қорғаушы қондырғы және оған қатысты сым кернеуде тұр деп есептеледі және оған
жанасуға жол берілмейді;
3) импульсті ӛлшеуіштің сымынан жерге тұйықтау құралын алу.
373. Импульсті ӛлеуіштің сымын оқшаулағыш штанганың кӛмегімен ӘЖ-ге жалғауды
IV топтың кезекшісі немесе кезекшінің қадағалауы бойынша зертхана персоналы
орындауы қажет.
Импульсті ӛлшеуішті стационарлы коммутациялық аппарат арқылы стационарлық
сымға жалғанған ӘЖ-ге тұйықтауды және ӛлшеуді кезекшінің жалғыз ӛзі немесе нұсқау
бойынша зертхана персоналынан IV топтағы жұмысшы жүргізеді.
374. Ӛлшеу ақталғаннан кейін ӘЖ қайта жерге тұйықталады және содан кейін ғана
жалғағыш сымы бар оқшаулағыш штангалар ең алдымен ӘЖ-ден, одан кейін - импульсті
ӛлшеуіш сымынан ажыратылады.
375. ӘЖ-де жұмыс істеп жатқан бригаданы шығармай жоғары кернеулі импульстер
генераторы жоқ импульсті ӛлшеуішпен ӛлшеуге рұқсат етіледі.
376. Оқшаулағыш кедергіні мегаомметрмен ӛлшеу алдын ала жерге тұйықтау
жолымен заряд ажыратылған сӛндірілген тоқ ӛткізгіш бӛліктерде жүзеге асырылады. Тоқ
ӛткізгіш бӛліктерден жерге тұйықтау құралын тек мегаомметрге қосқаннан кейін ғана
ажыратуға болады.
377. Мегаомметрмен тоқ ӛткізгіш бӛліктерді оқшаулау кедергісін ӛлшеу кезінде
жалғағыш сымдарды оларға оқшаулағыш ұстағыштар (штангалар) кӛмегімен жалғастыру
керек. Бұдан басқа 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларда диэлектрлік қолғаптарды
пайдалану қажет.
378. Мегаомметрмен жұмыс кезінде ӛзі қосылып тұрған тоқ ӛткізгіш бӛлшектерге
жанасуға рұқсат берілмейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін тоқ ӛткізгіш бӛлшектерден қысқа
уақытта жерге тұйықтау жолымен қалдық зарядты ажырату қажет.
379. Мегаомметрмен оқшаулау кедергіні III топтағы бір адам ӛлшейді.
Егер бұл ӛлшеу жұмыс мазмұнына кіретін болса, ол нарядта немесе нұсқамада айтуды
талап етпейді.
380. 1000 В дейінгі кернеудегі үзілмелі электр тізбегін талап ететін жылжымалы
ӛлшеу аспаптарын тұйықтау және ажырату осы тізбектен кернеу ажыратылғаннан кейін
ғана орындалады. Үзілмелі электр тізбегін талап етпейтін аспаптарды тұйықтау және
ажырату электр қорғаушы құралдарды қолданып, кернеулік бар кезде орындауға рұқсат
етіледі.
381. 1000 В дейінгі кернеудегі құрылғының электрлік параметрін ӛлшеу қажет болған
жағдайда, жылжымалы аспаптың металл қаңқасын жерге тұйықтау және арнайы
бұрындалы шеге немесе оқшаулағыш тұтқасы бар жалғағыш сымдарды пайдалану қажет.
Кернеудегі оқшаулағыштарды жуу және тазалау
382. Электр қондырғыдағы оқшаулағыш гирляндаларын, жабдықтың тірек
оқшаулағышы мен фарфорлы оқшаулағышын тоқ ӛткізгіш бӛлшектерден кернеуді алмай,
ӛткізгіштік үлесі ӘЖ үшін 1430 микросименс/сантиметрден жоғары және АТҚ үшін 667
мк микросименс/сантиметр болатын судың ағысымен жууға болады.
383. ЖТҚ-да тоқ ӛткізгіш бӛлшектерден кернеуді алмай оқшаулағыштарды
оқшаулағыш штангадағы арнайы щеткамен не болмаса саптамамен толық оқшаулағыш
штангасы бар жиынтықтағы шаң сорғышпен тазалауға болады.
Тазалау еденде тұрып немесе берік кӛпір үстінде тұрып жүргізіледі. Тазалау кезінде
диэлектрлі қолғаптарды пайдалану қажет.
384. Штанганың оқшаулағыш беті жұмыс басталар алдында шаңнан тазартылады.
Штанганың ішкі қабатын тазалау процесінде де жүйелі түрде шаңнан тазалап тұру керек.
Жылу автоматикасы құрылғысының, жылу техникасы өлшемдерінің
және қорғауларының электр бөлігі
385. Тӛменде жазылған қауіпсіздік қағидалары жылу автоматикасы мен ӛлшеу
құрылғыларының электрлік бӛлшектерінде және басқарудың автоматтандырылған
жүйесінің (бұдан әрі - БАЖ) техникалық құралында жұмыс істеген кезде сақталады.
386. Егер наряд (нұсқау) беруші оған коммутациялық аппаратураны нарядтың «Жеке
нұсқаулар» деген бағанда жазбасымен, ал нұсқау бойынша жұмысты орындаған кезде -
нұсқауды тіркеу кезінде жазбамен тұйықтауды және сӛндіруді тапсырса, жылу
автоматикасы мен ӛлшеу құрылғыларының пульттерінде, тарату қалқандарында және
жинақтарында коммутациялық аппаратурамен операцияларды кезекші немесе ІІІ топтағы
жедел жӛндеу персоналы, сондай-ақ IV топтағы жӛндеу бригадасының жұмыс ӛндірушісі
орындайды.
387. Жылуға және электр жүктемесіне әсер ететін жылу автоматикасы мен ӛлшеу
құрылғыларының электр жабдықтарын ауысым станциясы бастығының немесе
технологиялық цех бастығының келісімін (нұсқауын) алғаннан кейін ажырата алады.
388. Жылу автоматикасы мен ӛлшеу құрылғыларын жұмысқа қосар алдында
технологиялық жабдықтардың учаскесін дайындауды технологиялық жабдықтар
орналасқан жедел басқармадағы цехтың кезекші персоналы жүргізуі қажет.
389. Ретке келтіру және жӛндеу процесі кезінде реттегішті қосып кӛру жұмысын
ӛндірушінің сұрауы бойынша жабдық тұрған жедел басқарма цехының кезекші персоналы
жүргізуі қажет.
390. Нұсқау бойынша жабдық схемасы мен жұмыс режимінің ӛзгеруін талап ететін
жылу автоматикасы мен ӛлшеу құрылғыларын жӛндеу, сынау және ретке келтіру
жұмыстарын орындауға рұқсат етіледі.
391. Күрделі жӛндеу кезінде жылу автоматикасы мен ӛлшеу құрылғыларын схемасы
және тораптардың жеке элементтерінің және учаскелерінің кернеуінде сынау және
тексеру мына шарттарды сақтай отырып, технологиялық цех ауысымы бастығының
келісімімен орындалады:
1) жӛндеу жұмыстары тоқтылады, сынау жабдығынан адамдар шығарылады;
2) қорғаушы жерге тұйықтау құралы, қоршаулар мен плакаттар алынып тасталады.
Бригада аралас учаскеде, бұл учаскеде тоқ сӛндірілген, оларды сыналатын жабдықтан
қоршаған және жұмысшылардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету кезінде жұмысын
жалғастыра алады.
392. Электр жабдықтарын сынау процесінде бірнеше мәрте тоққа жерге тұйықтауға
және ажыратуға байланысты жұмыстарды нарядқа үзілісті ресімдемей, бірақ қажетті
техникалық іс-шараларды әрқашан орындай отырып, жүргізуге рұқсат етіледі.
Электр жабдығын қосу немесе ажырату, технологиялық цех ауысымы бастығының
(кезекшісінің) рұқсатымен жүргізіледі.
393. Жылу автоматикасы мен ӛлшеу құрылғыларында III топтағы жұмысшының жеке
нұсқауы бойынша мына жұмыстар орындалады:
1) аспаптың тіркелген бӛлігін ретке келтіру;
2) манометрлерді (электрмен жақындасатыннан басқалары), дифмонометрлерді,
термопар, кедергі термометрлері;
3) блокты қалқандарды басқарудағы жылу техникалық бақылау аспаптарындағы
ақауларды жою;
4) айырып-қосқыштар нүктесінің температурасын ӛлшеу профилактикасы;
5) БАЖ есеп техникасының техникалық құралдар кешенін жӛндеу;
6) авто реттегіш электрондық блоктардың параметрлерін ретке келтіру және тексеру;
7) қысым қорабын тығыздау;