64
шектелмеген инвестициялық шоттарға
2
(UnrestrictedInvestmentAccounts) кепілдік береді,
кепілдік беру сомасы 15 мың Бахрейн динарын құрайды (40 мың АҚШ долларына жуық).
Малайзияда сияқты Бахрейнде екі бөлек қор – Дәстүрлі банктерге арналған қор
және Исламдық банктерге арналған қор жұмыс істейді.
Әрбір қор бөлек заңды тұлға болып табылады және оның Бахрейн Орталық
банкінен тәуелсіз есептілігі болады. Әрбір исламдық банктің Қорға жарналары Бахрейннің
барлық исламдық жеке банктері депозиттерінің жалпы сомасына қарай әр жылы теңбе-
тең белгіленеді.
Судан
Суданда 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан исламдық депозиттерге
кепілдік беру жүйесі SudanBankDepositSecurityFund – Банктік депозиттерді сақтау қорымен
(БДСҚ) ұсынылған.
Суданда Банктік депозиттерді сақтау қоры тек қана исламдық депозиттерге
кепілдік береді, өйткені Судандағы банк жүйесі тек қана исламдық банктермен
ұсынылған.
Шариғат қағидаттарына сәйкес келу үшін БДСҚ Қаржы министрлігі, Орталық Банк,
исламдық банктер мен депозиторлар арасындағы ынтымақтастыққа негізделген
депозиттерді сақтандыру үшін такафул келісімшартын әзірледі. Кепілдік беру сомасы
инвестициялық депозиттер үшін 4000 Судан фунтын (700 АҚШ долларына жуық) және
ағымдағы және жинақ депозиттер үшін 3000 Судан фунтын (500 АҚШ долларына жуық)
құрайды. Кепілдік беру лимитін Директорлар кеңесі БДСҚ резервтерінің өсуіне қарай
қайта қарауы мүмкін.
БДСҚ капиталы банктердің жарналарын, сондай-ақ Қаржы министрлігімен және
Ұлттық Банкпен ұсынылған мемлекет тарапынан салымды қамтиды.
БДСҚ құрудың негізгі мақсаты банктердің тұрақтылығы мен сақталуын және оларға
деген сенімді нығайтуды қамтамасыз етуге қосымша депозиторларды қорғау болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшін үш қор құрылды:
1. Ағымдағы және жинақ депозиттерге кепілдік беру үшін өзара қолдау қоры
(TheMutualSupportFund);
2. Инвестициялық депозиттерге кепілдік беру үшін өзара қолдау қоры;
3.Түпкілікті қаржылық төлемқабілетсіздік жағдайларында қорғау үшін қолдау
қоры.
Суданда жоғарғы менеджментке, Директорлар кеңесіне, басқа сақтандырылатын
банктердің акцияларын ұстаушыларға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне
(жұбайлары мен балаларына) тиесілі депозиттерге кепілдік беруді қолданбау бойынша
шектеулер бар, шет мемлекеттер және компаниялар үшін кепілдік жоқ және басқалар.
Исламдық депозиттерге кепілдік беру ұсынылған басқа елдерге Индонезия, Босния
мен Герцеговина, Иордания, Кувейт, Сингапур, Ұлыбритания, Түркия жатады.
Иорданиядан басқа барлық осы елдер дәстүрлі депозиттерге кепілдік беру жүйесіне
сәйкес исламдық депозиттерді қорғайтын модельді пайдаланады. Иорданияда
депозиттерге кепілдік беру жүйесіне исламдық банктердің мүшелігі ерікті болып
табылады.
Қазақстанда исламдық депозиттерге кепілдік беру жүйесі бойынша
тұжырымдар мен ұсыныстар
2
Қаражат салудың мақсаты мен тәсіліне қатысты шектеулерсіз исламдық банктегі шоттар
65
Исламдық қаржыландырудың көптеген елдерде жұмыс істеп тұрғанына
қарамастан, олардың кейбірінде ғана исламдық депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар.
Мұның негізгі себебі дәстүрлі депозиттермен салыстырғанда исламдық депозиттердің
азғана көлемі болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда исламдық банктер талап етуге дейінгі
пайызсыз депозиттерді қабылдауды, банк шоттарын ашу мен жүргізуді, сондай-ақ
инвестициялық депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады.
Қазақстандағы жалғыз исламдық банк – «AlHilal» Ислам Банкі» АҚ – жеке
тұлғалардан депозиттер қабылдайды, оларға «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру
қоры» АҚ кепілдік бермейді. Жеке тұлғалар үшін Wakala
3
депозитінің ең аз сомасы 500
000 теңгені және 5000 АҚШ долларын құрайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банктерге де, банктердің
клиенттеріне де тең жағдайлар жасау, исламдық депозиттердің тартымдылығын
өсіру және депозиторлардың тарапынан сенімді арттыру мақсатында, исламдық
депозиттерге кепілдік беру мәселесін жеке тұлғалардың исламдық депозиттерінің
үлесін қомақты ұлғайту кезінде, сондай-ақ Қазақстанда исламдық банктер санының
ұлғаюы кезінде қарастыру қажет.
Әдебиеттер тізімі:
1. International Association of Deposit Insurers, «Deposit Insurance from the Shariah
Perspective», 2010;
2. Малайзия
депозиттерді
сақтандыру
корпорациясының
сайты
(http://www.pidm.gov.my);
3. Иордания
депозиттерді
сақтандыру
корпорациясының
сайты
(http://www.dic.gov.jo);
4. CBBRulebook (Бахрейн Орталық Банкінің заңдар жинағы, http://www.cbb.gov.bh);
5. Islamic Deposit Insurance Group Research and Guidance Committee International
Association of Deposit Insurer, «Insurability of Islamic Deposits and Investment Accounts»,
2014;
6. Қазақстанда «AlHilal» Ислам Банкі» АҚ сайты (http://www.alhilalbank.kz).
3
Заңды немесе жеке тұлға (принципал) үшінші тұлғаға (агентке) белгіленген ақы үшін өзінің атынан іс-
әрекеттерді жүзеге асыруға өкілеттіктер беретін агенттік шарт