134
Қазақстандағыбасқа жоғары оқу орындарымен салыстырғанда кәсіби
техникалық колледждерді компьютерлік құралдармен, жоғары сапалы
жабдықтармен және бағдарламалық тұрғыда қамтамасыз етуді мысал ретінде
келтіруге болады. Қазақстанның ғылыми әдебиеттерінде педагогикалық
құралдар алты пәндік топқа (объектілерге) бөлінеді:
- колледж құрал-жабдықтары;
- оқу-зертханалық жабдықтар;
- оқу-өндірістік жабдықтар;
- дидактикалық техника;
- оқу-көрнекі құралдар:
- ұйымдық-педагогикалық тәрбие беру құралдары (оқу-бағдарламалық
құжаттар, оқу жоспарлары, бағдарламалар, емтихан жоспарлары және т.б.)
[188].
Неміс педагогикалық әдебиетінде оқу-әдістемелік құралдар өз білімдерін,
дағдыларын, біліктілігін көрсетуге, жұмыс істеуге және ынталандыруға
байланысты функцияларына сәйкес бөлінеді [182, s. 147].
Демонстрациялық құралдардың көмегімен оқытуда көрнекілік талап
етіледі. Мысалы, кәсіптік-техникалық мектептердегі сабақтарда өндірістік
үдерісте қолданылатын жұмыс құралдары мен нысандар көрсетіледі. Кәсіптік
мектептерде бұрын теориялық негізделген әрекет қағидалары көрсетілген
көрнекі түрде көрсетуге болатын арнайы техникалар болады.
Оқыту үрдісінің маңызды тасымалдаушылары жұмыс құралдары болып
табылады. Оларға баспа құралдары (оқу жоспары, оқулық, анықтамалық және
т.б.), сондай-ақ техникалық жұмыс құралдары (эксперименталды оқытуда
қолданылатын эксперименттік құрылғы, т.б.) кіреді.
Мотивациялық құралдардың міндеті – оқушылардың қызығушылығын
ояту. Мысалы, «Жолдағы қауіп-қатерлер» тақырыбында жұмысқа кіріспес
бұрын, білім алушылардың тақырып бойынша әрі қарай жұмыс істеу үшін
тиісті жағдай тудыратын телевизиялық фильмді (мотивациялық құрал ретінде)
көрсетуге болады, сонымен қатар фильм жұмыс істеу құралы болады, себебі ол
тақырып бойынша ақпараттар береді [187, р.74].
Қазіргі жүйедегі екі оқу-өндірістік ортаның нақты белгілері де
педагогикалық процесті ұйымдастырудың және өткізудің әртүрлі тәсілдерінде
көрініс табады. Кәсіпорында кәсіби дайындық оқу орындарында жүргізіледі:
жұмыс орнында, оқу шеберханасында және iшкi өндірістік оқытуда жүргiзiледi.
Кәсіптік мектепте оқу сабақтарында, яғни сыныптарда жүргізіледі. Бұған
демонстрация бөлмесіндегі, зертханадағы немесе кәсіптік мектептің
шеберханасындағы оқыту жатады [189, s. 589]
Педагогикалық үдерістің соңғы құрамдас бөлігі – оны ұйымдастыру
формалары.Ғылыми әдебиеттерде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру
формасы барлық компоненттерінің бірлігінде тұрақты түрде аяқталған
ұйымдастыру түрі ретінде түсіндіріледі. Бүгінгі таңда біздің кәсіби-техникалық
мектептердің тәжірибесінде педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың мыңнан
астам түрі кездеседі. Қазақстан педагогикасында ұйымдастыру формаларының
135
түрлі классификаторлары бар, мысалы күрделілік деңгейі бойынша: қарапайым
(әңгіме, экскурсия, викторина, тест, емтихан және т.б.), құрамдас (сабақ, кәсіби
шеберлік жарысы, мерекелік кеш және т.б.), кешенді (ашық есік, білім, ғылым
және өндіріс күндері).
Кәсіптік оқытудың екі жүйесін салыстырмалы талдау үшін ең қызықтысы
кәсіптік-техникалық мектептердегі білім беру практикасында қолданылатын
оқытуды ұйымдастырудың формалары болып келеді:
- теориялық оқыту формалары: сабақ, кеңес беру, зертханалық және
практикалық сабақтар, тест, емтихан және т.б.;
- техникалық оқыту формалары: өндірістік оқыту сабағы, өндірістік
тәжірибе, қорытынды біліктілік емтиханы;
- кәсіби даярлықтың сабақтан тыс формалары: оқу цехы, кәсіби
үйірмелер, факультативтер, кооперативтер және т.б.;
- өздігінен білім жетілдіру: ғылымды, өнерді, өндірісті, қызығушылық
бойынша іс-әрекетті өздігінен оқып-үйрену [190].
Неміс педагогикалық әдебиетінде оқытудың ұйымдық формалары білім
беруші мен білім алушы арасындағы өзара әрекеттесудің түрлі
мүмкіндіктерімен анықталған арнайы формалар ретінде түсіндіріледі.
Басқаша айтқанда, сабақтарды жүргізудің әлеуметтік формалары сабақтағы
өзара әрекеттесудің ұйымдастырушылық жағын көрсетеді. Әлеуметтікке
фронталдық сабақтар, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс,
болашақ тәжірибелік іс-әрекетті жоспарлау ойындары (имитациялық) немесе
рөлдік ойындар, сондай-ақ әңгімелер (пікірталастар, диспуттар, дебаттар).
Дуальді жүйедегі кәсіптік мектепте сабақтарды өткізудің әлеуметтік формасы
ретіндегі фронтальды форма дәстүрлі түрде дамыды және қала береді [191].
Германиядағы кәсiби даярлықтың дуальді жүйесiнде кадрларды даярлау iс-
әрекеттерiнiң ерекшелiктерiн түсiну үшiн педагогикалық үдерісті
ұйымдастырудың әртүрлi әлеуметтiк формаларын қарастыру қажет.
Фронтальды форма – мұғалімінің жеке оқушының қызығушылығын
тудыратын сабақты өткізудің дәстүрлі түрі. Ұйымдастырудың бұл түрінде
оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінде қиындықтар туындайды. Бұл
әлеуметтік форма мұғалімге немесе мұғалімнің оқушылармен әңгімелесуіне
байланысты оқыту әдістерін қолдану үшін қолайлы, бірақ сабақты жүргізу
әдісіне синоним ретінде оқыту әдістерін қолдануға кедергі келтіреді. Бұл
арқылы «хабарлау, мұғалімнің әңгімесі және мұғалім мен оқушылар
арасындағы әңгіме» әдістерімен сабақ жүргізудің жеңілдетілген түрдегі
формасын түсінеміз.
Жеке жұмыс жеке шығармашылық қабілеттерін жоспарлауға, ойды іске
асыруға және алынңан нәтижелерді бағалау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқытудың осы формасы мұғалімнің оқытудың проблемалық әдістерін
пайдаланғанда (проблемалық-дамытушылық оқыту) қолданылады.
Жұппен жұмыс – топтық жұмысқа дайындық сатысы
Достарыңызбен бөлісу: |