«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет13/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

үшін  олардың  ысырмалары  мен  шиберлерін  құлыптау  керек,  сонымен  қатар  электр 

қозғалтқыштардың роторларын тежеуге шаралар қолдану керек. 

189.  Электр  қозғалтқыштардың  габариті  бойынша  жақын  біртипті  жанында 

орнатылған электр қозғалтқышта жұмыс жүргізіліп жатса, «Тоқта! Кернеу» деп жазылған 

плакаттар ілінуі тиіс. 

190. Жұмыс кезінде электр қозғалтқыштардан қоршауды алуға тыйым салынады. 

191.  Электр  қозғалтқыштардың  қолмен  қосатын  аппаратураларын  диэлектрлік 

қолғаптар кию арқылы қосып және ажырату керек. 

192.  Ысырманың  электр  жетектерінен,  электр  жетектері  шиберлерімен  жалғанған 

атқару  механизмдерінен  және  басқа  да  құрылғыдан  сынақ  алу  жұмыстарын  жүргізуге 

бригаданың және технологиялық цехтың ауысым бастығының рұқсатымен орындалады. 

Сынау  жұмысын  жүргізуге  рұқсат  беру  және  рұқсат  алу  туралы  жазбаны  цехтың 

оперативтік журналына жазу керек. 

193.  Атқару  механизмдеріне  жалғанбаған  ашып  жабатын  арматура  мен  органдарын 

реттейтін  электр  жетектердің  электр  схемасын  баптау  мен  жӛндеу  жұмыстары  нұсқау 

бойынша жүргізіледі. Сынауға рұқсатты нұсқау берген жұмысшы береді. Жазба нұсқауды 

тіркеу кезінде жазылады. 

194. Жұмыстарды толық аяқтағанға дейін сынақтан ӛткізу үшін электр қозғалтқышты 

қосу тәртібі мынадай: 

1)  жұмыс  ӛндірушінің  наряды  бойынша  жұмысты  орындау  кезінде  (осы 

Қағидалардың 

2-қосымшасы

3-кестеге



  сәйкес  жұмыс  аяқталуын  ресімдейді  және  наряд 

береді; 


2) нұсқау бойынша жұмысты орындағаннан кейін жұмыс тоқтатылады және бригада 

таратылады. 

Сынау  жүргізілгеннен  кейін  (осы  Қағидалардың 

2-қосымшасы

)   

3-кестеге



  сәйкес 

қайта жіберу ресімделеді. 

Нұсқау бойынша жұмысты орындағаннан кейін қайта жіберуге қайта нұсқау беріледі. 

  

  

Коммутациялық аппараттар және жинақталған таратушы қондырғылар 

  

195. Қашықтан басқаратын коммутациялық аппаратураларға жұмысқа жіберу алдында 



мыналар қажет: 

1)  қосымша  тізбектер  (басқару,  сигнализация,  жылыту  және  басқалар)  мен  жетектің 

күштік тізбектері ажыратылуы тиіс

2)  сӛндіру  багына  немесе  пневматикалық  жетектерге  ауа  беру  құбырларындағы 

ысырма  жабылып  және  ол  жердегі  ауа  атмосфераға  жіберілген,  бұл  ретте  қосу  тығыны 

(клапандар) ашық күйінде тоқтатылады; 

3) қосқыш жүк немесе қосатын серіппе жұмыс істемейтін қалыпқа келтірілген; 

4)  қашықтықтан  басқару  кілттерінде  «Қосуға  болмайды!  Адамдар  жұмыс  істеуде!» 

және жабық ысырмаларда  «Ашуға болмайды! Адамдар жұмыс істеуде!» деген плакаттар 

ілінеді. 

196.  Коммутациялық  аппаратты  баптаған  және  реттеген  кезде  сынап  қосу  мен 

ажырату үшін қосалқы тізбектерді және жетектің күшті тізбегін уақытша қосуға, сондай-

ақ  жетек  пен  ажыратқышқа  ауа  беруге  рұқсат  етіледі.  Бұл  ретте  «Қосуға  болмайды! 

Адамдар  жұмыс  істеуде!»  және  «Ашуға  болмайды!  Адамдар  жұмыс  істеуде!»  деген 

плакаттар алынып тасталады. 

Коммутациялық аппаратты сынау үшін кезекші жұмыскердің рұқсатымен баптау мен 

реттеу  жұмыстарын  ӛндіруші  қызметкер  қашықтықтан  басқаруды  қосып  және  ажырата 

алады. Жергілікті кезекші персонал болмайтын электр қондырғыларында аталған жұмыс 

рұқсат алу қажет етілмейді. 



197. Жұмыс қысымында тұрған әуе ажыратқышты кӛтеру тек қана сынау және баптау 

жұмыстарында  (демпферлерді  реттеу,  виброграммаларды  алу,  ӛткізгіштерді  ӛлшеу 

аспаптарына  қосу  немесе  оларды  ажырату,  ауа  шығу  орындарын  анықтау  және  с.с.) 

рұқсат етіледі. 

Ауаға толы бӛлектеуіші бар ажыратылған әуе ажыратқышты, егер бӛлектеуіш жұмыс 

қысымында болған кезде кӛтеруге тыйым салынады. 

198. Әуе ажыратқыштарының ылғал ӛтімсізділігін (тұмшаланғандығын) тексеру зауыт 

нұсқауларына сай тӛмендетілген қысым кезінде жүргізу қажет. 

199.  Сынау  немесе  баптау  үшін  әуе  ажыратқышына  кӛтеру  алдында  мынадай  іс-

шараларды жүргізу қажет: 

1) басқару тізбегін ажырату; 

2) жергілікті басқару батырмасын және қосу клапандарын блоктау (мысалы, ауа ӛткізу 

құбырларын  ажырату,  шкафтарды  жабу  және  с.с.),  немесе  ажыратқышқа  іс-әрекеттерді 

жасау  үшін  жұмыс  ӛндірушінің  нұсқауы  бойынша  тек  бір  ғана  белгілі  жұмыскерді 

жіберетін нұсқауланған бригада мүшесін ажыратқыштың қасына қою қажет. 

Қысымда  тұрған  әуе  ажыратқышында  адамдар  болған  уақытта  басқару  және  тарату 

шкафтарындағы барлық жұмыстар тоқталуы қажет. 

200. Сынақтан ӛткізу, баптау жұмыстарын ӛткізу кезінде әуе ажыратқыштарын қосып, 

ӛшіру уақытында ажыратқыштардың жанында адамдардың тұруына болмайды. 

Баптау  және  сынақтан  ӛткізу  бойынша  жұмыс  ӛндіруші,  жетекші  тек  бригада 

мүшелері  ажыратқыштардан  қауіпсіз  ара  қашықтықта  алыс  тұрған  кезде  ғана 

ажыратқыштармен операцияларды орындауға команданы бере алады. 

201.  Ауа  жинағыштың  ішінде  жұмыс  істеуге  жіберілгендерге  мынадай  талаптарды 

орындау қажет: 

1)  ауа  берілетін  ауа  сымдарының  ысырмаларын  жауып,  құлпылау  қажет  және 

ысырмаларға «Ашуға болмайды!» «Адамдар жұмыс істеуде» плакаттарын іліп қою қажет

2)  түсірме  клапанын  ашып  қойып  ауа  жинағыштағы  қысым  қатысындағы  ауаны 

атмосфераға шығару керек; 

3) ауа жинағыштан ауа беру ауа құбырын ажыратып, тығындау керек. 

202.  Ажыратқыш  багындағы  және  ауа  жинағыштардағы  манометрлердің  нӛлдік 

кӛрсеткіші  қысымдалған  ауаның  жоқ  екендігінің  айқын  кӛрсеткіші  бола  алмайды.  Болт 

пен  тығырықты  бұрар  алдында  ӛрмеліттің  қақпағын  ашу  кезінде  ӛткізгіш  клапандарды 

немесе ысырманы жылжыту арқылы қысымдалған әуенің жоқ екендігіне анық кӛз жеткізу 

қажет. 


Ӛрмеліттің  қақпағын  бекітетін  болт  пен  тығырықтың  бәрін  бұрағаннан  кейін  ғана 

ӛткізгіш клапандарды немесе ысырманы жабу рұқсат етіледі. 

203.  КТҚ  шкафтарының  бӛлігінде  жұмыс  жүргізу  кезінде  жабдықтың  арбасын 

сүйретіп  шығып,  кернеуден  тоқ  ӛткізгіш  бӛлшектер  қалғандықтан  шкаф  бӛлігінің 

қақпағын  бекітіп,  үстіне  «Тоқта!  Кернеу»  таспасын,  ал  жұмыс  жүргізілетін  жерге 

«Жұмысты осы жерде істе» таспасын іліп қою керек. 

204. КТҚ-ға қосылған жабдықтармен немесе ӘЖ және КЖ-дың кетуімен КТҚ-дан тыс 

жұмыс  жүргізілгенде  ажыратқышы  бар  арбаны  шкафтан  сүйреп  шығып,  есіктерін 

құлыптап оларға «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеуде» немесе «Қосуға болмайды! 

Желіде жұмыс істелуде» таспаларын іліп қою қажет. 

Бұл ретте: 

1)  жерге  тұйықталған  пышақтар  мен  ажыратқышы  бар  арба  блокталған  жағдайда, 

пышақтарды қосқаннан кейін арбаны бақылау қалпына келтіруге

2)  осындай  блокталу  немесе  КТҚ  шкафтарында  жерге  тұйықталған  пышақтар 

болмаған жағдайда арбаны аралық қалыпта қосу, яғни, бақылау және тартылған қалыпта, 

егер  ол  құлыпқа  бекітілсе,  орналастыру  рұқсат  етіледі.  Арбаны  аралық  қалыпқа 

қосылымдағы жерге тұйықтаудың бар-жоғына байланыссыз орналастыруға болады. 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау