Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Әлеуметтік педагог мектептегі қиын балалар және құқықбұзуға бейім балалардың ең алдымен, отбасылық жағдайын, баланың әлеуметтік ортада бейімделуін жоғарыдағы теорияларға негізделе отырып анықтауы қажет. Мектепте қиындық туғызып жүрген оқушының өзіндік ерекшеліктерін анықтай келе, ондағы негізгі
себепші факторды саралап, әлеуметтік педагог, педагог-психолог және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары педагогикалық, психологиялық және құқықтық жұмыс атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |