«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет10/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

4) осындай құралдар болмаған кезде диэлектрлік қолғаптарды пайдалану қажет. 

Қысқа  жеңді  немесе  түрілген  жеңді  киіммен  жұмыс  істеуге,  сондай-ақ  пышақтарды, 

егеулерді, металл сызғыштарды және басқа да құралдарды пайдалануға болмайды. 

129.  Кәсіпорындардың  немесе  басқа  да  ұйымдардың  персоналының  жұмысшысына 

(іссапардағы  персонал  құқығымен)  кезекшінің  рұқсатымен  есептеуіштер  мен  ТҚ  және 

басқару  қалқандарында  орнатылған  ӛлшеу  құралдарының  кӛрсеткіштерін  жазып  алуына 

рұқсат  етіледі.  Жергілікті  кезекші  персонал  болған  кезде,  осы  жұмыскер  II  топтағы,  ал 

жергілікті кезекші персонал болмаған жағдайда ол III топтағы жұмыскер болуы керек. 

  

  

Магниттік және электр өрістері әсер ететін аймақтағы жұмыстар 

  

130.  АТҚ  мен  500  кВ-тан  және  жоғары  ӘЖ  жұмыскерлерді  адамның  организміне 



қарама-қарсы  әсер  ететін  биологиялық  белсенді  электр  ӛрісінен  қорғауды  және  жерге 

тұйықталатын  немесе  жерден  оқшауланған  электр  ӛткізуші  объектілерге  жанасқан  кезде 

электр разрядтарының пайда болуын қамтамасыз етіледі. 

131.  Электр  ӛрісі  әсер  ететін  аймақтарда  жұмыс  істеу  кезінде  адамның  осы  аймаққа 

келуі шектеледі. Электр ӛрісінің 5 кВ/метрге дейінгі кернеуі кезінде оған жұмыс уақыты 

ішінде болуына рұқсат етіледі. 

5 пен 20 кВ/метрге дейінгі жоғары кернеуліктегі (кернеудің белгілі бір деңгейі үшін) 

электр ӛрісіне келудің рұқсат етілетін уақыты Т, сағат, мына формуламен есептеледі: 

  

Т = 50/E - 2 



  

мұндағы Е - бақыланатын аймақтағы электр ӛрісінің әсер ететін кернеулігі, кВ/метр. 

20  мен  25  кВ/метрге  дейінгі  және  жоғары  кернеу  кезінде  келу  уақыты  10  минуттан 

аспауы керек. 25 кВ/метрге дейін кернеу кезінде қорғау құралдарын пайдалану керек. Осы 

кездегі жұмыс уақыты 1 жұмыс күнінен аспауы керек. 

Осы  пункттің  талаптары  персоналға  электр  разрядтарының  әсер  етуін  болдырмау 

жағдайларында жарамды. 

132. Электр ӛрісіне келуге рұқсат етілетін уақыт жұмыс күнінің ішінде бір рет немесе 

бӛлшектеп  іске  асырылады.  Қалған  жұмыс  уақытында  қорғау  құралдарын  пайдалану 

керек немесе электр ӛрісінің 5 кВ/метрге дейінгі кернеуі болу керек. 

133.  Электрлік  ӛрістің  кернеуі,  сондай-ақ  әсер  ету  шекарасы  мен  экрандау  ӛлшеу 

нәтижелері  бойынша  айқындалады.  Барлық  жағдайларда  электр  ӛрісінің  бұрмаланбаған 

кернеулігі адамдар жұмыс істеп жатқан барлық аймақтарда ӛлшенуі керек. 

Жабдықтар  мен  конструкцияларды  кӛтерусіз  жұмыс  істеу  кезінде  ӛлшеу  былай 

жүргізіледі: 

1) жер бетінен 1,8 метр биіктікте қорғау құралдары жоқ болса; 

2)  жер  бетінен  0,5;  1,0  және  1,8  метр  биіктікте  ұжымдық  қорғау  құралдарын 

пайдалану. 

Жабдықтарға  немесе  конструкцияларға  кӛтерумен  жұмыс  істеу  кезінде  (қорғау 

құралдарын бар-жоқтығына қарамастан) ӛлшеу жұмыс орнының алаңынан 0,5; 1,0; және 

1,8 метр биіктікте және жабдықтардың жерге тұйықталған тоқ ӛткізгіш  бӛліктерінен 0,5 

метр арақашықтықта жүргізіледі. 

134.  Бақыланатын  аймаққа  келу  уақыты  ӛлшенген  кернеуліктің  жоғарғы  мәніне 

сүйене отырып анықталады. 

135.  Қорғау  құралы  ретінде  стационарлық,  тасымалды  және  қозғалатын  экран 

құрылғылары;  машиналар  мен  механизмдерге  орнатылатын  алмалы-салмалы  экран 

құрылғылары; экрандық жинақтар пайдаланылады. 

Зертханалардың,  жылжымалы  шеберханалармен,  механизмдердің,  машиналардың 

жерге  тұйықталған  шанақтары  мен  кабиналары,  сондай-ақ  темір  бетоннан  жасалған 



ғимараттар, кірпіш ғимараттарында темір бетонды ұласумен, темір каркасын немесе жерге 

тұйықталған  темір  шатырларында  электр  ӛрісі  жоқ  болса,  қорғау  құралдарын  қолдану 

талап етілмейді. 

