға  мүмкіндік 
береді. Ол туралы келесі 1.2 параграфында жан-жақты баяндалады.  
 


42
 
 
1.2 
Болашақ 
педагогтардың 
басқарушылық 
құзыреттілігінің 
құрылымы мен мазмұны 
Біз  1.1  параграфында  негіздегендей,  педагогтардың  басқарушылық 
құзыреттілігі оның  кәсіби құзыреттілігінің  ажырамас бөлігі  болып табылады. 
Зерттеу  барысында  болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігінің 
құрылымы  мен  мазмұнын  анықтау  үшін  алдымен  басқару  бағытына,  стиліне, 
функцияларына, құрамына, сапалары мен түрлеріне талдау жасаудың қажеттілігі 
туындады.  
Басқару  психологиясында  басқару  және  лидерлік  мәселесі  негізгі 
мәселелердің  бірі  болып  табылып,  басқару  басшылық  және  лидерлік  деп 
бөлінеді. Басшылық  билікпен байланысты арнайы қарым-қатынас феноменінен 
туындаса; ал лидерлік арнайы емес қарым-қатынас жүйесінен пайда болған. 
Басшылық 
пен 
лидерліктің 
айырмашылықтарына 
қарамастан 
Р.Л.Кричевский олардың 3 түрлі ұқсастықтарын көрсетеді: 
-басшы  және  лидер  әлеуметтік  топтар  мүшелерін  ұйымдастырушы  рөлін 
атқарады; 
- басшы және лидер ұжымда әлеуметтік құбылысты жүзеге асырады, бірақ 
әртүрлі тәсілмен; 
- басшы да, лидер де субординациялық қарым-қатынасты ұстанады [91]. 
Негізінен  менеджер  мен  лидер,  кәсіпкер  рөлдерінің  арасында  біраз 
айырмашылықтар  бар.  Шетел  практикасында  лидер  деп  тәуекелге  бел  буған, 
басқаруда  жаңа  тәсілдер  қолданатын,  ұйымдастырушылық  және  ғылыми-
техникалық жаңалықтар енгізетін кәсіпкерлерді айтады. Батыс зерттеушілерінің 
пікірлерінің  негізінде  лидер  мен  менеджерлер  арасындағы  айырмашылық 
белгілер төмендегідей көрсетілген: 
Лидерлер  –  қарапайымдылық  жетістікке  жетудің  басты  принципі  деп 
есептейді.  Ол  барлық  қызметкерлерін  өз  әрекеттерін  қарапайым  тәсілмен 
атқаруға  үйретуге  тырысады.  Ол  өзінің  ізбасарларына  жоғары  мақсаттарды 
меңзей  отырып  ерекше  назар  аударады.  Пайда  төмендегенде  немесе  төменгі 
нәтижелерді көрсеткенде осы жағдаяттан шығу жолын ұсыну үшін көмек қолын 
ұйым мүшелеріне, топтарына созады. 
Лидерлерөз  қателерін  мойындайды  және  оларды  шешу  үшін  қажетті 
шараларды  ашық  түрде  қолданудан  қорықпайды.  Олар  өз  жұмыскерлеріне 
сыйластықпен  қарайды,  оларды  бағалайды,  сенімдерін  үнемі  қорғайды.  Ал  өз 
кезегінде жұмысшылар лидерге адал және тіпті олар үшін жанын қиюға  дайын 
болады. 
Лидерлерқоғамға,  ұйымға  немесе  топқа  ықпал  етуге  қабілетті  тұлға. 
Белгілі  бір  әлеуметтік  топтың  мақсат-мүддесін  толық  сезініп,  қорғай  білетін, 
бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам лидер ретінде 
танылады.  
Ол  тұлғаға  деген  адал  және  сыйластық  қарым-қатынас,  жоғары  мақсатқа 
жетудегі қайсарлық мынадай құндылықтарға ие. 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау