Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет67/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74

146 
 
арналған  18  сұрақтан  тұрды.  Сауалнама  нәтижесінде  жауап  берушілердің  дені 
95%-ы  педагог  мамандығының  бүгінгі  таңда  аса  маңыздылығын    және  жоғары 
оқу орнындағы кәсіби даярлыққа қанағаттанатындығын атап өтті, дейтұрғанмен 
олардың  84%-ы  жоғары  оқу  орнында  практика  сағаттарын  көбейтсе,  74%-ы  
жоғары  оқу  орнының  мектептермен  және  колледждермен    тығыз  өзара 
байланыстағы  серіктестігі  жүзеге  асырылса  деген  тілектерін  айтты.  82%-ы  
практикалық  сабақтарды  көбейтсе,  соның  ішінде    21%-ы  арнайы  пәндердің 
сағаттары  көбейтілсе  деген  пікір  білдірді.      Сондай-ақ,  олардың  65%-ы  кәсіби 
даярлықта  меңгерілетін  практикалық-бағдарлық    пәндердің  лабораториялық, 
практикалық  сабақтары  мектептерде,  колледждерде  өткізілсе,  кәсіби 
құзыреттіліктерінің тиімді қалыптасуына ықпал етеді,  деген ойларын білдірді.  
62%-ы жоғары оқу орнындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылауға мектеп 
әкімшлігінің,  әдіскерлердің  қатысқанын  жөн  санады,  өйткені  орындалатын 
диплом, 
диссертациялық 
жұмыстардың 
бүгінгі 
практиканың 
өзекті 
проблемасының шешімін табуға септігін тигізуге көмектеседі, деп ойлады.  
Сонымен  пилоттық  сауалнама  педагог  кадрларды  даярлау  үдерісінің 
практикалық  бөлігін  көбейтуді,    жоғары  оқу  орны,  мектеп,  колледж  іс-
әрекеттерінің,  білім  беру  орталықтарының  ықпалдастығында,  тығыз 
серіктестіктігінде    даярлауды  жүзеге  асыратын  инновациялық  жүйені  ендіру 
қажеттілігін көрсетті 
Жұмыс  берушілердің  сауалнамасы  да  20  сұрақтан  құралды  (қосымшаны 
қараңыз).  02.04.2018  ж.  –  20.05.2018ж.  аралығында  Жамбыл  облысы,  Ақтөбе 
облысы,  Алматы  облысы,  Алматы  қаласынан  379  директор  мен  директор  
орынбасарларынан    (мектеп,  колледж)  сұхбат  алынды.  Нәтижесінде  жұмыс 
берушілердің  жауаптары  үш  топқа  топтастырылды.  Бірінші  топты  қазіргі 
педагогикалық жоғары оқу орындарын бітірушілердің теориялық білімдері мен 
практикалық  даярлықтары,  әлеуметтік-психологиялық  дағдыларының  деңгейі 
қанағаттандырады,  екінші топ  болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда жоғары 
оқу  орны,    мектеп,  колледж  іс-әрекеттерінің  ықпалдастығын  жүзеге  асырудың 
қажеттігін  ұсынушылар;  үшінші  топ  педагогикалық  практиканы  өткізу, 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу аясында жоғары оқу орнының мектеппен, 
жоғары  оқу  орнының  колледжбен  әлеуметтік  серіктестікте  болуы  тиістігін 
көрсеткендер.  Екінші  топ  пен  үшінші  топ  ойларының  бір  жерден  шығуы  және 
олардың  басымдығы,  заманауи  педагогты  кәсіби  даярлау  үдерісіне  дуальді-
бағдарлық оқытуды ендіру қажеттілігін дәлелдей түседі.     
Дейтұрғанмен, қазіргі уақытта дуальді оқытуды болашақ мұғалімнің кәсіби 
даярлығына  толығымен  енгізу,  көшіре  салу  мүмкін  емес.    Өйткені  олардың 
кәсіби  даярлығындағы  теориялық және  практикалық құрамдарының  пайыздық 
көрсеткішін  теңестірудің  әдіснамалық-ұйымдастырушылық  тұрғыдан  негіздері 
жасала  қойған  жоқ,  ол  біріншіден.Екіншіден,  мұғалімнің жұмыс  орны  «жанды 
үдеріс»,  яғни  «субъект-субъект»    қатынасында    жүзеге  асады,  сол  себепті  ол 
үдеріске  (дуальді  жүйе  принципінде  оқу  орнында  теориялық  білім  алуы  мен 
өндірісте  жұмыс  істеуі  қатар  жүргізілуі)    кәсіби  тұрғыдан  базалық  білімі  жоқ, 
кәсіби-тұлғалық  сапалары  қалыптаса  қоймаған,  өмірлік  тәжірибесі  жеткілікті 


147 
 
қалыптаспаған  1-2  курс  студенттерін  жіберу  мүмкін  емес.  Үшіншіден,  дуальді 
жүйені  жоғары  педагогикалық  білім  беруде  жүзеге  асырудағы  қиындықтар 
себептерінің  анықталмауы  және  оны  ендірудің  механизмі  жасалмауы  да  бұл 
мәселенің теориялық-практикалық тұрғыдан  зерттеле түсуін қажет етеді.  
Қазіргі  жағдайда  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  даярлауда  дуальді 
оқытудың  элементтерін  ендіру  туралы  ғана  сөз  етіп,  оны  дуальді-бағдарлық 
оқыту тұрғысынан қарастырып отырғанымыз сондықтан. 
Аталған мәселенің күрделілігі дуальді білім берудің отаны - Германияның 
болашақ  мұғалімдерді  даярлау  үдерісіне  дуальді    оқытуды  ендірудің  қазіргі 
жағдайын анықтау қажеттілігін туындатты. Осы мақсатпен 2018 жылдың 20-29 
қазан аралығында Германияның білім беру саласында қызмет ететін 41 жұмыс 
берушіден  сауалнама  алынды.  Сауалнаманы  талдау  нәтижесінде    қазіргі 
уақытта  Германияның  Бавария,  Саксония  жерлерінде  педагог  кадрларлардың 
тапшылығы байқалды.  Мектеп, кәсiптiк училище,  колледждерде сабақ беретін 
мұғалім  оқытушылардың  кәсіби  даярлығын  жетілдіру  қажеттілігінің 
маңыздылығы  және  өзектілігі  басым.  Болашақ  мұғалімдердің  практикалық 
даярлығына  респонденттердің  47%-ы  қанағаттанатыны  айтты,  50%-ы  болащақ 
мұғалімнің  кәсіби  деңгейін  көтеру  үшін  практикалық  сабақтардың  мерзімін 
ұлғайту  қажет  деп  есептейді.  72%-ы  мұғалімдердің  біліктілігінің  теориялық 
деңгейін  оң  бағалады,  өз  ойларын  бастауыш  мектептің  мұғалімдерінің  алған 
теориялық  білімдерін  өз  кәсіби  қызметінде  пайдалана  алатындығымен 
негіздеді.  50%-ы  қазіргі  уақытта  олардың  практикалық  біліктілігінің  өзектілігі 
мен  оны  практикада  қолдану  үшін  жеткіліктілігін  атай  отырып,  жоғары  оқу 
орындарында  практикалық  даярлықтарын  арттыру  қажеттігін    жоққа 
шығармады.  Респонденттер  дуальді-бағдарлық  оқыту  жүйесін  педагогикалық 
үдерістің  маңызды  бөлігі  санайды.  Мұғалімдердің  ұжымда  байланыс  орнату 
қабілеттілігі  көбінесе  жеке  сипатқа  байланысты  психологиялық  санаттарда 
көрсетіледі, оның дәлелі ретінде сұралғандардың 65%-ы экстраверттер ұжымда 
жақсы  қарым-қатынас  жасайды  деп  жауап  берді.  82%-ы  кәсіби  қарым-қатынас 
мәдениеті  педагогикалық  мамандықтардың  ерекшелігіне  сәйкес  келетіндігіне 
мән  берді.  Тәртіптілік  пен  орындаушылық  жоғары  бағаланды,  оны  жұмыс 
берушілердің  80%-ының  оң  бағалауанын  көруге  болады.  Мұғалімдердің  өзін-
өзі  жетілдіруі,  атап  айтқанда,  жеке  және  кәсіби  өсуі  мұғалімдердің  өзін-өзі 
ұйымдастыруына  және  өзін-өзі  дамытуынан  талап  етіледі,  бұл  жауап 
берушілердің  44%-ының  тұлғаның  сапасына  қанағаттанатынымен  расталады. 
Сондай-ақ,  «Сіздің  ұйымыңыз  үшін  болашақ  мұғалімдерді  дайындайтын  білім 
беру  мекемесімен  тікелей  байланыста  болуды  қажет  деп  санайсыз  ба?»  деген 
сұраққа  жұмыс  берушілердің  92%-ы  «Иә»  деп  жауап  берді.  89%-ы  ұйым  үшін 
маңызды  мамандықтарды  ұйымдастыру  бойынша  білім  беру  бағдарламаларын 
әзірлеуге  және  кәсіптік-педагогикалық  білім  беру  үдерісін  жоспарлауға 
қатысуды  маңызды  және  қажет  деп  санайды.    «Педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарының  студенттері  сіздің  ұйымыңыздағы  мамандықтар  бойынша 
тағылымдамадан  өтуге  мүдделі  ме?»  деген  сұраққа:  39%-ы  студент-
практиканттарға еңбекақы төлемеуді; 27%-ы жартылай немесе толық еңбекақы 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау