Бала құқықтары туралы Конвенцияның мазмұны
Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда баланың негізгі құқықтары
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ бойынша
Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып; Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында және Адам құқықтары туралы халықаралық пактілерде жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып; отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып,
баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып; бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс деп санай отырып,
дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып; баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып,
әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып Бала құқығы туралы Конвенция құжатын қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |