- Жұмыстың атауы: Ешкі сүтінің қасиеті
- Жетекшісі: С.З Джарбусинова
- Ешкі
- сүтінің
- емдік
- қасиеті
- МАЗМҰНЫ
- Кіріспе 3
- 2.1 Ешкі сүті 5
- 2.2 Ешкі сүтінің қасиеті 11
- 2.3 Ешкі өсіру 15
- 2.4 Ешкі еті де ем 17
- Қорытынды 19
- Кіріспе
- Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.
- Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.
- Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады.
- Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.
- АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қа-жеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған.
- Зерттеудің мақсаты:
- Қазіргі таңда жастарға
- мал шаруашылығының
- жетістіктерін, ата –
- бабамызешкі
- өсірумен ертеден –ақ
- айналысқанын, сүтінің
- адам ағзасына
- пайдасын түсіндіру.
- Зерттеудің міндеті:
- Халықты әр түрлі
- аурудан аман алып
- қалудың жолы – осы
- ешкі сүтінің емдік
- қасиетін пайдалану.
- Зерттеудің маңыздылығы
- Ешкінің сүтінің ауруға
- қаншалықты ем
- болатынын, қалай
- пайдалану керектігін
- үйреніп, іс жүзінде
- пайдалануға
- болатынында
- Зерттеу гипотезасы: Зерттеу гипотезасы ретінде ешкі сүтімен жан-жақты танысып, адам өмірінде алатын орнынының зор екендігін анықтау.
- Зерттеу кезеңдері:
- Ешкі сүті жөнінде мағлұматты туыс адамдарының ауызынан жазып алу, көркем әдебиеттерді, кітаптарды жинақтап, оларға жалпы шолу жасау, интернет ресурстарын пайдалану.
- Эксперимент әдістемесі:
- 1. Ешкі сүті жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.
- 2. Ешкі сүтінің күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу.
- Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ешкі сүтінің алатын орнын, маңыздылығын, оқушыларға күнделікті өмірде пайдалануға үйрету. Бұл материалдарды отбасында, бала бақшада, мектепте пайдалануға болады.
терісі - 100 ғ.бұрын қолға үйретілген
- Ешкі сүтінің
- емдік қасиеті
- асқазан
- ішек –қарын
- Жолдары
- ауруына
- көздің нашар
- көруін
- болдырмайды
- жүрек қан
- тамырларының
- қызметін
- жақсартады
- ағзаның
- қорғаныс
- қызметін
- арттырады
- Ешкі сүті жайлы әлем не дейді?
- Ешкі сүтін тері
- Мен буын
- ауруына, өт –тас
- ауруын,
- фибромиома
- мен балалар
- эпилепсиясын
- емдеуде
- қолданады
- Сиыр сүтіне
- аллергиясы
- бар адамдар
- ешкі сүтін
- жеңіл көтерген.
- Таулы
- шипажайларда
- туберкулез,
- анемия,
- рахит
- ауруларына
- шалдыққандар-
- ды
- ешкі сүтімен
- емдейді
- Аурухана,
- перзентхана-
- ларды
- ешкі сүтімен
- қамтамасыз ету
- үшін арнайы
- өсіреді
- 2.1 Ешкі сүті
- Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.
- Ешкі сүті де сиыр сүтіндей ка¬зеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын — альфа-ls-казеин жоқ. Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адам¬дар үшін ұсынылады. Құра¬мында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құ¬рамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қоры¬тылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лак¬тозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, әйелдердің ем¬шек сүтінен — 41% кем) болуы — бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүм¬кін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағза¬сы¬ның тіндерінде холестерин жи¬налуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар.
- Жоғарыда келтірілген артық¬шылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), мар¬ганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) жә¬не Д (0.06 мг) дәрумендері, ас¬кор¬бин қышқылы бар. В12 дәру¬менінің құрамына кіретін және қан өн¬дірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп.
- 2.2 Ешкі сүтінің қасиеті
- Ешкі сүті адам ағзасына пайдалы екендігі өте ерте замандардан бері анықталған. Бірақ мұның пайдасы бар екендігін біле тұра, өкінішке орай дұрыс бағалай алмайтынымыз белгілі. Біз осы мақаламызда ғылымда және халықтық медицинада дәлелденген ешкі сүтінің ерекше қасиеттеріне тоқталмақшымыз. Ешкі сүті А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микро және макро элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті адам ағзасына пайдалы болып қана қоймай, белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады.
- Аллергияда
- Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім - ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие.
- Ағзаны қалпына келтіруде
- Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.
- Сүйекке пайдасы
- Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастанбастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.
- Ішек дисбактериозында
- Ішек микрофлорасының баланс бұзылысында ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтанда бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетгі түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тамақ рационына еңгізіңіз. Ал сүт өнімімен емделу тәсілі мынадай: әр 10 кг. салмаққа 100 гр. сүт өнімін пайдалану қажет.
- Ешкі сүті диатез дертінде
- Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Албұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың аңықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс.
- Ұйқы безінің қабынуына
- Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.
- Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы
- Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.
- 2.3 Ешкі өсіру
- Ешкі ұсақ мүйізді малға жатады. Ешкінің ең басты ерекшелігі – кез келген жағдайға бейімделе алатындығы. Жеке шаруашылықта да айтарлықтай төзімді болу ешкіге тән: олардың ас қорыту мүшелері 60 пайызы клетчаткадан тұратын азықты да қорытып жібереді. Ешкінің өмір сүру ұзақтығы 14-15 жыл.
- Ешкінің сүті адамға ана сүтін алмастыра алады. Оның құрамындағы май оңай сіңімді, әрі адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында кальций мен фосфор минералдық заттарының мол болуы балалардың сүйектерінің қалыптасуы үшін өте пайдалы. Оны әртүрлі өкпе, суық тию ауруларын емдеу үшін қолданады, сондай-ақ ешкі сүті гепатиттен, асқазан жарасынан, астмадан және т.б. аурулардан қорғайды. Ешкі сүтінің құрамында В, В2, С және А дәрумендері бар. Күніне әр ешкіден 4-7 литрге жуық сүт алуға болады.
- Ешкі орта есеппен бір жылда 300 гр. жүн береді, ал кейбір жақсы ешкілердің жүні 800 гр. дейін жетеді. Жүн көбінесе жем беру мен өсіру жағдайына, сонымен қатар ешкіні қырқу мерзіміне байланысты болады.
- Кальций
- Магний
- Фосфор
- Марганец
- Мыс
- А
- В1
- С
- Д
- В12
- Аскорбин
- қышқылы
- Май 4,4%
- Белок3,6%
- Лактоза4,9%
- III. Қорытынды:
- Осы ғылыми жұмысымды зерттеу барысында оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, ізденуімнің арқасында ешкі туралы көп мағлұмат алдым. Ешкінің ең басты ерекшелігі кез келген жағдайда өсіруге бейімділігі. Өмір сүру ұзақтығы 14 – 15 жыл. Ешкіні ет, сүт, түбіт, жүн, тері өндіру үшін өсіреді. Түбіті мен жүнінен жеңіл, әрі берік орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылады. Терісінен жоғары сапалы шевро, замш, лайка былғарысы жасалады. Сүйегі, мүйізі, тұяғынан желім жасайды, ішегінен музыкалық аспаптарға ішек иіреді. Ешкі сүтінен қаймақ, сары май, ірімшік, құрт т.б. тағамдар дайындалады. Ешкі сүті ана сүтін алмастыра алады. Оның құрамындағы май сіңімді, балалардың сүйектерінің қалыптасуы үшін өте пайдалы. Әр түрлі өкпе аурулары, суық тиюден қорғайды. Ешкі сүті гепатит, асқазан жарасы, астма және тағы көптеген ауруларға ем.
- Ұсыныс:
- Келешекте 777777777777777өңірінде ешкі шаруашылығын көркейтіп, әсіресе аурухана, бала-бақша , мектептер сияқты мекемелерді ешкі сүтімен қамтамасыз етіп отырса.
- Пайдаланған әдебиеттер
- 1. Қ.Бозымов « Мал шаруашылығы» Алматы «Қайнар» 1993ж.
- 2. К.Мырзалиев «Қызыл кітап» Алматы «Жалпы» 1983ж.
- 3. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009
- 4.ҚазақЭнциклопедиясы, 8 том6.
- 5.Интернет ресурстары
- 6. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматы кітап 2007 ж
- 7. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж
- 8. Ермакова В. И. Аспазшылық, Просвещение 1993 ж.
- 9. Матюхин З. П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение 1999 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |