«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет17/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

272.  Коллекторлар  мен  туннельдерде  жұмыс  істеген  кезде  олардың  аралығында 

жұмыс істеушілер болуы үшін екі жағынан екі люк немесе екі есік ашылады. 

273. Құдықтарды ашқан кезде ұшқын шығармайтын құрал қолдану, сондай-ақ люктің 

түтігіне қақпақтың соғылуын болдырмау керек. 

Ашық люктерге ескерту белгілері қойылады немесе қоршау тұрғызылады. 

274. Құдықта III тобы бар бір адамға сақтандыру арқаны бар сақтандырғыш белбеуді 

қолданып жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сақтандырғыш белбеудің иыққа тағатын қайысы 

болу керек, ол арқа жағында қиылысқан жерінде арқанды бекітетін сақинасы болуы тиіс. 

Арқанның екінші бір ұшын cақтандырушылардың бірі ұстап тұруы керек. 

275. Құдық ішінде жұмыс істеген кезде дәнекерлеуші шамды жағуға, пропан-бутаны 

бар  баллондарды  орнатуға,  муфтаға  құйылатын  құрамды  және  дәнекерді  қыздыруға 

рұқсат  етілмейді.  Балқытылған  дәнекерді  және  муфтаға  құйылатын  қыздырылған 

құрамды  құдыққа  оларды  карабиннің  кӛмегімен  металл  арқанға  ілінген  арнайы  жабық 

ыдыспен түсіру керек. 

Отпен  жұмыс  жүргізген  кезде  жалынның  таралуын  шектейтін,  отқа  тӛзімді 

материалдан  жасалған  қалқандар  қолданылады  және  ӛртті  болдырмау  шаралары 

қабылданады. 

276. Кәбіл жүргізілген коллекторларда, туннельдерде, кәбілдік жартықабаттарда және 

т.б.  үй-жайларда  пропан-бутанды  пайдаланып  жұмыс  істеген  кезде  үй-жайлардағы 

баллондардың жиынтық сыйымдылығы 5 литрден аспайды. 

Жұмыс аяқталғаннан кейін газы бар баллондар шығарылады, ал үй-жай желдетіледі. 

277. Кәбілдерді күйдірген кезде құдықта болуға рұқсат етілмейді, ал туннельдер мен 

коллекторларда  екі  ашық  есіктің  арасындағы  учаскеде  ғана  болуға  рұқсат  етіледі. 

Кәбілдерде оларды күйдірген кезде жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. 

278.  Туннельдерде  жұмысқа  рұқсат  берер  және  тексеру  жүргізу  алдында  олардағы 

ӛрттен  қорғау  құрылғылары  автоматты  әрекеттен  қашықтан  басқаруға  ауыстырылады 

және басқару кілтінде «Қосылмасын! Адамдар жұмыс істеуде» деген плакат ілінеді. 

279.  Құдықтарда,  коллекторлар  мен  туннельдерде,  сондай-ақ  ашық  люктердің 

жанында шылым шегуге рұқсат етілмейді. 

280.  Құдықтарда,  коллекторлар  мен  туннельдерде  ұзақ  жұмыс  істеген  кезде  оларда 

болу  уақытын  наряд  беруші  жұмыскер  жұмысты  орындау  жағдайына  байланысты 

белгілейді. 

281.  Газ  пайда  болған  жағдайда  құдықтарда,  коллекторлар  мен  туннельдерде  жұмыс 

тоқтатылады,  жұмысшылар  газданудың  кӛзі  анықталып  оны  жойғанға  дейін  қауіпті 

аймақтан шығарылады. 

Газдарды шығару үшін еріксіз желдетуді қолдану қажет. 



  

  

Әуе электр беру желілері 

  

282. Тіреулер мен ӘЖ сымдарын бӛлшектеу, сондай-ақ тіреу элементтерін ауыстыру 



жұмысы технологиялық карта немесе ЖӚЖ бойынша жұмыс басшысының қадағалауымен 

жүргізіледі. 

283.  Тіреуге  шығуға  және  онда  жұмыс  істеуге  тіреудің  жеткілікті  дәрежеде 

орнықтылығы мен беріктігіне сенімділік болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. 

Беріктігі  күмән  туғызатын  тіреуді  бекітудің  қажеттілігі  мен  тәсілдерін  (жеткіліксіз 

ену,  топырақтың  босауы,  ағаштың  шіруі,  бетондағы  жарық  және  т.б)  жұмыс  ӛндіруші 

немесе жұмыс басшысы сол жерде анықтайды. 

Тіреуді кергіштің кӛмегімен нығайту жұмысын тіреуге шықпай орындау қажет, яғни 

тіреудің  қасына  орнатылған  телескопиялық  мұнараға  немесе  адам  кӛтеретін  басқа 

механизмге  шығып  немесе  ілу  үшін  тіреуге  шығуды  қажет  етпейтін  арнайы  бекіткіш 

құрылғыны қолдану қажет. 



Тіреуге шығуға оны бекіткеннен кейін ғана рұқсат етіледі. 

284.  Сымдар  мен  тростарды  біржақты  тартуға  есептелмеген  және  осындай  тартуға 

уақытша ұшырайтын тіреулердің құлап қалуын болдырмас үшін алдын ала бекітіледі. 

Сымдардың  бүтіндігін  бұзуға  және  тіреуді  алдын  ала  бекітусіз  аралық  тіреулердегі 

бууды шешуге рұқсат етілмейді. 

285. Тіреуге шығуға бригада мүшелерінің: 

III-топпен  тіреудің  басына  дейін  жұмыстың  барлық  түрін  орындауға;  II-топпен  ӘЖ 

ажыратылып  тіреудің  басына  дейін  орындалатын  жұмыстарда,  ал  жұмыс  істеушінің 

басының деңгейінен жоғары емес, осы ӘЖ тӛменгі сымы деңгейіне дейін ажыратылмаған 

ӘЖ  тоқ  жеткізуші  бӛліктерінде  жұмыс  істеген  кезде  2  метр  қашықта  болу  керек. 

Жұмыстың  ерекшелігі  тіреуді  бояу  (

308-тармақ

);  І-топпен  жерден  3  метр  биік  емес 

аралықтағы барлық жұмыс түрі (жұмыс істеушінің аяғына дейін). 

286. Тіреуге кӛтерілу кезінде сақтандырғыш белбеудің ілмегін ағаш тіреудің тағанына 

енгізу керек, ал темір бетонның жақтауына немесе тесігіне бекіту керек. 

Бұрышты  тіреуге  істікті  изолятормен  кӛтерілуге  және  ішкі  бұрышы  жағында  жұмыс 

істеуге рұқсат етілмейді. 

Тіреуде  жұмыс  істеу  кезінде  сақтандырғыш  белбеуді  және  оларды  қолданған 

жағдайда екі қадауылды (ӛрмелітті) пайдалану қажет. 

Тіреуде  жұмыс  істеу  кезінде  кернеудегі  тоқ  ӛтіп  жатқан  жақын  сымды  жоғалтып 

алмайтындай жағдайда жайғасу керек. 

287. Бӛлшектерін ауыстыру кезінде тіреу жылжымайтын немесе құламайтын жағдайда 

болу керек. 

288.  Жалқы  не  қосарланған  тіреуішті  П  немесе  АП  тәрізді  тіреу  сүйемелерін 

ауыстырғанда тіреудің бірден екі бағанын қазуға рұқсат етілмейді. Тіреудің бір бағанында 

сүйемені ауыстыру, құрсауын бекіту, жерді таптап тегістеп, содан соң ғана сүйемені басқа 

бағанаға ауыстыруға кірісу керек. Қосарланған сүйемені кезекпен ауыстыру керек. 

Сүйемені шығару және түсіру кезінде қазаншұңқырда болуға рұқсат етілмейді. 

289. Тіреуді құлату және орнату тәсілдері оның ауытқуын болдырмау үшін бекітудің 

қажеттілігі  мен  тәсілдерін  жұмыс  басшысы,  егер  ол  тағайындалмаса,  наряд  берген 

жұмыскер белгілейді. 

290. Ілгек кӛмегімен тартқан кезде соңғысы сақтандырғыш құлыппен жабдықталады. 

291.  Оқшаулайтын  аспада  жұмыс  істегенде  біртізбекті  және  кӛптізбекті  (екі  не  одан 

кӛп  оқшаулағыш  тізбегі)  және  керілген  кӛптізбекті  аспалармен  араластыруға  рұқсат 

етіледі. 

Біртізбекті керілген оқшаулағыш аспада арнайы тетікті немесе оған жатып алып және 

денесін орнықтыру үшін траверске аяғымен жармасып жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 

292.  Ұстап  тұратын  оқшаулағыш  аспамен  жұмыс  істегенде  сақтандыру  белдігінің 

ілмегі  травеске  бекітіледі.  Егер  ілмектің  ұзындығы  жеткіліксіз  болса,  онда  белдікке 

бекітілген  екі  сақтандырғыш  арқанды  пайдалану  қажет.  Арқанның  біреуі  травеске 

байланады,  ал  екіншісі  алдын-ала  травестен  ӛткізіледі,  бригаданың  сақтандыру  мүшесін 

қажет болған жағдайда жақын жібереді. 

293.  Керілген  оқшаулағыш  аспамен  жұмыс  істегенде  сақтандыру  белдігінің  ілмегі 

травеске немесе осы мақсатқа арналған тетікке бекітіледі. 

294.  Ұстап  тұратын  және  керілген  кӛптізбекті  оқшаулағыш  аспада  сақтандыру 

белдігінің  ілмегін  оқшаулағыштың  жұмыс  істеп  тұрған  тізбектерінің  біріне  бекітуге 

рұқсат етіледі. Осы ілмекті жұмыс жүріп жатқан тізбекке бекітуге рұқсат етілмейді. 

295.  Оқшаулағыш  аспаны  ағытуға  алып  келуі  мүмкін  ақаулық  табылған  жағдайда 

жұмыс тоқтатылады. 

296.  Траверстерде  сымдарды  кӛтерген  кезде  (немесе  түсіргенде),  сондай-ақ  оларды 

тартқан  кезде  осы  траверстерде  немесе  олардың  астындағы  тіреуде  тұруға  рұқсат 

етілмейді. 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау