144
үдерісте (объекті де, субъекті де білім беру субъектілері) жүргізілуіне
байланысты туындайды.
Дуальді
оқытуда
болашақ
педагогтардың
кәсіби
дарялығын
қалыптастыруда «Мектеп-колледж-ЖОО» сабақтастығы негізінде жүзеге
асырылады. Болашақ мамандарды даярлауда мектеп, колледждер мен жоғарғы
оқу орындары бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, мектеп
оқушыларының мамандық таңдауына зор септігін тигізіп, бейіміне қарай
даралап, өзінің бейімі бар кәсіп саласына бағыт бағдар береді. Жұмыс беруші
мекемелер қанша маман қажеттілігіне қарай, оқу орындарына тапсырыс береді
[198].
Оны біздің эксперимент тұрғысынан Абай атындағы ҚазҰПУ базасында
жүргізген ҒӘК жұмыстарын жүргізу барысы дәлелдейді. 2015 жылдың
желтоқсан айында педагогика және психология кафедрасының бастамасымен
«мектеп-колледж-жоо» ғылыми-әдістемелік кешені құрылды.
Ғылыми-әдістемелік кешеннің мақсаты – педагогикалық білім беру
жүйесінің сабақтастығын қамтамасыз ететін, бірегей әдіснамалық негіздегі
мектеп, колледж, жоғары оқу орны ғылыми-зерттеу мен практикалық іс-
әрекетін
ықпалдастыру
негізде
дуальді-бағдарлық
психологиялық-
педагогикалық даярлықты дамытудың шарттары мен жолдарын анықтау.
Мектеп-колледж-жоо ғылыми-әдістемелік кешені:
-
білім беру сатылары мен деңгейлері формаларының, әдіс-тәсілдері мен
құралдарының, жолдарының бірлігі негізінде психологиялық-педагогикалық
жүйе құру;
-
кәсіби өзін-өзі анықтауды салалы түсінуіне ықпал ететін кәсіби
психологиялық-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды дамытуға білім
алушылардың мотивациясын жоғарылату;
-
оқу материалдарын сапалы меңгеру мен олардағы оқу үдерісін
ұйымдастыру ерекшеліктерін жоғарылатуға арналған «мектеп мұғалімі –
колледж оқытушысы – жоо оқытушысы» және «мектеп оқушысы – колледж
студенті – жоо студенті, магистранты, докторанты» өзара байланысын жүзеге
асыру бойынша жұмыстар жүйесін жасау және ендіру;
-
ғылыми-әдістемелік іс-әрекеттерді интеграциялау негізінде ғылыми-
әдістемелік кешеннің барлық деңгейлеріндегі оқытудың сапасын жақсарту;
-
бір жағынан мектеп мұғалімдері, колледж және жоо оқытушыларының,
екінші жағынан мектеп, колледж, жоо білім алушыларының ғылыми-зерттеу іс-
әрекетін белсендіру;
-
мектеп-коллед-жоо ғылыми әдістемелік кешенінің барлық деңгейдегі
қатысушыларын іс-әрекетке тарта отырып, тәлімгерлік жүйесін жаңа бір
сатыға көтеру және белсендіру
Ғылыми-әдістемелік кешен аясында Алматы қаласының педагогикалық
колледжімен, мектебімен үш жақты келісімшарт жасалды. Ғылыми-әдістемелік
кешен Ережесі және стратегиялық жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес
психологиялық-педагогикалық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша
мектеп мұғалімдеріне және колледж оқытушыларына оқыту семинарлары,
145
мектеп ата-аналарына арналған семинарлар, біргелікте дөңгелек үстелдер және
осы конференция өткізілуде. Осы жыл ғылыми-әдістемелік кешен жұмысының
бастамасы болғандықтан мектеп, колледж педагогтары, басшылығымен
кафедра профессор-оқытушыларының арасындағы кездесулер көбінесе
біргелікте атқарылатын жұмыс түрлерін талқылауға, айқындауға бағытталды.
Алайда, 2016-2017 оқу жылында осы кешен аясында жүргізілген жұмыстар
ҒӘК –нің ЖОО ПОҚ-ы мен мектеп, колледж оқытушыларының оқу-
әдістемелік,
ғылыми-зерттеушілік
іс-әрекеттердегі
өзара
байланысты
арттырғанымен, болашақ мұғалімдердің, яғни студенттердің практикалық
даярлығын, келешектегі кәсіби іс-әрекеттері бойынша біліктіліктерінің
дамытуға септігін тигізу мүмкіндікерінің ауыз толтырып айтарлықтай
болмағандығын көрсетті. Өйткені, аталған ҒӘК тиімді жүргізілуінде бірқатар
қиындықтар орын алған:
-
теориялық-әдіснамалық, әдістемелік негіздерінің жасалмауы;
-
бұл жүктеменің ПОҚ және мектеп, колледж қызметкерлерінің арнайы
тарифтелген, заңдастырылған педагогикалық жүктемесіне енгізілмеуі;
-
жұмыс берушілердің мемлекеттік-нормативтік құжаттарға сәйкес
оқушылардың оқу жүктемесінің, оқу кестесінің, оқу бағдарламалық
талаптарының тәртібінен ауытқуға барлық уақытта мүмкіндіктерінің бола
бермеуі;
-
жоғары оқу орны студенттерінің өз еркімен, оқудан тыс, ақысыз
өндірістік тәжірибеден өтуге психологиялық тұрғыдан даяр еместігі (өз кәсібіне
қызығушылықтарының аздығы, мамандығын саналы терең түсінбеушілігі,
кәсіби жауапкершілікт сезіне қоймауы, немқұрайдылықтың басымдығы,
мамандығын сүю дәрежесінің төмендігі, оқушылармен қарым-қатынасқа түсуке
қорқыныш сезімдерінің басымдығы және т.б.);
Осы бір олқылықтың орнын толтыру мақсатында 2108 жылдан бастап ҚР
Білім және ғылым министрлігінің гранты негізінде Абай атындағы Қазақ
ұлттық
педагогикалық
университетінің
базасында
профессор
Ұ.М.Әбдіғапбарованың жетекшілігімен «Дуальді-бағдарлық оқыту – болашақ
мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдірудің шарты» атты ғылыми жоба
орындалу үстінде. Осы жоба аясында Қазақстандағы педагогикалық жоғары
оқу орнын бітірушілерден сауалнамалар алынды, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы мен Германияның білім беру саласында қызмет ететін жұмыс
берушілермен сұхбаттасу, әңгімелесу сауалнамалары жүргізілді.
06.04.2018 ж. – 11.05.2018 ж. аралығында жүргізілген сауалнамаға Абай
атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚызПУ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ,
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының 5В010200 – Бастауышты
оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010500 – Дефектология, 5В010300 –
Педагогика және психология, 5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі
тану мамандықтары бойынша 1760 бітіруші қатысты. Сауалнама болашақ
педагогтардың ЖОО кәсіби даярлықтарына қанағаттану дәрежесін, кездесетін
қиындықтарын, кәсіби даярлық үдерісін жақсартудағы ойларын анықтауға
Достарыңызбен бөлісу: |