136. Тасымалданатын немесе жылжымалы экранды құрылғылар орнатылған жерлерде 

жерге тұйықтау құрылғыларына немесе жерге тұйықталған құрылғыға жалғанған қимасы 

10  шаршы  милиметрден  аспайтын  майысатын  мыс  сымдармен  темір  конструкциялар 

жерге қосылуы тиіс. 

Алмалы  экранды  құрылғылар  сол  жерде  орнатылған  машиналармен  және 

механизмдермен  гальваникалық  жалғастырылуы  керек.  Машиналар  мен  механизмдерді 

жерге  тұйықтау  кезінде  қосымша  жерге  тұйықталған  алмалы  экранды  құрылғыларда 

талап етілмейді. 

Жеке  экранды  жинақтарды  жерге  тұйықтауда  тоқ  ӛткізгіш  табаны  бар  арнайы  аяқ-

киім  пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Оқшаулайтын  негіздеменің  үстінде  тұрып 

жұмыс  істеу  кезінде  (боялған  темір,  оқшаулаушы,  ағаш  тӛсеніштер)  немесе  арнайы 

қолғапсыз  жерге  тұйықталған  конструкцияға  жақындауда  экранды  киім  қимасы  10 

шаршы  милиметрге  арнайы  майысқақ  сыммен  қосымша  жерге  тұйықталған 

конструкцияға немесе жерге тұйықталған құрылғысына жерге тұйықтау керек. 

137. Экранды жинақтарды 1000 В-қа дейінгі кернеулі тоқ ӛткізгіш бӛліктерде, сондай-

ақ жабдықтарды сынақтан ӛткізгенде (жоғары кернеуде тікелей сынақ ӛткізетін тұлғалар 

үшін)  және  электр  дәнекерлеу  жұмыстарында  пайдалануға  тыйым  салынады.  Осы 

жағдайда жұмыс істеп жатқандарды қорғау экранды құрылғыларды пайдаланумен жүзеге 

асырылады. 

138.  Ажыратылған  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктердің  учаскелерінде  жұмыс  істеу  барысында 

тума әлеуетті  алу үшін оларды жерге тұйықтау  қажет. Ажыратылған, бірақ тоқ ӛткізгіш 

бӛліктерді жерге тұйықталмаған қорғау құралынсыз ұстауға тыйым салынады. 

139.  Электр  ӛрісі  әсер  ететін  аймақтардағы  пневматикалық  дӛңгелек  жүрісіндегі 

машиналар  мен  механизмдер  де  жерге  тұйықталу  тиіс.  Олардың  осы  аймақта  қозғалуы 

кезінде тума әлеуетін алу үшін жермен байланысы бар шанаққа немесе шассиге жалғанған 

темір тізбегін қолдану керек. 

140.  Электр  ӛрісі  әсер  ететін  жерде  машиналар  мен  механизмдерге  жанар-жағар 

материалдарын толтыруға болмайды. 

141.  Электр  ӛрісі  әсер  ететін  аймақтарда  орналасқан  жабдықтар  мен 

конструкцияларды  кӛтеру  кезінде  электр  ӛрісінің  кернеулігіне  қарамастан  қорғау 

құралдарын  пайдалану  керек.  Телескопиялық  немесе  гидрокӛтергіш  қоржын  (себет) 

мұнараның кӛмегімен кӛтеру кезінде экранды немесе экранды жинақтарды қолдану керек. 

142.  Экрандау  аймағында  адам  болған  кезде  ОТҚ  конструкция  ішінде,  сондай-ақ 

газды  релеге,  күштік  трансформатордың  май  деңгейінің  релесіне  баспалдақпен  кӛтерілу 

кезінде электр ӛрісінен қорғанатын қорғау құралдарын пайдаланбауға болады. 

143. Барлық кернеудегі электр қондырғыларында жұмыс істеп жатқандарды адамның 

организміне зиян келтіретін биологиялық белсенді магниттік ӛрістен қорғау керек. 

144.  Кернеулігі  рұқсат  етілетін  мәннен  асып  кетсе,  магниттік  ӛріс  биологиялық 

белсенді болып табылады. 

145.  Адамның  магниттік  ӛріске  келу  ұзақтығына  байланысты  әсер  етудің  жалпы 

(барлық денеге) және локалды (түпкілікті) жағдайындағы рұқсат етілген кернеулік (бұдан 

әрі  -  Н)  немесе  магниттік  ӛрістің  индукциясы  (бұдан  әрі  -  В)  осы  Қағидалардың 

4-

қосымшасында келтірілген 2-кестеге



 сәйкес анықталады. 

Магниттік ӛрістің рұқсат етілетін деңгейі ішкі уақытша аралықтағы интерполяциямен 

анықталады. 

146.  Персоналдың  әртүрлі  кернеуліктегі  (магниттік  ӛрістің  индукциясы)  аймақтарға 

келуі қажет болған жағдайда осы аймақтарда жұмыс орындаудың жалпы уақыты жоғары 

кернеуліктің (индукцияның) аймақтағы шектік рұқсат етілген мәнінен аспау керек. 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау