248. Муфтаны ашудың немесе кәбілді кесудің алдында жұмыс жӛндеуге жататын
кәбілде жүргізілетініне, бұл кәбілдің ажыратылғанын және олармен жұмыс істеуге рұқсат
үшін қажет техникалық іс-шаралардың орындалғанына кӛз жеткізу қажет.
249. Жұмыс орнында жӛнделуге тиісті кәбілді:
1) кәбілді туннельде, коллекторда, арнада және басқа да кәбілді құрылыстарда немесе
ғимараттардың қабырғаларында салу кезінде - қадағалау, бұрғылау арқылы сызбалар мен
схемаларды жазып салыстыру, биркалар бойынша тексеру арқылы;
2) кәбілді жерге салған кезде - оның орналасуын тӛсем сызбасымен салыстырып
тексеру арқылы анықтау керек. Осы мақсат үшін бақылау оры (шурф) алдын ала барлық
кәбілді кӛруге мүмкіндік беретін кәбілдің шоғы кӛлденең қазылады.
250. Кәбілдің кӛрінетін бүлінуі болмаған барлық жағдайда жапсырма жақтаушасы бар
кәбіл іздегіш аппаратты қолдану керек.
251. Кәбілді кесер немесе жалғастырушы муфтаны ашар алдында арнайы құралдармен
кернеудің жоқтығын тексеру керек. Туннельдерде, коллекторларда, құдықтарда және
басқа кәбілдік құрылыстарда айлабұйымды оларды қашықтан басқару болған кезде
қолдануға рұқсат етіледі. Айлабұйым кәбілдің сауыты мен қабықшасын түйреуді немесе
кесуді олардың арасындағы сым тұйықталғанға және жерге тұйықталғанға дейін
қамтамасыз етеді.
252. Түйрейтін айлабұйымды жерге тұйықтау үшін тереңдігі кемінде 0,5 м жерге
кӛмілген жерге тұйықтау немесе кәбіл сауыты пайдаланылады. Жерге тұйықтайтын
сымды сауытқа қамыт арқылы жалғау керек; сауыт қамыттың астында тазартылуы тиіс.
Сауыт коррозияға ұшыраған жағдайда жерге тұйықтайтын сымды кәбілдің металл
қабықшасына жалғауға рұқсат етіледі.
253. Егер кәбілдің бүлінуі нәтижесінде тоқ жеткізуші талсым ашық болған жағдайда
кернеудің бар-жоғын кәбілді теспей-ақ тікелей кернеу кӛрсеткішімен тексеруге болады.
254. Оқшаулағыш штанганы инемен және кескіш ұштамамен бірге пайдаланған кезде
арнайы қорғаныс экранын қолдану қажет.
Кәбілді тескен кезде диэлектрлік қолғап пен қорғаныс кӛзілдірігін кию керек, бұл
ретте ордың үстінен оқшаулағыш негізде тесіліп жатқан кәбілден алшақ тұру керек.
Кәбілді тесу жұмысын екі қызметкер орындауы керек:
жұмысқа жіберуші және жетекші (ӛндіруші); бұлардың біреуі тікелей кәбілді теседі,
ал екіншісі бақылайды.
255. Электр станциялары мен қосалқы станциялардың ішкі кәбіл желісінде кәбіл
тӛсемінің ұзындығы мен тәсілі мүмкіндігінше сызбаларды, биркаларды, кәбіл іздегіш
аппаратты қолдана отырып жӛнделуі тиіс кәбілді дәл анықтауға мүмкіндік беретін,
кәбілді кесер немесе муфтаны ашар алдында теспеуге наряд берушінің қалауынша рұқсат
етіледі.
256. Алдын ала тесілмейтін жағдайларда жалғаушы муфталарды ашуды және кәбілді
кесуді диэлектрлік қолғап және қорғаныс кӛзілдірігін киіп, оқшаулама негізде тұрып
жерге тұйықталған құралмен істеу керек.
Алдын-ала тесу жұмысы жасалса, кәбілді сол жұмыстарды жоғарыда аталған
қауіпсіздік шараларынсыз-ақ орындауға рұқсат беріледі.
257. Муфталарды құюға арналған құрам қақпағы және шүмегі бар арнайы металл
ыдыста қыздырылады. Құрамы бар ашылмаған банкілерді қыздыруға рұқсат етілмейді.
258. Муфталарды құюға арналған ыстық құраммен және дәнекермен жұмыс жасаған
кезде брезент қолғап пен қорғаныс кӛзілдірігін қолдану қажет.
Киімнің жеңдерін қолғаптың үстінен білектен байланады немесе ұзындығы шынтаққа
дейін жететін қолғап қолданылады. Ыстық құрамы мен дәнекері бар ыдысты қолдан қолға
беруге рұқсат етілмейді. Оны берген кезде жерге немесе нық тұратын негізге қою керек.
259. Муфтаға құюға арналған балқытылған құрам мен дәнекерді алдын ала
қыздырылған металл шыбықпен немесе қасықпен араластыру керек. Ыстық құрам мен
дәнекерге ылғалдың түсуіне жол беруге болмайды.
260. Жылдың суық мезгілінде муфта ыстық құрам құяр алдында қыздырылады.
261. Кәбіл оралған барабанды домалатқан кезде оның шығып тұратын бӛліктері
жұмыс істеушілердің киімін қармауына қарсы шара қолдану керек.
Кәбіл оралған барабанды тежегіш құралы болған кезде қатты жер немесе орнықты
тӛсем арқылы кӛлденең жазықтықта ғана домалатуға рұқсат етіледі.
Кәбілдерді, бос барабандарды, механизмдерді, айлабұйымдар мен құрал-саймандарды
топырақтың құлау призмасынан тысқары және ордың шетінен кемінде 1 метр
қашықтықта орналастыру қажет.
262. Кәбілді қолмен тӛсегенде жұмысшылар саны әрқайсысына ерлер үшін салмағы
35 килограмм, ал әйелдер үшін 10 килограмм аспайтын кәбіл учаскесі келуі тиіс.
Жұмысты брезент қолғаппен істеу қажет.
263. Кәбіл тӛсеген кезде бұрылыстың ішкі бұрышында тұру, сондай-ақ кәбілді трасса
бұрылысында қолмен демеуге рұқсат етілмейді. Бұл мақсат үшін бұрыш шығыршықтары
орнатылуы тиіс.
264. Кәбілдерді электр тоғымен қыздыру үшін кернеуі 380 В жоғары
трансформаторларды қолдануға рұқсат етілмейді.
265. Кәбіл желісін ажыратқаннан кейін кәбілдерді ауыстырып қою және муфталарды
орнынан ауыстыру керек.
Қажеттігіне қарай тӛмендегі шарттарды орындаған жағдайда кернеудегі кәбілдердің
орнын ауыстыруға рұқсат етіледі:
1) орны ауыстырылатын кәбілдің температурасы +5
0
С тӛмен болмау керек;
2) кәбілдің ауыстырылатын учаскесіндегі муфта тақтайшаға қамытпен тығыз бекітілуі
қажет;
3) жұмыс істеу үшін диэлектрлік қолғаптың үстінен механикалық бүлінулерден
қорғану үшін брезент қолғап пайдаланылады;
4) жұмысты кәбілді тӛсеуде тәжірибесі бар жұмысшылар жұмыс басшысының
қадағалауымен орындайды.
266. Газ қауіптілердің қатарына жатпайтын жерасты кәбілдік құрылыстарын және
олардағы жинастыру жұмыстарын тексеруді, кәбілдерді бояуды, құрылыс жӛндеу
жұмысы мен басқаларды кемінде екі жұмыскер жүргізуі қажет. Электр станциялары мен
қосалқы станцияларда коллектор мен туннельді III тобы бар бір адам тексереді.
267. Зиянды газдардың пайда болуы мүмкін жерасты құрылыстарында жұмысты наряд
бойынша кемінде үш жұмыскер, оның екеуі - сақтандырушы жүргізуі керек. Жұмыстарды
ӛндірушінің IV тобы болу керек.
268. Әрбір цехта (ауданда, учаскеде) қызмет кӛрсетуші персоналды таныстыру қажет
газқауіпті жерасты құрылыстарының тізбесі болу керек.
Барлық газқауіпті жерасты құрылыстары схемада кӛрсетіледі.
269. Жерасты құрылысында жұмыс басталғанға дейін және жұмыс кезінде табиғи
немесе еріксіз желдету қамтамасыз етіледі.
Табиғи желдету олардың жанына әуе ағынын бағыттайтын арнайы күнқағарлар орната
отырып кемінде екі люк ашып қойғаннан пайда болады.
Еріксіз желдету желдеткішпен немесе компрессормен 10-15 минут жерасты
құрылысындағы әуе толық алмасу үшін тӛмен түсірілетін және түбіне 0,25 метр
жетпейтін майысқақ түтік арқылы қамтамасыз етіледі.
Желдету үшін сығылған газы бар баллондарды қолдануға рұқсат етілмейді.
270. Жерасты құрылысын газдылығын тексерусіз ондағы жұмысқа кірісуге рұқсат
етілмейді. Тексеруді аспаптарды қолдануды үйренген адамдар жүргізуі қажет. Бұл
адамдардың тізімі кәсіпорынның нұсқауы бойынша бекітіледі.
Газдың жоқтығын ашық оттың кӛмегімен тексеруге рұқсат етілмейді.
271. Ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталған коллекторлар мен
туннельдерде жұмысты бастар алдында, соңғысы табиғи жағдаймен белгіленетін мерзімге
әрекетке келтіріледі. Бұл жағдайда газдың бар-жоғын тексермеуге болады.