Емтихан сұРАҚтары баланың білім алуға әлеуметтік педагогикалық құқығы


Бала құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу: көрсеткіштері мен әдістері



жүктеу 117,09 Kb.
бет69/69
Дата26.01.2022
өлшемі117,09 Kb.
#35022
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ жауабы

Бала құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу: көрсеткіштері мен әдістері

Бала құқықтарының іске асырылуына жүргізілетін мониторингтің негізгі бөлігі – оның

орындалу нәтижелерін бағалау. «Сіз нақты нені бағалайсыз және қалай бағалайсыз?» деген сұраққа кейде жауап беру оңай, бірақ көбінесе оған ойланып, талқылап жауап беру

үшін қосымша уақыт қажет. Мысалы:

БҚК 24-бабы: Қатысушы мемлекеттер нәрестелердің шетінеуі мен бала өлімінің

деңгейін төмендету үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.

Бұл ереженің орындалуын бағалау үшін статистика жөніндегі ұлттық агенттік және/немесе денсаулық сақтау министрлігі арқылы 5 жасқа дейінгі сәбилер мен балалар өлімінің

көрсеткіштері бойынша статистикалық деректер жиналуы тиіс.

Алдыңғы тармақ көрсеткіштерді әзірлеудің белгілі бір деңгейде әдіспен байланысты

және бала құқықтарының іске асырылуына мониторинг жүргізуге арналған бірыңғай

әдістің жоқ екенін көрсетеді. Әдістер сіздің нені бағалағыңыз келетінімен тығыз байланысты. Мысалы, жұмыс істеп жатқан құрылымдардың (заңнамалар, мемлекеттік стратегиялар және бағдарламалар) халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау интернат

мекемелеріндегі балалардың құқықтарының сәйкестігін бағалау үшін қолданып жүрген

әдісіңізден айырмашылығы бар (белгілі бір деңгейде) әдістерді талап етеді (әрі қарай

2.2.3-тармақшаны қараңыз).

Адам құқықтарының іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі әдебиеттерге жасалған

шолу, мысалы, азаматтық және саяси құқықтардың, азаптауға және адамның намысын

таптайтын қатаң мінез бен жазалауға тыйым салу секілді адам құқықтарының бұзылу

жағдайларын анықтау мен құжаттауға айтарлықтай назар аударылғанын көрсетеді. Мұндай

мониторинг бойынша дайындалған есептерде көбінесе осындай құқық бұзушылықтарға

жол берген мемлекеттердің саясатын айыптап жатады, адами қадір-қасиетті құрметтеу

жүйесін қысқа уақыттың ішінде жетілдіруге және адамның тапталған құқықтарын қалпына

келтіруге шақырады. БҚК тек БҚК-нің азаматтық құқықтар мен бостандықтар туралы ережелерінен ғана тұрмайды (Бала құқықтары жөніндегі комитеттің ұсынымдарына

сәйкес БҚК баптарының IV блогын қараңыз), сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік

және мәдени құқықтар туралы ережелерді де қамтиды. Бұл құқықтардың орындалуына мониторинг жүргізу мемлекеттік органдарды осы құқықтарды бұзғаны үшін кінәлауға немесе

айыптауға әкелмейді, бірақ алынған нәтижелерді және осы құқықтарды орындау үдерісінде

әлі де болса орын алған кемшіліктерді бағалау объектісі болып табылады.

Мұндай баға көбінесе келешекте оң нәтижелерге қол жеткізуге арналған нақты

ұсынымдардан тұрады (Нақты ел бойынша Бала құқықтары жөніндегі комитеттің

қорытынды бақылауларын қараңыз).

Мониторинг үдерісін бір ұстанымда немесе матрицада екі құқықтық жүйеге енгізу

мүмкіндігінің болуы немесе болмауы талқылау тақырыбына айналуы мүмкін. Алайда

мұндай ұстаным бала құқықтарының орындалуына мониторинг жүргізу бойынша пайдалы құрал болып табылған жағдайда мүмкін болар еді, бірақ ол пайдаланылуға тиіс ерекше

көрсеткіштерден де, әдістерден де тұрмайды31.

Осы тармақта мониторинг жүргізудің түрлі әдістеріне қысқаша шолу жасалады. Бірақ

алдымен, қолданылатын әдісіне қарамастан сақталуы тиіс мониторинг жүргізудің негізгі

қағидаттары бойынша бірқатар түсініктемелерге келейік.
жүктеу 117,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау